1.Қарын және ішек аурулары не арқылы таралады(ауру қоздырғыш микробтар) 2. Қарын және ішектің қауіпті ауруларына қандай аурулар жатады(дизентерия,іш сүзегі,тырысқақ,,т.б. 3.Ауру белгілерін атап айтыңыз.(дене қызуы көтеріледі,құсады,ішек қызметі бұзылып,іш өтеді) 4.Тіршілікке ерекше бейім микоробтарды атаңыз(тырысқақ ауруының қоздырғышы-тырысқақ вибрионы) 5. Тырысқақ ауруына тез әсер ететін зат(хлорлы әк) 6.Тырысқақ індеті таралған жерде не істеу керек(алдымен қолды сабынмен жуады,одан кейін арнайы дезинфекциялық ерітіндімен қолды шайып,артынан таза сумен жуады). 7.Ішек қарын ауруларын не таратады(шыбындар,тарақандар) 8. Тағамдарды қалай сақтау керек(тоңазытқышта,арнайы ыдыстарда,қораптарда) 9. Ішек құрттарымен зақымданған жағдайдағы ауру белгілері. (тез шаршайды,басы ауырады,лоқсиды,құсады.) 10.Адам ағзасы көбіне неден зақымданады(таспақұрттар,ішексорғы,қылқұрттар,эхинококкпен,) 11.Ішек құрттарынан сақтану үшін нені сақтауымыз керек(гигиенаны) 12.Тамақпен уланғанда қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі(ішекті қарынды жуып тазалау,олүшін 1 стакан жылы суға 1 шай қасық ас содасын қосып, немесе марганцовка ерітіндісін ішкізеді,ішті тазалауды бірнеше рет қайталау керек.Ішті тазалағаннан кейін ауру адамға қою шай беріп,төсекке жатқызады. 13. Диетология қандай ғылым.(Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым) 14.Тамақтану ережесі бойынша адам қүнделікті қалай тамақтануы дұрыс( бір мезгілде) 15.Күніне неше рет тамақтануға дағдылану керек(4 рет) 16. Бір күн ішінде пайдаланатын тамақ калориясының мезгілге байланысты қандай үлесте болғаны тиімді(таңертеңгілік және кешкі асқа 20% ,ал сәскелік және түскі астың әрқайсысына 30% үлестен келу керек) 17.Кешкі асты ұйықтаудан неше сағат бұрын іщу керек(2сағ) |