kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары "Ашы? т??ымды ?сімдіктер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Ашы? т??ымды ?сімдіктер»

Саба?ты? ма?саты: Жо?ары сатыда?ы т??ымды ?сімдіктермен таныстыру. Ашы? т??ымды ?сімдіктерді? ерекшеліктерін, т?рлерін т?сіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: Ашы? т??ымды ?сімдіктермен таныстырып, оларды? ма?ызын, ерекшеліктерін т?сіндіру, к?бею жолдарымен таныстырып, с?рек, ашы? т??ымды ?сімдіктерге аны?тама беру;

Дамытушылы?: Т?ра?ты т?рдегі ерікті зейін ?оюды дамыту. Білім алушыларды? анализ, салыстыру, ?орытындылау, на?тылау, жіктеу ?абілеттерін дамыту;

Т?рбиелілік: О?ушыларды? диалектикалы?-материалистік к?з?арастарын ?алыптастыру. ?з бетінше ойлану?а т?рбиелеу. Экологиялы? т?рбие беру.

Саба? типі: Жа?а саба?.

К?тілетін н?тиже: ?здігінен ой ?орытып, ойын ж?йелі, еркін жеткізеді, пікірін ?ор?ай алады, т?сіндіре алады.

?олданылатын ?діс-т?сілдер: ?жымды?, модульды? о?ыту технологиялар.

Керекті ??рал-жабды?тар: интербелсенді та?та, слайд шоу, о?улы?, ж?мыс д?птері, ба?алау?а арнал?ан «к?легіш» жапсырмалары, с?ра?-жауап, с?хбат, ??гіме-с?хбат, кестелер, суреттер, шыршы б?та?ы мен б?ршігі, жай ?уен.

 П?н аралы?  байланыс: география, экология.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары "Ашы? т??ымды ?сімдіктер"»

Қазақстан Республикасы, Ғылым және білім Министрлігі,

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы,

«Н.Островский атындағы №4 күршім орта мектебі» КММ













АШЫҚ СЫНЫП САҒАТЫ



Тақырыбы:







































Жауапты: Биология пәнінің оқытушысы – С.М.Қалибеков.



2015-2016 оқу жылы

Сыныбы: 6-сынып

Мерзімі: 26.01.2016 жыл (3-сабақ).

Тақырыбы: «Ашық тұқымды өсімдіктер»

Сабақтың мақсаты: Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктермен таныстыру. Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін, түрлерін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: Ашық тұқымды өсімдіктермен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін түсіндіру, көбею жолдарымен таныстырып, сүрек, ашық тұқымды өсімдіктерге анықтама беру;

Дамытушылық: Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. Білім алушылардың анализ, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, жіктеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік: Оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақ типі: Жаңа сабақ.

Күтілетін нәтиже: Өздігінен ой қорытып, ойын жүйелі, еркін жеткізеді, пікірін қорғай алады, түсіндіре алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ұжымдық, модульдық оқыту технологиялар.

Керекті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, слайд шоу, оқулық, жұмыс дәптері, бағалауға арналған «күлегіш» жапсырмалары, сұрақ-жауап, сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер, суреттер, шыршы бұтағы мен бүршігі, жай әуен.

Пән аралық байланыс: география, экология.


САБАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

I. Ұйымдастыру: (1 мин.) Амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Оқушылардың көңіл күйін сұрау, психологиялық ахуал туғызу.


II. Үй тапсырмасын сұрау: (5 мин.) «Шаңжапырақ тәрізділер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап қою.

1. Шаңжапырақтәрізділердің құрылысы мен тіршілік ортасы қандай?

2. Шаңжапырақтәрізділердің табиғаттағы маңызы қандай?

3. Қырықбуын қандай жерлерде кездеседі?

4. Плаун қандай жерлерде өседі? Оның маңызы қандай?

5. Шаңжапырақтәрізділер қалай көбейеді?


III. Өткен тақырыпты қорытындылау: (2 мин.)

1. Шаңжапырақтәрізділер өкілдерін атаңдар?

2. «Қызыл Кітап» дегеніміз не?


IV. Жаңа тақырыпты хабарлау: (1 мин.) «Ашық тұқымды өсімдіктер» атты тақырыбын айту. Сабақ мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

V. Рефлексия: (1 мин.) Оқушыларға, жаңа сабақты бастамас бұрын, «Орманға саяхат» атты релаксациялық тәсілін пайдалану. Оқушыларға сәттілік тілеу.

VI. Жаңа сабақ түсіндіру: (25 мин.)

Балалар, біз енді тұқымды өсімдіктер бөлімімен танысамыз. Споралы өсімдіктердің тұқымды өсімдіктердер айырмашылығы тұқыммен көбеюінде. Ал спора мен тұқымның айырмашылығы: спора – біржасушалы түзіліс, ал тұқым – көпжасушадан тұрады. Тұқымның түзілуінің шығу тарихы жөнінен айтарлықтай құбылыс болып табылады. Тұқымдағы ұрықта өскіннің өнуі үшін қажетті қоректік заттар болады. Тұқыммен көбею өсімдіктердің құрлыққа кең таралуына мүмкіндік туғызады.

Ашық тұқымды өсімдіктерді - тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз. Себебі олар тұқым арқылы көбейеді.

Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымды өсімдіктер (немесе жалаңаш тұқымдылар, тұқыммен көбейеді бірақ жеміс түзбейді) және жабық тұқымды өсімдіктер (тұқымдары жеміс ішінде орналасады).

Ашық тұқымдылар, өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқандықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп аталады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер, яғни бұталар, ағаштар. «Сүрек» деген – ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптесін өсімдіктер болмыйды. Ашық тұқымдылардың басым көпшілігі мәңгі жасыл түсті болады.

Ашық тұқымдылардың өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімге ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша жатады. Бұлар қылқан жапырақты класына жатады. Қылқан жапырақты дейтін себебі – жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түрде ұшы үшкір болады. Жер ғаламшарында 600-ге тарта қылқан жапырақты өсімдіктер бар. Солардың 100-ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді екен. Енді біз кәдімгі қарағай деген түріне тоқталайық.

Қарағай – бірүйлі өсімдік («бірүйлі өсімдіктер», бір өсімдікте аталық гүлдері мен аналық гүлдерінің болуы. Мыс: жүгері, асқабақ, қайың, қарағай). Ол жарық сүйгіш өсімдік, тамыры тереңге кетеді. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ағаш сабағы «дің» деп аталады. Діннің сүрегі, өзегі, қабығы болады. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады. Олар өзекшелері астарлайтын жасушалардан бөлінген шайыр, эфир майы толған созылыңқы жасушааралық кеңістіктен тұрады.

Өсіп тұрған қарағай бұтағынан әр түрлі бүрлерді көре аламыз. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады.

Аталық бүрлер мен аналық бүрлер бір өсімдікте орналасқандықтан, қарағай бірүйлі өсімдік деп аталады. Қарағайдың тұқымы ұрықтанғаннан кейін 1-1,5 жылда жетіледі. Бүрден 2 жылдан соң тұқым төгіледі. (Суретарқылы қарағайдың көбеюін түсіндіру.)



Шырша. Кәдімгі шырша да қылқанды ағаштарға жатады. Оның биіктігі 30-40 метрге жетеді, 120-300 жыл жасайды. Қарағаймен салыстырғанда, оның қылқандары қысқа, 4 қырлы, бір-бірден орналасады, 6-7 жылға дейін түспейді. Шырша құнарлы және ылғалды топырақта жақсы өсетін, көлеңке сүйгіш өсімдік. Шыршаның тамыры жерге терең бойлап кетпейді, топырақтың беткі қабатында орналасады. Егер қатты жел соғатын болса, шыршаны тамырлары мен қопарып тастайды.

Шырша жел арқылы мамыр, маусым айларында айқас тозаңданады. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым дамиды, ол күзде пісіп жетіледі. Елімізде Тянь-Шань шыршасы Қызыл кітапқа тіркеліп, қорғауға алынған.

Арша – мәңгі жасыл бұта. Ол тау беткейлерінде, жартастардың түбіне жайылып, жер табандап өседі, ине тәрізді жапырақтары сабаққа үш-үштен топтанып орналасады. Аталық бүрлері жапырақ қолтағанда орналасса, аналық бүрлері қысқарған өркенде орналасады. Аршаның емдік қасиеттері бар. Тұмау тигенде аршаның бұтаған жағып, түтінін иіскейді, бүрінен дәрілер жасайды.

Заравшан аршасы Қызыл кітапқа тіркелген. 1000 жылға дейін өмір сүреді, 50 жылдан кейін ғана тұқым түзеді.

Ашық тұқымдылардың тығы да самырсын, эфедра, балқарағай дейтін өкілдері бар.

Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Ашық тұқымды өсімдіктердің тамыры терең бойлайтындықтан, топырақты эрозиядан сақтайды («эрозия» - латын сөзінен аударғанда, «іріп-шіру, бүлдіру»). Демек топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан шайылуын, жел ұшыруын болырмайды. Ашық тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер суы да топырақты бүлдіре алмайды. Сөйтіп табиғаттағы су айналымын реттейді. Қар тоқтату мақсатымен теміржолдар бойына, сусымалы құмдарды бекіту үшін шөлді жерлер мен өзен жағалауларына отырғызылады.

Қарағайдан зиянды бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш заттар бөлінеді. Шырша, қарағай, балқарағай, самырсынды ормандар ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, көп мөлшерде оттегін бөледі, яғни бұндай ормандардың ауасы өте таза болады.

Бұтақтарында маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан, медицинада дәрілік емге пайдаланылады. Әсіресе орталық жүйкені қоздыруға, өкпе демікпесі мен аллергияны, буын ауруларын емдеуге қолданылады. Жапырақтарынан дәрумендер мен ароматты эфир майлары алынады. Оны медицина мен порфюмерияда пайдаланады. Қабықтарынан ауыз қуысындағы бактериялар мен вирустарды жоятын сағыздар алынады.

Қарағай сүрегінен химиялық жолмен өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық алынады. Шырша сүрегі – қағаз жасауға қажетті негізгі шикізат.

Ашық тұқымды өсімдіктер сүрегінен әр түрлі бұйымдар жасалады. Құрылыс материалы, отын ретінде пайдаланылады.

Ашық тұқымды өсімдіктер жыл сайын азаюда. Құрылыс материалдарын алу мақсатында мыңдаған гектар ормандар кесілуде, салақтық әсерінен өртенуде. Олай болса бұл өсімдіктерді қорғау біздің парызымыз деп түсінуіміз керек.

VII. Бекіту: (3 мин.)

8 зертханалық жұмыс. Қылқан жапырақты өсімдіктердің (шырша) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу. ?

VIII. Қорытындылау: (3 мин.)

Сұрақ-жауап:

1. Ашық тұқымдылар мен споралы өсімдіктерінің айырмашылығы неде?

2. Ашық тұқымдыларға жататын өсімдіктерді атаңдар.

3. Қарағай туралы не білдік?

4. Шырша туралы не білдік?

5. Аршаны қазақ халқы неге «Киелі өсімдік» дейді?

6. Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы маңызын атаңдар№

7. Ашық тұқымды өсімдіктердің халық шаруашылығындағы маңызын атаңдар.

8. Ашық тұқымды өсімдіктерді қалай қорғауымыз керек?


IХ. Бағалау: (2 мин.) «Бағалау парағы» бойынша бағалау. Күнделіктеріне бағаларын қою.


Х. Үйге тапсырма беру: (2 мин.). §53 (114-117 беттер),оқу, мазмұндау, соңындығы сұрақтарға жауап беру.

«Арша – емдік өсімдік» тақырыбына ой-толғау жазу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба? жоспары "Ашы? т??ымды ?сімдіктер"

Автор: ?алибеков Саят Манарбек?лы

Дата: 07.04.2016

Номер свидетельства: 316189

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Орта мерзімдік саба? жоспары ІІІ-де?гей "
    ["seo_title"] => string(45) "orta-mierzimdik-sabak-zhospary-iii-dien-ghiei"
    ["file_id"] => string(6) "158409"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421742880"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?ыс?а мерзім жоспары "
    ["seo_title"] => string(24) "k-ysk-a-mierzim-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "141295"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418097840"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "?аза? ?дебиеті саба?ында критериалды ба?алауды? тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(64) "k-azak-diebiieti-sabag-ynda-kritierialdy-bag-alaudyn-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "264037"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449649274"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?лт руханияты-?рпа? аманаты.?зін-?зі тану саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(60) "u-lt-rukhaniiaty-u-rpak-amanaty-ozin-ozi-tanu-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "294013"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455591853"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(219) "Доклад по теме самообразования: Ойын элементтерін саба?та тиімді пайдалану ар?ылы коммуникативті ??зіреттілікті дамыту"
    ["seo_title"] => string(128) "doklad-po-tiemie-samoobrazovaniia-oiyn-eliemienttierin-sabak-ta-tiimdi-paidalanu-ark-yly-kommunikativti-k-u-ziriettilikti-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "262195"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1449290105"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства