kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Дәмді өзенінің тіршілігін бақылау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дәмді өзенінің тіршілігіне бақылау жүргізген едік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Дәмді өзенінің тіршілігін бақылау"»

Аты-жөні: Сүйінбекова Таңшолпан Жұмаділқызы Туған жылы: 18 наурыз 1996 жыл Сыныбы: 10 Тақырыбы: Науырзым қорығы құстарының Дәмді өзеніндегі тіршілігі

Аты-жөні: Сүйінбекова

Таңшолпан Жұмаділқызы

Туған жылы:

18 наурыз 1996 жыл

Сыныбы: 10

Тақырыбы:

Науырзым қорығы құстарының Дәмді өзеніндегі тіршілігі

Шығармашылық жұмыстың тақырыбы:  Науырзым қорығы құстарының Дәмді өзеніндегі тіршілігі

Шығармашылық жұмыстың тақырыбы:

Науырзым қорығы құстарының Дәмді өзеніндегі тіршілігі

Мақсаты :  Науырзым қорығындағы мекендейтін құстардың Дәмді өзеніндегі тіршілігін бақылай отырып, олардың ерекшеліктері жөнінде мәліметтер жинастыру және зерттеу

Мақсаты :

Науырзым қорығындағы мекендейтін құстардың Дәмді өзеніндегі тіршілігін бақылай отырып, олардың ерекшеліктері жөнінде мәліметтер жинастыру және зерттеу

Мазмұны: I .Кіріспе II .Зерттеу бөлімі 1.1Науырзымның қысқаша тарихы мен қорықтың қалыптасуының бастамасы 1.2Қорықтың флорасы мен фаунасы 1.3Қорықтың географиялық орны мен климаты 1.4Науырзым қорығында мекен ететін құстар 1.5Оқушының Дәмді жеріндегі құстардың тіршілігін бақылауы 1.6Құстарды сақтау, қорғау-келешек ұрпақ міндеті III .Қорытынды IV .Қолданылған әдебиеттер тізімі

Мазмұны:

I .Кіріспе

II .Зерттеу бөлімі

1.1Науырзымның қысқаша тарихы мен қорықтың қалыптасуының бастамасы

1.2Қорықтың флорасы мен фаунасы

1.3Қорықтың географиялық орны мен климаты

1.4Науырзым қорығында мекен ететін құстар

1.5Оқушының Дәмді жеріндегі құстардың тіршілігін бақылауы

1.6Құстарды сақтау, қорғау-келешек ұрпақ міндеті

III .Қорытынды

IV .Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Науырзым қорығы дала флоралары мен фауналарын қорғау үшін 1931 жылы құрылды. Мұнда бірегей дала қарағайлы орманы бар. Құстар табиғаттың ажары.

Олар табиғаттың сұлулық сәнін, сазды әнін келтіреді. Ауыл, орман шаруашылықтарына зиянды бунақденелілермен қоректеніп, құстар зор пайдасын тигізеді. Өсімдіктердің таралуына, тозаңдануына да әсері бар. Құстар табиғатта санитарлық та қызмет атқарады. Құстардың табиғаттағы эстетикалық орны да ерекше. Табиғатты құстарсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Олардың адам өмірінде маңызы сан алуан .

Құстардың дәмді еті, жұмыртқасы, бағалы мамығы, тыңайтқыштық қасиеті бар саңғырығы өзге де өнімдері күнделікті тұрмыс қажетімізді өтейді.

Өте ерте замандарда тіршілік еткен құстардың қаңқа қалдықтары, тасқа түскен дене таңбалары сақталған. Құстардың ең ежелгі арғы тегінің қаңқасы бұдан 225 млн жыл бұрын жер қыртысынан табылған. Оны ілкіқұс деп атайды. 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі көнеқұс деп аталады. Олардың қазіргі құстардан негізгі айырмашылығы жақсүйектерін- де тістері болған, құйрық омыртқаларының саны көп. Қанат саусақтарында мүйізді тырнақтары болған, бірақ төссүйегінде қыр болмаған

Науырзым қорығы құстарының Дәмді өзеніне ұшып келу кезінде,олардың тіршілігі мен қоректенуіне бақылау жүргізген Дәмді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сүйінбекова Таңшолпан Жұмаділқызы, 9 сыныптан бастап бақылауды жүргізіп келеді.  Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Искакова Мендеш Қабдоллақызы.

Науырзым қорығы құстарының Дәмді өзеніне ұшып келу кезінде,олардың тіршілігі мен қоректенуіне бақылау жүргізген Дәмді орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сүйінбекова Таңшолпан Жұмаділқызы, 9 сыныптан бастап бақылауды жүргізіп келеді. Ғылыми жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Искакова Мендеш Қабдоллақызы.

Науырзымның қысқаша тарихы мен қорықтың қалыптасуының бастамасы

Науырзымның қысқаша тарихы мен қорықтың қалыптасуының бастамасы

  • Науырзым қорығы сонау ерте замандарда-ақ белгілі болған. Экспедиция материалдары мұқият зерттеліп 1931 жылы Қазақ ССР-нің шешімімен “ Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы” ұйымдастырылды. Одан кейін бірнеше рет жабылып, 1966 жылы қорық болып қайта ашылды. Дәл қазіргі уақытта Науырзым қорығы 191,381 га аумақты алып жатыр. Ол Қостанай облысы, Науырзым, Әулиекөл аудандарында орналасқан.
  • Науырзым қорығы өзінің қарағайлы орман ағаштарымен ерекше көзге түседі. Мұнда Науырзым-Қарағайлы, Тірсек-Қарағайлы және Сыпсын деген үш экологиялық жүйе бар. Осы қарауытқан қарағайлы тоғай арасында ақ қайың, қотыр қайың, қызыл қайың, үлпек қайың , имек қайың, ақ терек және көк теректерде араласып өсіп жатыр. Оның ішіндегі ең үлкені-Науырзым. Осы орманда алуан түрлі аңдар, жыртқыш құстар бар. Сонымен қатар қорық аумағында ертеден қалған тарихи маңызы бар ескерткіштер де аз емес.
  • 2008 жылдың 7 шілдесінде Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО құрамына енді.

Қорықтың флорасы мен фаунасы

ФЛОРА

Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында өсімдіктердің 687 түрі бар. Соның ішінде ең көп тарағаны: алабұта, зиягүл, қияқөлең, қалампыр, арша т.б,

Қорықта осы өсімдіктердің 12 түрі қызыл кітапқа енгізілген бұл бәйшешек, жауқазын, қосгүлді қызғалдақ, жатаған қызғалдақ, шренк қызғалдағы, құндызшөп, қау, мұғалжар ақжапырақ, фишер құссүттіген, қаттыжапырақ шисабақ. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерде кездеседі: түймедағы, таңқурай, жолжелкен, итмұрын, қаражеміс, қылша, қалақай, бақажапырақ т.б.

ФАУНА

Бұл қорықта алуан түрлі аңдар, жыртқыш құстар бар. Олар: елік, күзен, киік, ақиық, бүркіт, тентек құс, ителгі, тоқылдақ, үкі, лашын т.б.

Шөлейтті жерлерде безгелдек, дала құзғыны, дала қыраны, суыр, қарсақ, түлкі, борсық, т.б. мекен етеді. Құстардың 288 түрі бар, ал 43 түрі Қызыл Кітапқа енген.Жоғалып бара жатқан түрлері: шиқылдақ қаз, безгелдек, дуадақ, ақ тырна, ителгі, лашын т.б.

Жорғалаушылар мен қосмекенділердің 6 түрі, 1500 жуық омыртқасыз жәндәктер бар.Ал сүтқоректілердің 44 түрі бар: елік, күзен, киік, ақкиік, ақбөкен т.б. Шөлейтті жерлерде суыр, қарсақ, қасқыр, түлкі, борсық т.б. мекен етеді.Қызыл Кітапқа еніп, жоғалып бара жатқан түрлері: бұйра бірқазан, қызыл жемсау қарашақаз, шиқылдақ қаз, безгелдек, дуадақ, ақ тырна, ителгі, лашын, қырқылдауық қаз.

Қорықтың географиялық орны мен климаты:

Қорықтың географиялық орны мен климаты:

Қорықтағы құстардың қоныс- тануы мен тіршілігі

Қорықтағы құстардың қоныс-

тануы мен тіршілігі

СҰР ТЫРНА Бұл құс сирек ұя салады, әсіресе Сары-Моиын, Ақсуат, Жаркөл көлдерінде 10-12 жұптан кездеседі. Жаздың тамыз-қыркүйек айларында топтасып батпақты, ылғалы мол жерлерде мекен етіп, ұя салады.Сұр тырна біздің егістік жерлерімізде де кездестіруге болады. Олар жұптасып жүреді .
  • СҰР ТЫРНА
  • Бұл құс сирек ұя салады, әсіресе Сары-Моиын, Ақсуат, Жаркөл көлдерінде 10-12 жұптан кездеседі. Жаздың тамыз-қыркүйек айларында топтасып батпақты, ылғалы мол жерлерде мекен етіп, ұя салады.Сұр тырна біздің егістік жерлерімізде де кездестіруге болады. Олар жұптасып жүреді .
ҚЫЗҒЫЛТ БІРҚАЗАН Аз санды, шектеулі жерлерде ұя салатын түр. Саны бірте- бірте кеміп бара жатыр. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері- заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау  .Ол ірі құс,салмағы-10-11 кг.Бұл құстар Қазақстанда, Ресейде,Пәкістанда және Солтүстік-Шығыс Африкада ұя салып балапан шығарады  .Қызғылт бірқазан Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген  .Күн жылына өзіміздің Науырзым қорығына ұшып келіп мекендейді.
  • ҚЫЗҒЫЛТ БІРҚАЗАН
  • Аз санды, шектеулі жерлерде ұя салатын түр. Саны бірте- бірте кеміп бара жатыр. Нулы қамысты көлдерді мекендейді. Қазақстанда тіршілік ететіндері 8 мыңдай. Санының азаю себептері- заңсыз аулаушылық, өрт, ұя басу кезінде мазалау .Ол ірі құс,салмағы-10-11 кг.Бұл құстар Қазақстанда, Ресейде,Пәкістанда және Солтүстік-Шығыс Африкада ұя салып балапан шығарады .Қызғылт бірқазан Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген .Күн жылына өзіміздің Науырзым қорығына ұшып келіп мекендейді.

СЫБЫРЛАҚ АҚҚУ Үлкен көлдер мен оның жағалауларынан S әріпіне ұқсас ақ аққуды көруге болады. Оның тұмсығы қызыл, көзінің айналасы қара, арқа тұсы үйшікке ұқсас қоқиған, мойыны жуан болады. Дауысы басқа аққуларға қарағанда сыбырлап шығады. Ұзындығы 145-160, салмағы 5,5-14,3 кг.

СЫБЫРЛАҚ АҚҚУ

Үлкен көлдер мен оның жағалауларынан S әріпіне ұқсас ақ аққуды көруге болады. Оның тұмсығы қызыл, көзінің айналасы қара, арқа тұсы үйшікке ұқсас қоқиған, мойыны жуан болады. Дауысы басқа аққуларға қарағанда сыбырлап шығады. Ұзындығы 145-160, салмағы 5,5-14,3 кг.

ТАРҒАҚ Жойылып кету қаупі бар түр. Қазақстан мен Ресейде таралған. Республикамыздың солтүстігіндегі даланы түгел қамтығанымен , барлық жерде оның саны бірте-бірте азайып келеді. Тарғақ ұясын жерге салады, ұясында 4 жұмыртқадан болады. Бұл құс Үндістанда, Иранда, Израйлда, Солтүстік Африкада қыстайды. Санының азаюының негізгі себептері- жерді жырту, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық .
  • ТАРҒАҚ
  • Жойылып кету қаупі бар түр. Қазақстан мен Ресейде таралған. Республикамыздың солтүстігіндегі даланы түгел қамтығанымен , барлық жерде оның саны бірте-бірте азайып келеді. Тарғақ ұясын жерге салады, ұясында 4 жұмыртқадан болады. Бұл құс Үндістанда, Иранда, Израйлда, Солтүстік Африкада қыстайды. Санының азаюының негізгі себептері- жерді жырту, малды көп жаю, химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану, аңшылық .
ЖАЛБАҒАЙ  Бұл құс ірі, сирағы қара, тұмсығы жалпақ, қанатының ұзындығы 39 см. Жылы жақтарда ұя салып, күн жылына ұшып келеді. Қалбағай да қызыл кітапқа тіркелген құс. Ең алғаш Науырзым қорығында 1975 жылы, ал 1983-92 жылдары да бірең-сараңы кездескен.

ЖАЛБАҒАЙ

Бұл құс ірі, сирағы қара, тұмсығы жалпақ, қанатының ұзындығы 39 см. Жылы жақтарда ұя салып, күн жылына ұшып келеді. Қалбағай да қызыл кітапқа тіркелген құс. Ең алғаш Науырзым қорығында 1975 жылы, ал 1983-92 жылдары да бірең-сараңы кездескен.

АҚБАС ҮЙРЕК Бұл үйректің орташа салмағы 0,4-0,9 кг.Өзге үйректен ерекшелігі, құйрығы қайқы болуы және бас бөлігі ақ, ал көз айналасы көкшіл болып келеді..Суда жақсы жүгіп, оңай сүңгу арқылы су түбіндегі қорегін тез табады, құрлыққа өте сирек шығады. Ол қалың шөптесін, қамысты жерлерді мекен етеді. Науырзым қорығында мекен ететін құс.

АҚБАС ҮЙРЕК

Бұл үйректің орташа салмағы 0,4-0,9 кг.Өзге үйректен ерекшелігі, құйрығы қайқы болуы және бас бөлігі ақ, ал көз айналасы көкшіл болып келеді..Суда жақсы жүгіп, оңай сүңгу арқылы су түбіндегі қорегін тез табады, құрлыққа өте сирек шығады. Ол қалың шөптесін, қамысты жерлерді мекен етеді.

Науырзым қорығында мекен ететін құс.

БҰЙРА БІРҚАЗАН Салмағы 9-13 кг. Айырмашылығы: қызғылт реңі жоқ, басы мен ұзын мойынында бұйра мамығы бар. Қызғылт бірқазанға қарағанда жер бетінде көп таралған. Греция, Македония, Оңтүстік Моңғолия мен Оңтүстік Қытай аймақтарында ұя салады. Олар балықтармен қоректенеді. Қызыл Кітапқа енген құс. 2005 жылдан бері бұл түрі, балықтың түрінің сиреуіне байланысты азайып кеткен.

БҰЙРА БІРҚАЗАН

Салмағы 9-13 кг. Айырмашылығы: қызғылт реңі жоқ, басы мен ұзын мойынында бұйра мамығы бар. Қызғылт бірқазанға қарағанда жер бетінде көп таралған. Греция, Македония, Оңтүстік Моңғолия мен Оңтүстік Қытай аймақтарында ұя салады. Олар балықтармен қоректенеді. Қызыл Кітапқа енген құс. 2005 жылдан бері бұл түрі, балықтың түрінің сиреуіне байланысты азайып кеткен.

АҚ ТЫРНА Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Солтүстік Азияда, Ресейдің солтүстігінде ұялайды. Қазақстанда наурыз-мамыр және қыркүйек-қараша айларында республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Бұл құстың ерекшелігі: көзімен қоса ұзын тұмсығы және сирақтары қызыл болып келеді, жылына екі жұмыртқа басып оның біреуі ғана тірі шығады. Ақ тырна Үндістанда, Иранда және Қытайда ғана қыстайды. Осы құсты қорғау аясында біздің ауданда да ерекше іс-шаралар жүргізіледі. Жыл сайын оқушылар Ақ тырнаға арнап суреттер, қолөнерлер дайындап, ән-тақпақтар шығарады. Осыған орай біздің мектепте де жыл сайын қыркүйек айында фестиваль өтеді, оған әр сынып суреттер, қолөнерлер, ән-билер дайындап жарысады.
  • АҚ ТЫРНА
  • Жойылып кету жағдайында тұрған түр. Солтүстік Азияда, Ресейдің солтүстігінде ұялайды. Қазақстанда наурыз-мамыр және қыркүйек-қараша айларында республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді. Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспайды. Бұл құстың ерекшелігі: көзімен қоса ұзын тұмсығы және сирақтары қызыл болып келеді, жылына екі жұмыртқа басып оның біреуі ғана тірі шығады. Ақ тырна Үндістанда, Иранда және Қытайда ғана қыстайды. Осы құсты қорғау аясында біздің ауданда да ерекше іс-шаралар жүргізіледі. Жыл сайын оқушылар Ақ тырнаға арнап суреттер, қолөнерлер дайындап, ән-тақпақтар шығарады. Осыған орай біздің мектепте де жыл сайын қыркүйек айында фестиваль өтеді, оған әр сынып суреттер, қолөнерлер, ән-билер дайындап жарысады.
ШИҚЫЛДАҚ ҚАЗ  Бұл қаздың басқа қаздардан айырмашылығы: дауысы шиқылдап шығады, түсі қоңырлау, қанаттары үшкірлеу, көздерінің айналасындағы терісі тықырлау. Салмағы 1,6-ден 2,5 кг.Өзен-көлдердің қалың қамысты, шөптесін жерлерінде ұя салады.Қытай, Жапония және Корея жерлерінде қыстайды. Олар өте сирек кездеседі. Халықаралық және Қазақстанның Кызыл кітабына тіркелген.Күзде ерте судың тартылуынан, құрғақшылықтан жән егістіктің жыртылуынан ерте ұшып кетеді .

ШИҚЫЛДАҚ ҚАЗ

Бұл қаздың басқа қаздардан айырмашылығы: дауысы шиқылдап шығады, түсі қоңырлау, қанаттары үшкірлеу, көздерінің айналасындағы терісі тықырлау. Салмағы 1,6-ден 2,5 кг.Өзен-көлдердің қалың қамысты, шөптесін жерлерінде ұя салады.Қытай, Жапония және Корея жерлерінде қыстайды. Олар өте сирек кездеседі. Халықаралық және Қазақстанның Кызыл кітабына тіркелген.Күзде ерте судың тартылуынан, құрғақшылықтан жән егістіктің жыртылуынан ерте ұшып кетеді .

БҮРКІТ Бүркіт дара ағаштарға, қарағайдың биік ұшына ұя салады. Ол өте қырағы, жемін алыстан көретін құс.2005 жылғы санақ бойынша: Науырзымда-17, Сыпсын жерінде-6, Тірсекте-9 жұптары тіркелген. Соңғы дерек бойынша біздің қорықта 11 жұбы ғана тіркелген.

БҮРКІТ

Бүркіт дара ағаштарға, қарағайдың биік ұшына ұя салады. Ол өте қырағы, жемін алыстан көретін құс.2005 жылғы санақ бойынша: Науырзымда-17, Сыпсын жерінде-6, Тірсекте-9 жұптары тіркелген. Соңғы дерек бойынша біздің қорықта 11 жұбы ғана тіркелген.

СҰҢҚЫЛДАҚ АҚҚУ Науырзым қорығында мекен етіп, сирек ұя салады да 4-6 балапаннан шығарады.Олар ерте көктем де және күзде топтасып ұшады. .Әсіресе Үлкен Ақсуат көлінде топтасып тіршілік етеді.Топтасып ұшу мерзімі тамыздың аяғы мен қазан айларында.

СҰҢҚЫЛДАҚ АҚҚУ

Науырзым қорығында мекен етіп, сирек ұя салады да 4-6 балапаннан шығарады.Олар ерте көктем де және күзде топтасып ұшады. .Әсіресе Үлкен Ақсуат көлінде топтасып тіршілік етеді.Топтасып ұшу мерзімі тамыздың аяғы мен қазан айларында.

ҚЫЗЫЛ ЖНМСАУ ҚАРАШАҚАЗ Дене пішіні кішкене қаз, салмағы 1-1,5 кг.Басқа қаздардан ерекшелігі: мойны қысқа, жылдам жүретін және алқымы ашық қызғылт , қалған денесі қара түсті. Ол жақсы жүгіп , тереңге сүңгиді.Бұл құстар Дунай, Румыния және Болгария жерлерінде қыстайды. Халықаралық және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.Сонымен қатар олар Науырзым қорығында да басқа қаз түрлерімен араласып біраз тоқталады

ҚЫЗЫЛ ЖНМСАУ ҚАРАШАҚАЗ

Дене пішіні кішкене қаз, салмағы 1-1,5 кг.Басқа қаздардан ерекшелігі: мойны қысқа, жылдам жүретін және алқымы ашық қызғылт , қалған денесі қара түсті. Ол жақсы жүгіп , тереңге сүңгиді.Бұл құстар Дунай, Румыния және Болгария жерлерінде қыстайды. Халықаралық және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.Сонымен қатар олар Науырзым қорығында да басқа қаз түрлерімен араласып біраз тоқталады

КІШІ АҚҚҰТАН Бұл құс үлкен аққұтанға өте ұқсас, одан 2 есе кіші, ақ түсті, мойыны ұзын, тұмсығы мен сирағының айналасы көкшіл –қара түсті. Ұясын ағаш басына, бұталар арасына салады да, 4-6 балапан шығарады.Оларды Ақсуат,Сарымойын, Жаркөл көлдерінде кездесьтіруге болады.

КІШІ АҚҚҰТАН

Бұл құс үлкен аққұтанға өте ұқсас, одан 2 есе кіші, ақ түсті, мойыны ұзын, тұмсығы мен сирағының айналасы көкшіл –қара түсті. Ұясын ағаш басына, бұталар арасына салады да, 4-6 балапан шығарады.Оларды Ақсуат,Сарымойын, Жаркөл көлдерінде кездесьтіруге болады.

КІШІ АҚҚУ   Таза ақ түсті, аяғы мен тұмсық жағалаулары қызғылт-қара түсті.Сұңқылдақ аққуға өте ұқсас, ерекшелігі:денесінің кішіректігі. Салмағы-4900-6200 гр. Өзен-көл жағалауларында сәуір мен мамыр айларында басқа топ аққулар арасынан кездестіруге болады.

КІШІ АҚҚУ Таза ақ түсті, аяғы мен тұмсық жағалаулары қызғылт-қара түсті.Сұңқылдақ аққуға өте ұқсас, ерекшелігі:денесінің кішіректігі. Салмағы-4900-6200 гр. Өзен-көл жағалауларында сәуір мен мамыр айларында басқа топ аққулар арасынан кездестіруге болады.

Науырзым қорығында кездесетін құстардың көктем және күз айларында Дәмді өзені арқылы ұшып өту кезінде аз уақыт қоректенуін, тіршілік ететіндігіне бақылау жасалды. Көктемнің алғашқы күндерінде Дәмді өзені жағалауларынан бірінші көретініміз аққу құсы. Аққу өзен әлі де еріп үлгірмеген кезеңдерде де ұшып келе  бастайды. Сонымен қатар біздің жерімізде шағала, шиқылдақ қаздарда ұшып келсе, далалы жерімізде сұр тырна мен тарғақ  құсын бақылауға болады. «Үлкен Дәмді» өзенінің қалың қамыс арасында құстардың ұяларын көруге болады.

Науырзым қорығында кездесетін құстардың көктем және күз айларында Дәмді өзені арқылы ұшып өту кезінде аз уақыт қоректенуін, тіршілік ететіндігіне бақылау жасалды. Көктемнің алғашқы күндерінде Дәмді өзені жағалауларынан бірінші көретініміз аққу құсы. Аққу өзен әлі де еріп үлгірмеген кезеңдерде де ұшып келе бастайды. Сонымен қатар біздің жерімізде шағала, шиқылдақ қаздарда ұшып келсе, далалы жерімізде сұр тырна мен тарғақ құсын бақылауға болады. «Үлкен Дәмді» өзенінің қалың қамыс арасында құстардың ұяларын көруге болады.

Көктемде құстардың “Үлкен Дәмді” өзеніне ұшып келуі  (сәуір-2010)

Көктемде құстардың “Үлкен Дәмді” өзеніне ұшып келуі (сәуір-2010)

“ Үлкен Дәмді” өзенінің қалың қамыстың арасындағы қаз жұмыртқалары мен балапаны  (мамыр-2010)

“ Үлкен Дәмді” өзенінің қалың қамыстың арасындағы қаз жұмыртқалары мен балапаны (мамыр-2010)

Дәмді мекенінде “Үлкен Дәмді” өзенінің қалың қамысты жерлерінде кездескен сұңқылдақ аққулар  (шілде-2010)

Дәмді мекенінде “Үлкен Дәмді” өзенінің қалың қамысты жерлерінде кездескен сұңқылдақ аққулар (шілде-2010)

Дәмді жерінде шабындық жерлерде кездескен жұп сұр тырналар  (тамыз-2011)

Дәмді жерінде шабындық жерлерде кездескен жұп сұр тырналар (тамыз-2011)

Тамыз айларында “Үлкен Дәмді” өзенінің жағалауында кездескен тарғақ  (қыркүйек-2011 )

Тамыз айларында “Үлкен Дәмді” өзенінің жағалауында кездескен тарғақ (қыркүйек-2011 )

Күз айларында құстардың жылы жаққа ұшуға дайындықтары  (қазан-2011)

Күз айларында құстардың жылы жаққа ұшуға дайындықтары (қазан-2011)

2012 жылы сәуір айы Үлкен Дәмді өзенінде құстардың ұя салуын бақылау

2012 жылы сәуір айы Үлкен Дәмді өзенінде құстардың ұя салуын бақылау

2012 жылы сәуір айында құстардың тіршілігін бақылау

2012 жылы сәуір айында құстардың тіршілігін бақылау

Үлкен Дәмді өзенінің көктемде деңгейден көтерілуі(сәуір айы 2012 жыл)

Үлкен Дәмді өзенінің көктемде деңгейден көтерілуі(сәуір айы 2012 жыл)

Көкте сұңқылдап ұшқан сұңқылдақ аққулар(маусым айы 2012 жыл)

Көкте сұңқылдап ұшқан сұңқылдақ аққулар(маусым айы 2012 жыл)

Өзен жағалауында кездескен тарғақ құсы (шілде айы 2012 жыл)

Өзен жағалауында кездескен тарғақ құсы (шілде айы 2012 жыл)

Дәмді өзенінде көп кездесетін шағалалар (тамыз айы 2012 жыл)

Дәмді өзенінде көп кездесетін шағалалар (тамыз айы 2012 жыл)

Өзендегі жұптасқан аққулар  (қыркүйек айы 2012 жыл ,кешкі көрініс)

Өзендегі жұптасқан аққулар (қыркүйек айы 2012 жыл ,кешкі көрініс)

Өзен жағалауындағы топтасқан шиқылдақ қаздардың ұшуға дайындығы  (қазан айы 2012 жыл)

Өзен жағалауындағы топтасқан шиқылдақ қаздардың ұшуға дайындығы (қазан айы 2012 жыл)

Үлкен Дәмді өзен жағалауына қоныстанған аққулар  (сәуір айы, 2013 жыл)

Үлкен Дәмді өзен жағалауына қоныстанған аққулар (сәуір айы, 2013 жыл)

Құстардың ағаш басындағы ұяларын бақылау  (2 мамыр 2013 жыл)

Құстардың ағаш басындағы ұяларын бақылау (2 мамыр 2013 жыл)

Құстарды сақтау, қорғау-келешек ұрпақ міндеті

Құстардың қай-қайсысын болса да қорғау қажет. Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні зор. Құстар қылығымен де, әуезді әсем сайрағыштығымен де сымбатты. Алуан түрлі сыртқы көрінісімен қай жерді болса да-ормандарды, тынымбақтарды, шалғындар мен су қоймаларды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіреді.

Құс атауының бәрі де пайдалы. Сондықтан тұрғылықты жерде құстарға деген ерекше қамқор қажет. Мұны әр адам түсінуге тиіс. Құстарды қорғау және көбейту мемлекеттік мәселе болып көтерілуі тиіс. Олардың толық қауіпсіз жағдайда ұя салуын қамтамасыз етуіміз керек. Құстарды сақтау және көбейту үшін қажетті жағдай жасап, көгал отырғызып, олардың ұяларын да жыртқыштардан сақтау керек. Құстарды сақтаумен белгілі бір жер суға үйір етудің тағы бір құралы- олардың қорегінің аз кемі-көктемде, құстар ұшып келгенде қоректендіру. Пайдалы құстарды атуға және олардың ұяларын бұзуға тыйым салынады. Ұсақ құстарды аулауға рұқсат етілмейді, кейбір су құстарын аулаудың шектелген мерзімі белгіленеді. Құстарды қорғау ісінде мектеп оқушылары айтарлықтай рөл атқарады. Олардың құстарға ешкімнің тимеуін қадағалап, қолға алуы-басты парызы.

Құстарды қорғауға  жеті кеңес:

Құстарды қорғауға жеті кеңес:

  • Құстардың қайтқанын, ұшып келуін бақылаңдар!
  • Құстарға жемшашар мен құстарға жемсауыттар әзірлеңдер!
  • Құстар ұя салғанда мазаламаңдар!
  • Құстар үшін ішетін су және суға түсетін орындар жасаңдар!
  • Бұталарға ұя салатын құстарға көмектесіңдер!
  • Ұяда жатқан құстарды мазаламаңдар, жұмыртқасын тимеңдер!
  • Құстарды торда ұстамаңдар, олар бостандықты сүйеді!
Қорытынды: Өзіміздің мекен еткен жеріміздегі құстарға қамқор болып, жұмбақ күйінде жасырын жатқан сырларын терең зерттесек, төл табиғатымызды қорғауға атсалысқанымыз болар еді.Адамзатқа құстардың пайдасы зор, сондықтан табиғаттың сыйы-құстарды қорғайық, қорғай білейік!

Қорытынды:

Өзіміздің мекен еткен жеріміздегі құстарға қамқор болып, жұмбақ күйінде жасырын жатқан сырларын терең зерттесек, төл табиғатымызды қорғауға атсалысқанымыз болар еді.Адамзатқа құстардың пайдасы зор, сондықтан табиғаттың сыйы-құстарды қорғайық, қорғай білейік!

Зерттеу нәтижесіндегі деректер:

Зерттеу нәтижесіндегі деректер:

  • -Қорықтағы сирек кездесетін құстардың ерекшелігі мен тіршілігі туралы мәлімет жинақталды;
  • -Құстардың ұя салып, жұмыртқа басатын жерлерін қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
  • -Сиреп бара жатқан құстарды атуға рұқсат етілмейтінін жұртшылық арасына түсінік жұмыстарын жүргізу.
Ұсыныстар

Ұсыныстар

  • Науырзым қорығымен тығыз байланыста болу;
  • Құстар туралы жаңа деректер жинастыру;
  • Құстардың мекен еткен ортасы, тіршілігі туралы суреттер, фото, видео түсірілімдерді көбейту;
Қолданылған әдебиеттер:

Қолданылған әдебиеттер:

  • - Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы- 2009-2010-2012 жыл
  • -Қазақстанның қызыл кітабы 1 том. Қонжық-1996 жыл
  • -Құстар тіршілігіндегі ғажайыптар. Алматы-1975 жыл
  • -Биология және салауатық негіздері-2008-2009-2011-2012 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Дәмді өзенінің тіршілігін бақылау"

Автор: Искакова Мендеш Кабдолловна

Дата: 24.03.2018

Номер свидетельства: 463182

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "7 сынып?а арнал?ан Ба?ылау ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(38) "7-synypk-a-arnalg-an-bak-ylau-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "321993"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461488293"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Таби?ат - тіршілік к?зі"
    ["seo_title"] => string(20) "tabigattirshilikkozi"
    ["file_id"] => string(6) "301478"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456929418"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "gieoghrafiia_p_nin_ok_ytudyn_ieriekshieliktieri_mien_k_oldanylatyn_dis_t_sildier"
    ["file_id"] => string(6) "406599"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491319053"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті  "Су-?мірді?  н?рі""
    ["seo_title"] => string(50) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti-su-omirdin-n-ri"
    ["file_id"] => string(6) "324845"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462706783"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті  "Су-?мірді?  н?рі""
    ["seo_title"] => string(52) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti-su-omirdin-n-ri-1"
    ["file_id"] => string(6) "324846"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462706792"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства