Сабақ тақырыбы: § 53 «Қосмекенділер класы-алғаш құрлыққа бейімделе бастаған жануарлар»
Сабақтың мақсаты: жануарлар систематикасына сәйкес желілілер типіндегі екінші класс – қосмекенділер класына түсініктеме беру.
Сабақтың міндетері:
Қосмекенділер класына жалпы сипаттама бере отырып, бақаның сыртқы және ішкі құрылысын, қоректенуін, ми бөлімдерін, көбеюі және отрядтарын анықтау. Балықтар класымен ұқсастықтарын және айырмашылықтарын ажырату.
оқушылардың ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін жетілдіру, сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
оқушыларды адамгершілікке, шыдамдылыққа, тәртіптілікке, қоршаған ортаны қорғауға баули отырып тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдістері: Сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, зертханалық жұмыс, оқулықпен жұмыс, ассоциациялық карта құру, дайын суреттермен жұмыс, фронтальді әңгімелесу, биологиялық пошта ойыны, терминдермен жұмыс.
Оқыту технологиясы: блум жүйесі, жаңа форматтағы 7 модуль, мозаика
Мотивация: Жаңа тақырыпты ашу.
Сабақтың көрнекілігі: Биология 7 сынып, суреттер, плакаттар, презентация, зертханалық жұмыс дәптерлері.
Болжамдалып отырған нәтиже: оқушылардың қосмекенділер класы бойынша толық, жетік білім меңгерулері.
