kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жапыра? 6 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? жапыра?ты? ??рылысын, пішініне байланысты, жапыра? та?тасына байланысты формаларын, ж?йкеленуін, саба??а орналасу т?рлерін таныту.
?р о?ушыны? білімділік, ?жымшылды? ?абілетін ояту, есте са?тау, ой-?рісін дамыту.
 Жапыра?ты? т?рлерін, ?ызметін, ??рылысы мен са?а? арасында?ы байланысы туралы о?ушыларды? білімін ж?йелеу ж?не толы?тыру.Д?ниетанымды? сипаттама ?ортынды жасау?а баулу.
?зін-?зі бас?ару?а жетелеу ж?не к?пшіл, ?йымшыл болу?а баулу. Таби?атты ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жапыра? 6 сынып»

Сабақ жоспары

Күні:  Сыныбы:6 ,б,в


Сабақтың тақырыбы: «ЖАПЫРАҚ»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жапырақтың құрылысын, пішініне байланысты, жапырақ тақтасына байланысты формаларын, жүйкеленуін, сабаққа орналасу түрлерін таныту.
Дамытушылығы: Әр оқушының білімділік, ұжымшылдық қабілетін ояту, есте сақтау, ой-өрісін дамыту.
Білімділігі: Жапырақтың түрлерін, қызметін, құрылысы мен сағақ арасындағы байланысы туралы оқушылардың білімін жүйелеу және толықтыру.
Дүниетанымдық сипаттама қортынды жасауға баулу.
Тәрбиелігі: Өзін-өзі басқаруға жетелеу және көпшіл, ұйымшыл болуға баулу. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеппешөптер, слайдтар, тірек-сызбалар, жапырақтың түрлері: ромбы, жүрек, жебе, бүйрек, қылқанды жапырақтар.
Сабақтың әдісі: СТО бойынша.
І. Ұйымдастыру.
І Ой қозғау. (оқушылардың қызығушылығын ояту. )


ІІ. Жаңа сабақ:
♦ Жапырақ - өсімдіктің өсу мүшесі.
♦ Жапырақтың қызметі:1Ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу ( фотосинтез) жүреді,
♦ 2. жасушадағы артық суды буландырады,
♦ 3. газ алмастырады,
♦ 4. органикалық заттарды қорға жинау,
♦ 5. көбеюге қатысады.
Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң негізі соңында сағағы өседі.
Жапырақтың сыртқы құрылысы:
Жапырақ тақтадан және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген бөлігі-тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақтар дейді. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақ жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалу қызметтерін атқарады. Сабақтан саға арқылы қоректік заттар жапыраққа өтеді.
Өсімдіктердің жапырақ сағағының түбінде орналасқан әр түрлі пішінді майда жапырақшаларды бөбешік жапырақша дейді. Ол жапырақ тақтасынан бұрынырақ өсіп, бүршікті зақымданудан қорғайды. Бүршік ашылған соң қурап қалады. (Асбұршақ, итмұрын, раушан, беде, қараған т. б). көруге болады.
Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Оны қынап дейді. (бидай, жүгері, қамыста, күріште) т. б. болады.
Жапырақ тақтасының пішіні:
Өсімдіктің түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әртүрлі.
Қарағай, шырша—ине тәрізді қылқанды жіңішке.
Бидай, қарабидай, жүгері, арпада - таспа тәрізді
Иісті шөпте –күрек тәрізді
Жөке, гүлшетенде-жүрек пішінді
Құсықшөпте –бүйрек пішінді
Шырмауықта-жебе тәрізді.
Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы:
Жапырақ ағаштың біржылдық өркеніне түзіледі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Тек қырыққұлақ пен түбіртаспа өсімдіктерінде тіршілігін жойғанша өсе береді.
Жапырақтың тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан -15 жылға дейін өсе береді.
Қарағай-2-4 жыл
Кавказ самырсыны 9-13 жыл
Тиса қылқаны 6-10 жыл
Шыршада 5-12 жыл
Тозды еменде 1-2 жыл
Қаражидекте 1-4 жыл өседі.
Жапырақтың түрлері:
♦ Жапырақ жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
♦ Жай жапырақ - бір ғана тақтасы бар жапырақ. (терек, қарағаш, қайың, ағаштары жатса)
Күрделі жапырақ - бір сағақта 2, одан да көп майда жапырақшалар болса күрделі жапырақ дейді. Жапырақшалардың әрқайсысы өз алдына жеке-жеке түседі.
Жапырақтардың орналасуына қарай: Үш құлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі деп бөлінеді.
1. Үш құлақты күрделі сағағында 3 жапырақша болады (беде, соя т.б.)
2. Саусақ салалы күрделі сағағта 5-7, одан да көп саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады. (Қарасора, атбас талшын, бөрі бұршақ).
3. Қауырсын тәрізді күрделі негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.
Кейбір жапырақтарды жұп, тақ болады.
Жұп қаурсындар (асбұршақ, сары қараған, қоянбұршақ
Тақ қауырсындылар -(қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шетен, грек жаңғағы т. б).
Жүйкелену:
Жүйкелену деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.
Қызметі:1. жапыраққа беріктік қасиетін береді;2. жапырақ қабаттарына су мен еріген минералды тұздарды жеткізіледі
Жүйкелену бірнеше типке бөлінеді:
1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену - негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Мысалы тал, алма, терек, алмұрт ағаштары.
2. Саусақ салалы жүйкелену - орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралады. Мысалы үйеңкі, үпілмәлік, бегония жапырақтары.
3. Параллель жүйкелі-жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады. Мысалы бидай, жүгері өсімдіктері.
4-інші түрі доғалы жүйкелену.
Доғалы жүйкелену дегеніміз жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір-бірімен түйіседі. Мысалы інжугүл, жолжелкен.
Жапырақтың сабаққа орналасуы:
Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Бекінудің 3 түрі бар: кезектесе, қарама-қарсы және топтана орналасу.
1. Сабақтың әр буында бір жапырақ болса –кезектесіп орналасу дейді.
2. сабақтың әр буында екі жапырақтың қарама-қарсы болса. Қарама-қарсы дейді. (үйенкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз)
3. Ә буында 3-көп болса, оны топтанып орналасу дейді. (сарыағаш, қызылбояу, талгүл, қарғакөз)
Жапырақ өңінің құрылысы: жанаспалы жасушалар, мөлдір және түссіз өң жасушалары, тыныс саңылауынан тұрады. Жапырақ өңінің рөлі: жапырақты сыртқы әсерлерден сақтау, газ алмасу, су буландыру, күн сәулесін ұлпаларға өткізу. Жапырақ ұлпасының қызметі : фотосинтез- күн сәулесінің көмегімен ағзалық заттар түзу, газ алмасу, су буландыру 

Жапырақ ұлпасының құрылысы. Бағаналы ұлпа: жасушалары сопақша пішінді , тығыз орналасқан, жасыл түсті- хлорофилі бар. Борпылдақ ұлпа: жасушалары әр түрлі пішінді, тығыз орналаспаған, жасыл түсті- хлорофилі бар, жасушааралық қуысы бар. Жарықты және көлеңкеде өсетін жапырақтар. Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан. Жанаспалы жасушалар саны да көп. Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер: шамшат, жөке, т.б. Ылғалы аз жердегі жапырақтар кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған. 

ІІІ. Биологиялық диктант:
1. Жапырақтың кеңейген жалпақ бөлімі...
2. Жапырақ сағағының орнына түтік тәрізді өсетін бөлім...
3. Жапырақша саны жұп болса...болады.
4. Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасында орналасу...деп аталады.
5. Егер бір буында үш немесе бірнеше жапырақ болса...... . орналасу болады.
6. Өң жасушаларында.... болмайды.
7. Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай...бөлінеді.
8. Сумен минералды заттар...арқылы өтеді.
9. Ылғал аз жерде өсетін жапырақтар.... болады.
10. Фотосинтез үрдісін алғаш сипаттаған орыс ғалымы...
11. Қант хлоропластарда өзгеріп...айналады.
12. Итмұрын жапырағының жүйкелену түрі...
13. Сағағының түбіне орналасқан әр түрлі пішінді майда жапырақшаларды.... жапырақ дейді.
14. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс...
15. Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса қалай орналасқан..
16. Жапырақ жасушасында тығыз орналаспай арасында кеңістіктер болса...жасушасы деп аталады.

Бағалау

Үйге тапсырма

Рефлексия





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жапыра? 6 сынып

Автор: Хайруллина Гулдана Хапаровна

Дата: 13.11.2015

Номер свидетельства: 252558

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""Жапырақтың құрылысы" 6 - сынып"
    ["seo_title"] => string(31) "zhapyrak_tyn_k_u_rylysy_6_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "420982"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496899597"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Жапырақтың түрөзгерістері."
    ["seo_title"] => string(30) "zhapyrak_tyn_turozghieristieri"
    ["file_id"] => string(6) "392746"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487297558"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "?ыры?жапыра?тар"
    ["seo_title"] => string(16) "kyrykzhapyraktar"
    ["file_id"] => string(6) "293573"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455517139"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "?ыл?ан жапыра?"
    ["seo_title"] => string(17) "k-ylk-an-zhapyrak"
    ["file_id"] => string(6) "280992"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453457136"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ілмекпен гүл, жапырақ тоқу."
    ["seo_title"] => string(30) "ilmiekpien_ghul_zhapyrak_tok_u"
    ["file_id"] => string(6) "470570"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526969753"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства