kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Человек и природа

Нажмите, чтобы узнать подробности

jnrhsnsq ehjr yf ntve xtkhfhjb fhdhjghdfj hdfuhguf jdifjgilnh gsyuetretgf lhlmkhgc vfsdst bgfdfdgdg jgkhkgh nfjgyud hfgfyud 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Человек и природа»

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



Атырау облысы Мақат ауданы Хамза Санбаев атындағы орта мектеп









Тақырыбы: Қара сабынның пайдасы



Бағыты: Адам және табиғат туралы ғылым



Секциясы: Дүниетану









Орындаған: МұратАйдана Бағдатқызы

3- сынып оқушысы

Жетекшісі: Оразова Нургул Салкынбаевна

бастауыш сынып мұғалімі





Мақат 2015 жыл



Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушысы Мұрат Айдана Бағдатқызының «Қасиет тұнған қара сабын» тақырыбындағы ғылыми жоба жұмысына





Пікір



Ғылыми зерттеу жұмысында 3 сынып оқушысы Мұрат Айдана сабын түрлерімен танысып, сақардан алынған қара сабынның қасиетін зерттеуді мақсат еткен.

Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде сабынның шығу тарихына, түрлеріне шолу жасаған. Екінші, үшінші бөлімдерінде сақар алынатын өсімдік түрлерін, сақарды жасау жолдарын, өзіндік емдік қасиетін сипаттап жазған. Қара сабынды жасай отырып, өзіндік зерттеу жүргізген. Табиғи заттың құрамы туралы және сабын жасаудағы жаңа табиғи әдісті ұсынуы оқушының ізденімпаздығын көрсетеді. Айдана ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті бар екенін байқатты. Ол ұмыт болған тарихи деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты. Ізденушінің ой - оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Айдананың ғылыми жобасы келешекте ізденулерімен толықтырылады деп сенемін. Алда әлі де оқушыға қара сабынның қолдану және емдік қасиеттерін күнделікті өмірде пайдалану жолдары туралы жұмыстарын жетілдіру туралы ұсыныс берілді.







Оқу ісінің меңгерушісі: Турганова Р.С

Жетекшісі: Оразова Н.С







Аңдатпа


Ғылыми жобаның негізгі мақсаты: Қара сабын жасау дәстүрін жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолдану. Сақардан жасалған табиғи қара сабынның емдік қасиетіне көз жеткізу.



Ғылыми жобаның гипотезасы: Қолдан жасалған емдік сабынның қасиетін дәріптеу, қолданысқа еңгізудің оңтайлы, жеңіл тиімді жолын жолын ұсыну.



Ғылыми жобаның зерттеу кезеңдері:

1.Сабынды жасаған үлкен әжелерден сұхбат алу арқылы мәлімет жинап, ғылыми әдебиеттерден, газет – журналдардан, ғаламтордан іздедім.

2. Сабынның шығу тарихы мен жасау технологиясы туралы мәліметтерге шолу.

3.Жетекшімен бірге тәжірибе арқылы сабын жасау.

4.Сабынның емдік қасиетін анықтау пайдасын зерттеу.



Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: ақпарат жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.


Ғылыми жобаның жаңашылдығы: Сабын жасау дәстүрін зерттеу жұмысы арқылы жаңғыртып, жетілдіру.

 

Ғылыми жобаның нәтижесі мен қорытындысы: Ізденіс жұмыстары негізінде қара сабынның емдік қасиеттерін халықтық педагогикамен байланыстыра отырып, қолдану саласы жөнінде жұмыстар жүргізген.


Ғылыми жобаның практикалық қолдану салалары:


Күнделік тұрмыста қолдану;

Дүниетану сабақтарында;

















Жоспары





І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

2.1.Сабынның шығу тарихы

2.2.Сақар алынатын өсімдік түрлері

2.3.Қара сабынның керемет қасиеті

2.4.Қолдан жасалған табиғи қара сабын

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер




























Кіріспе


  Адам - табиғаттың перзенті, бір бөлшегі. Табиғат - адамның асыраушысы, яғни тамағы, киімі, үй - панасы, дәрі - дәрмегі. Әрбір тұтынған затымыз таза табиғи болса - деніміз сау болады. Бүгін мен сіздерге таңғажайып табиғаттан алынатын - қара сабын туралы мағлұмат бермекпін. Ғажайып табиғаттың сырын білген халқымыз жұқпалы дертке ем болатын және адам қажетіне жараған сабынды ерте кезден – ақ қолдан әзірлеген.  

Сабындану дегеніміз— химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор.ретінде қолданылады.  Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары . Сабынның құрамына пальмитин С және стеарин қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді.

Бір лабораторияда қызық тәжірибе жасалған. Микроскоппен әуелі лас және жуылмаған қолдың терісіндегі микробтардың санын санаған. Одан кейін қолды таза сумен жуып, тағы да микробтарды санаған. Ең соңында қолды сабынмен жуып барып, тағы да микробтарды санаған. Сонда жуылмаған лас қолдың терісінің бір квадрат миллиметрінде миллионға жуық, таза сумен жуылған қолда – 200 мыңдай, ал сабынмен жуылған қолда – бар-жоғы 20 мыңдай бактерия анықталған. Міне, осылайша дененің тазалығы мен денсаулық сақтауда сабынның алатын маңызы дәлелденді. Сабын майды жуу және химиялық реакцияларда май қышқылдарын бейнераптандыру ( нейтролизациялау) жолымен арнайы сабын қайнататын зауыттар мен химиялық фабрикаларда жасалады. Сабынды суға еріткенде, көпіршіктер пайда болады да, сонымен ыдыс және киім жуылады. Адам денесінің тазалығын және жеке бастың гигиенасын сақтауда сабынның алатын орны зор екенін бәрімізде білеміз.







ІІ. Негізгі бөлім 2.1.Сабынның шығу тарихы

Сабын [1] – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:

Қара қойдың терісін,

Сабындап жусаң ағармас…

Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:

Сабының сақар болды дені келін,

Көрмедің шыбын құрлы мені келін

Демек, қара сабынның қазақ арасындығы қолданысы арыда жатыр. Оған қара сабынның VII-VIII ғасырдағы әдебиеттерден кезіккені дәлел. Кейбір деректер Ресейде сабынның ХІХ ғасырдың ортасына дейін орыс ақсүйектеріне ғана белгілі болғанын алға тартады. 
Сабын -жоғарымай қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 -10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын - кристалл қатты заттар, 220-270C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды.. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. 

Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, конифоль, нафтен, т.б.) қолданылады.Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады. [2]

2.2  Сақар алатын  өсімдік   түрлері

Алабұталар тұқымдасы - тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер.Жер шарында кең тараған, 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Алабота тұқымдастар - кіндік тамырлы, көріксіз, өте кең таралған өсімдіктер. Көпшілігінде сабағы мен бұтағы бунақты (сексеуіл) болып келеді. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына жиналған. Қосжынысты, көпжатынды немесе дара жынысты, күлтесіз болып келеді. Тостағанша жапырақшасы - 5, кейде - 3, кейде 4-еу болады. Жемісі құрғақ, қақырамайды. Тұқымы сақиналы болады. Желмен, бунақденелілермен айқас тозаңданады. Тұқымын жел немесе жануарлар таратады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, сораң, т.б.), сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдаланылады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып сақар алады. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды. А. т-

ның 4 түрі: Хива сораңы, жалпақжапырақты сораң, Регель тарбақайы, Торғай

9 бұйырғыны – сирек кездесетін өсімдіктер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген. Алабота тұқымдастарға қызылша,  шпинат, көкпек, сораң, алабота, теріскен,     сексеуіл, бұйырғындар жатады.                                 





Ақ алабота

Ақ алабота - өте кең таралған алабота тұқымдас біржылдық арамшөп. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Ұзын сағақты, жұмыртқа пішінді жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Гүлі - ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы - Т4А4Ж1 Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдіктер егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті жинап алғанға дейін шашылып үлгереді. Сөйтіп егістікті арамшөп басып, топырақты құнарсыздандырады және зиянды бунақденелілердің жасырынуына жағдай жасайды. Ақ алаботаның пайдалы жақтары да бар. Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады. Қазақтар алаботаны өртеп, күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдалана білді.

 Сексеуіл                     

Сексеуіл - бұта немесе кішкене ағаш түріндегі алабота тұқымдас өсімдіктердің бір туысы.Қазақстандағы орман қорының жартысына жуығын сексеуілді тоғай алып жатыр. Оның көлемі 5 млн шаршы метр деп есептеледі.Өткен ғасырдың 40-50-жылдары сексеуілді отын қоры ретінде пайдаланған. Бақанас, Сары-Үйшік-Отырар, Мойынқұм және Қызылқұмда  сексеуілден отын дайындалған. Сексеуіл қорын сақтап қалу үшін бір жылдары көшеттер отырғызылыпты. Алайда жылма-жыл сексеуіл отынға көп дайындалғандықтан, сексеуіл орманы сиреп кетті. Енді мүлде жойылып кету қаупі сексеуілге төніп тұр. Сондықтан сексеуілді қорғау шараларын күшейту қажет. Қазақстанда 3 түрі өседі. Олар қара сексеуіл, ақ сексеуіл және зайсандық сексеуіл. Қара сексеуіл Сырдария, Іле, Шу өзендерінің төменгі ағыстарының аңғарларында тоғай болып өседі. Биіктігі 6 метрге дейін жетелі, тұзды, сортаң топырақта өсетіндіктен, жасыл өркендері тұзды болады. Жапырақтары болмайды, діңдері қисық, жиі бұтақталған, тамыры 8-12 м тереңдікке еніп, жерасты тұзды суын сорады. Фотосинтез үдерісі жас өркендерінде жүреді. Ақ сексеуіл шөлдің құмды жерлерінде өседі. Өркендері майда, қою-жасыл түсті шырынды. Жапырақтары жетілмегендіктен, ағзалық заттар жас өркенінде түзіледі. Ерте көктемде өркендерінде майда ашық-қоңыр түсті гүлдері дамиды. Бұлардың діңі қисық, мықты, морт болып келеді. Бұжыр-бұжыр діңінің сүрегі ауыр, суға батып кетеді. Өте қатты болғандықтан, өңдеуге көнбейді. Сексеуілдің жас бұтақтары мүлде  жапырақсыз болады. Өйткені жапырақтары өзгеріп кеткен, жапырақ қызметін жас өркендері атқарады. Сексеуіл дің гүлі ұсақ, қосжынысты - бір үйлі, қабыршақ тәрізді гүл жапырақтың қолтығында 4-тен орналасады. Гүлсерігі қабыршақтанған 5 жапырақшалардан құралып, жемісінде қанатша түзіледі. Көктемде гүлдейді. Жемісі - қанатты жаңғақша, қыркүйек - қазан айларында пісіп жетіліп, қараша - желтоқсан айларында жерге төгіледі. Сексеуіл тұқымынан көбейеді, өркендерінен де өсіп жетіледі

Ол 30-60 жыл тіршілік етеді. Сексеуіл діңі жаққанда жылу ды көп бөледі. Сондықтан отынға пайдаланылады. Сүрегін жаққанда түскен күлден сақар (тыңайтқыш) өндіріп алады. Сексеуілдің жас өркендерін қыста қой, түйе жейді. Ақ сексеуіл құм бекітуге пайдаланылады.

 Қант қызылшасы

Қызылша  - алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті өсімдіктер туысы. Қызылша туысының 6 түрі бар. Екіжылдық қызылшалар бірінші жылы жемтамырына, өсімді бөлігінде қоректік зат жинайды. Ал екінші жылы оны гүлдері мен тұқымдарына жұмсайды. Бұл - екіжылдық қызылшалар түрі. Кәдімгі қызылша - қызылшаның мәдени түрі. Оған асқаналық қызылша, малазықтық қызылша, қант қызылшасы қамтылады.
Қант қызылшасында 23%-ға дейін қант болады. Жапырақты қызылша (мангольд) - қант қызылшасының түршесі. Қант қызылшасы республикамызда Алматы, Жамбыл облыстарында өсіріледі. Етті, жуан тамыры жемтамыр деп аталады. Тамырдан сағақты, топтасқан жапырақтар өсіп шығады. Гүлсидамы, қуатты сабағы екінші жылы пайда болады. Жасыл немесе ақшыл гүлдері жеке-жеке немесе 2-5-тен топтасып өседі. Бірінші жылғы өсім мерзімі 160-170 күн, екінші жылы 100-130 күнге созылады. Жылу сүйеді.

 Шпинат 

Шпинат - бір және екіжылдық шөптекті алабота тұқымдастардың бір туысы. Бұлардың 3 түрі бар. Құрамындағы нәруыз мөлшері етке пара-пар. Витаминдерге де бай: А1, В1, В2, С және РР болғандықтан, асты дәмдеуге өте пайдалы. Жапырақтарын тамаққа пайдаланады. Бақша шпинаты - екіүйлі. Аталық гүлінің формуласы: К4А4Ж0, аналық гүлінікі: К0Ж0

 Бұйырғын   

Алабота тұқымдас  - бұйырғын (ежовник) шала бұталы немесе көпжылдық шөптекті өсімдік. Гүлдері - қосжынысты. Жемісі - қызғылт, қызыл-сары түсті жидек. Қазақстанда бұйырғын туысты өсімдіктердің түрі бар. Кәдімгі бұйырғынды түйе, қой-ешкі, жылқы жейді. Алайла жапырақсыз бұйырғын немесе итсигек жетек түрі өте улы. Итсигектен ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданылатын дәрі алынады. Оңтүстік Қазақстанда Шымкент қаласында арнаулы зауыт бар. Тұқымбүршігі аналық жабынның ішінде жабық өсетіндіктен, өсімдіктердің бұл тобы жабық тұқымдылар болып аталған. Бұлардың көбею мүшесі - гүлі, сондықтан олар гүлді өсімдіктер деп те аталады. Көпшілігі шөптекті өсімдіктер. Тұқым құрылысына байланысты қосжарнақтылар және даражарнақтылар класына топтастырылады. Қосжарнақты өсімдіктер табиғатта кең таралған. Олардың негізгі белгілері - тұқымы екі жарнақтан құралады, кіндік тамыры, жапырағы тор жүйкелі. Көкнәр және алабота тұқымдастар қосжарнақтылар класына жатады. Жіңішке көкнәр - Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген шөптекті көпжылдық өсімдік. Үлкен сүйелшөп - көкнәр тұқымдас улы өсімдік. Қызылша, көкпек, сораң, алабота, сексеуіл, теріскен, бұйырғын - алабота тұқымдас өсімдіктер. Ағылшын жаратылыс зерттеушісі Джон Рей 1628-1707 жылдары түрге анықтама берді. Ол тұңғыш рет гүлді өсімдіктерді тұқым жарнағының санына байланысты қосжарнақтыларға және даражарнақтыларға бөлді

2.3. Қара сабынның керемет қасиеті:

Қара кір сабынның үй шаруашылығында алатын орны өз алдында шипасы да айтарлықтай.
1. Кір қоңды кетіру деңгейі жоғары (бұрын қазақ майлы тағамдарды, етті көп жегендіктен, киімдері соған сай майласып кететін, оны тап - таза етіп қара сабынмен жуған. Қазіргі кір кетіргіш тазартқыштар сияқты қолды бөріттіріп, қышытпаған)
2. Жұқпалы тері ауруының емі. (Қышыма, қотыр, бөртпе, безеу сияқты жұқпалы ауруларға кір сабынды жағып күніне төрт - бес рет жуған)
3. Шаш тазартқыш (Қазақ қыздары төгілген қара қолаң шаштарын осы қара сабынмен жуған. Шаштары майланбаған , түспеген.
4. Тұмау емі (тұмауратқан адамға жұқа матаға қара сабынды сулап жағып, иіскеткен. Әр иіскегенде он минут жұмсаса мұрны ашылып аурудан тез айыққан.
5. Ыдыс тазартқыш (ыдыс - аяқтарын қара сабынды суға езіп, сумен жуғанда ыдыс тап - таза болған)

Емдік қасиеті
Ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға да пайдаланыпты. «Көбінде кездесетін ілме, шетпеге де қолдан­ылады. Қара сабыннан біраз қырып алып, баланың арқасын ысып тараймыз. Оны денеге жағып, біраз сіңіргенше сылап-сипаймыз. Сыртын табиғи, мақтадан жасалған шүберек­термен орап тастаймыз. Сөйтіп, ет пен терінің ортасындағы желді кетіріп, шетпе, ілме болған адамдарды емдеуге болады. Түрлі тері аурулары, сиыр теміреткісі де ет пен терінің ортасындағы азықық жетіспеуінен, жүйке-жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайды. Аурудың асқынбаған жағдайында қара сабынмен шомылдырып да, сырқатты құлан-таза айықтыруға болады», – дейді дәрігер. Сақармен ауруға шалдыққан малдарды емдеуге де болады екен. Бұрынғы кездері бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдепті. Мал тұяқтарын сақарлы суға малып-ақ жазып алған екен. Сондай-ақ адамның өкпе ауруы, әсіресе, малдың өкпе жөтел ауруларын емдеген.Кір сабынды сатып аларда оның иіссіз немесе қош иістендірілген түріне қызықпай, кәдімгі қара кір сабынды таңдауымыз керек. Оның емге қолданылатына да сол табиғи түрі.

2.4. Қолдан жасалған қара сабын

Cақар — ақ түсті, ұнтақ зат, ол күлден шығады. Ауада ылғал тартып үгіледі.Суда жақсы ериді.

Нағашы әжем майға сақар қосып «қара сабын» жасап көрсетті. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Сол әдіс бойынша ауылдық жерден сексеуілді жинап алып келіп, өртеп , әжем қара сабын жасау жолын көрсетті.Сексеуіл шөбін өртеп, оның күлін алды. Сол күлден сақар алынады екен. Аулаға шағындау қазанды алып, астына от жақтық. Майланған қазанға үш кесе сақар салып, үстіне малдың алты кесе тоң майын қостық. Қазанды баппен қайнаттық. Әжем екеуіміз арнайы ағаштан жасалған қалақшамен араластырып отырдық.Қазанымыз қайнаған сайын бетіне көбікше пайда болады. Қазан қайнаған сайын баппен араластырып, бетіне су бүркіп отырдық. Әбден қайнаған соң сабынымыз дайын болды. Әжем сабынды ыстық күйінде бөлудің мәні бар екенін айтты. Дайын болған қара сабынды төртбұрыштап матаға орап, бөлдік. Әжемнің айтуынша бұрынғы кезде тоң майдың орнына сүйекті әбден маңызын шығарып қайнатып, майын қолданған дейді.

Сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл – ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салып, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосамыз. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құямыз да, еппен қайната бастаймыз. Қазанымыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырамыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Әр рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отыру керек. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаның болды деуге болады. Қазандағы сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау керек. Мұндай сабындар ғажайып - табиғи қара сабын.

Осыларды ескерсек ата бабаларымыздың тұрмыстағы химиялық үрдістерді білгендігінің айғағы. Шамамен малдың тоң майын қосқанда дайын сабынға айналады. Сабын жасаған күн отбасы үшін үлкен мереке сияқты. Ауыл адамдары кім сабын жасған үйге сәлем айта келеді, сабын қалап сұрайды. Осы дәстүрді білетін жұртшылық, сабынды шүберекке ораған кезде қазанның түбінде азырақ бөлігін бөлек алып қалып, бала­ларға сақтайды, көршілерге , сұрап келген ауыл-аймаққа береді. Сабыннан берекет, үйден құт кетпесін деп ырымдап береді.

Қара сабынды жасардағы ырымдар:
1. Үйдің айналасы оңаша тыныш болған
2. Қайнап жатқан сабынды ешкімге көрсетпеген
3. Дайын сабынды қатқанша ешкімге бермеген
4. "Бұзаушық” сабын жасап, жас аналарға берген
5. "Сопақша” сабынды қызмет көрсеткен қыз - келіншектерге берген.


























Қорытынды


Қыстауын қыстап, жайлауда жазды өткізіп, бір жерден, бір жерге көшіп-қонып жүрсе де, халқымыз ешқашан киімін, көрпе-жастығын кірлетпей, тазалыққа аса мән берген. Салауатты өмір сүру үшін малдың сүті мен етін де тиімді пайдаланған. Қазіргі қоғамда әлем ғалымдары жылқымыздың қымызымен құртына да қызығушылық тудырып отыр. Тұрмыстық қажеттілігімізге орай өзіміздің ата бабамыздан қалған дүниелерді іске асырып, қолданысқа еңгізсек нұр үстіне нұр болар еді.

Үй ішін де, тұскиіз, сырмағын оюмен өрнектеп қана қоймай, сонымен қатар мұнтаздай таза ұстау дағды болып қалыптасқан.Қазақ халқы майлы тағамды, етті көп жейтіндіктен, киімдері де соған сай майласып кетеді, сондықтан қара сабынды кір-қонды жақсы кетіретін қасиетіне байланысты өздері қолдан жасап, пайдаланған. Сонымен қатар қара сабынның емдік қасиеті мол. Қышыма, қотыр, бөрткен шықса, қазақ сабынымен бір-екі рет жуса жазылып кетеді. Қазіргі кейбір сабындардың әсерінен аллергия, қайызғақ түсіріп, шашты құрғатып немесе майластырып жіберетін қасиеттер қазақтың қара сабынына тән емес. Ата-бабаларымыз шаштарын сусабынсыз кәдімгі қолдан жасаған сабынмен жуған, қазақ қыздары тірсегіне төгілген қолаң шаштарын да осы сабынмен жуып, күтіп-баптап ұстаған. Соның бірі – әртүрлі ауруға шалдыққан малдарды емдеуге жарамдылығы. Әсіресе, бақана, аусылмен ауырған малдардың тілін, аша тұяғын осы сақармен емдеп, тұяқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары. Еліміздің әр өңірінде халық тұрмысына ыңғайлап өзіндік атаумен яғни диалектілермен атау да кездеседі.Қазіргі күннің өзінде халық арасында жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде бет - әлпеттеріне шығатын түрлі жағымсыз бөртпелерге және әр түрлі қышымаларға (қазіргі кезде аллергия деп аталады) да емдік дәрі ретінде пайдалану кең етек жайған. Осының бәрін ескере келсек түпкілікті зерттеу арқылы көптеген емдік және пайдалы жақтарын табумызға болатынына көзіміз жетеді. Сондықтан бұл ғылыми жобаның маңызы ерекше. Емдік және күнделікті тұрмыста қолданылу маңызына жете мән беру керектігін бүгінгі күннің талабы.

Қолдан жасалған сабын несімен тартады?
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• Тазартудан бөлек (негізінен сол үшін қолданылады) ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл үшін өте маңызды.
• Қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Бұл дүкендегі ұсқынсыз, химиялық хош иісті сабын кесегі емес, оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.
• Сабынды қолдан жасау барысында клиенттің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы: түс, көлемі, пішіні – барлығы да арнайы тапсырыс бойынша жасалына алады.
• Қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.
• Қолдан сабын жасау бизнесін ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет емес.


Ұсыныс:

1. Ауыл шаруашылығында жұқпалы мал ауруы аусылды қара сабынның сақарымен емдесе.

2.Сабынды ауылдық жерде дайындалу іске асырылса.

3.Күнделікті тұрмыста қара сабынды қолданса.

 




























Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. К.Кайым, Р.Сатимбеков, А.Аметов, Ж.Кожантаева . Биология жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: « Атамұра», 2007.

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 507 бет

  3. Пайдалы кеңестер. 2013 ж 25-бет

  4. Денсаулық энциклопедиясы 195-бет

  5. М.Б.Усманова, К.Н.Сакарьянова . Химия Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. 2009 Алматы: «Атамұра». 198-199 бет

  6. Интернет материалдары





























Жұмыс жоспарына қосымша


Сақар алынатын өсімдіктер


Алабота

Сексеуіл

Ақ алабота


Бұйырғын

Қант қызылшасы


Шпинат












Табиға қара сабын жасау











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Человек и природа

Автор: Конспаева Камал Сеиловна

Дата: 16.01.2019

Номер свидетельства: 495547

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Технологическая карта организованной учебной деятельности  Тема: «Человек, природа,здоровье»"
    ["seo_title"] => string(104) "tiekhnologhichieskaia-karta-orghanizovannoi-uchiebnoi-dieiatiel-nosti-tiema-chieloviek-priroda-zdorov-ie"
    ["file_id"] => string(6) "302125"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457070791"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "ТЕМА:  «Какой ущерб наносит человек природе?»"
    ["seo_title"] => string(44) "tiemakakoiushchierbnanositchieloviekprirodie"
    ["file_id"] => string(6) "291564"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455130776"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(293) "Рабочая программа по предмету «Окружающий мир (Человек. Природа. Общество.) 1 класс составлена на основе «Программы обучения глубоко умственно отсталых  детей» "
    ["seo_title"] => string(178) "rabochaia-proghramma-po-priedmietu-okruzhaiushchii-mir-chieloviek-priroda-obshchiestvo-1-klass-sostavliena-na-osnovie-proghrammy-obuchieniia-ghluboko-umstvienno-otstalykh-dietiei"
    ["file_id"] => string(6) "139911"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1417826587"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Рабочая программа по  предмету  «Окружающий мир (Человек. Природа. Общество.) для 3 класса"
    ["seo_title"] => string(89) "rabochaiaproghrammapopriedmietuokruzhaiushchiimirchieloviekprirodaobshchiestvodlia3klassa"
    ["file_id"] => string(6) "261741"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449180889"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Воспитательный час на тему: «Человек - природа»."
    ["seo_title"] => string(48) "vospitatiel_nyi_chas_na_tiemu_chieloviek_priroda"
    ["file_id"] => string(6) "400821"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489653338"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства