Асқабақ (Cucurbita)- асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дәрумендерге бай - Асқабақ»
Қызылордаоблысы, Шиелі ауданы,
Тақырыбы:Дәрумендерге бай - Асқабақ
Әбілхайыр Шұғыла
6- СЫНЫП
Бағыты:Биология
Ғылыми жетекшісі:Химия-биология пәнінің мұғалімі
2015-2016 оқужылы
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ. Негізі бөлім 2. 1. Асқабақ шөптесін өсімдік 2. 2. Асқабақтың пайдасымен емдік қасиеттері 2. 3. Асқабақтан дайындалатын тағамдар 2. 4. Асқабақтың емдік қасиеттері
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ.Ұсыныс.
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Болса да табиғаттың бір есебі, Әлсіздер күштіменен теңеседі. Мәңгілік мызғымайтын тас қой десең, Тасты да, жарып шығып гүл өседі.
Асқабақ (Cucurbita)- асқабақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Асқабақ біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға әкелінген. Қазақстанда асқабақтың ірі жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері, оның ішінде «Волгалық сұр -92», «Мозолевстік-10», «Қашғарлық-1644» сорттары өсіріледі.Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен табақша асқабақ жатады. Олар жас және тұздалған күйінде тамаққа пайдаланылады.
Ақын ағамыз жырлағандай, адам та табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол - жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады.Асқабақ бірнеше мың жылдар бойы өсіріліп келе жатқан өсімдік болып табылады. Америкадан таралған және шамамен 20 шақты сорты бар деп есептелінеді. 100г асқабақта 19 ккал бар.Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А, В1, В2, РР және С дәрумендері болады.Құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын ем - дәмдерді жиі қолданылады. Ағзадағы ас қорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазартады, зат алмасудың артық өнімдерін жояды және су тепе - теңдігін реттейді.Минералды тұздарға және дәрумендерге бай. Несеп, жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және дәндері паразиттерді жояды.
Мускатты асқабақ хош иісті, дәмді болады. Асқабақ сабағының ұзындығы 2-10 м, жұмыр, түкті, бұтақты, жайыла өседі. Жапырағы- ірі, ұзынша қөлемшелі, бүйрек тәріздес. Гүлі қос жынысты, ірі, сарғыш түсті. Тармадалға мұртшалары жанындағы өсімдістерге шырмалып өседі. Жемісі ірі, пішіні дөңгелек, сопақша, түсті әр түрлі болады. Шырыны жұмсақ, дәмді. Ірі жемісті асқабақтың салмағы 40-50 кг дейін тартады. Асқабақ жемісінің құрамында 15-18 пайыз құрғақ заттар, 8-10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, т.б. болады. Дәнінде 20-40 пайыз май бар. Асқабақтың асханалық сорттарын піскен, қуырылған күйінде тамаққа пайдаланылады.мал аздық түрінен сүрлем дайындайды.
Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері-шөптекті бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңындакездеседі. Ол құтырған қияр деп аталады. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі, яғни олар – жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Асқабақ тұқымдастар тропикалық, субтропикалық елдерде таралған.
Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірлген мәдени өсімдіктер болып саналады.Бұлар – жемісі ең ірі өсімдіктерге жатады. Жемісінің салмағы 100 кг жететін түрлері де бар.
Ғылыми жобаның мақсаты:
Асқабақ дақылын зерттей отырып оның емдік және пайдалы қасиеттерін білу, өсіру, қорғау жолдарын қарастыру.
Міндеттері:
1. Асқабақтың шығу тегімен және түрлерімен таныстыру.
2. Емдік мақсаттағы және басқа да пайдалы қасиеттерінің маңыздылығын білу.
3. Асқабақтан жасалатын тағамдардың жасалу жолдарын көрсету.
Күтілетін нәтиже:
- жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады; - дәрілік өсімдіктердің қазіргі кездегі күйі мен болашағы туралы түсінік; - оқушылар дәрілік өсімдіктерге бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасайды.
Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде өсімдіктерді халықтық және ғылыми медицинада пайдаланудың кең көлемді мәліметтер жинақталған. Дәрілік фитохимия саласындағы алуан түрлі синтетикалық дәрі-дәрмектер шығарудағы зор жетістіктерге қарамастан, дәрілік өсімдіктер әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ және де жоймақ емес. Себебі, көптеген ауру түрлерін негізінен осы өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер арқылы емдейді. Бұл дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын одан ары өсуінің бір себебі. Өсімдіктерден алынған көптеген табиғи заттар таптырмайтын және құнды топтарды құрайды – жүрек гликозидтер, стероидтар, сапониндер, яғни осыларды алу үшін жалғыз шикізат түрі болып табылады. Сонымен қоса, өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер аз көлемде уыттылығымен ерекшеленеді және көп жақты әсер етеді. Ғылыми жұмыс барысында оқушылар дәрілік өсімдіктердің түрлерімен, атаулары мен ғана емес, сонымен қатар оларды емдік шараларына өмірде қолдануымен танысады.
Сонымен қатар әрине, зерттеу кезінде оқушының танымдық қабілеті дамиды.
Салауатты өмір сүру үшін табиғи өсімдіктерді қолданған жөн.Себебі: кейбір ауруларды емдеу кезінде химиялық дәрілер ( таблеткалар) кері әсерін тигізеді және қазіргі кезде дәрілер өте қымбат. Егерде адамдар шөп қайнатпаларын дайындап, қолданса жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.
Зерттеудің әдістемесі
Жергілікті жерде өсетін өсімдіктермен танысып, мәліметтерді жинақтап, зерттеу жүргізу.
Гипотезасы:
Дәрілік өсімдіктерді қолдана білу біліктіліктері, кейбір ауруларды материалдық шығынсыз емделуіне, жазылуына көмектеседі.
Негізгі бөлім
2.1 Асқабақ шөптесін өсімдік
Қос жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Кейде бұта кішігірім ағаш түрінде өседі. Асқабақтың Қазақстанда 9 туысы, оның ішінде қауын, қарбыз, қияр, асқабақ бар. Асқабақ қолдан егіледі, ал атпақияр, итжүзім, қоңыраусары жабайы түрде өседі. Асқаю\бақтың ұзын шырмалғыш сабақтарының ұшында дара не айыр мұртшалары болады. Тұтас не салаланған дара жапырақтары сабаққа кезектесе орналасады. Гүлдері сарғылт, кейде жасыл түсті гүл шоғырын құрайды немесе жапырақ қолтығына жекелене орналасады. Асқабақ тұқымдастары-дара жемісті, бір және қос үйлі, айқас тозаңданушы өсімдіктер. Жемісі- жалған жидек немесе қауашақ, олардың салмағы кейде 100 кг жетеді. Тұқымдары етті, жалпақ тұқым жарнақтарына тұрады. Кейбір түрлерінің тұқымдарынан тағамдық және техникалық май алынады, ал кейбір түрлерінен арнайы ыдстар жасалынады.
Асқабақ тұқымдастарының гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары, 5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу,оның 4-еуі тұтасып, екі-екіден біріккен. Бір аталығы бол тұрады. Кейде 5 аталық тұтасы, гүл ортасында бағана түзеді. Аталық тозаңдығы – имек. Аналықжатыны - үш ұялы. Жемісі – қабақ. «Қабақ» деген – өсімдіктердің сырты қатты, шырынды болатын жидектес жемісі. Асқабақ тұқымдасының тұқымы өте көп болады. Бір тұқымды түрлері де бар, мысалы, мексикалық қияр – чайот.
Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малазықтық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оынң ұзындығы 5м дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектер өскен. Жай жапырқтарына қарама- қарсы орналасқан мұртшасы бар. Мұрша түрін өзгерткен өрнек, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан – жағындағы басқа өсімдікке оралуға тіркес үшін қажет. Жапырағы – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке – жеке өседі. Аталық гүлдер – ұзын гүлсағақтары, аналық гүл қысқа гүлсағақтарда болады.
Тұқымдасқа 1 мыңдай түр (120-туыс) жатады. Жер шарының екі бөлігінде тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер, қоңыржай климатты облыстарға да өтеді. Түрлерінің пайда болған орталығы болып Гималайдың Шығыс бөлігі, Азияның Оңтүсітк – Шығысы және Оңтүстік Америка табылады. Түрлерінің басым көпшілігі өрмелеп, сиректеу ұзын сабақтары арқылы жерге төселіп өсетін біржылдық өсімдіктер. Көп жағдайдапальмалардыңарасында өседі, сабақтарының сыртындақатты түктері болады.
Асқабақ (тыква-Cucurbita). Тамыры ұршық тәрізді болып келетін, кейде түйнектері болатын көпжылдық немесе біржылдық шөптесін өсімдік. Туыстың құрамында 18 жабайы өсетін түрлері бар, ал 5 түрі мәдени жағдайда ғана кездеседі. Түрлерінің көп мөлшерде кездесінорындары Мексика, Гватемала.
Қазақстанда асқабақтың кәдімгі түрлері мен ірі асқабақтардың түрлері мен сорттары өсіріледі.құрамында18 пайыз құрғақ заттар, 10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, дәндерінде 40 пайыз май бар. Құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады. Адамға пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге өте бай. Адам ағзасына қажетті С,В1,,В2,В5,Е,РР, ағзадағы зат алмасу жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал болатын К дәремені, калий, кальций, темір кездеседі.
3,79 Асқабақтың жабайы түрі табиғатта кездеспейді. Ол жыл санауға 3000 жыл жыл бұрын Мексикада мәдени жақыл ретінде өсіре бастады. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағындаөсіріледі. Кәдімге асқабақтың сан алауан іріктемелері бар.Асқабақ тұқымдастар азықтық, дәо\рілік және техникалық мақсатта өсіріледі. Аса зор асқабақтар Швейцарияда жыл ең үлкен асқабақ сайсы өтеді. Сайыстық үлгілері жылдан жылға үлкен болып келедіжәне шамамен 450 кг дейін жетеді.
2.2 Асқабақтың пайдасы және емдік қасиеті
Денсаулыққа пайдасы
Асқабақ әсіресе асқазаны ауыратындарға таптырмайтын дәрі. Сонымен бірге жүрегі әлсіздеу, түрлі аурудан жүдеп, шаршағандарға қуат беретін бірден-бір пайдалы ас. Асқабақтың ішіндегі жұмсақ жерін, яғни «етін» күйген денеге тануға даболады. Мұны дәрігерлер де мақұлдайды. Отқа суға күйіп қалғандар үй жағдайында асқабақтың сары етін алып таңса болғаны.
Мың да бір ауруға дауа болатын асқабақтың пайдасын айтып тауысу мүмкін емес. Ол:
Көзі нашар көретіндерге;
Қаназдыққа;
Семіздікке;
Несеп – жыныс жүйесінің көптеген ауруларына,
Өт айдауға;
Бүйрекке;
Паразиттерді жоюға көмектеседі.
Науқастарға жарасын тануға кеңес береді. Асқабақ көру қабілеті нашарлағанда, қаназдықтан жапа шегетіндерге көмек бере алады. Құрамындағы жасанды талшықтың арқасында артық салмақты арылғысы келетіндер үшін де таптырмайтын ем.
Асқабақ ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп-жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және паразиттерді жояды. Құрамында жасанды талшық, ақуыздар, каротин, кальций, темір, магний, фосфор және А,В1,В2,РР және С дәрумендері, ағзадағы зат алмасу процесін жеделдететін Т және қанның ұюына ықпал ететін К дәрумендері, калий, кальций және темір бар. Құрамында дәрумендердің көптігінен болар, ол мың бір ауруға ем боларлық көкөніс деп есептеледі.
Арықтауға себепші болатын асқабақ құрамындағы жасанды талшықтың, судың және жасұнықтың көп мөлшерінің арқасында, асқабақты арықтауға себепші болатын емдәмдерде жиі қолданылады. Ағзадағы асқорыту үдерістерін тездетеді, су тепе-теңдігін реттейді.
Ішінен құнды минералды тұздарға және дәремендерге бай асқабақтың, сонымен қатар ерекше бағалы дәндері бар, оның құрамында ағуыздар, омега-3 қанықтырлмаған май қышқылдары, селен, магний, мырыш, сондай –ақ С дәрумені және В тобының дәремендері бар. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмектеседі. Несеп айдаушы, қабынуға қарсы, өт айдағыш қасиеті бар және де паразиттерді жояды.
Дәрумендердің көптігіне бола, мың бір ауруға ем. Көру нашарлағанда, қаназдық, артық салмақтан, тағы басқадан арылғысы келетін таптырмайтын ем. Шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады.
Ауа райы мен топырақтың жағдайын талғамай өсетін болғандықтан, өсіргенде химиялық препараттарды қолдандайды, өз күшімен өседі. Жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде қолданатын асқабақтың жұмсақ мәйегін дәрегерлер қауымы айтатыны, отқа немесе суға күйген науқастарға жарасына тануға болатыны. Асқабақ дәні балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланылады. Бүйрек, бауыр ауырған кезде күніне 1 стакан шырынын ішу керек. Шырынын, яғни сөлін жаңа пайдаланған күйінде ғана ішеді, өйткені үйде сақталу шырыны қиын. Асқабақтың шырыны балмен жатар алдында ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып, ұйқы дәрісі секілді әсер етіп, тыныш ұйықтайсыз.
Ішек құртынан құтылғыңыз келсе......200 грамм кепкен, өткен жылғы тазаланған, ұсақталған асқабақтың дәні, 100 грамм какао, аздаған қант, бірнеше тамшы су құйып араластырып, жұқа 20 шелпек жасап, қант себеді. Бірінші күні ештеңе ішіп - жемеу керек. Ертеңіне таңертең 1, 5 - 2 үлкен қасық касторка майын ішіп, шелпек жеңіз, әр минутта біреуден бітіргенше, құрттар тез шығады. 200грамм асқабақ дәнін итбүлдіргеннің шырынымен араластырып, қою ботқа жасайды. Кешке жатарда тұздалған балық жеп, таңертең ботқаның жартысын жейсіз, тағы 1 сағаттан соң қалғанын жеп, 2 сағат жату керек. Сағат таңертең 8-де 1 үлкен қасық касторка майын ішкен жөн.Сондай - ақ жусанның жапырағы мен асқабақтың дәнін бірдей мөлшерде алып, бөтелкеге арақ құйып, 1 апта жылы жерде не күннің көзіне тастайды. Аш қарынға күніне 2 рет 50 грамнан ішеді, құрттар шығады.Асқабақтың өсетін жері, гүлдеу мерзімі, тұқымдану кезеңі, сол өсімдіктердің қандай бөліктері дәрілік мақсатта пайдаланылатындығын анықтап шықтым. Зерттеу жұмысын жүргізіп, соңынан талдау жасадым.Асқабақтың адам өмірі үшін өте маңызды өсімдік екенін зерттеп шықтым. Ол жүрек - тамыр аурулары мен бүйректің әр түрлі аурулары үшін пайдалы. Асқабақтың калориялығы төмен, сондықтан одан жасалған тамақтар семіздіктен зардап шегушілер мен толысуға икем адамдар үшін пайдалы. Асқабақты асқазан мүшелері ауырған кезде емдік тағам ретінде пайдаланады, өйткені, онда клетчатка мен органикалық қышқылдар аз, ал мұның өзі ішектің шектен тыс ауруына жол бермейді, ішек пен қарынның шырышты қабығын түршіктірмейді. Жас асқабақтың үгілген жұмсағын денедегі бөртпеге, безеуге, экземаға, қабыну процестеріне, күйік пен үсікке басады. Ішек құртына қарсы дәру ретінде пайдаланады. Дәндерінің қайнатпасын гельминтоздарды емдегенде қолданады.
Асқабақ дәнегінің пайдасы
Жүрек пен қан тамырына пайдасы. Асқабақ дәнегінің құрамында жүрек жұмысын қалыпқа келтіре алатын магнийдің жеткілікті мөлшері бар. Магний жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартып, ырғақтың бұзылуына тосқауыл қояды. Ғылымда дәлелденгендей, холестериннің жоғары деңгейі жүрек, қан тамырлары ауруларын тудырады. Ал дәнектердің құрамындағы фитостеролдар қандағы холестерин деңгейін төмендетеді. Қан қысымын тұрақтандыратындырғандықтан, гипертониктарға жиі шағып тұруға кеңес беріледі.
Ми жұмысын жақсартады. Асқабақ дәнегінің құрамында триптофан аминқышқылдары ағзамыздағы серотиннің өнуіне жол ашады, бұл ұйқыны толықтай жақсартуына септігін тигізе алады. Дәнек бойындағы цинк бас мидың жұмысын қалыпқа келтіріп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ағзадағы шаршауды басады.
Ішек үшін пайдасы. Дәнектердегі жасұнық ішек жұмысын белсенді етіп, болата алады. Іш қату қиындықтарына тап болғандарға күнделікті тағамға асқабақ дәнектерін қосуға болады.Ішек құртымен күресе алады.Асқабақ дәндері – халық медицинасында ішек құртқа қарсы қолдаылатын ең әсерлі құрал. Паразиттермен алысып жүретін адамдар дәнектерден кейін көп уақыт жатып, бар қиындықтан арылып жатады.
Вертибуляллық аппарат үшін. Теңіз ауруына шалдыққан науқастарға асқабақ дәндері ауадай қажет. Олар қатты ауытқу кезінде пайда болатын жүрек айнуын босатады.
2.3. Асқабақтан дайындалатын тағамдар.
Пайдасына көз жеткіздік. Үйде асқабақты көбіне манты қазанға салып, буға немесе суға қайнатып жеуді бәріміз де білеміз. Ал фарыштан, арнайы пешке салып пісіріп жеуді білесіз бе?
Асқабақ қосылған самса
Құрамы: 4 стакан үн, 100г сары май, 0,5 стакан айран, 1 жұмыртқаның сарысы, сода және тұз, 500 гр асқабақ, қара бұрыш, 1 дана пияз құйрық майы, фарш.
Самса дайындау тәсілі:жылы суға жұмыртқа,тұз, сары май қосып, жаймен ұнды салып қамыр илейміз. Қамырды үш бөлікке бөліп, бетін жауып, жарты сағатқа қойып қоямыз. Салмасын дайындап аламыз. Құйрық майдалап тураймыз. Пиязды майдалап турап,асқабақты да төртбұрыштап майдалап тураймыз да фарш қосып, тұз бен бұрыш салып, дәмдіне қарай дәмдеуіштер қосуымызға да болады. Барлығын жақсылап араластырамыз.
Қамырымыздың бір бөлігін алып, жайямыз да арасына ерітілген сары майды жағамыз. Келесі қамырымызды да дәл осылай жайып, арасына май жағып майы сіңгенше тұрамыз.
Енді қамырымызды рулет ұқсатып ораймыз. Қамырымызды бірнеше бөліктерге бөліп үстіне қойып, шетінен қамырымызды дөңгелектеп жаямыз.
Әр қамырға салманы салып, дөнгелектеп, немесе төрт бұрыштап жабыстырамыз әр кім өз қалауынша жабыстырамыз. Енді табамызды алып, майлап самсаны салып самса бетін жұмыртқаның сарысын жағып пешке салып пісіреміз.
Асқабақ қосылған салат
Құрамы: Асқабақ – 150 г, сәбіз - 150 г, алма – 150 г, ірімшік – 50 г, горчица дәнімен 1 ас қасық, лимон шырыны -2 ас қасық, өсімдік майы- 2 ас қасық, тұз дәміне қарай сәбізді тазалап сыртқы қабығын аршып ірі үкіштен ұзыншалап өткіземіз. Өсімдік майы мен жаңадан дайындалған лимон шырынын және горчицаны араластырамыз. Дайын тұздықты салат бетіне құйямыз.
Қорытынды
Қорыта келгенде аскабақтың біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болған. 15 ғасырдың ақырында Мысырға акелінген. Қазақстанда аскабақтың ірі жемісті, қатты жемісті, қатты қабықты және мускатты түрлері бар. Ірі жемісті асқабақты мал азығы үшін егеді. Қатты қабықты асқабақ түріне кәді мен табақша асқабақ жатады. Олар жас және тұдалған күйінде тамаққа пайдаланылады.
Асқабақ – ірі жемісті тағамдық, дәрілік, малаздық және сәндік, біржылдық шөптекті өсімдік. Оның ұзындығы 5 м дейін жететін жатаған сабағы болады. Бес қырлы сабағына тікенектен өскен. Жай жапырақтарына қарама-қарсы орналасқан мұршасы бар. Мұртша түрін өзгерткен өркен, жатаған сабағы нәзік болғандықтан, жан-жағындағы басқа өсімдікке оралуға тірек үшін қажет. Жапыраға – ірі, тақтасының жиегі 5 салалы тілімделген жай жапырақ. Гүлі дара жынысты, бірүйлі, жапырақ қолтығында жеке-жеке өседі.
Асқабақ жыл санауға дейін 3000 жылбұрын Мексикада мәдени дақыл ретіндеөсіріле бастаған. Қазір кәдімгі асқабақ еліміздің барлық аумағында өсіріледі. Кәдімгі асқабақтың сан алуан іріктемелері «Қауақ, бәлішқауық» бар. Асқабақ тұқымдас азықтық, дәрілік және техникалық мақсатта өсіріледі.
Мен «Шипагер» асқабақ шырынын жасадым. Шырын жасауға ашық сарғыш түсті жұмсақ мәйегі бар ұсақ сортты асқабақ қолданамын. Асқабақ шырынын жасағанда оның дәнінде қосамын. Асқабақ шырынын дайындап алып оған сәбіздің шырынын араластырамын. Кішкене мөлшерде бал қосамыз. 1кг тазартылған өнімнен 750 гр шырын шығады. Бұл шырынды үнемі балаларға беріп тұруға болады. Шырын – ағза мен ас қорыту жүйесін тазартады. Көздің көру жуйесін жақсартады, ми жұмысын белсенді етеді. Бүйрек жұмысын жақсартады. Іш қатқан кезде пайдалы. Баланың бойының өсуіне ықпақ етеді.
«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.
Ұсыныс:
Асқабақтың құрамында адам ағдасына қажетті витаминдер көп болғандықтан асқабақтың түрлері жерімізді көптеп өсірсе;
Асқабақтан түрлі тағамдар дайындауға мүмкіндіктің барлығын біле отырып, өндірісте тұрмыста қажетті тағамдар шығарылса;
Асқабақтың емдік қасиеттері баспа беттерінде, теледидарда кеңінен насихатталса.
Пайдаланылған әдебиеттір:
Р.Әлімқұлов «Өсімдік тану» 6-7 сынып,оқулық Алматы «Рауан» 1995 ж.
Қ.Қайым Биология Алматы Атамұра 2003 ж
Қ.Қайымов «Қызықты зоология» - Алматы: «Мектеп» 1974 ж
Сафина А.К. «Жасыл аптека», Алматы. «Қайнар» 1992 жыл
Шәріпбаев Н. «Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану»
Алматы «Қайнар»1988 ж
Франке Г. Хаммер «Плоды земли» Издательство. Мир Москва 1979 год
№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің 6- сынып оқушысы
Әбілхайыр Шұғылағылыми жоба жасау кезінде жүргізген
бақылау күнделігі
Өткізілетін шаралар
Күндері
Жазғы демалысты жақсы өткізген соң, мен жоба дайындауға кірістім.Оны биология бағытында жасауға бел будым.
19.08.15
Мен бүгін мектепке бардым.Химия пәні мұғалімі Гүлшат апаймен кездесіп,жоба алғым келетіндігі жайлы айттым.
21.08.15
Жаздың ыстық күнінде Гүлшат апайға бардым.Апай маған «Дәрумендерге бай - асқабақ» тақырыбында жоба жазуды ұсынды.Маған тақырып ұнады және бұл жайлы көп мағлұмат жинауға болатын еді.
07.09.15
Бүгін мен сабақтан кейін аудандық Абай кітапханасына барып, керекті кітаптарды алдым. Асқабақтар жайында білмейтін тақырыптарым көп екенін аңғардым.
12.09.15
Жинаған мағлұматтарымды Гүлшат апайға алып бардым.Апай бұл кітаптарды көріп, тағы да өз кітаптарын қосып берді.Барлық кітаптарды алып, оқи бастадым.Түсінбеген жерлерімді биология пәні мұғалімінен сұрадым.
21.09.15
Бүгін мен интернеттен керекті құжаттарды іздедім.
26.09.15
Барлық жинап, тергенімді Гүлшат апайға алып бардым. Гүлшат апай жақсы мағлұматтар жинағанымды айтты.Мен керекті заттарды компьютерге енгіздім.
03.10.15
Бүгін мен кітапханаға барып мағлүматтар жидадым, компьютерге тердім
15.10.15
Бүгін мен мектепте қалып дайындалдым.Бір жағынан екінші күнге әрі олимпиадаға дайындалдым
22.10 15
Бүгін Гүлшат апайға бардым. Көптеген мәліметтер айтты.Асқабақтың құрамында қандай дәрумендер бар екенін анықтадым.
7.11.15
Бүгін мен кітапханаға барып мағлүматтар жидадым, компьютерге тердім
20.11.15
Тәжірибе нәтижелерін жазып отырдық. Бүгін мен сабақтан кейін аудандық Абай кітапханасына барып, керекті кітаптарды алдым.
26.11.15
Барлық жинаған мағлұматтарымды компьютерге енгіздім.Жобам 8-9 бет болды.Гүлшат апай тағы 1-2 бет қосты.Әлі де жетіспейтін жерлер бар екенін көрдім.Тағы да іздене бастадым.
05.12.15
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінің 6- сынып оқушысы Әбілхайыр Шұғыла «Дәруменге бай - асқабақ» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысына
ПІКІР
Кез келген адамға денсаулығын сақтау үшін дәрумендер өте қажет. Дәрумендердің саны өте көп бола отырып, әрқайсысының адам организмінде белгілі қызмет атқарады. Біздің организмімізде дәрумендер әсіресе қыс мезгілінде өте қажет. Асқабақ организмнің түрлі ауруларға қарсы түруын жақсартады.
Ғылыми ізденіс жасап,зерттеу жұмыстарын жүргізген бұл жұмыстың бүгінгі күнгі адам денсаулығын, әсіресе балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы актуалды проблемаға арналған.
Ғылыми - зерттеу жұмысында алдымен асқабақтың адам организміндегі рөлі, оның биохимиялық қасиеттеріне.Ақын ағамыз жырлағандай, адам та табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады, жұмыс тақырыбын ашатындай тәжірибелер жасап және сол тәжірибелерін саралап, талдай келіп, ұтымды қорытындылар жасаған.
Жұмыстың тағы бір ұтымды түсы асқабақтан қандай тағамдар жасауға болатыны жөнінде жазған.«Шипагер» асқабақ шырынын жасауда, ашық сарғыш түсті жұмсақ мәйегі бар ұсақ сортты асқабақ қолданған.
Зерттеу жұмысының тақырыбының көкейтестілігі, онда жүргізілген зерттеу жұмысының қызықты да, практикалық мәні бар жұмыс екендігін айта келіп, оқушының өз дәрежесінде тақырыпты ашуға теориялық та, тәжірибе жүзінде де еңбектенгендігін ескере отырып, ғылымия- зерттеу жұмысын өте жоғары бағалаймын.
Ғылыми жетекшісі химия – биология
пәнінің мұғалімі: Г.З. Бодықова
Республикалық «Жас ғалым» атты оқушылардың ғылыми жұмыстарының сайысына қатысуға өтініш