kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Омыртқасыз жануарларды қорғау" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Сматова Мархабат Қанибекқызы 1988 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төребай би ауылында дүниеге келдім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Омыртқасыз жануарларды қорғау" ашық сабақ»

Қызылорда облысы

Қармақшы аудандық оқушылар үйі





( а ш ы қ с а б а қ )



Ұйымдастырушы: «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі

Сматова Мархабат Қанибекқызы











Жосалы кенті

2016 жыл

«Бекітемін»

Аудандық оқушылар үйі

директорының уақытша міндетін

атқарушы:_______ И.Әбдібекова

____ қазан 2016 жыл



Сабақтың тақырыбы: «Омыртқасыз жануарларды қорғау»

(ашық сабақ)

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға омыртқасыз жануарларды қорғау туралы және

Қызыл кітапқа енгізілген жәндіктер туралы мағлұмат беру;

бунақденелілер мен танысу,олардың тіршілігі туралы

түсіндіру,табиғаттағы маңызына тоқталу;

ә) дамытушылық: Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту,

еңбек ете білуге баулу;

б) тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, барлық тіршілік иелеріне

деген қамқорлық сезімге  тәрбиелеу.


Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: ой қозғау, сұрақ – жауап, түсіндіру,бағалау, т.б.

Пән аралық байланыс: биология,қазақ тілі, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,үлестірмелі материалдар, суреттер,т.б.

Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: дәптер,қаламсап,сызғыш,қалам,өшіргіш, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеу;

ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

в) Оқушыларды психологиялық қалыптастыру (зейінін аудару)

  • Менің көңілім жақсы;

  • Мен сабақты жылдам орындаймын;

  • Мен сабақты жақсы оқимын;

  • Менің жазуым жақсы;

  • Менің тәртібім жақсы.

Сабағымыздың ұранын еске түсірсек:

«Білмейтіндер үйренсін, ал білетіндер тағы да есіне түсірсін!»

Оқушы ережесін қайталап алайық!

  1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

  2. Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөзін бөлмейміз;

  3. Бір ғана адам сөйлейді, «көтерілген қол ережесі»

  4. Айтылған мәселенің мәні бойынша ғана айтамыз;

  5. Өз ойларымызбен бөлісеміз.



Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын істі тындырар күшің бар да.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

Алға қойған мақсатың, ісің бар да!

II.Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақ бойынша оқушылардан «Он сұрақ!» әдісі бойынша сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қалай меңгергендерін білемін.Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау.

  1. Жыртқыштық дегеніміз не?(жануарлардың бірін –бірі жеуі)

  2. Комменсализм деген не? (масыл деген мағына білдіреді)

  3. Ішкі паразитизим деген не? (ішек құртының адам ішегінде адам сүруі)

  4. Сыртқы паразитизм деген не? (кене жануарлар немесе адамдардың терісінің ішінде қанын сорып тіршілік етуі)

  5. Ең қарапайым және ең кішкентай жануарлар? (біржасушалы -амеба, инфузория (кебісше))

  6. Жыртқыш жануарлар нелер? (бүркіт,арыстан,жолбарыс,қасқыр)

  7. Адамдар жануарларды қалай қорғайды? (жануарлар дүниесін қорғау және сақтау мақсатында «Қызыл кітап» жарық көрді)

  8. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың ішінде нелерді білесің?

  9. Омыртқасыз жануарларға нелер жатады (өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, буынаяқтылар, моллюскалар)

  10. Жәндіктердің қанша түрі анықталып зерттелінді? (1,5 млн)

Қызығушылығын  ояту.

\ IІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Қызыл кітап - жәндіктер мен жануарларды қорғауға арналған мемлекеттік шара.Қызыл кітап –өз алдына ерекше кітап. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелген жануарлар 5 санатқа бөлінеді.

I санат - жойылып бара жатқан түрлер мен түртармақтар;

ІІ санат - саны азайып бара жатқан түрлер мен түртармақтар;

ІІІ санат - сирек кездесетін түрлер мен түртармақтар;

IV санат - белгісіз түрлер мен түртармақтары;

V санат - қалпына келтірілген түрлер мен түртармақтар.

Міндет - Қызыл кітапқа тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес. Жергілікті жерлердегі белгісіз түрлерді тауып, зерттеу. Қызыл кітаптан тұңғыш рет жәндіктердің (омыртқасыз жануарлардың 105 түрі орын алды). Әсіресе бунақденелілердің (насекомые) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін түрлері көп. Дақылдарда ауруға душар етеді, паразиттік жолмен өмір сүреді, түрлі аурулар таратады. Сондықтан оларға қарсы күрес шараларын ұйымдастырып, әдістерін пайдалана білу керек.

IV. Сарамандық жұмыс.



Оқушылар бүгінгі сабағымызды одан әрі саяхат сабақпен жалғастырамыз:

  1. «Көңілсіздік» аралында оқушыларға «Лездеме» әдісі бойынша тапсырмалар беріледі.
    Бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін жұптасып бір минут ішінде конверттен бір сөзді бір рет алып,сөздің өзін атамай үйірме мүшелеріне түсіндіру керек.
    Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді! 

(Энтомология, Қызыл кітап, 6 аяқ, бит, қуыршақ, имаго, демтүтік, шыбын, ара)

  1. «Дымбілмес» аралында дәптермен жұмыс жасайды(бунақденелердің пайдасы мен зиянына венн диаграмма құрайды)



  1. «Шабыт» аралында оқушыларға сергіту сәті жүргізіледі.(интербелсенді тақтадан бейнебаян қосылады, оқушылар қайталау қажет)

  2. «Өкініш» аралында .«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі бойынша жүргізіледі.Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 

Бунақденелілердің аяғы алты

Зәр шығару жүйесі демтүтік

Денесі үш бөліктен тұрады

Басым бөлігінде қанаттары болмайды

Көзі басында орналасады

Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы экология



  1. «Үрей»аралында оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасайды (көбелек, балара,құмырсқа сөздеріне өтірік өлең құрастырады)



  1. Қанаттану» аралында «Серпілген сауал» әдісі бойынша сұрақтар қойылады.

Барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімі туралы не айтасыздар?

Жәндіктерді қалай қорғаймыз?

Мысалы, 
... жауабы туралы сен не ойлайсың?” 
... жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?” 
...естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?” 


  1. «Рахаттану» аралында « жұптасып, ойлан ,бөліс »кезеңінде қасыңызда отырған парталасыңызбен бірге ұнаған жәндікті қағаз бетіне түсіріңіз.



  1. «Дағдылар» аралында оқушылар «Бунақдене» деп аталатын сөзжұмбақпен жұмыс жасайды;



  1. «Түсінбеушілік» аралында «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша оқушыларға құмырсқаны мысалға ала отырып мақалдар сұрау.
    Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?

«Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті» мақалының мағынасын сұрау.

Олай болса Абай атамыз айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп еңбекті сүю керек екен.



  1. «Қуаныш»аралында экологиялық тапсырма беріледі:

Табиғатты қалай қорғайсың?

Жануарларды қалай қорғайсың?



  1. «Білімділер» аралында «Табыс сатысы» әдісі арқылы жүргізіледі.
    1 - баспалдағы Менің .............. БІЛГЕНІМ 
    2 - баспалдағы Менің.................. ТҮСІНГЕНІМ, 
    3 - баспалдағы Менің............. ЖАСАЙ АЛҒАНЫМ. 


V.Сабақты бекіту

Автор орындығы” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. 

  1. Бунақдене дегеніміз не?

  2. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар қанша санатқа бөлінеді?

  3. Бунақденелілердің денесі қанша бөлікті?

  4. Жәндіктердің пайдасы мен зияны?

  5. Омыртқасыз жануарларды қорғаудың тәсілдері?



«Таңдау» әдісі. 
• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 
• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
• 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады. 
VІ. Оқушыларды бағалау.

Оқушыларды сабақ барысындағы белсенділіктері мен тапсырмалар орындаудағы жылдамдықтарына қарай бағалау.

«Алма ағашы» әдісі 
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 
VІІ. Үйге тапсырма:

Қызыл кітапқа енгізілген бунақденелілер туралы аңыз әңгімелер, өлеңдер жинақтап келу.

VІІІ. Қорытынды.

Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Омыртқасыз жануарларды қорғау" ашық сабақ

Автор: Сматова Мархабат Қанибекқызы

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375990

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Жануарларды? к?пт?рлілігі. Ж?ндіктер "
    ["seo_title"] => string(39) "zhanuarlardyn-kopturlilighi-zh-ndiktier"
    ["file_id"] => string(6) "220433"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1434628626"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "7 cынып Биология пәні "Жүйелеудің маңызы""
    ["seo_title"] => string(45) "7_cynyp_biologhiia_p_ni_zhuiielieudin_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "436373"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1509646023"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Жануарларды? к?п т?рлілігі. Ж?ндіктер. ??стар "
    ["seo_title"] => string(49) "zhanuarlardyn-kop-turlilighi-zh-ndiktier-k-u-star"
    ["file_id"] => string(6) "220924"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1434965189"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Чарльз Дарвинні? эволюциялы? теориясы"
    ["seo_title"] => string(39) "charlzdarvinninevoliutsiialyktieoriiasy"
    ["file_id"] => string(6) "298264"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1456311563"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "конспект урока на тему ??стар "
    ["seo_title"] => string(33) "konspiekt-uroka-na-tiemu-k-u-star"
    ["file_id"] => string(6) "179272"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424966685"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства