Просмотр содержимого документа
«Балықтардың көбеюі және дамуы»
Сабақ№_______Сыныбы____7____Күні_________
Сабақ тақырыбы:Балықтардың көбеюі және даму. Мінез-құлығының ерекшеліктері. Балықтардың өрістеуі(миграция). Өсімталдығы және ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Түйсік, және оның балықтарда байқалуы, популяция туралы түсінік.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға балықтардың көбеюі мен дамуы туралы білім беру
2. Балықтардың көбеюінің қзіне тән ерекшеліктері, көбею кезіндегі мінез құлығы, ұрпағына қаиқорлық жасауы жайлы ұғым қалыптастыру, тану біліктілігін дамыту
Сабақтың типі: Өткен сабақты қорытындылау, жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, ойын түрінде.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, «Бинго», «миға шабуыл», биологиялық диктант, ой қорыту, видео.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, слайд, оқулық,плакаттар, таратпа карточкалар, видео,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме?
-Сыныпта кім кезекші ?
-Сыныпта кім жоқ?
-Назарды сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Бинго» ойыны арқылы.
1. Желілілер типінің омыртқалылар тип тармағына жататын жануарларды ата
2. Жақ сүйектерінің сипатына қарай бассүйектілер нешеге бөлінеді?
3. Ұрығының даму ерекшеліктеріне байланысты нешеге бөлінеді?
4. Дене температурасына байланысты нешеге бөлінеді?
5. Балықтарды неше класқа бөлеміз?
6. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы
7. Балықтардың дене бөлімдерін ата
8. Сүйекті балықтардың түр саны және дене пішіні қандай?
9. Торсылдақ және оның қызметі қандай?
10. Желбезек аппаратының құрылысы мен қызметі
11. Сүйекті балықтарды алғаш пайда болған мүше?
12. Миының құрылысы
13. Жеке отрядтарын ата.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру. «Миға шабуыл»
Мұғалім:
Мақсат қою: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жынысты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrа-пиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ғана қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі.
Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің киль-ка, хамса балықтарының жыныс бездері бірақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен аквариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекірөсі 8—10 жылда), ал белуга және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек.
«слайд арқылы көбею жолдарымен таныстыру»
Балық уылдырықтайтын кезде аналық безде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі. Ал аталық балықтың жыныс мүшесі ішектің үстіңгң жағында созылып жататын екі қапшық тәрізді ақ сұйықтық, ол шоғыл деп аталады. Балықтардың жыныс өнімін шашуы уылдырықтау деп аталады.
Қосымша мағлұмат. Балық уылдырығының пайдасы.
1.Балық өнімдері туралы жалпы түсінік
Балық және теңіз өнімдері-адамға өте жұғымды тағамдар. Еліміздің суларында балықтың мыңнан астам түрлері тіршілік етеді, оның 250 түрі ауланады. Теңіздерде балық аулау өрістеген сайын,дәмді де жұғымды тағам көбейіп, халық дастарқаны молая түсуде.
Балық шаруашылығы өнеркәсібінің балық аулайтын осы заманғы техникамен жарақтанған ірі кемелері балықты аулаған жерлерінде сол бойда өңдейді. Мұның өзі балық өнімдерінің (тоңазытылған балық, жон еттері, консерві т. б.) өте дәмді және сапалы болуына әсер етеді.
Сатуға түсетін балық өнімдерінің ассортименті мұхит балықтары есебінен көбейін келеді. Халықтың күнделіктітұтынуда балықтың, балық тағамдарының көбейуіне байланысты тұтынушылардың, әсіресе үй шаруасындағы әйелдердің балық түрлерін, ерекшеліктерін, олардың тағамдық құндылығын білу қажет.