kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бұршақтар тұқымдасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бұршақтар тұқымдасы" сабақ жоспары. Ашық сабақ 6-сынып

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бұршақтар тұқымдасы"»



Сабақ: Бұршақтар тұқымдасы


А. Қарсакбаев атындағы ОМ

Күні:24.02.2017

Мұғалімнің есімі: Абдулина Зульфия Талифжановна

Сынып: 6 «Ә»

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылар бұршақтар тұқымдасының түрлерін білу, түсіну, қолдана отырып құрылысындағы жемістің ерекшеліктерін, аталуын, білімін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: -бұршақ тұқымдасының негізгі ерекшелігін біледі.


Оқушылардың басым бөлігі:Гүлінің формуласын жаза алады.

Кейбір оқушылар бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктерді ажырата алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Жапырағының құрылысын біледі. «желкен», «ескек», «қайықша» деп аталатын күлтенің құрылысын ажырата алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер: түйнек тамыр,желкен,ескек,қайықша,бұршаққап.






Алдыңғы оқу

Алқалар тұқымдасы.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспар

ресурстар

14.05.-14.08 (3)

14.08.-14.18.(10)

14.18-14.28 (10)

14.28- 14.40 (12)

14.40-14.45 (5)

14.45-14.50 (5)

  • Амандасу психологиялық жағымды ахуал туғызу

Миға шабуыл. Біліміңді тексер.

«Ия», «Жоқ» ойыны.

Берілген сипаттамалардан алқа тұқымдасына тән белгілерді атаңдар.

  1. Қазақстанда 24 түрі ғана бар.+ 2. Жемісі жидек немесе қауашақ + 3. Жабайы және мәдени түрлері бар - 4.Тамыржемітсері ірі,құрамында 4-5 % қант болады. – 5. Алқа тұқымдастарына:шие,долана,өрік жатады.- 6.Көкөністік алқа тұқымдасына баклажан,қызанақ жатады. + 7. Гүлінің формуласы: Т5К5А20Ж1. (Т5К5А5Ж2)


презентация



Көпірше

Видео



Ортасы



Білу. Түсіну

















Қолдану


1 Оқулықпен жұмыс.Кесте толтыру

Сипаттамасы

Алқалылар

Бұршақтар тұқымдасы

1.Тіршілік формасы



2.Морфологиясы (пішіні,құрылысы)





3.Гүл формуласы




4.Жемістерінің ерекшелігі



5.Тұқымдасқа жататын өсімдік



6.Шаруашылықтағы маңызы





2.Раушангүлділер мен бұршақ тұқымдасына жататын өсімдік белгілерін бөліп жаз:

    1. Жемісі-жидек.

    2. Гүлшоғыры-шоғырбас.

    3. Гүл формуласы Т(5) К5 А ∞ Ж1.

    4. Гүлі біріккен -5 тостағанша.

    5. Жемісі-бұршаққап.

    6. Гүлі бірікпеген – 5 күлтежапыраша.

    7. Гүлінде аталығы көп, кейде 4-8-9.

    8. Гүлінде аталығы- 10, аналығы -1.

    9. Тамырында азот жинақталады.

    10. Тұқымында эндоспермі болмайды


Раушангүлділер

Жауабы: 1,3,6,7,10.

Бұршақ тұқымдасы

Жауабы: 2, 4, 5, 8, 9.


Логикалық тапсырма. Суретте берілген кеме мен бүгінгі сабақтың арасында қандай байланыс бар?










Төменде берілген өсімдік туралы не білесіз?


Ас бұршақ Жасымық



Беде жантақ


Оқулық, сызбаны талдау,


/Аяқталуы

БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР. А,Ә,Б деңгейіндегі тапсырмаларды орындау.

1.Бұршақтар тұқымдасының маңызды ерекшелігі неде?

2.Бұршақ тұқымдасының гүлінің құрылысы қандай?

3.Бұршақтың жемісі қалай аталады?

4.Бұршақтың орамжапырақ жемісінен айырмашылығы неде?

5.Бұршақ тұқымдасының тамырындағы азотты түйнектердің маңызы қандай?


Қорытынды бағамдау

Сабақ барысында берілген тапсырмалар бойынша ұпай санын есептеу,сол бойынша бағалау.



Үйге тапсырма


&45. Бұршақтар тұқымдасы.оқу. 148 беттегі кестені толтыру







































































Өсімдік туралы

Отаны - Оңтүстік-Батыс Азия деп саналады. Бұршақ – ерте заманнан өсіріліп келе жатқан дақыл, оның тұқымы тас дәуіріндегі үңгірлерден табылған. Бұршақтың түрлері өте көп. Бір гектар жерден 15-30 центнерге дейін өнім алынады. Гүлі ірі, тұқымы шартәрізді. Бұршақтың орташа түсімі гектарынан 10-12 центнер, озат колхозшылар мен тәжрибе егістіктері 35—40 центнерден өнім алады. Жапырағының ұшындағы тармақталған мұртшалары арқылы бірнәрсеге жармасып өседі.

- Ас бұршақ немесе екпе бұршақ: біржылдық өсімдік, көбінесе астық үшін өсірілетін өте құнды өсімдік;

Бұршақтың құрамындағы ақуыз басқа дақылдарға қарағанда көп. Оның ақуызы еттің ақуызымен бірдей, бірақ еттің ақуызымен салыстырғанда жеңіл, тез сіңімді, пайдалы аминқышқылдарынан тұрады. Бұршақ құрамында аскорбин қышқылы көп - 59 мг %, қант, крахмал, өзектер, С, РР, В тобы дәрумендері, каротин, минералдар мен микроэлементтер бар. Бұршақтың нәрлілігі қартоптан 1,5-2 есе артық.

Қолданылуы

Бұршақ жүрек-тамыр ауруы бар адамдардың жейтін тамағының қатарында болуы керек. Жасыл бұршақ адам ағзасына радиоактивті металдардың сіңуіне қарсы тұрады. Бұршақ қатерлі ісік ауруларының, инфарктың, қан қысымы артуының туындау ықтималдығын төмендетеді.

Бұршақты жасыл кезінде жинайды. Одан көже, ботқа жасайды. Түрлі ет тағамдарына қосымша ретінде пайдаланады. Салаттарға қосады. Тап осы бұршақ туралы Гиппократ айтқан: «Біздің жеген тамағымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі – тамағымыз болу керек»

Бұршақ дәнділербұршақ тұқымдасы(Fabaceae, Leguminosae) - шөптесін, бұта және ағаш өсімдіктер. Дәнді бұршақты дақылдарға - асбұршақ, май бұршақ, үрмебұршақ(фасоль), малазықтық бұршақ, бөрібұршақ, жасымық, ноқат және басқалары.

Жалпы сипаттамасы

Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда ақуыз көп болады. Ақуыз, әсіресе, май бұршақ дәнінде мол(39%), Сары бөрібұршақ дәніндегі ақуыздың мөлшері 36 пайызға, асбұршақ дәнінде 24 пайызға тең. Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі - олардың ақуыздары тез қорытылып, ағзаға жақсы сіңеді. Майбұршақ дәнінің ақуызының сіңімділігі 89 пайыз, малазықтық бұршақтікі - 87 пайыз, ал жасымық пен асбұршақ дәніндегі ақуыздың сіңімділігі 85 пайызға тең. Ақуызбен қатар, дәнді бұршақ дақылдардың дәнінде майлар мен А, Н, Д, Е, С тобындағы витаминдері бар.
Дәнді бұршақты дақылдардың тамырларында түйнек бактерияларыболады. Солардың көмегімен ауадағы бос азоттан дәндері мен вегетативтік мүшелеріне ақуыз түзіп қана коймайды, сонымен қатар топыраққа азот та жинайды.
Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа, сондықтан тез өсіп, танапты ерте боматады. Мұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, дәнді бұршақты дақылдар көптеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл.

Бұршақ дәнділер топтары

Дәнді бұршақты дақылдар пайдалану мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді:

  • тағамдық дәнді бұршақтар(асбұршақ(Lens), үрмебұршақ, ноқат)

  • малазықтық дәнді бұршақтар(пелюшка, малазықтық бөрібұршақ, малазықтық бұршақ)

  • техникалық дәнді бұршақ(май бұрашақ)

  • аралас пайдаланылатын дәнді бұршақтар(жасымық, ноғатық(Lathyrus))

  • жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын бұршақтар(алколоидты бөрібұршақ)

Бұршақ дәнділердің сабақтарының өсу түрлері

Бұршақ дәнділердің сабақтарының өсу түрлеріне қарай әр түрлі болады.

  • Малазықтық бұршақ, бөрібұршақ - сабақтарының биіктігі 30-60(100) см. аралығында, жапырақтары күрделі, үш құлақты, гүлдері ұсақ, жемістері- бұршақ. Тік өсетіндіктен мықты келеді, сондықтан олар піскен кезде жатып қалмайды.

  • Асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық - сабақтары төселмелі, биіктіктері 25-100 см. аралығында,, жапырақтары қос қауырсын пішіндес, оның түбінде 2 жапырақ серігі бар, гүлшоғырлары ақ не жалған шатырша, жемістері - бұршақ. Шырмалып өсетіндіктен оларды жинау қиынға түседі.

Дәнді бұршақты дақылдың белсенді өсетін уақыты - бүрлену, гүлдену кезеңі. Олардың көпшілігі жатып қалуға бейім келеді, піскен кезде шанақ қабы ашылып, дәні шашылып қалады, дер кезінде жинап алмаса, егіннің өнімі төмендейді.

Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар

Әр дәнді бұршақты дақылдың сыртқы ортаның факторларына қоятын талабы әр түрлі және олардың өсу мерзімі де әр түрлі.

  • Ерте пісетіндер - асбұршақ, жасымық, ноғатық.

  • Кеш пісетіндер - малазықтық бұршақ, үрмебұршақ, май бұршақ.

Осы ерекшеліктерін ескере отырып, әр жердің табиғи-климат жағдайларына сай келетін және өнімді көп беретін сорттарды өсірудің үлкен маңызы бар.

  • Суыққа төзімді дәнді бұршақтар - жасымық, ноғатық, асбұршақ.

  • Жылу сүйгіш дәнді бұршақтар - май бұршақ, үрмебұршақ.

Ылғалды көбірек керек ететін болғандықтан малазықтық, асбұршақ пен бөрібұршақты жауын-шашын мол түсетін аймақтарда егеді. Құрғақшылыққа төзімді келетін дақылдарға ноқат пен ноғатық жатады. Дәнді бұшақты дақылдар гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы өседі.

Бұршақты дәнділердің шаруашылықтағы маңызы

Дәнді бұршақ дақылдарының дәні майлар мен әр түрлі витаминдерге бай. Осындай қасиеттерінің арқасында дәнді бұршақты дақылдар тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Дәндерінде ақуыз мөлшері көп, сіңімділігі жоғары болғандықтан, бұршақ дәні етке пара-пар деп есептеледі.
Дәнде бұршақты дақылдар - құнды мал азығы, олардың дәнінде, сабағында, жапырағында жеткілікті мөлшерде ақуыз және мал азықтық өлшем бар. Олардың құрғақ шөбінде 8-ден 15 пайызға дейін ақуыз болады.

Бұршақ тұқымдасы  – қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер тұқымдасы. Жер шарында кең тараған: 730 туысы, 19,400 түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бұршақтар тұқымдасы"

Автор: Абдулина Зульфия Талифжановна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406465

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "?осжарна?тылар класы. Раушанг?лділер ж?не б?рша?  т??ымдастар"
    ["seo_title"] => string(71) "k-oszharnak-tylar-klasy-raushanghuldilier-zh-nie-bu-rshak-tu-k-ymdastar"
    ["file_id"] => string(6) "252878"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447483899"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Биология. 6-сынып. Саба?ты? та?ырыбы:  К?рделіг?лділер  т??ымдасы "
    ["seo_title"] => string(69) "biologhiia-6-synyp-sabak-tyn-tak-yryby-kurdielighuldilier-tu-k-ymdasy"
    ["file_id"] => string(6) "166277"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422945299"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Конспект на тему "Дидактикалы? материалдар жина?ы""
    ["seo_title"] => string(47) "konspiektnatiemudidaktikalykmatierialdarzhinagy"
    ["file_id"] => string(6) "313107"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459433904"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Лалаг?лділер т??ымдасы"
    ["seo_title"] => string(26) "lalaghuldilier-tu-k-ymdasy"
    ["file_id"] => string(6) "314954"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459792068"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Ас?аба? т??ымдас ?сімдіктер."
    ["seo_title"] => string(31) "ask-abak-tu-k-ymdas-osimdiktier"
    ["file_id"] => string(6) "315116"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459838365"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства