Просмотр содержимого документа
«жа?а ?діспен саба? ?лгісі »
Ақмола облысы Жақсы ауданы Перекатное ауылы Беловодское орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі:Абдуайтова Ақмарал Балғабаевна
Жаңа әдіспен сабақ үлгісі:
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту,танымдық қабілеттілігін арттыру барысында қан айналым,оның маңызы,жүректің қызметі,қан жасушаларының атқаратын қызметі туралы сабақ өтілді.
Сабақ барысында сынып оқушылары 3-топқа бөлініп отырғызылды.
«Оқушының қызығушылығын ояту»
1)Ой қозғау
2)Қан айналу жүйесінің маңызы, басқа жүйелермен байланысы.Қан 23 секунд ішінде тамырлар бойымен денені бір рет айналып шығады.Ас қорыту мүшелеріндегі қоректік заттарды сіңіріп денеге таратады,керексіз заттарды зәр шығару жүйесіне жеткізеді,т.б.
2 «Мағынаны тани білу».
Әрбір топқа мәтін бөлінеді.
1-топ.Қан айналым.
2-топ Эротроциттер және тромбоциттер
3-топқа Жүрек,оның құрылысы.
Мәтінмен танысу барысында әрбір оқушы маңызды терминдермен ұғымдарды дәптерлеріңе жазып алады.Мәтінмен танысып болғаннан кейін жұп ішінде түсіндіріледі, содан кейін топта талданады.
3.«Ой толғаныс».
Мәтінмен танысу өзара және топта талданғаннан кейін топтарға мынадай тапсырмалар беріледі.
2.Үлкен қан айналым шеңберінде қан қандай өзгеріске түседі?
3. Кіші қан айналым шеңбері қандай басталады?
Екінші топқа:
Эротроциттердің құрылысы қандай?
Эротроциттердің саны қанша?
Тромбоциттер маңызы қандай?
Үшінші топқа:
1.Лейкоциттердің қандай маңызы бар?
2.Бір минутта жүрек қанша рет соғады?
3.Жүрек неше және қандай қабаттан тұрады.
Әр топ топшамалардың сұрақтарына жауап берсе,мәтіннің мазмұны түгелдей ашылады.
«Автор орындығы» әдісі бойынша
Қан кеткенде алғашқы көмек көрсете аласызба? Егер қан тамырлары жарақаттанған адамның қасында болсаңыз не істер едіңіз?
1.Көктамыр жарақаттанғанда қан қалай ағады? (Қан баяу ағады).
2.Салатамыр болса? (Алқызылқан шапшып ағады).
3.Шамалы жарақаттанған қанды тоқтату үшін не істеу керек? ( мата,дәке,орамалды байлау қажет).
4.Мұрын жарақаттанғанда не істеу керек? (мұз,суық суға малынған орамал).
5. Соңғы сөзді маған қалдыр: (Дәрігерлердің рөлін бір оқушы атқарады). Кардиолог жүрек ауруы,ревматизм және жүрекпен қан тамырларының жұмысына темекімен алкогольдің әсері туралы мәлімет береді.
6. «Блум» (тапсырмалар деңгей бойынша беріледі).
1-топ
1-деңгей: Қан айналым жүйесінің ағзадағы атқаратын қызметі.
2-кезең:Үлкен қан айналымы шеңберінің маңызы.
3-деңгей: Қан аздық оның себептері.
2-топ
1-кезең: Гемоглобиннің құрамы.
2-кезең: Кіші қанайналым шеңберінің маңызы.
3-кезең: Фагоцитоз және оның маңызы.
3-топ
1-кезең:Қан айналым мен асқорыту мүшесінің өзара байланысы.
2-кезең:Қан айналым жүйесінің тыныс алу жүйесімен байланысы.
3-кезең:Плазманың құрылысы.
Деңгейдегі тапсырмаларға әр топ жазбаша жауап беріп,дәптерлерін мұғалімге тапсырады. Сабақ нәтижесінде оқушылар жаңа тақырыпты жете меңгерген еді.