Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «Қызылтөбе лицейі» ММ-нің биология пәні мұғалімі Давишева Калжан Тойлыбаевнаның тәлімгері Кыдырова Гальямен бірлесіп дайындаған қысқа мерзімді жоспары
24.11.2014ж. | Биология | І-күн | сабақ | 7 - сынып |
Сабақтың тақырыбы | Басаяқты ұлулар класы | |||
Жалпы мақсат | Басаяқты ұлулар класының өкілдерімен танысады. Олардың құрылысындағы ерекшеліктерін анықтайды. Қозғалуын, қоректенуін, мінез-құлығын қосжақтаулы ұлулармен салыстырады, талдайды,пікір алмасады. Табиғаттағы маңызын анықтау кезінде топпен, жеке жұмыс істеуге дағдыланады. | |||
Сілтеме |
Биология оқыту әдістемесі. | |||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері | Басаяқты ұлулардың өкілдеріне сегізаяқ, кальмар, каракатица жататындығын анықтайды. Олардың құрылысындағы ерекшеліктерін басқа ұлулар типіндегі кластармен салыстырып, қозғалуын, қоректенуін,мінез-құлқын бақылауды, үйренеді. | |||
Негізгі идея | Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. | |||
Сабақта қолданылатын материалдар |
Жетондар | |||
Оқыту әдісі | Жаңа әдістер АКТ СТО Оқыту үшін бағалау |
| ||
Тапсырмалар | Ортадағы қаламсап стратегиясы, венн диаграмма, семантикалық карта, ДЖИГСО – 1,2. | |||
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
Ұйымдастыру кезеңі |
| Тренингке қатысады. | ||
Қызығушылықты ояту | Ортадағы қаламсап стратегиясы 1.Тип неліктен ұлулар деп аталады және негізгі ерекшеліктері неде? 2.Ұлулар немен тыныс алады және зәр шығару жүйесі жайында не білесің? 3.Ұлулардың асқорыту жүйесі қандай? 4.Бауыраяқты ұлулар класы жайында не білеміз? 5.Қосжақтаулы ұлулар класы. 6. Аяғы, тұлға, басы бар, (Ұлу) | Әр топтан бір оқушы, яғни мұғалім қай оқушының қаламсабын ұстаса сол оқушы жауап береді. | ||
Мағынаны тану | Жұмбақ шешумен бастаймыз: 1.Аяғы бар басы жоқ, 2.Бақалшағы жоқ сыртында, ДЖИГСО – 1,2.
| Оқушылар ең алдымен жұмбақтарды шешеді. Содан соң топ ішінен санау арқылы тағы топқа бөлінеді. Әр топқа берілген мәтінді оқып шығады. Қайта отбасына оралып топ мүшелеріне түсіндіреді. | ||
Ой толғаныс | Венн диаграмма: 1-топ: Қосжақтаулы ұлулар мен басаяқты ұлуларды салыстырады. 2-топ: Бауыраяқты ұлулар мен басаяқты ұлуларды салыстырады. 3-топ: семантикалық картаны орындайды. | Әр топтан бір оқушы ерекшеліктерін жазып шығады және қалған оқушылар дәптерге орындайды. | ||
Бағалау | Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға кері байланыс парағы стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға бағдаршам беріледі. Алған бағдаршам түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5». | 1.Бағаланады, мадақталады. 2.А-4 парағына стикерлер жабыстыру арқылы кері байланыс жасайды. | ||
Үйге тапсырма | Шағын эссе жазу: 1.Ұлулардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. 2. Ұлулар (Gastropoda) — жұмсақ тәнді жәндіктер. | Үй тапсырмасын білу, түртіп алу |