kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Биология пәнін оқытуда пікірталас әдісінің тиімділігі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биология пәнін меңгерту үшін және пәнге деген қызығушылығын ояту мақсатында "Адамның пайда болуы туралы көзқарастар" тақырыбында пікірталас сабағын өткіздім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Биология пәнін оқытуда пікірталас әдісінің тиімділігі.»

Биология пәнін оқытуда пікірталас әдісінің тиімділігі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындарының зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттілігімен тығыз байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткеніндей қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

«Биология» пәні бойынша білім дағдыларын меңгерту, ойлау, жеткізіп айту, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады:

  • оқулықпен жұмыс жүргізу;

  • кесте, тірек – сызба құру;

  • биологиялық диктант алу;

  • тестік жүйе қолдану;

  • баспасөз, ақпарат материалдарын пайдалану;

  • пікірталас, конференция әдісі;

  • ғылыми іздену, реферат жазу т.б.

Соның ішінде пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі - шешендік» - деп ұлы шешен ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірді қалыптастырып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Пікірталас – түрлі көзқарас, ой – пікірлерді қатар қою, салыстыру арқылы өзінің көзқарас, ой – пікірін дәлелдеу.

Биология пәнін жан-жақты меңгерту үшін және пәнге деген оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Адамның пайда болуы туралы көзқарастар» тақырыбында пікірталас сабағын өткіздім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жануарлар дүниесі жүйесіндегі адамның орнын және адамның пайда болуын материалистік және идеалистік тұрғыда дәлелдеу.

Тәрбиелік: Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап төзімділікпен тыңдай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттің өздігінен ізденісін, танымдық қызығушылығын, ойлау, есте сақтау, зерттеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: Дәріс сабақ.

Сабаққа бөлінген уақыт: 90 минут

Сабақтың әдісі: Дәстүрден тыс, пікірталас сабақ. Сабақта жаңа технологияларды, интерактивті тақтаны қолдану.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, слайдтар, тірек-сызбалар, суреттер.

Пән аралық байланыс: Зоология, палеонтология, археология, дінтану.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Р. Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаев «Биология» 109-135 беттер

  2. Е.О.Қуандықов, С.А. Әбілаев «Медициналық биология және генетика» 232-239 беттер.

Сабақтың өту барысы:

Оқушыларды адамның шығу тегі туралы көптеген ғалымдардың еңбектерімен және антропология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтермен таныстыру. Адам биоәлеуметтік іс-әрекеттің иесі, оның өмірінің мақсаты, мәні құндылығы және адамгершілік имандылық туралы түсінік беру.

Бұл пікірталас сабағының тақырыбы оқушыларға алдын-ала беріледі. Сондықтан студенттер 2 топқа бөлінді.

1-топ. Материалистер, 2-топ. Идеалистер.

Қазіргі кезде ғылымда 2 көзқарас бір-біріне қарама қайшы. Өйткені материалистік көзқарас бойынша бірінші материя пайда болды, кейін идея пайда болды дейді. Яғни, қарапайымнан күрделі ағзалар дамып жетілді деген көзқарас. Екінші көзқарас бойынша жоқ бірінші идея кейін материя пайда болды. Яғни, ұлы жаратушы күш жер шарын, адамдарды жаратты деген көзқарас. Сондықтан екі топ осы екі көзқарасты дәлелдеп береді.

Материалистер. Адамның приматтардан пайда болғандығын жақтаушылар. Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтап, адамның жануарлардан шыққандығын әр түрлі дәлелдемелер келтіріп дәлелдеп береді.

Идеалистер. Адамның приматтардан пайда болғандығын даттаушылар. Әр түрлі идеяға, аңыз әңгімелер, діни болжамдар жинақтап, адамның арғы тегі маймыл емес деген тұжырымды дәлелдейді.

Сонымен адамзат қалай пайда болды?

Мұғалім: Бірінші кезек материалистер тобына беріледі.

Материалистер. 1-оқушы. Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым, қарсылас. Біздің топтың аты – Материалистер. Біз Дарвиннің эволюциялық ілімін жақтаймыз. Біздің ойымызшы адам маймылдардан пайда болды деген тұжырымды ұстанамыз. Олай болса критериіміз аргументімізді айта отырып, дәлелдерімізді келтірейік.

Қазіргі жаратылыстану ғылымдарының деректері бойынша адам жануарлар дүниесіне жатқызылады. Адам хордалылар типіне жатады. Адам ұрығының даму кезеңінде барлық хордалы жануарларға тән белгілер – хорда, жүйке түтігі және жұтқыншақтың екі бүйірінде желбезек саңылаулары болады. Бұл белгілер адамның басқа хордалы жануарлармен арғы тегінің бір екендігін дәлелдейді. Омыртқа жотасының жұп қолдарымен жұп аяқтарының болуы, жүрегінің кеуде жағында орналасуы, адамның омыртқалылар тип тармағына жататынына дәлел. Адам ұрығы анасының арнайы мүшесі – жатырында дамиды және ол ұрық жолдасы арқылы қоректенеді.

2-оқушы. Адам тектес маймылдармен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі – мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 450 грамнан аспайды. Миының салмағы 750 грамм кезінде бала сөйлей алады. Ми салмағының артуы тікелей бас сүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемінің артуымен байланысты.

Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады. Оларға ежелгі адамдар (архантроптар), ертедегі адамдар (палеонтроптар) және осы заманғы адамдар (неоантроптар) жатады.

3-оқушы. Ертедегі адамдарды ғылыми тілде палеонтроптар, кеде неандерталь адамдары деп те атайды. Палеонтроптар қазіргі адамдардың тікелей арғы тегі болып саналады. Жалпы алғанда, ертедегі адамдардың тіршілік әрекеті, ақыл-ойы және әлеуметтік өмір сүру жағдайлары қазіргі адамдарға ұқсас болған. Олардың сүйектерінің қалдығы алғаш рет 1848 жылы Еуропада табылған.

Осы заманғы алғашқы адамдарды неонтроптар немесе кроманьон адамдары деп те атайды. Өйткені бұл кезеңнің адамдарының қаңқа қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған.

4-оқушы. Адам органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызда орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч. Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Адамтектес маймылдардың бірте-бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қол еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасауына қолайлы жағдай туғызады.

5-оқушы. Адамның тарихи даму кезеңдерінде биологиялық факторлармен бірге әлеуметтік факторлардың да әсері болды. Адам жануарлар дүниесінен бөлінгеннен кейін биологиялық факторлардың ролі бірте – бірте бәсеңдей түсті.

Жер бетінде қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі де бір ғана түрге жатады. Оны биологиялық жүйелеуге саналы адам деп айрықша құрметті атаумен атайды. Бұл атаудан адамның басқа ағзалардан ақыл-ой сана арқылы ажырататыны айқын байқалады.

Идеалистер.

1-оқушы. Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым, қарсылас топ және жанкүйерлер. Сіздерді өз тобыммен таныстырып өтейін. Біздің топтың аты идеалистер. Біз сіздердің пікірлеріңізбен келісе алмаймыз. Адам – приматтардан пайда болған жоқ. Адам-тіршілік өмірді жаратушы биік Құдірет, Алла Тағаланың мүлтіксіз сыйы. Демек, біздің критериіміз – адамның арғы тегі топырақтан жаралған. Адам Ата мен Хауа Анадан тарағанын біз дәлелдеп береміз.

Негізінде Дарвинизм нақтылы дәлелдеген ғылыми жетістік емес, тек қана теориялық болжам, яғни осылай болуы мүмкін деген ой-пікір. Сіздердің Дарвинизм теориясынан бастау алған «Адам маймылдан пайда болды» деген пікірлеріңіз І ғасырдан астам уақыт өтсе де, ғылыми түрде дәлелденіп, нақтылық тұғырына жете алмады. Олай болса, бұл пікір болжам ғана.

2-оқушы. Адам ата мен Хауа ананың жаратылғандығы жөнінде Құран Кәрімде былай дейді: «Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас Мен оған өзіне сай көмекші жасап беремін» – деді.

Құдай Ие жердегі барлық жануарлар мен жәндіктерді және аспандағы күллі құстарды топырақтан жасаған еді. Енді оларды қалай атайтынын білу үшін адамға алып келді. Адам қандай ат қойса, олар солай аталатын болды. Сонымен адам малдарға, жабайы аңдар мен айналадағы құстардың бәріне де өз аттарын қойды.

Ал сонда Құдай Ие Адамды терең ұйқыға батырып, ұйықтап қалғанда оның бір қабырғасын алып, орнын етімен жауып тастады. Тәңір Ие сол қабырғадан әйел жасап, оны Адамға алып келді. Адам әйеліне Хауа (яғни «өмір сүруші») деген ат қойды. Себебі ол өмір сүруші адамзат атаулының анасы болды.

3-оқушы. Дарвинизмшілердің бірінші ұстанымдарында да айтылғандай, жан-жануарлармен, өсімдіктердің шығу тегі бір болуы мүмкін бе?

Дарвинизм пікіріне сенетіндер бұл сұраққа «ия» - дейді. Дәлелденген тек болжам ғана. Олардың пікірлері бойынша қазіргі жан иелерінің бәрі жалғыз жасушаның дамуы арқылы сатылай-сатылай пайда болған. Жансыз материя мен жанды нәрсенің арасында таңқаларлық үлкен айырмашылық бар екендігі бәрімізге белгілі. Ал енді жансыз бір зат қалай ғана өз-өзінен, сырттан басқа бір күштің әсерінсіз жанды жасушаға айналуы мүмкін? Бұл сұрағымызға тағы да «кездейсоқтың әсерінен» әсерінен деген жауап аламыз.

Алайда бір жасушаның өзі кездейсоқтың әсерінен, өз - өзінен пайда болмайтындай дәрежеде. Олай болса ілімсіз, күш-қуатсыз, санасыз кездейсоқтың нәтижесінен мұндай тамаша, керемет жүйемен безендірілген жанды жасушаның пайда болуы мүмкін бе?

4-оқушы. Эволюционерлер маймылдың адамға айналу кезіндегі «аралық түр» жартылай маймыл, жартылай адамның болғандығын дәлелдейтін суреттерін таба алмағандықтан бұл мәселелерін маймыл мен адамның сүйектерін құрастыру арқылы шешуіне болады. Атақты доктор, ескі сүйектерді зерттеуші Чарльз Даусон 1912 жылы «Англиядағы Пимпдаун» деп аталатын жердің маңайындағы бір шұңқырдан бір жақ сүйекпен бас сүйек тауып алдым деп әлемге жар салады. Жақ сүйек маймылдардікіне ұқсамайтын бұл сүйектерге 500 мың жылдық жас береді.

Біз сіздерге бір жасуша жүйесінің құпиясын, тіпті тіршіліктің қалай пайда болғандығына нақты жауап бере аламыз. Ол құдірет, еш күмәнсіз Алла Тағала. (Бейнетаспа көрсетіледі).

5-оқушы. Құрметті қауым, қазір ғалымдардың барлығы Құранның ақиқат екенін мойындаған, содан мен сіздерге мысал келтірейін. Мысалы, Айға сапар.

1969 ж. 20 шілдеде адам алғаш рет Айға аяқ басты. Алғашқылар болып «Апполон -11» ракетасындағы астронавтар тобы – Олдринг, Коллинс, Армстронг – Айға ұшты. Айды зерттеу барысында олар түсініксіз құбылысқа куә болды. Осы кездегі барлық әңгімелер таспаға жазылған. Олардың айтуы бойынша жер бетінен ашық тұрған кітапқа ұқсас затты көреді. Келесі әнге ұқсас «Ашхаду ала иллаһа иллалаһ» (Алладан басқа Құдай жоқ) деген әуен естіледі.

Оқушы қасиетті Құран кітабын қолына алып, осы айтылған мысалдарға келтірілген сүрелерден оқи отырып дәлел келтіреді.

Мұғалім: Сұрақ-жауап кезеңі. Екі топ бір-бірлеріңізге сұрақ қоюларыңызға болады. Бірінші сұрақты даттаушылар қояды.

Қорытындылау.

Сонымен балалар, адамның шығу тегі туралы өз пікірлеріңізді ұтымды, өте тамаша дәлелдеп бердіңіздер. Ал қалған оқушылар осы екі топтың қайсысының дәлелі күшті болды, сол бойынша сол жаққа орын ауыстырып отыруларыңызға болады. Сабақтың мақсаты жеңу емес, қатысу.

Бірақ мен адамның шығу тегі нақты маймылдан немесе топырақтан деп айта алмаймын, себебі біз көтеріп отырған мәселе әлі де болса, зерттеулерді қажет ететін өзекті мәселеллерді бірі. Сондықтан бұл сұрақтың жауабын уақыт еншісіне берсек.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Биология пәнін оқытуда пікірталас әдісінің тиімділігі.

Автор: Молдабекова Құрбанкүл Тұрсынбайқызы

Дата: 12.02.2020

Номер свидетельства: 539354

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "БИОЛОГИЯ САБА?ЫНДА ??ЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ?АЛЫПТАСТЫРУ?А БА?ЫТТАЛ?АН ТЕХНОЛОГИЯЛАР "
    ["seo_title"] => string(90) "biologiia-sabag-ynda-k-u-ziriettiliktierdi-k-alyptastyrug-a-bag-yttalg-an-tiekhnologiialar"
    ["file_id"] => string(6) "210691"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431489695"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "О?ЫТУ МЕН О?УДА ?ЗГЕРІС ТУРАЛЫ М??АЛІМНІ? ЕСЕБІ "
    ["seo_title"] => string(55) "ok-ytu-mien-ok-uda-ozgieris-turaly-mu-g-alimnin-iesiebi"
    ["file_id"] => string(6) "208689"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430885426"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(187) "Органикалы? заттарды? ерекшеліктері мен ма?ызы. Органикалы? ?осылыстарды? химиялы? ??рылысы. Изомерлену "
    ["seo_title"] => string(117) "orghanikalyk-zattardyn-ieriekshieliktieri-mien-man-yzy-orghanikalyk-k-osylystardyn-khimiialyk-k-u-rylysy-izomierlienu"
    ["file_id"] => string(6) "163513"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422506003"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Рефлексивный отчет по работу учителя"
    ["seo_title"] => string(43) "rieflieksivnyi_otchiet_po_rabotu_uchitielia"
    ["file_id"] => string(6) "415746"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1494912929"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Баяндама биологиядан "
    ["seo_title"] => string(23) "baiandama-biologhiiadan"
    ["file_id"] => string(6) "211635"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431662856"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства