kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?ра?ты электр тогы тарауын ?орытындылау саба?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Т?ра?ты электр тогы (тарау бойынша ?орытынды саба?) № 48 – саба?
Саба?ты? ма?саты:
1.    Білімділігі : Т?ра?ты электр тогы тарауы бойынша негізгі за?дылы?тар мен т?жірибелерді білу, формулалар ар?ылы есептер шы?ара білу;
2.    Т?рбиелігі: О?ушыларды топты? ж?мыстар ж?ргізу ар?ылы ?зін-?зі бас?ару?а, бірін-бірі ба?алай білуге т?рбиелеу;
3.    Дамытушылы?ы: С?ра?-жауаптар ар?ылы тез ойлану?а бейімдеу, т?жіри ж?ргізу ар?ылы практикада ?олдана білуге ба?ыттау, т?рлі ?діс-т?сілдер ар?ылы танымды? ?абілетін арттыру.
П?н аралы? байланыс: ?аза?стан тарихы (?лы же?істі? 70жылды?ына арнал?ан саба?). Информатика, химия, математика, биология.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«сабак 8 сынып»


Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол орта мектебі








Тұрақты электр тогы

8-сынып

2014 – 2015 оқу жылы



Атырау облысы

Махамбет ауданы

Есбол орта мектебі

Физика пәні мұғалімі

Хасанова Анар Елеушқызы

Санаты: Б-13

Бітірген оқу орны: АМУ-2002

Стажы: 12 жыл



Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы (тарау бойынша қорытынды сабақ) № 48 – сабақ

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі : Тұрақты электр тогы тарауы бойынша негізгі заңдылықтар мен тәжірибелерді білу, формулалар арқылы есептер шығара білу;

  2. Тәрбиелігі: Оқушыларды топтық жұмыстар жүргізу арқылы өзін-өзі басқаруға, бірін-бірі бағалай білуге тәрбиелеу;

  3. Дамытушылығы: Сұрақ-жауаптар арқылы тез ойлануға бейімдеу, тәжіри жүргізу арқылы практикада қолдана білуге бағыттау, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы танымдық қабілетін арттыру.

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы (Ұлы жеңістің 70жылдығына арналған сабақ). Информатика, химия, математика, биология.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видео, А3 парақшалар, фишкалар (жиынтық бағалау үшін), тәттілер бар аффирмациялар,т.с.с

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру / 1 мин/

Ұлы отан соғысының 70 жылдығына арналған сабақ. Бағалау фишкаларын Ұлы Жеңістің 70 жылдық эмблемасын фишка жасап, пайдалану.

2.Оқушыларды түгелдеу / 1-2 мин/

Оқушы 70 жылдыққа тілек айтады, 1 аффирмация тілегін суырып оқиды.

Менің денім сау және мен бақыттымын.

 Байлық менің өміріме келіп жатыр.  

Күнбеүн мен байып келемін.

 Менде көп энергия бар.

  Мен оқып және тез ұғып жатырмын

  Менің ақылым сабырлы

 Мен өз ойымды бақылай аламын

 Мен махаббат пен бақыт шашамын

 Мені барлығы жақсы көреді

 Өзімнің жұмысым керемет. 

Мен әр уақытта да табыстымын 

Барлығы да күнненүнге жақсарып келеді. 

Менің керемет өмір иесі болу қолымнан келеді!

Менің жанұямда Бақыт пен қуаныш орныққан.

Үй тапсырмасын сұрау: /7-10 мин/

«Қар үйіндісі» Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

Сұрақтар :

1.Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген ғалым? (Ампер Андре Мари (1775-1836))

2.Атмосфералық электрдің бақа еттеріне әсерін зерттеген ғалым? ( Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани)

3. 1 Ампер неге тең? (1 Кл/1секунд)

4.Өткізгіштен 4А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар

айырымы 80 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?( 20 Ом)

5.Тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура

пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады. (Ом заңы)

6.Джоуль-Ленц заңын тұжырымда(Өткізгіштің қызуы олардың кедергілеріне

тәуелді болады, кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады)


Тәжірибе – демонстрация GLX-пен жұмыс /4-5 мин /

GLX құралдарымен таныстырып, ток сенсоры арқылы ток күші мен кернеуді анықтау, тәжірибе бойынша оқушылар жұмыс жасап, өздерінің ойларын ортаға салып, әңгімелеседі. Мұғалім қызметі бағыт-бағдар беріп, бақылап, қорытынды жасайды.



Постер қорғау /4-5 мин/ Стикермен диалог жүргізу

Сыныпты топтарға бөліп есептер беру есепті А3 форматқа шығарып талдау, келесі топқа есепті тексерту. Мұғалім қызметі тапсырма беріп, бақылау, оқушы қызметі есеп шығару және тексеру.

Кернеуі 220В ток күші 3А болатын сегіз мұнай мұнарасының электрқозғалтқыштарының бір айда жұмсайтын электр энергиясын анықтаңдар?

Бер: U=220B

I=3A

t=1 ай=30күн=2592*103сек

т/к: А-?

Кедергісі 1200 Ом болатын сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар?

Бер: R=1200 Ом

I=5,5A

t=3сек

т/к: А-?

«Жас талап –kz» /7-8 мин/

Сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинау. Плакат ілінген , плакатта 5 ұяшық бар. Әр пән ұяшықтарында сұрақ парақшалары бар. Оқушы таңдауы бойынша сұрақтарды суырып жауап береді. Сұрақтың жауаптары түрлі сыйлықтарда жабыстырылған (қалам, дәптер, сурет дәптер, түрлі-түсті қағаздар.т.с.с) оқушы жауабы дұрыс болған жағдайда, сыйлыққа ие болады.



Физика


Химия

Биология

Информатика

Математика

Әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр ұшқыны (Найзағай)

Судың формуласы (Н2О)

Өсімдіктерді зерттейтін ғылым саласы? (Ботаника)

Компьютердің қосымша құрылғыларына не жатады (сканер, принтер, колонка, модем)

Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)

Алғашқы конденсатор қалай аталған? (Лейден банкасы)

Тұз қышқылының формуласы (НСl)

Гүлдің негізгі мүшелері? (Аталық, аналық)

Вирусқа қарсы программа (антивирус)

Диаметр неге тең? (Екі радиусқа тең)

Қар, мақта, былғарыдан жылу изоляциялық қасиетін жоғарлататын газ. (Ауа)

Мендеев таблицасында неше элемент бар(110)

1892 ж Вирустарды ашқан орыс ғалымы кім? (Д.И.Ивановский)

Ақпарат тасығыштар (диск, флешка)

Шеңбердің ұзындығының қатынасы неге тең?(π=3.14…)

Құрамында көміртегі бар жылу шығару үшін жағылатын зат (отын)

Сүйекті қаптайтын элемент (кальций)

«Өсімдіктану» оқулығын алғаш жазған қазақ ғалымы (Ж.Күдерин)

Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек? (55-65 см)

Дәлелденбейтін ұйғарым (аксиома)

Зат өте ұсақ бөлшектерден құралатындығын болжаған кім? (Демокрит)

Ең жеңіл металл (литий)

Адам құрылысын, мүшелерін зерттейтін ғылым (Анатомия)

Зерттеу, жобалық жұмыс көрнекілігі (слайд)

Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі(1800)



Спектрлік талдау – спектр түстері бойынша қорытынды жасау. /7-8 мин/

Ультакүлгін (статистикалық мәліметтер)

1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен оны металмен жалғап, оның бұлшық еттерінің секірісті жиырылуын байқады.

1800 жылы Вольта алғашқы болып тұрақты ток көзін алды.

1827 жылы ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын георг Ом ашты.

1832 жылы ағылшын физигі Фарадей электролиз заңын ашты.

1872 жылы ең алғашқы қыздыру шамын Санк-Петербургте орыстың электр технигі және өнертапқышы А.Н.Лодыгин ойлап тапқан.

1911 жылы голландия физигі Камерлинг – Оннес қайнау температурасы 4,1 Кболатын сұйық гелийді пайдаланып және әртүрлі металды тоңазыта отырып олардың кедергісін өлшеді.

1925 жылы асқын өткізгіштік мыс сақинамен жасалған тәжірибеде тіпті 2,5 жыл өтсе де, сақинадағы ток күшінің ешқандай кемімегені байқалған.

Көк (тәжірибелер)

Асқын өткізгіш яғни кедергінің температураға тәуелділігі металдарда, сұйықтарда, сұйық гелийге тәжірибелер жүргізілген.

1-тәжірибе: Спираль сияқты иілген темір сымды ток көзі және амперметрге қосылған тізбекке тізбектей қосамыз. Амперметр көрсетуін бақылап темір сымды қыздырамыз, спираль қызған сайын, амперметр көрсетуінің азайғанын көреміз, демек қызған темір сымның кедергісі артады. Таза металдарда кедергі көп, қорытпаларда аз болады. Температура артқанда, кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар бар, олар константан, манганин. Ондай материалдарды реостат және басқа заттар жасауға кең көлемді қолданады.

2-тәжірибе:Сұйық өткізгіштерді – электролиттерді қыздырғанда басқаша құбылыс пайда болады. Тәжірибедегі темірдің орнына электролитті қосатын болсақ, онда электролит қызған сайын токтың артатынын байқаймыз. Яғни температура артқанда, электролиттің кедергісі кемиді. Температура өлшегіш құралдарда пайдаланылады.

3-тәжірибе: 4,1К қайнау температурада болатын сұйық гелийді пайдаланып және әртүрлі металдарды тоңазыта отырып олардың кедергісін өлшеген. Металдар кедергісі өзіне тән температурада кенет нөлге дейін төмендеген, бұл құбылыс асқын өткізгіштік. Өте қуатты асқын өткізгіш электромагнит болып табылады.

4-тәжірибе: Кедергілері әртүрлі мыс, болат және никель үш өткізгішті бірінен соң бірін тізбектей жалғайық, тізбекті тұйықтап, ондағы ток күшін біртіндеп арттырамыз. Тізбектей жалғанған өткізгіштердегі ток бірдей болады. Өткізгіштен бөлінетін жылу әртүрлі алдымен никель өткізгіш, содан соң темір қызады, ал мыс сым білінер-білінбес қыза бастайды. Бұдан өткізгіштің қызуы олардың кедергісіне тәуелді болады, өткізгіш кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.

5-тәжірибе: Электр тізбегін жинап өткізгіш арқылы ток өткізейік, ток күшін, вольтметр құралдарын бақылайық, кернеу артқанда, сонша есе токтың артатынын байқаймыз. Бұл тәжірибеден ток күші мен кернеу тура пропорционал болатынын байқаймыз.

6-тәжірибе: Тотияйын ерітіндісі арқылы ток жіберсе, онда бастапқыда көмір катодында білінер-білінбес мыстың жұқа қабатын байқауға болады. Токты жіберу шамасына қарай, уақыт өткен сайын катодтағы мыс қабаты біртіндеп қалыңдайды.бұл арқылы зат масасын анықтауға болады. Металдар өндіруге, никельдеу, хромдау, күміс жалату, аккумулятор зарядтауға қолданылады.

Жасыл –электр тогының әрекеті.

Электр тогының әсерін тогыың жылулық әрекеті – электр қыздырғыш аспаптарда, электр плитада, үтіктерде т.с.с құралдарда қолданылады, химиялық әрекеті химиялық ерітінділерге батырылған металл өткізгіш бойымен ток өткенде, ерітіндінің құрамына енетін заттар бөлінеді, мысты бөліп алуға, мктелл бұйымдарының бетін күміспен жалатуға болады. Магниттік әсері – өткізгіш бойымен ток жүргенде, онда магниттік қасиеттер туындайды, магнит сияқты ұсақ темір денелерді өзіне тартады. Физиологиялық әрекеті – гальвани элементтері, аккумулятор, генераторларда әр аттас зарядтардың бөлінетін химиялық реакция салдарынан электр энергиясын алады. болады.

Сары – заңдылықтар

Ом заңы: тізбектің бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады.

Джоуль-Ленц заңы: өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады. Өткізгіштің кедергісі неғұрлім үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.

Фарадей заңы: электролиз кезінде электродта бөлінгенмзаттың массасы электролит арқылы өткен электр (заряд) мөлшеріне пропорционал болады

Қызғылт- формулалар

Инфрақызыл – сен білесің бе?

1.Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы Ампер Андре Мари болды. 2. Өте қолайлы кедергі термометрлерінің қатарына платина термометр жатады. Онымен -2000С-тан +6000С қа дейінгі аралықтағы температураларды 0,00010С дәлдікке дейін өлшеуге болады. 3.Лодыгин шам ішіне жуан мыс сымдардың арасына көмір шыбық бекітілген шыны балоннан тұрады. Электр тогын жібергенде, бұл шыбық қызып, жарық беретін болған. Қыздыру шамдарын жетілдірумен Эдисон, И.Ленгмюр айналысты.

Видео : «Ұлы жеңістің 70 жылдығы» /1-2 мин/

Рефлексия- Бес саусақ / 2-3 мин/

Бағалау: /1-2 мин/ Оқушылар менде 1 фишка бар, кімде 9 фишка бар , ал 4 фишка кім де бар, 5 фишка кімде бар ? Бұл цифрлар сіздерге не айтады? 1945ж Ұлы Отан соғысының аяқталды. Фишкалар санына байланысты оқушыларды бағалау. Және әр бөлімде оқушылар бір-бірін ынталандыру, қолпаштап отырып бағалану керек.

Үйге тапсырма: Тарау бойынша сөзжұмбақ құрастыру./ 1 мин/

Просмотр содержимого презентации
«сабак»

Тұрақты электр тогы  8-сынып 27.02.2015ж Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады

Тұрақты электр тогы 8-сынып 27.02.2015ж

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады

Танысу - аффирмация   Менің денім сау және мен бақыттымын.   Байлық менің өміріме келіп жатыр.   Күнбе-күн мен байып келемін.   Менде көп энергия бар.    Мен оқып және тез ұғып жатырмын    Менің ақылым сабырлы   Мен өз ойымды бақылай аламын   Мен махаббат пен бақыт шашамын   Мені барлығы жақсы көреді   Өзімнің жұмысым керемет.  Мен әр уақытта да табыстымын  Барлығы да күннен-күнге жақсарып келеді.  Менің керемет өмір иесі болу қолымнан келеді! Менің өмірім күннен-күнге жақсарып келеді, ал махаббатым гүлденіп келеді. Менің жанұямда Бақыт пен қуаныш орныққан. Мен махаббат пен өмір энергиясымын!

Танысу - аффирмация

 

Менің денім сау және мен бақыттымын.

  Байлық менің өміріме келіп жатыр.  

Күнбе-күн мен байып келемін.

  Менде көп энергия бар.

   Мен оқып және тез ұғып жатырмын

   Менің ақылым сабырлы

  Мен өз ойымды бақылай аламын

  Мен махаббат пен бақыт шашамын

  Мені барлығы жақсы көреді

  Өзімнің жұмысым керемет. 

Мен әр уақытта да табыстымын 

Барлығы да күннен-күнге жақсарып келеді. 

Менің керемет өмір иесі болу қолымнан келеді!

Менің өмірім күннен-күнге жақсарып келеді, ал махаббатым гүлденіп келеді.

Менің жанұямда Бақыт пен қуаныш орныққан.

Мен махаббат пен өмір энергиясымын!

Қар үйіндісі Жаттығудың сипаттамасы: Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

Қар үйіндісі

Жаттығудың сипаттамасы:

Біріншіден, оқушылар жеке жауап берулері керек. Кейін жұбы ақылдасып, олардың екі жауабын бір жауап етіп үйлестіреді. Кейін жұптар басқа жұптармен бірігіп, үдерісті қайталайды. Осылайша төрт жауап бір жауап болып біріктіріледі.

Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген ғалым? Ампер Андре Мари (1775-1836 ) Атмосфералық электрдің бақа еттеріне әсерін зерттеген ғалым? 1 Ампер неге тең? Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани Өткізгіштен 4А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 80 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?   1 Кулон 20 Ом Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда  ------------- Джоуль-Ленц заңын тұжырымда Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады.  1секунд Өткізгіштің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады, кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады

Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген ғалым?

Ампер Андре Мари (1775-1836 )

Атмосфералық электрдің бақа еттеріне әсерін зерттеген ғалым?

1 Ампер неге тең?

Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани

Өткізгіштен 4А ток күші өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 80 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?

1 Кулон

20 Ом

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда

-------------

Джоуль-Ленц заңын тұжырымда

Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады.

1секунд

Өткізгіштің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болады, кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады

Әр нәрсенің басы мен басталуын табу үшін өзіңді табуың, жан дүниеңді соған ыңғайлауың керек . Жамбыл Тәжірибе – демонстрация GLX- пен жұмыс

Әр нәрсенің басы мен басталуын табу үшін өзіңді табуың, жан дүниеңді соған ыңғайлауың керек . Жамбыл

Тәжірибе – демонстрация

GLX- пен жұмыс

Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек,  ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек.  И.Гете Постер қорғау Сыныпты екі топқа бөліп, есептер шығару, кері байланыс жасап,  есепті өздеріне тексерту. Стикерлермен диалог

Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыруың керек. И.Гете

Постер қорғау

Сыныпты екі топқа бөліп,

есептер шығару,

кері байланыс жасап,

есепті өздеріне тексерту.

Стикерлермен диалог

«Жас талап - kz» Физика 5 Химия 5 10 Биология Информатика 5 10 20 Математика 5 10 10 20 10 20 5 10 5 20 10 10 5 20 10 5 10 5 5 Білген адам білімді өмір бойы іздейді. А.Йүгінеки

«Жас талап - kz»

Физика

5

Химия

5

10

Биология

Информатика

5

10

20

Математика

5

10

10

20

10

20

5

10

5

20

10

10

5

20

10

5

10

5

5

Білген адам білімді өмір бойы іздейді. А.Йүгінеки

Спектрлік талдау Спектр түстері бойынша қорыту: Ультра күлгін - статистика Көк - тәжірибелер Жасыл – электр тогының өндіретін әрекеті Сары - заңдылықтар Қызғылт- формулалар Қызыл- зерттеген ғалымдар Инфрақызыл – қорытынды

Спектрлік талдау

Спектр түстері бойынша қорыту:

Ультра күлгін - статистика

Көк - тәжірибелер

Жасыл – электр тогының өндіретін әрекеті

Сары - заңдылықтар

Қызғылт- формулалар

Қызыл- зерттеген ғалымдар

Инфрақызыл – қорытынды

Рефлексия – бес саусақ Бағалау – формативті және жиынтық

Рефлексия – бес саусақ

Бағалау – формативті және жиынтық

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құтты болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Т?ра?ты электр тогы тарауын ?орытындылау саба?ы

Автор: Хасанова Анар Елеуш?ызы

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 207979


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства