Жаңа сабақ. Сабақ мақсатын айқындау мақсатында түрткі сұрақтар: 1.Өсімдік өсу үшін қандай процестер қажет? 2.Өсімдіктер қалай тыныс алады? 3.Өсімдік өсу үшін қандай процестер қажет? Топтық жұмыс. Сыныпты «Жеребе» әдісімен 3 топқа бөлу І топ «Өскін» ІІ топ «Тұқым» ІІІ топ «Жапырақ» Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. «Қонаққа бару» әдісімен мәтінді меңгеру. Бағалау: «Екі жұлдыз бір ұсыныс» топ аралық бағалау Сергіту сәті: «Тыныс алам терең Ойым болар зерек» « Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі. Жұптық жұмыс. №7 зертханалық жұмыс.Өсімдіктердің тыныс алуын зерттеу. Мақсаты: өсімдіктердің тыныс алатынын анықтау. Жұмыс барысы. Бұл жұмысты жасау үшін жақсы суарылған өсімдіктерді әк суы бар ыдыстармен бірге жайпақ табаққа қояды.Содан кейін әрбір өсімдікті мөлдір шыны қоңыраумен жауып қояды.Енді оларды әртүрлі жағдайда: біреуін жарық жақсы түсетін жерге,екіншісін шкафқа немесе жарық түспейтін жерге 5-7 күнге қалдырады.Осы уақытта қоңырау көтерілмейді және өсімдіктер суарылмайды. 1.Әк суының түсі қалай өзгергенін бақылаңдар. 2.Кішкентай балауыз шамды түйменің үстіне қойып,оны жағыңдар.Содан кейін оны абайлап шыны қоңыраудың астына ауа барынша бармайтындай етіп жайпақ табаққа орналастырыңдар.Қоңыраудың бір шетінен жайлап көтеріп,түймедегі балауыз шамды қойып,қоңырауды түсіріңдер. 3.Қандай балауыз шамның жарық болып ұзақ жанатынын бақылаңдар. Мәліметтерді кесте түрінде дәптерге жазыңдар. Зерттелетін белгі | Өсімдік тіршілігінің жағдайы | жарықтағы | Қараңғыдағы | Әк суының түсі және мөлдірлігі | | | Балауыз шамның жану қарқындылығы және уақыты | | | 4.Берілген сұрақтарға жауап беріңдер. А)Неліктен тәжірибе нәтижелерінде айырмашылық бар?Ол фотосинтез үдерісіне қалай байланысты? Ә)Бөлінген қандай газдан әк суы лайланады? Б)Жану үшін қандай газ керек?Оның мөлшері әртүрлі жағдайдағы өсімдіктерде қалай және неліктен айырмашылық жасады? 5.Зертханалық жұмыс нәтижелері бойынша жалпы қорытынды жасаңдар. Бағалау: « Ай » әдісі арқылы өзара бағалау | Өскін,тұқым, жапырақ суреттері Құрал-жабдықтар: мүмкіндігінше бір жылғы,вегетативті жолмен көбейген және мөлшері бірдей (жапырақ мөлшері) 2-6 дана бөлме өсімдігі (қазтамақ,жебежапырақ және т.б.), 2 табақ,шыны қоңырау.Қараңғы шкаф,әк суы бар 2 ыдыс,кішкентай 2 балауыз шам, түймелер,сіріңке. |