kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тынысалу жүйесі. Тынысалу мүшелерінің құрылысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тынысалу мүшелерінің құрылысы мен қызметін, тынысалу манызын және жүйесін тусындыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тынысалу жүйесі. Тынысалу мүшелерінің құрылысы»

Сабақтың тақырыбы: Тынысалу жүйесі.

Тынысалу мүшелерінің құрылысы.

Мақсаты:

  • Білімділік: Тынысалу мүшелерінің құрылысы мен қызметін, тынысалу маңызын және жүйесін түсіндіру.

  • Дамытушылық: Тынысалу мүшелерінің құрылысы мен жүйесі туралы ойларын дамытып, өз бетінше ізденіспен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты жеткізе білу қабілеттерін арттыру.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру, қалыптастыру. Биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлігін білуге және гигиеналық тәрбие беру.

Сабақ типі (түрі): Аралас

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі – көрнекілік, демеуші – ізденушілік және эвристикалық.

Сабақ көрнекілігі: Тынысалу жүйесі салынған плакат және тынысалу мүшелерінің құрылысы мен қызметі берілген кесте.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру (1-2 мин.).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (оқушыларға тақырыпты қамтитын сұрақ-жауап бойынша білімдерін тексеру және тест сұрақтары бағалау) (6 мин.).

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру (20-25 мин.).

- плакат суретімен жұмыс.

IV . Бекіту (10 мин.). «Ой қозғау».

-Жаңа сабақты игеру мақсатында тест орындаймыз;

- Тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтармен жұмыс.

V. Оқушылардың жұмысын және білімін бағалау.(2 мин.).

І. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,оқушыларды сабаққа дайындау (оқулық, дәптер, қажетті құралдарын дайындау).

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы тексеру;

Сұрақтар

жауабтары

1

Лимфаның құрамындағы глюкозаның мөлшері

0,1 пайыз

2

Кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан ішкі қуыс бұлшықеті жүрек


жүрек

3

Ересек адамдардың жүрегінің салмағы 250-300 г

250-300 г

4

Адамның үлкен қанайналым шеңбері аяқталады

оң жақ жүрекше

5

Қанайналымының тұйық екенін алғаш рет дұрыс түсіндірген ғалым

Уильям Гарвей


6

Жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жабады

эндокард

7

Қан ұйығының сығындысы, сарғыш түсті сұйықтық

қан сарысуы

8

Қан ұйымайтын ауру

Гимофилия

9

Қан қысымы төмендегендегі сынап бағанасының көрсеткіші

70-80 мм төмен

10

Қан аздықтың себебі

Эритроцит пен гемоглобиннің жетіспеушілігінде

Тест тапсырма

1.Егу арқылы қалыптасатын иммунитет:

А. Жүре п.б. В.Жасанды С.Тууа біткен

2. Қанды мүшелермен жүрекке тасымалдайтын қантамыры :

А. Көк тамыр В. Артерия С. Вена

3. Жүрек жұмысының жұмысын жеделдететін жүйке бөлімі:

А. Симпатикалық В.Парасимпатикалық С. Веготивті

4. Ең жіңішке қан тамыр :

А. Вена В. Көк тамыр С. Капилляр

5. Қанайналымының тұйық екенін алғаш рет қай жылы ашты:

А. 1578-1657 В. 1657-1680 С.1578-1757

6. Жүректің босаңсу уақыты :

А. 0,8 % В. 0,4 % С. 0,1%

7.Қан қысымын өлшейтін құрал:

А. Танометр В. Спирометр С. Танаскоп

8.Үлкен қанайналым шеңберінің аяқталуы:

А. Сол жақ жүрекшемен

В. Оң жақ қалқаншамен

С. Оң жақ жүрекшемен

9.Кіші қанайналым шеңберінің аяқталуы:

А. Оң жақ жүрекшемен

В. Сол жақ жүрекшесімен

С. Сол жақ қалқаншамен

10.Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына қанша соғады:

А. 70-75 рет В. 65-70 рет С. 75-80 рет

Жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

В

С

А

С

А

В

А

С

В

А

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

  • Тынысалудың маңызы;

  • Тынысалу мүшелерінің құрылысы;

  • Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы;

  • Көмекей;

  • Кеңірдек.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын:

- Тынысалу дегеніміз не?

-Өсімдіктер мен жануарлар қалай немесе немен тыныс алады?

-Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

-Ал, адам қалай, немен тынысалады?- деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойларын дамытып, өз бетінше ізденіспен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты жеткізе білу қабілеттерін арттыру.

Тынысалу дегеніміз – ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жтынтығы. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы ( бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу –тірі ағзаларға тән қасиет.

Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдарымен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процес кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында ( лат.- ойма қуыс, науа) жүреді. Тынысалу кезінде өкпені атмосфералық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тынысалу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.

Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 рет тынысалу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 л ауа өткізеді.

Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудың екі түрі бар:

  • Қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу– кеудемен дем алу ( жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады.

  • Диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу– ішпен дем алу ( ер адамдардың тынысалуы) деп аталады.

Тынысалу жүйесінің мүшелері қызметіне қарай екіге бөлінеді:

  • Ауаның сыртықы ортадан ішкі және іштен сыртқа қарай қозғайтын тынысалу жолдары – мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар;

  • Түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше – өкпе:

Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғары және төменгі тынысалу жолдары болып бөлінеді:

  • Жоғары тыныс алу жолдары – мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы;

  • Төменгі тынысалу жолдары – көмей, кеңірдек, бронхы.

Тынысалу мүшелерінің құрылысына қандай мүшелер жатады? Немесе не жататынын білеміз бе? Және қай жерде орналсқан?



Өкпе құрылысы:1- оң жақ өкпенің төменгі бөлігі, 2- оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі, 3- оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 4-айырбез, 5- кеңірдек, 6-қалқанша шеміршек, 7- тіл асты сүйегі, 8-көмей сіңірі, 9- жүзік тәрізді желбезек, 10-париетальды өкпеқап, 11- сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 12- сол жақ өкпенің төменгі бөлігі,13- кішкене тіл, 14-жүрек ойығы,15-үлпершекпен жабылған жүрек.







Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы мен қызметі:

Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Тамырлармен аққан қан түскен ауаныКеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және дене темпиратурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң- тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизімдерді лейкоциттер қорытады, қорытуданартылған шаң-тозаңдар эпителий түктері арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.

Көмекей (көмей) қызметі – мойынның алдыңғы жағында орналасқа іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған 3 сыңар, 3 жұп шеміршектен түзілген. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, қабыну процестерінде адам қатты жөтелген де дем шығарылады.Тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, оларда шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерінің тербелтуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен , дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жғындағы ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні – бидайық (кадык) деп аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады. Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады. «Көмекей бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұғымдар соны білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Адам сөйлегенде дыбыс сіңірлерінен басқа тіл, ерін, жақ сүйектері, бөбешік, мұрын және ауыз қуысы қатысады. Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып, түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс маңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты. Көмекей – ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.

Кеңірдек және бронхы ағашы Альвеолалардағы газ алмасу


Кеңірдек – көмекейдің жалғсы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9-12 см, диаметрі 15-18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдектің бір-біріне қабысып қалмай ауаның еркін өтуіне қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхы (грекше «bronchus» - тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолалар (грекше «broncholi» - кішірею) деп аталады. Бронхиолалардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2-0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады. Капиллярлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан өттегі қанға өтеді. Капиллярлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газы өкпе көпіршігіне өтеді.

Ауатамырдың төменгі жағы екіге таралады. Кеңірдектің екі тарамы ауатамырлардың қызметін атқарады. Бұл тарамдардың ұштары жалғаспалы шеміршек сақиналарынан тұрады. Ауатамырларының екі ұштары өкпемен жалғасып, одан әрі тармақталады да, өкпе көпіршектерімен аяқталады. Оң жақ ауатамыр сол жаққа қарағанда кеңірек. Тыныс жолына бөгде дене түскенде, көбінесе оң жақ ауатамырларға түседі. Ауатамырларының ішкі беті жыпылықтағыш эпителий бар сілемейлі қабықпен қапталған. Өкпе қақпасының алдында ауатамыр (бірінші реттік) бөліктерге (екінші реттік), ал олар өз кезеңінде сегментарлық (үшінші реттік) және одан да ұсақ бронхиолдарға (19 реттік) бөлінеді. Осылай ауатамырлардың ағашы пайда болады.

Адамда тынысалу процесінің бірнеше кезеңдерін ажыратады:

  • Өкпенің желдетуі (сырт ортадан ауаның тынысалу жолдары арқылы өкпеге өтуі).

  • Өкпе альвеолдары мен қан арасындағы газ алмасу.

  • Қан арқылы газдардың тасымалдануы.

  • Ұлпалық тынысалу.

Тынысалу кезінде ауаның таза болуының да маңызы зор.

Сыртқы тынысалу жетіспеушілігінің белгілері: алқыну, патологиялық тыныс және асфиксия.

IV. Бекіту. «Ой қозғау».

Мына сұрақтар арқылы қорытындылап, бекіттім:

1. Тынысалудың қандай маңызы бар?

2. Тынысалу жүйесіне қандай мүшелер жатады?

3. Мұрын мен тынысалудың қандай пайдасы бар?

4. Дыбыс қалай пайда болады?

5. Адам ағзасы үшін оттегінің маңызы қандай?

6. Альвеоланың маңызы қандай?

Тест жұмысы

1.Ауа өтетін жолдар:

А. Мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек;

В. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек;

С. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өкпе, көмекей, кеңірдек;

2.Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?

А. 2 В. 3 С.4

3. Мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше ...

А. Мұрын В. Көмекей С. Кеңірдек

4. Тыныс шығарғандағы оттегінің мөлшері

А. 16 % В.20% С. 18%

5. Альвеоланың (латынша «alveolus» - ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі

А. 0,3-0,4мм; В. 0,1-0,3 мм; С. 0,2-0,3 мм,

6. Тыныс алу мен тыныс шығарудың орталығы

А. Сопақша ми В. Мишық С. Алдыңғы ми

7. Көмекейдің қабырғасын түзетін шеміршектер саны

А. 6 сыңар, 6 жұп В. 3 сыңар, 2 жұп С. 3 сыңар, 3 жұп

8. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасудың екінші кезеңі

А. газдардың қан арқылы тасмалдануы В. Альвеола С. Өкпе

9. Өкпенің сыртын қаптайды

А. Плевра В.Өкпе С. Саңылау

10. Шаң тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады

А.Плевра В. Саңылау С. Кілегейлі қабық

Жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

С

В

А

С

А

С

А

А

С


V. Қорытынды, бағалау.

Оқушылардың сабаққа жауап беруіне қарай бағаладым, белсенді қатысқан оқушыларға «5» – бағасын қойдым, толық жауап бермеген, бірақ жақсы қатысып отырған оқушыларға «4» – бағасын қойдым.


VI. Үй тапсырмасы: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндау, тақырып соңындағы деңгейлік сұрақтарға дайындалып келу.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Тынысалу жүйесі. Тынысалу мүшелерінің құрылысы

Автор: Усенбай Кулаш

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 389770

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Тыныс алуды? ма?ызы. Тыныс алу м?шелері. "
    ["seo_title"] => string(42) "tynys-aludyn-man-yzy-tynys-alu-mushielieri"
    ["file_id"] => string(6) "182134"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425468813"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Тынысалу м?шелеріні? аурулары"
    ["seo_title"] => string(32) "tynysalu-mushielierinin-aurulary"
    ["file_id"] => string(6) "297288"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456161065"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(17) "тынысалу "
    ["seo_title"] => string(8) "tynysalu"
    ["file_id"] => string(6) "239506"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444810180"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(266) "Сиыр цепені — жалпақ таспа құрттардың өкілі. Оның құрылыс ерекшелігі және паразиттік тіршілікке бейімділігі. Даму циклы мен иелерін алмастыруы."
    ["seo_title"] => string(161) "siyr_tsiepieni_zhalpak_taspa_k_u_rttardyn_okili_onyn_k_u_rylys_ieriekshielighi_zh_nie_parazittik_tirshilikkie_bieiimdilighi_damu_tsikly_mien_iielierin_almastyruy"
    ["file_id"] => string(6) "350059"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1476730291"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Тынысалу мүшелерінің құрлысы""
    ["seo_title"] => string(33) "tynysalu_mushielierinin_k_u_rlysy"
    ["file_id"] => string(6) "465640"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1523332235"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства