Биологиялық сұрақтар. 6 сынып. ИЯ-ЖОҚ Дұрыс жауабы
1. Гүл-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Ия
2. Гүл сағағы болса, отырмалы гүлдер деп аталады. Жоқ
3. Беде, қашқаргүл отырмалы гүлдерге жатады. Ия
4.Күлте - тостақанша жапырақшалардан кейін орналасады. Ия
5. Аталық – тозаң жіпшесінен, тозаңқаптан және жатыннан тұрады. Жоқ
6. Алма, итмұрын, мақта бұрысгүлдер. Жоқ
7. Сәлбен, үрмебұршақ, соя бұрысгүлдер. Ия
8. Жүгері, калланың гүлшоғыры собық. Ия
9. Тозаңдану – аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі. Ия
10. Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Ия
11. Тозаңдану ұрықтанудан кейін болады. Жоқ
12. Жемістер шырынды, құрғақ және сүйекті болып 3-ке бөлінеді. Жоқ
13. Арпа, тары, күріш жемістері дән деп аталады. Ия
14. Тұқымы өздігінен таралатын өсімдіқтердің жемістері қақырағыш, ширатылғыш болады. Ия
15. Фосфор жасуша қабықшасын түзеді, жетіспесе жеміс түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Ия
16. Калий жеткілікті болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жоқ
17. Азот жетіспесе ағаштардың жанама бұтақтары дамымай қалады. Ия
18. Фотосинтез кезінде көмірқышқыл газы сіңіріліп, оттегі бөлінеді. Ия.
19. Тыныс алу барлық тірі жасушаларда жүреді. Ия
20. Ксерофиттер – сулы ортада өсетін өсімдіктер тобы. Жоқ
21. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр. Ия
22. Талломда ұлпалар және вегетативті мүшелер болмайды. Ия
23. Спирогира – біржасушалы балдырлардың өкілі. Жоқ
24. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекініп тіршілік етеді. Ия
25. Турбинария балдырын « теңіз жүзімі» деп те атайды. Ия
26. Диатом балдырларын қағаз өндірісінде пайдаланады. Жоқ
27. Бриология – мүктерді зерттейтін ғылым. Ия
28. Мүктерде тамырдың қызметін ризоидтары атқарады. Ия
29. Жасыл мүк « көкек зығыры » деп те аталады. Ия
30. Шоқпарбас плаун – тең споралы өсімдік. Ия
31. Қырықбуындардан тас көмір пайда болған. Ия
32. Ашықтұқымды өсімдіктердің басым бөлігі шөптектес өсімдіктер. Жоқ
33. Ашықтұқымды өсімдіктердің гүлі бар, сондықтан жеміс түзбейді. Жоқ
34. Кәдімгі арша – екіүйлі қылқанжапырақты бұта. Ия
35. Зеравшан аршасының жемісін « бүржидек » деп атайды. Жоқ
36. Кәдімгі қарағай – екіүйлі өсімдік. Жоқ
37. Тұқымбүршікте эндосперм қоректендіруші ұлпа деп аталады. Ия
38. Ұрықтан зигота дами бастайды. Жоқ
39. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Ия.
40. Тұқымбүршіктен тұқым жетіледі, тұқым аналық бүрде түзіледі. Ия