kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?осмекенділер класы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология - 7 сынып К?ні: Саба?ты? та?ырыбы: ?осмекенділер – ал?аш ??рлы??а шы??ан жануарлар Саба?ты? ма?саты: білімділік – ?осмекенділерді? тіршілігі, сырт?ы, ішкі ??рылысы, ?а??асы, тыныс алу, ?ан айналым, з?р шы?ару, к?беюі жайлы т?сінік беру. дамытушылы? - ?осымша суреттермен ж?мыс жасап, ойлау ?абілеттерін арттыра отырып, ?з бетінше ж?мыс істей білуге да?дыландыру. т?рбиелік - елімізді? ?рбір тіршілік иелеріне келешек ?рпа?ымызды? о? к?з?араспен ?арауына ы?пал жасай отырып, сирек кездесетін ?осмекенділерді танытып, оларды ?ор?ау?а т?рбиелеу Саба?ты? типі: Аралас саба? Саба?ты? т?рі: Д?ст?рлі саба? Саба?ты? ?дісі: т?сіндірмелі т?рде баяндау, тірек - сызба н?с?а ?дісі К?рнекілік: интерактивті та?та, тірек - сызбалар, слайд - суреттер, 7 сыныпты? электронды о?улы?ы П?н аралы? байланыс: география, экология Саба? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і. а) О?ушылармен амандасып, т?гелдеп, сынып о?ушыларын саба??а дайындау б) Саба?ты? ма?сатымен таныстыру ІІ. ?й ж?мысын тексеру (с?ра? - жауап ?дісі) ІІІ. ?й ж?мысын бекіту IV. Жа?а саба?ты т?сіндіру «Білгенге маржан» баяндау, сипаттау, салыстыру, т?йіндеу. Т?мендегі слайдтарды? к?мегімен саба? т?сіндірілді Ал?аш ??рлы??а шы??ан омырт?алы жануарлар ?осмекенділер — ал?аш ??рлы?та ?мір с?руге бейімделген т?ртая?ты омырт?алы жануарлар. Олар екі ортала: суда да, ??рлы?та да кездесетіндіктен, ?осмекенділер деп аталады. ?осмекенділер суда к?бейеді ж?не дерн?сілдері сулы ортада дамиды. ?азіргі кезде ?осмекенділерді? 4 000 - нан астам т?рі Жер шарыны? тропиктік, субтропиктік ж?не ?о?ыржай айма?тарында кездеседі. ?аза?станда ?осмекенділерді? 12 т?рі тарал?ан. Оны? 3 т?рі сирек кездесетіндіктен, ?аза?станны? ?ызыл кітабына (1996) тіркелген. ?а??асы балы?тармен салыстыр?анда к?рделі, 4 б?лімге б?лінеді. Олар: бас - с?йек, омырт?а жотасы, иы? белдеуі мен алды??ы ая?тарыны? ж?не жамбас белдеуі мен арт?ы ая?тарыны? ?а?касынан ??рал ады. Омырт?а жотасы мойын, т?л?а, сегізк?з ж?не ??йры? б?лімдеріне б?лінген. Мойын мен сегізк?з б?лімдерінде бір ?ана омырт?адан болады. ??рлы??а шы?уына байланысты, ая?тарыны? с?йектері бірімен - бірі буын ар?ылы ?оз?алмалы байланыс?ан. Алды??ы ая?тары тікелей иы? белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі арт?ы ая?пен байланыс?ан. Жамбас белдеуі екі жамбас с?йегінен т?рады. Сауса?тарында м?йізді тырна?тары болмайды. Ая?тарында жеке - жеке б?лшы?еттер жа?сы дамы?ан. Жа?с?йектеріндегі ?са? тістер мен тіл ?оректі ?стау?а к?мектеседі. Ба?а тіліні? ?шы ойыс. Тіліні? т?бі аузыны? алдына бекіген, ?шы арт?а ?айрылып, бос жатады. ?орегін ?стар кезде тілін ал?а ?арай ла?тырады. Аузы ?те ?лкен. Сілекей бездері е? ал?аш ?осмекенділерде пайда болды. Оны? ?зектері ауыз ?уысына ашылады. ?ыс?а ??еші ке?ейіп, ?арын?а, ол аш ішекке жал?асады. Аш ішекке бауырдан келетін ?т ж?не ?й?ыбезді? ?зектері ашылады. То? ішекті? со??ы б?лігі тік ішек деп аталады да, ол ке?ейіп келіп, клоака?а айналады. Дерн?сілдері суда тек желбезектері ар?ылы тыныс алады. Ересектерінде ??рлы??а шы?уына байланысты ?кпе пайда бол?ан. Біра? ?кпесі нашар дамы?анды?тан, терісі ар?ылы ?осымша тыныс алады. Ауыз - ж?т?ынша? ?уысыны? ?оз?алуы ар?ылы ауа ?кпеге ?теді. ??рлы?та атмосфералы? ауамен тыныс алуына байланысты ?антарату ж?йесінде к?рделі ?згерістер пайда бол?ан. ?осмекенділерді? ж?регі ?ш ?уысты (2 ??ла?ша, 1 ?арыншадан т?рады), екі ?анайналым ше?бері бар. ?осмекенділерде ал?аш рет кіші ?анайналым ше?бері пайда бол?ан. Оны ?кпелік ше?бер деп те атайды. Денесіне аралас ?ан тарайды. Екі ?ан айналым ше?бері де ?арыншадан басталады. ?лкен ше?бер - о? ??ла?ша?а, ал кіші ше?бер сол жа? ??ла?ша?а келіп ая?талады. ?осмекенділер миыны? к?лемі балы?тар?а ?ара?анда ?лкендеу. Алды??ы миы екі ми сы?арларына ай?ын б?лінген. Баяу ?оз?алуына байланысты мишы?ы нашар дамы?ан. Орта??ы миы жа?сы дамы?ан. ?осмекенділерде, ішкі ??ла?тан бас?а, е? ал?аш орта??ы ??ла? ?уысы пайда бол?ан. Орта??ы ??ла? ?уысында бір ?ана ?зе?гі с?йегі болады. Оны? сырты дабыл жар?а?ымен ?аптал?ан. Орта??ы ??ла? ?уысы арнайы т?тік ар?ылы ауыз - ж?т?ынша? ?уысымен де байланысады. Д?м сезуі, тері ар?ылы сезуі нашар дамы?ан. Ауыз ?уысына ашылатын ж?п иіс сезу ?апшы?тарыны? болуына байланысты, иіс сезуі жа?сы дамы?ан. К?зіні? ?аса? ?абы?ы д??ес, к?з б?рша?ы екі жа?ты д??ес шыны пішінді. К?зіні? айналасында ?оз?алмалы, ж??а терілі ?аба?тары болады ?осмекенділерді? балы?тар?а ??сас екі б?йрегі, екі несепа?ар т?тігі ж?не бір ?уы?ы бар. ?уы?ы жа?сы дамы?ан, ол клоака?а ашылады. ?ажетсіз заттар клоакадан сырт?а шы?арылады. ?осмекенділер - дара жынысты жануарлар. К?пшілік т?рлері сырттай ?ры?танады Дерн?сілдері т?рленіп дамып, ересектеріне айналады. Дерн?сілдеріні? басы жалпа? бол?анды?тан, оларды ш?міш балы? немесе иттабан; деп атайды. ?осмекенділерді? к?беюі мен дерн?сілдерді? дамуы су ішінде ж?реді. ?ры?тан?аннан кейін к?л ба?аларда (8 - 10 т?уліктен со?) дерн?сілдері ж?мырт?а ?абы?ын жарып, сырт?а шы?ады. Ал?ашында оларда ая? болмайды. Бастап?ыда суда ??йры?ыны? к?мегімен ж?зіп ж?реді. Алдымен арт?ы ая?тары, содан кейін алды??ы ая?тары пайда болады. ??йры?ы бірте - бірте ?ыс?арып, жойылады. Дерн?сілдері желбезектері ар?ылы ?ана тыныс алады. Оларды? ж?регі екі ?уысты, бір ?ана ?анайналым ше?бері болады. Дами келе ж?т?ынша?ты? екі б?йірінен ?кпе пайда болады. ?осмекенділерді? тек суда ?ана тіршілік ететін т?рлері де бар. Ба?алар мен ??рба?аларды? ересектері суда да, ??рлы?та да тіршілік етеді. Азда?ан т?рлері а?аш басында ?рмелеп ?мір с?руге бейімделген. Кейбір т?рлері, я?ни ая?сыз ?осмекенділер тек жер астында ін ?азып тіршілік етеді. ?осмекенділерді? тіршілігі ?шін температура, су айдындарыны? болуы ж?не ыл?алдылы? ма?ызды р?л ат?арады. ?осмекенділер зиянды ж?ндіктермен ?оректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір т?рлері: ба?алар, саламандралар та?ам ретінде пайдаланылады. К?л ба?алар т?жірибелік зерттеу ж?мыстарында ке?інен ?олданылады. ?осмекенділер ??рылысына, тіршілік ?рекеттеріне байланысты 3 отряд?а б?лінеді. Олар: ая?сыз, ??йры?ты ж?не ??йры?сыз ?осмекенділер. Ая?сыз ?осмекенділерді? 170 - тей т?рі Африкада, Америкада, ?ндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Соларды? бірі сырт?ы бейнесі ??рт?а ж?не жылан?а ??сас бол?анды?тан, са?иналы ??ртпойым деп аталады. Б?лар ая?тары жойыл?анды?тан, ая?сыз ?осмекенділер деп атал?ан. Олар - жер астында ін ?азып тіршілік етуге бейімделген ?осмекенділерді? ?арапайым тобы. Терісінде бездері ?те мол. Ая?сыз ?осмекенділерде к?з де, дабыл жар?а?ы да болмайды. Б?ларды? бас?а ?осмекенділерден ерекшелігі - іштей ?ры?танады. ??йры?тылар отрядына жататын ?осмекендіні? бірі - жетісулы? ба?атіс. Оны жергілікті т?р?ындар «ая?ты балы?» деп те атайды. Дене т?р?ы 20 - 25 см. Оны? жартысы ??йры?ыны? ?лесіне с?йкес келеді. ??йры?ыны? ?стінде жал т?різді тері ?атпары бар. Басы - жалпа?, т?мсы?ы - до?ал. Алды??ы ая?тарында т?рт, арт?ы ая?тарында 5 сауса?ы болады. Т?нде белсенді тіршілік етеді. Сырттай ?ры?танады. Дерн?сіл кезе?інде ?ыстал шы?ып, келесі жылы ересек т?ріне айналады. ?аза?станда мекендейтін жетісулы? ба?атіс ?те сирек кездеседі. Ол Жетісуда?ы Жо??ар Алатауы мен о?ан шекаралас ?ытайды? биік таулы ?зендерінде кездеседі. Жетісу лы? ба?атіс ша?ын айма?та тарал?анды?тан, ?аза?станны? ?ызыл кітабына (1996) тіркелген. ??йры?сыз ?осмекенділер отряды. Б?ларды? 3500 - дай т?рлері бар. Оларды? ересектерінде ??йры? болмайды. Арт?ы ая?тары алды??ы ая?тарынан ?зын ?рі жа?сы дамы?ан. Секе?деп ?оз?алады. Арт?ы сауса?тарыны? арасында?ы терілі жар?а?тар ж?зуге к?мектеседі. ?зімізге таныс к?лба?а, тоган ба?асы, ??рба?алар осы отряд?а жатады. ?осмекенділер ежелгі сауса??анатты балы?тардан (стегоцефалдар) пайда бол?ан. Оларды? бас с?йегі т?тас?ан с?йекті сауытпен, денесі с?йекті ?ал?андармен ?аптал?ан. Стегоцефалдар су жа?алауларында тіршілік еткен. ??йры?тылар отрядына жататын ?осмекенділерді? 350 - дей т?рі бар. О?ан тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылы??ы ?рі ??йры?ы ай?ын бай?алады. V. Жа?а саба?ты бекіту «Ме?герген білімі?ді сына», электронды? о?улы?ты? к?мегімен зертханалы? ж?мыс жасала отырып жа?а саба?ты бекіту. VI. ?орытындылау Жа?а саба?ты интерактивті тапсырмамен орындау VII. ?йге тапсырма беру VIII. Ба?алау
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?осмекенділер класы »

Биология - 7 г сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділер – алғаш құрлыққа шыққан жануарлар
Сабақтың мақсаты: білімділік – қосмекенділердің тіршілігі, сыртқы, ішкі құрылысы, қаңқасы, тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, көбеюі жайлы түсінік беру.
дамытушылық - қосымша суреттермен жұмыс жасап, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.
тәрбиелік - еліміздің әрбір тіршілік иелеріне келешек ұрпағымыздың оң көзқараспен қарауына ықпал жасай отырып, сирек кездесетін қосмекенділерді танытып, оларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі түрде баяндау, тірек - сызба нұсқа әдісі
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек - сызбалар, слайд - суреттер, 7 сыныптың электронды оқулығы
Пән аралық байланыс: география, экология

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасып, түгелдеп, сынып оқушыларын сабаққа дайындау
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру (сұрақ - жауап әдісі)
ІІІ. Үй жұмысын бекіту
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
«Білгенге маржан» баяндау, сипаттау, салыстыру, түйіндеу.
Төмендегі слайдтардың көмегімен сабақ түсіндірілді
Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

Қосмекенділер — алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортала: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000 - нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бас - сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңкасынан құрал ады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.

Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен - бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен тұрады. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болмайды.

Аяқтарында жеке - жеке бұлшықеттер жақсы дамыған. Жақсүйектеріндегі ұсақ тістер мен тіл қоректі ұстауға көмектеседі. Бақа тілінің ұшы ойыс. Тілінің түбі аузының алдына бекіген, ұшы артқа қайрылып, бос жатады. Қорегін ұстар кезде тілін алға қарай лақтырады. Аузы өте үлкен. Сілекей бездері ең алғаш қосмекенділерде пайда болды. Оның өзектері ауыз қуысына ашылады. Қысқа өңеші кеңейіп, қарынға, ол аш ішекке жалғасады. Аш ішекке бауырдан келетін өт және ұйқыбездің өзектері ашылады. Тоқ ішектің соңғы бөлігі тік ішек деп аталады да, ол кеңейіп келіп, клоакаға айналады.

Дернәсілдері суда тек желбезектері арқылы тыныс алады. Ересектерінде құрлыққа шығуына байланысты өкпе пайда болған. Бірақ өкпесі нашар дамығандықтан, терісі арқылы қосымша тыныс алады. Ауыз - жұтқыншақ қуысының қозғалуы арқылы ауа өкпеге өтеді.

Құрлықта атмосфералық ауамен тыныс алуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қан айналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ құлақшаға келіп аяқталады.

Қосмекенділер миының көлемі балықтарға қарағанда үлкендеу. Алдыңғы миы екі ми сыңарларына айқын бөлінген. Баяу қозғалуына байланысты мишығы нашар дамыған. Ортаңғы миы жақсы дамыған.
Қосмекенділерде, ішкі құлақтан басқа, ең алғаш ортаңғы құлақ қуысы пайда болған. Ортаңғы құлақ қуысында бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Оның сырты дабыл жарғағымен қапталған. Ортаңғы құлақ қуысы арнайы түтік арқылы ауыз - жұтқыншақ қуысымен де байланысады. Дәм сезуі, тері арқылы сезуі нашар дамыған.

Ауыз қуысына ашылатын жұп иіс сезу қапшықтарының болуына байланысты, иіс сезуі жақсы дамыған. Көзінің қасаң қабығы дөңес, көз бұршағы екі жақты дөңес шыны пішінді. Көзінің айналасында қозғалмалы, жұқа терілі қабақтары болады
Қосмекенділердің балықтарға ұқсас екі бүйрегі, екі несепағар түтігі және бір қуығы бар. Қуығы жақсы дамыған, ол клоакаға ашылады. Қажетсіз заттар клоакадан сыртқа шығарылады.
Қосмекенділер - дара жынысты жануарлар. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады

Дернәсілдері түрленіп дамып, ересектеріне айналады. Дернәсілдерінің басы жалпақ болғандықтан, оларды шөміш балық немесе иттабан; деп атайды. Қосмекенділердің көбеюі мен дернәсілдердің дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанғаннан кейін көл бақаларда (8 - 10 тәуліктен соң) дернәсілдері жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Алғашында оларда аяқ болмайды. Бастапқыда суда құйрығының көмегімен жүзіп жүреді. Алдымен артқы аяқтары, содан кейін алдыңғы аяқтары пайда болады. Құйрығы бірте - бірте қысқарып, жойылады. Дернәсілдері желбезектері арқылы ғана тыныс алады. Олардың жүрегі екі қуысты, бір ғана қанайналым шеңбері болады. Дами келе жұтқыншақтың екі бүйірінен өкпе пайда болады.

Қосмекенділердің тек суда ғана тіршілік ететін түрлері де бар. Бақалар мен құрбақалардың ересектері суда да, құрлықта да тіршілік етеді. Аздаған түрлері ағаш басында өрмелеп өмір сүруге бейімделген. Кейбір түрлері, яғни аяқсыз қосмекенділер тек жер астында ін қазып тіршілік етеді. Қосмекенділердің тіршілігі үшін температура, су айдындарының болуы және ылғалдылық маңызды рөл атқарады. Қосмекенділер зиянды жәндіктермен қоректенетіндіктен, пайдалы. Кейбір түрлері: бақалар, саламандралар тағам ретінде пайдаланылады. Көл бақалар тәжірибелік зерттеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.

Қосмекенділер құрылысына, тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Аяқсыз қосмекенділердің 170 - тей түрі Африкада, Америкада, Үндістанда, Цейлон жерінде тіршілік етеді. Солардың бірі сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан, сақиналы құртпойым деп аталады. Бұлар аяқтары жойылғандықтан, аяқсыз қосмекенділер деп аталған. Олар - жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа қосмекенділерден ерекшелігі - іштей ұрықтанады.

Құйрықтылар отрядына жататын қосмекендінің бірі - жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар «аяқты балық» деп те атайды. Дене тұрқы 20 - 25 см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы - жалпақ, тұмсығы - доғал. Алдыңғы аяқтарында төрт, артқы аяқтарында 5 саусағы болады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Сырттай ұрықтанады. Дернәсіл кезеңінде қыстал шығып, келесі жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Жетісу лық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Бұлардың 3500 - дай түрлері бар. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын әрі жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көлбақа, тоган бақасы, құрбақалар осы отрядқа жатады.

Қосмекенділер ежелгі саусаққанатты балықтардан (стегоцефалдар) пайда болған. Олардың бас сүйегі тұтасқан сүйекті сауытпен, денесі сүйекті қалқандармен қапталған. Стегоцефалдар су жағалауларында тіршілік еткен. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің 350 - дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады.

V. Жаңа сабақты бекіту
«Меңгерген біліміңді сына», электрондық оқулықтың көмегімен зертханалық жұмыс жасала отырып жаңа сабақты бекіту.
VI. Қорытындылау
Жаңа сабақты интерактивті тапсырмамен орындау
VII. Үйге тапсырма беру
VIII. Бағалау


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?осмекенділер класы

Автор: Кенжегалиева Гульмира Кудайбергеновна

Дата: 14.02.2015

Номер свидетельства: 172822

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Қосмекенділер класы№7 зертханалық жұмыс"
    ["seo_title"] => string(46) "k_osmiekiendilier_klasy7_ziertkhanalyk_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "418421"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495683053"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?осмекенділер класы""
    ["seo_title"] => string(21) "kosmiekiendilierklasy"
    ["file_id"] => string(6) "297373"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456168214"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "Қосмекенділер класы.Кластың жалпы сипаттамасы.Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы."
    ["seo_title"] => string(80) "k_osmiekiendilier_klasy_klastyn_zhalpy_sipattamasy_bak_anyn_syrtk_y_zh_nie_ishki"
    ["file_id"] => string(6) "382101"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485013907"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""?осмекенділер класына жалпы сипаттама""
    ["seo_title"] => string(42) "k-osmiekiendilier-klasyna-zhalpy-sipattama"
    ["file_id"] => string(6) "254110"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447696277"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "??йры?ты ж?не ??йры?сыз ?осмекенділер.?осмекенділерді? таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(117) "k-u-iryk-ty-zh-nie-k-u-iryk-syz-k-osmiekiendilier-k-osmiekiendilierdin-tabig-attag-y-zh-nie-adam-omirindieghi-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "198517"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428415275"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства