Просмотр содержимого документа
«Гүл. Гүлдің құрылысы мен маңызы.»
Биология 6 «а» сынып.
Сабақтың тақырыбы: Гүл. Гүлдің құрылысы мен маңызы.
Сабақтың мақсаты: Гүлдің құрылысы мен функциясын теориялық
және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіну.
Білімділігі – гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары
мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың
құрылысымен таныстыру;
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін,жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын
дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Гүлдің макеті, суреттер, тірек-сызба, электронды
көрсетілім, кеппешөптер,слайд.
Сабақтың оқыту әдістері: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап, проблемалық дифференциалды элементтер.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау (нені білеміз?) Сынып оқушыларымен «Өсімдіктің вегетативті
мүшелері» тақырыбында білімдері тексеріледі.
1 тапсырма.
Жапырақтың сыртқы құрылысы, жүйкеленуі, түрлері туралы түсінік бер.
2 тапсырма.
Жапырақтардың сабаққа орналасуы туралы түсінік бер.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мына сөзтуымды шешейік, ерекше
тор көзден шығатын қандай сөз?
1.Ең алғаш жасушаны микроскоп арқылы көрген адам? (Гук)
2.Камбийден кейінгі қабат (Сүрек)
3.Шығу тегі атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы? (Ұлпа)
Өсімдік мүшелерінің екі топқа бөлінетіндігін сызба арқылы 2 топ шығып түсіндіреді.
Ассосациялық карта: балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі?Оқушылар топ болып жазады.Сабақ соңында не білгенін қосып жазады.
Хош иіс. Әдемілік. Сыйлық
Көбею мүшесі. Қысқарған өркен. Әртүрлі түстер
Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып, оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.
Гүл дегеніміз - көбеюге қажетті, жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген,қысқарған өркен.
В) Аналықтың және аталықтың құрылысы
1 топ 2 топ
1. Аналық аузы 1.Аталық жіпшесі
2. Мойны 2.Тозаң қабы
3. Жатыны 3.Тозаңдар
ІV. Бекіту «Бәрін білгім келеді»
Оқулық мәтініндегі суреттерді пайдалана отырып, гүлдің көбею
мүшелеріне тірек-сызбаны құрастыру үшін оқушыларға тапсырма берілді.
1-топқа – Аналықтың құрылысы
2-топқа – Гүлдің құрылысы
Сергіту сәті.Жұмбақтар.
1.Көктемде тұрады, бұтаққа асылып,
Күзде жерде жатады шашылып. (Жапырақ)
2.Сабаққа бекитін жіңішке ноқтасы да біреу,
Күнге қарап жалпиған тақтасы да біреу. (Жапырақ)
3.Абайла жапырағы “шағады” балақай,
Бұл өсімдік аталады ....... (Қалақай)
4.Жеміс емес жейсіңдер, шырын екен дейсіңдер.
Денсаулыққа ем тамыр, оның аты - ... (Жемтамыр)
5.Өсімдіктің бойлап өсер тірегі
Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.
Жоғары -төмен тұратұғын таратып,
Осы мүше өсімдіктің жүрегі (Сабақ)
6. Гүлді қоршап аялайды, қорғайды,
Ол тұрғанда гүл де онша тоңбайды.
Мұндай ұсақ жапырақшалар болса егер,
Ұзақ уақыт күлтесі де солмайды (Тостағанша)
”Кім шапшаң” ойыны
Оқушылардың гүлдің құрылысы туралы алған білімдерін бекіту
Ойынның шарты: Екі топқа гүлдің мүшелері қиық қағаздар таратылады, осы қағаздарды магнитті тақтаға іліп, тұстарына сәйкес аттарын жазады.
Биологиялық диктант
1.Тостағанша мен күлтені қосып ...........деп атайды. 2.Гүлде тостағанша мен күлтенің біреуі ғана болса, ..............., ал екеуі де болса, ......................... дейді. 3.Гүлде тек аталық болса, ..........., тек аналық болса..................... деп атайды. 4.Аналық пен аталық бір өсімдікте орналасса, ......................., аналығы мен аталығы әр өсімдікте орналасса, .................... өсімдіктер деп атайды.