kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныптарда та?ырыпты? мазм?нын ашу ?шін саба?тарда «Сыни т?р?ыдан ойлауды» пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарда та?ырыпты? мазм?нын ашу ?шін саба?тарда «Сыни т?р?ыдан ойлауды»  пайдалану

С.Э. Ерсултанова.

Абай ??нанбаев атында?ы № 5 мектеп-гимназияны? бастауыш сынып м??алімі

?ара?анды облысы. Абай ауданы. Абай ?аласы.

«Сыни т?р?ыдан ойлау» ?аза?станда?ы білім беруді дамыту ?шін ма?ыды болып табылатын ?азіргі е? басты педагогикалы? т?сінік.Б?л модуль о?ушыларды? да, м??алімдерді? де сыни т?р?ыдан ойлауды саналы ж?не оймен ?абылдауын к?здейді. Осы ба?дарлама бойынша айтыл?ан: ''Балалар к?ннен к?нге ?олжетімділік артып келе жат?ан ана??рлым ке? коммуникациялы??дерістерге  тиімді ж?не ойда?ыдай ?атысу?а м?мкіндік беретін сыни т?р?ыдан ойлау мен зерттеу да?дыларын дамыту керек / Wolfe ant Alexandr, 2008/ ''- пікірлерді бізде назар?а ал?анымыз ж?н деп ойлаймын.  

         Баланы? шы?армашылы?,ізденгіштік ?абілеттерін дамытуды ерте кезден  ?ол?а ал?ан ж?н. Е? негізгі шарт – бала ?рекетті? ?р т?рімен айналысуы ?ажет. Бала?а ?з к?шімен, ?з ойымен ?иынды?ты же?е отырып «жа?алы?» ашу?а жа?дай жасау бізді? е? басты міндетіміз. Ал, ма?сат?а жету о?ушыны? ?зі ар?ылы ж?зеге асады.

Іс-?рекеттегі зерттеу, ?згеріс енгізу ?дерісімен саба?тас.

      Сыныпта ?олданылатын т?жірибені жан-жа?ты ойластыру?а ?ажетті уа?ыт  к?лемін аны?тау. Кембридж университетіні? т?сіліне с?йкес к?сібилік ??ымыны? ді?гегі – зерттеу ж?ргізе білу ?абілеті, я?ни бас?алар солай болуы тиіс деп ?абылда?ан ерекше жа?дайларда  да с?ра? ?оя білу.

         Іс-?рекетке зерттеу ж?ргізуді ?зірлеу барысында?ы е? к?рделі іс – м?селені? ?ырларын ашу ма?сатында ба?дар беретін с?ра?тарды д?рыс ?оя білу ?ажеттігі [1]атап к?рсетілген.

        О?ушыларды? сыни т?р?ыдан  ойлауын дамыту ?шін - ?ркімні?  ?з  ойын  айту?а  м?мкіндік беріп, оларды?  ша?армашылы?  ?абілеттері  мен   дарындары  ашуды ма?сат етіп аламыз.

         ?зімні? педагогикалы? т?жірибеме ж?не тиісті аны?тамалы? ?дебиетке с?йене отырып, мен осы т?жірибемде  «Сыни т?р?ыдан ойлауды?»т?рлі ?дісін ?олдануды ?й?ардым. Топтар?а  б?лінген о?ушылар м?тіндегі ма?ынасы т?сініксіз с?здерді т?ртіп алады ж?не осы с?здерді? ма?ынасын ашып, т?сіндіру ?шін ізденеді. Екі не ?ш топ?а б?лінген о?ушылар белгілі бір та?ырыптар  бойынша ж?мыс істеуге міндеттеме алады ж?не осы та?ырыптар бойынша саба?тарда а?параттар жинайды. Мысалы:«Осы проблеманы шешу ?шін не істеу керек ?»  с?ра?ына жауап іздеуге ынталандыру, ?з бетінше ?рекет жасау?а м?мкіндік беру керек.Б?л с?ра?тар?а жауап табу  негізінде балаларда пікірлер біртіндеп ?алыптасады; оларды т?ра?ты ?арастыру н?тижесінде о?ушылар ?з білетіндерін орта?а салуды,топ м?ддесі ?шін ж?мыс жасау?а ?йренеді. 

Сыни т?р?ыдан ойлау – ба?ылауды?,т?жірибені?,ойлау мен тал?ылауды?  н?тижесінде алын?ан а?паратты ойлау?а,ба?алау?а,талдау?а ж?не синтездеуге ба?ыттал?ан п?ндік шешім. [3]

    Сыни т?р?ыдан ойлау ?дерісі :

·        А?парат жинау

·        Талдау мен ба?алау

·        ?орытынды жасау

·        ?айта ?арау – сатыларынан т?рады.

     Б?л ж?йеде м??алім  ?йымдастырушы, ба?ыт беруші.Ал, ж?йеде барлы? статегиялар ?ш кезе? бойынша ?олданылады :

·        ?ызы?ушылы?ты ояту

·        Ма?ынаны тани білу

·        Ой тол?аныс

?ызы?ушылы?ты ояту сатысында?ы «ой ?оз?ау» стратегиясында «Б?л туралы не білетін едік,еске т?сірейікші?» деп 2-3 минут ойландыру, баланы? б?рын?ы білетінін ой елегінен ?ткізіп,ойлана бастауына ба?ыттайды.мысалы; «??мырс?а», «Алдар», «?арлы?аш» т.б.туралы ал?аш?ы а?парат жинау.

«Ой тол?анысында» осы м?тінні? ?алай ?сер еткенін,?андай ой т?йгенін жазу?а ?йренеді.(мен ?з т?жірибемде ал?аш?ы кезде ??гіме не о?и?аны? мазм?нын жазуды ?сындым. ??гімеде сендерге не   ?сер етті? Осы ??гімеден ?андай ?лгі алу?а болады? – деген с?ра?тармен ба?ыт беріп отырдым.)

«Жигсо» ?дісінде м?тінді топ?а б?ліп о?у о?ушыларды? жауапкершіліген арттырады.?з тобына о?ы?анын айтып беру ?шін ?лсіз деген о?ушы да ?рбір с?йлемге м?н беріп о?итын болды.Б?л ?здерін бас?алармен бірдей сезініп, ?з ойын айту?а ?йретеді.

Біз білім беру азаматты? орта? м?ддесіне айнал?ан д?уірде ?мір с?рудеміз. Бізді? міндетіміз – д?ние ж?зіндегі жа?алы?тар мен дамуларды назар?а ала отырып, одан да жа?сысын, тиімдісін ?сыну.

        ?рине, дамуды? негізі –білім.

?азіргі та?да жеке адамны? жан-жа?ты дамуына ?лкен м?н беріліп отыр. Жас жеткіншекті? келешегін оны? жан?ясыны? материалды? т?рмысы емес, ?абілеті, талабы, ерік-к?ші ай?ындау керек.

Сонымен: Сын т?р?ысынан ойлау деген не? Сын т?р?ысынан ойлау – ашы? ?о?ам негізі. Ол ?з алдына с?ра?тар ?ойып ж?не ?немі олар?а жауап іздеу, ?р н?рсеге байланысты ?з пікірін айтып, оны д?лелдей алу, сонымен ?атар, бас?аларды? пікірлерін д?лірек ?арастыруды ж?не сол д?лелдемелерді? ?исынын зерттеу дегенді білдіреді. [3]

Осы ба?дарламаны? стратегияларын т?жірибе ж?зінде ?олдану барысында а??ар?аным; Е? бастысы – о?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ы артып, оларды? бір-бірімен пікір таластырып, ашы? с?йлеу, еркін с?йлеу да?дылары ?алыптаса бастады. ?здеріне сенімсіздік білдіріп, б?йы?ы отыратын о?ушылар да ?з ойларын аз да болса ж?йелеп еркін айта бастады.

Осы жоба бойынша ??рыл?ан саба?тар, т?рбиелік шаралар о?ушыларды? бір-бірімен, м??аліммен д?рыс ?арым-?атынас жасай білуін ?ажет етеді. Топта?ы ?згерістерге, о?ушыларды? ынталарына назар аудардым. Саба? беруді о?ытуды? ?дістерін т?рлендіріп отыр?ан тиімді екенін білдім.Мысалы: «топтастыру-кластер», «?лемді шарлау», «ой?оз?ау», «болжау», «бес жолды ?ле?», «венн диаграммасы», «т?ртіп алу ?дісі», «пікір-сайыс», «еркін жазу», «БББ», «ой тол?ау» т.б.

Мысалы: Ана тілі саба?ында-Сын т?р?ысынан ойлауды?  1.диалог ?дісін пайдаланып  «??мырс?аны? ?ана?аты». «Абылай хан». «?арлы?ашты? ?анаты неге айыр?» та?ырыптарын ?ткізгенімде   «Мен ертегіні жа?сы к?ремін,себебі.» та?ырыбына балалар жарысы жауап берді.Мысалы:  «Ертегіді? б?рі жа?сы ая?талады»(Ислам), «Ертегіде м?мкін емес н?рсе жо?»(Дильназ), «Фея бар»(Малика),т.б.Осыдан оларды? ынтасыны? арт?анын а??ардым.

2.Тірек-сызбаны толтыруда балалар тартысып ?з  пікірлерін  айтты.Сыныпта  ?те аз с?йлейтін бала  Динараны? ?зі «??мырс?а ?те т?ртіпті,олар бір ізбен тізбектеліп ж?реді» дегенде балалар бірден «Ия,расындада солай.»деп  ?олдау жасады. Ал, «Олар е?бекшіл,?здерінен ?лкен заттарды да к?теріп кетеді» деп айт?ан баланы? с?зі талас тудырды.К?нс?лу б?л с?зді «Олар бірлесіп к?теріп кетеді,б?л ?йымшылды?ты? белгісі» деп д?лелдеді. Саба? барысында?ы осы т?рдегі ойлану, с?ра? жауаптар балаларды? «Сыни т?р?ыдан ойлай білетіндерін а??артады.»

3.??мырс?а мен шегірткені салыстыру ?иынды? тудыр?ан жо?. ??мырс?а : е?бекшіл,т?ртіпті,илеуде жасайды,?ана?атшыл т.б. Шегіртке : жал?ау,?з ?йі жо?,?ыста ?р жерге ты?ылады – деген жауаптар берді.Салыстыру н?тижесінде Адам – ??мырс?а сия?ты ?немшіл,?ана?атшыл,шыдамды болуы керек деген ?орытынды жасады.

4.3 «Б» ?дісі бойынша кестені толтыруды балалар ал?ашында  жылдам орындай ал?ан жо?. Біра? бірнеше рет саба?тарда пайдалан?аннан кейін ме?геріп алды.

        ?аза?  тілінде «Дыбыс пен ?ріп», «Сан есімні? т?рлері», «Сын есімні? т?рлері» та?ырыптарын ?ткенімде :

      1.?йымдастыру кезе?інде балаларды топ?а ?р т?рлі ойындармен б?лдім.Осы с?ттегі балаларды? ?зін- ?зі реттеуін  ?р к?ні ба?ыладым.Олар ?р к?ні б?гін ?алай б?лінеміз деген с?ра?ты ?ою?а ?алыптасып ?алды.Мен берген ?лестірмелі ?а?аздар?а м?хият к??іл б?летін болды.

     2.Балалар о?улы?та?ы тапсырмаларды, м??алім жетекшілігімен орындады

     3.О?ушылар топ?а б?лу кезінде,шулы,?ызы?ты, к??іл- к?йлері ?те к?тері?кі болып,саба?ты белсенділікпен бастады. О?ушылар топты? ж?мыс?а,бірлікке ?мтыла бастады.

     4.Венн диограммасын толтыруда бір-біріне толы?тыру жасап,бас?а топтардан ерекшеленуге ?рекет жасады.Асемай  «Дыбыс пен ?ріптерді пайдаланып с?з бен с?йлемдер ??растырамыз» деген т?жырымдама жасап,оны орта? ??састы??а жазды.?з ойын бас?алар?а д?лелдеп айтып берді.Б?л ?рекеттен баланы? ойлай отырып, шешім ?абылдау?а ?абілеттілігін білуге болады.

?р топ ж?мыла кірісті,?рі тез болу?а асы?ты.

  І-топ м?шелері келісе алма?анды?тан уа?ытында ?лгере алмады.

  3-топта Бауыржан белсенділік танытты./Бауыржан орташа о?итын о?ушы/

  2-топты? басшысы Азатбек ?йымдастыруымен ?р бала бір тапсырманы т?сіндіріп жауап берді.Н?тижеде топты? бар м?шесі ?атысып отырды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарда та?ырыпты? мазм?нын ашу ?шін саба?тарда «Сыни т?р?ыдан ойлауды» пайдалану»

Бастауыш сыныптарда тақырыптың мазмұнын ашу үшін сабақтарда «Сыни тұрғыдан ойлауды» пайдалану


С.Э. Ерсултанова.


Абай Құнанбаев атындағы № 5 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы. Абай ауданы. Абай қаласы.


«Сыни тұрғыдан ойлау» Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңыды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Осы бағдарлама бойынша айтылған: ''Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялықүдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек / Wolfe ant Alexandr, 2008/ ''- пікірлерді бізде назарға алғанымыз жөн деп ойлаймын.

Баланың шығармашылық,ізденгіштік қабілеттерін дамытуды ерте кезден қолға алған жөн. Ең негізгі шарт – бала әрекеттің әр түрімен айналысуы қажет. Балаға өз күшімен, өз ойымен қиындықты жеңе отырып «жаңалық» ашуға жағдай жасау біздің ең басты міндетіміз. Ал, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады.

Іс-әрекеттегі зерттеу, өзгеріс енгізу үдерісімен сабақтас.

Сыныпта қолданылатын тәжірибені жан-жақты ойластыруға қажетті уақыт көлемін анықтау. Кембридж университетінің тәсіліне сәйкес кәсібилік ұғымының діңгегі – зерттеу жүргізе білу қабілеті, яғни басқалар солай болуы тиіс деп қабылдаған ерекше жағдайларда да сұрақ қоя білу.

Іс-әрекетке зерттеу жүргізуді әзірлеу барысындағы ең күрделі іс – мәселенің қырларын ашу мақсатында бағдар беретін сұрақтарды дұрыс қоя білу қажеттігі [1]атап көрсетілген.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін - әркімнің өз ойын айтуға мүмкіндік беріп, олардың шағармашылық қабілеттері мен дарындары ашуды мақсат етіп аламыз.

Өзімнің педагогикалық тәжірибеме және тиісті анықтамалық әдебиетке сүйене отырып, мен осы тәжірибемде «Сыни тұрғыдан ойлаудың»түрлі әдісін қолдануды ұйғардым. Топтарға бөлінген оқушылар мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді түртіп алады және осы сөздердің мағынасын ашып, түсіндіру үшін ізденеді. Екі не үш топқа бөлінген оқушылар белгілі бір тақырыптар бойынша жұмыс істеуге міндеттеме алады және осы тақырыптар бойынша сабақтарда ақпараттар жинайды. Мысалы:«Осы проблеманы шешу үшін не істеу керек ?» сұрағына жауап іздеуге ынталандыру, өз бетінше әрекет жасауға мүмкіндік беру керек.Бұл сұрақтарға жауап табу негізінде балаларда пікірлер біртіндеп қалыптасады; оларды тұрақты қарастыру нәтижесінде оқушылар өз білетіндерін ортаға салуды,топ мүддесі үшін жұмыс жасауға үйренеді.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың,тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға,бағалауға,талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. [3]

Сыни тұрғыдан ойлау үдерісі :

  • Ақпарат жинау

  • Талдау мен бағалау

  • Қорытынды жасау

  • Қайта қарау – сатыларынан тұрады.

Бұл жүйеде мұғалім ұйымдастырушы, бағыт беруші.Ал, жүйеде барлық статегиялар үш кезең бойынша қолданылады :

  • Қызығушылықты ояту

  • Мағынаны тани білу

  • Ой толғаныс

Қызығушылықты ояту сатысындағы «ой қозғау» стратегиясында «Бұл туралы не білетін едік,еске түсірейікші?» деп 2-3 минут ойландыру, баланың бұрынғы білетінін ой елегінен өткізіп,ойлана бастауына бағыттайды.мысалы; «Құмырсқа», «Алдар», «Қарлығаш» т.б.туралы алғашқы ақпарат жинау.

«Ой толғанысында» осы мәтіннің қалай әсер еткенін,қандай ой түйгенін жазуға үйренеді.(мен өз тәжірибемде алғашқы кезде әңгіме не оқиғаның мазмұнын жазуды ұсындым. Әңгімеде сендерге не әсер етті? Осы әңгімеден қандай үлгі алуға болады? – деген сұрақтармен бағыт беріп отырдым.)

«Жигсо» әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершіліген арттырады.Өз тобына оқығанын айтып беру үшін әлсіз деген оқушы да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды.Бұл өздерін басқалармен бірдей сезініп, өз ойын айтуға үйретеді.

Біз білім беру азаматтың ортақ мүддесіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – дүние жүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну.

Әрине, дамудың негізі –білім.

Қазіргі таңда жеке адамның жан-жақты дамуына үлкен мән беріліп отыр. Жас жеткіншектің келешегін оның жанұясының материалдық тұрмысы емес, қабілеті, талабы, ерік-күші айқындау керек.

Сонымен: Сын тұрғысынан ойлау деген не? Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр нәрсеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар, басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. [3]

Осы бағдарламаның стратегияларын тәжірибе жүзінде қолдану барысында аңғарғаным; Ең бастысы – оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып, ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айта бастады.

Осы жоба бойынша құрылған сабақтар, тәрбиелік шаралар оқушылардың бір-бірімен, мұғаліммен дұрыс қарым-қатынас жасай білуін қажет етеді. Топтағы өзгерістерге, оқушылардың ынталарына назар аудардым. Сабақ беруді оқытудың әдістерін түрлендіріп отырған тиімді екенін білдім.Мысалы: «топтастыру-кластер», «әлемді шарлау», «ойқозғау», «болжау», «бес жолды өлең», «венн диаграммасы», «түртіп алу әдісі», «пікір-сайыс», «еркін жазу», «БББ», «ой толғау» т.б.

Мысалы: Ана тілі сабағында-Сын тұрғысынан ойлаудың 1.диалог әдісін пайдаланып «Құмырсқаның қанағаты». «Абылай хан». «Қарлығаштың қанаты неге айыр?» тақырыптарын өткізгенімде «Мен ертегіні жақсы көремін,себебі...» тақырыбына балалар жарысы жауап берді.Мысалы: «Ертегідің бәрі жақсы аяқталады»(Ислам), «Ертегіде мүмкін емес нәрсе жоқ»(Дильназ), «Фея бар»(Малика),т.б.Осыдан олардың ынтасының артқанын аңғардым......

2.Тірек-сызбаны толтыруда балалар тартысып өз пікірлерін айтты.Сыныпта өте аз сөйлейтін бала Динараның өзі «Құмырсқа өте тәртіпті,олар бір ізбен тізбектеліп жүреді» дегенде балалар бірден «Ия,расындада солай...»деп қолдау жасады. Ал, «Олар еңбекшіл,өздерінен үлкен заттарды да көтеріп кетеді» деп айтқан баланың сөзі талас тудырды.Күнсұлу бұл сөзді «Олар бірлесіп көтеріп кетеді,бұл ұйымшылдықтың белгісі» деп дәлелдеді. Сабақ барысындағы осы түрдегі ойлану, сұрақ жауаптар балалардың «Сыни тұрғыдан ойлай білетіндерін аңғартады.»

3.Құмырсқа мен шегірткені салыстыру қиындық тудырған жоқ. Құмырсқа : еңбекшіл,тәртіпті,илеуде жасайды,қанағатшыл т.б. Шегіртке : жалқау,өз үйі жоқ,қыста әр жерге тығылады – деген жауаптар берді.Салыстыру нәтижесінде Адам – құмырсқа сияқты үнемшіл,қанағатшыл,шыдамды болуы керек деген қорытынды жасады.

4.3 «Б» әдісі бойынша кестені толтыруды балалар алғашында жылдам орындай алған жоқ. Бірақ бірнеше рет сабақтарда пайдаланғаннан кейін меңгеріп алды.

Қазақ тілінде «Дыбыс пен әріп», «Сан есімнің түрлері», «Сын есімнің түрлері» тақырыптарын өткенімде :

1.Ұйымдастыру кезеңінде балаларды топқа әр түрлі ойындармен бөлдім.Осы сәттегі балалардың өзін- өзі реттеуін әр күні бақыладым.Олар әр күні бүгін қалай бөлінеміз деген сұрақты қоюға қалыптасып қалды.Мен берген үлестірмелі қағаздарға мұхият көңіл бөлетін болды.

2.Балалар оқулықтағы тапсырмаларды, мұғалім жетекшілігімен орындады

3.Оқушылар топқа бөлу кезінде,шулы,қызықты, көңіл- күйлері өте көтеріңкі болып,сабақты белсенділікпен бастады. Оқушылар топтық жұмысқа,бірлікке ұмтыла бастады.

4.Венн диограммасын толтыруда бір-біріне толықтыру жасап,басқа топтардан ерекшеленуге әрекет жасады.Асемай «Дыбыс пен әріптерді пайдаланып сөз бен сөйлемдер құрастырамыз» деген тұжырымдама жасап,оны ортақ ұқсастыққа жазды.Өз ойын басқаларға дәлелдеп айтып берді.Бұл әрекеттен баланың ойлай отырып, шешім қабылдауға қабілеттілігін білуге болады.

Әр топ жұмыла кірісті,әрі тез болуға асықты.

І-топ мүшелері келісе алмағандықтан уақытында үлгере алмады.

3-топта Бауыржан белсенділік танытты./Бауыржан орташа оқитын оқушы/

2-топтың басшысы Азатбек ұйымдастыруымен әр бала бір тапсырманы түсіндіріп жауап берді.Нәтижеде топтың бар мүшесі қатысып отырды.

Әр топтан бір спикер шығып өз топтарының пікірін жеткізді.

5.«Бармақпен бағалау» сәтінде тек Қайрат үнсіз отырда «Сен қалай ойлайсың?» сұрағына дұрыс түсінбедім деп жауап берді. Ал, қалған балалар үшін өте көңілді болды.

2) Оқушылар:

Сабақ аяқталған соң мұғаліммен сабақтан алған әсері туралы еркін әңгіме.Балалар алғашында жақсы, жаман деген сөзбен шектелді.Бірнеше сабақтан кейін өз әсерімен бірге, ой пікір айтатын болды.

Сынып жұмысынан кейін сұрақ жауап:

Сіз қандай қиындықтарға кездестіңіз?

Сізге үдерістер ұнады ма ? (бәрібір, іш пыстырады, қызықты, т.б.)

Осы үрдіспен сабақ өту жөнінде Сіз не айтасыз?

Ал сабақ барысында: Мысалы: топтық жұмыс кезінде;

Әр топқа сұрақ беру арқылы,жаңа ой қозғай отырып ізденуге жетелеймін.

Нәтижеде әр топ бір – біріне оқыған мәтіні бойынша сұрақтар қою арқылы әңгімелеуді үйренеді. Алғашында балалар сұрақ беруде ойланып қалды, кейін жауап бергенде бір – бірін толықтырып, сөз қосып отырды.Бұл олардың өз топтары үшін жанкүйер болғандығын аңғартады.

Ой қорыту: Мысалы: «Алдардың айласы» тақырыбында диалог әдісін пайдаланып пысықтау.

  • Бұл оқиға қай кезде болыпты?

  • Қасқыр хан қандай адам екен?

  • Қасқыр хан Алдармен неге кездескісі келді?

Олардың әңгімесі не жайлы болды? т.б.

Сабақты диалог әдісімен қорытындылау тиімді болды . Себебі балалар жауап беруге белсенділікпен араласты.

Ал, сабақ туралы пікір жазуға ешкім де алдыңғыдай ойланып отырған жоқ.Тез жазып шықты.Бұл жетістіктің бірі дегім келеді.

3) Талапшыл әріптес:

Осы үрдісті жетілдіру жөнінде Сіз не айтасыз? Сұрағы арқылы өз пікірлерін айтып, «үздіксіз сабақ үрдісіне енгізу арқылы жақсы нәтиже алуға болады» деген ұсыныс берді.

Бағалау: сәтінде формацивті түрде оқушылар өздері жасады

Мұғалім толықтыра отырып өз жиынтық бағасын қойды. Баға балалармен сұрақ-жауап түрінде талқыланып барып қойылды. Формативтік бағалау: Нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау - формативтік бағалау- деп аталады. Формативтік және жиынтық [жиынтықтайтын] мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бір мәнге ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. [1]

Қарсы пікір:Әріптестердің біреуі бағаны баламен талқылаудың талас тудыратынын және балалар бір- бірімен келісімге келмесе немесе бір- бірін ұнатпай қалып кері әсерін тигізуі мүмкін деген қарсылық айтты.

Көңіл бөлу керек : Оқушылардың өз ара тартысының туындау себептерін алдын ала ойлап көру керек сияқты.

Сабақты диалог әдісімен өткізу тиімді болды . Себебі балалар жауап беруге белсенділікпен араласты.Өз пікірлерін кезекпен айтуға дағдыланды және сабақты түсіну үшін барлық баланың айтқан ақпараты пайдалы екенін түсініп, мұхият тыңдауға ықыластанды.

Сын тұрғысынан сауатты адам бүкіл қауым жұмысына белсенді түрде араласа алады [2] деген пікірге сүйене отырып,балаларды болашақта қоғамға пайдалы тұлға етіп тәрбиелеудің маңыздылығын ұмытпаған жөн.

Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді,өзіндік пікірге ие,мағынаны талдау қабілеті жетілген,ашық идеялы,өз сөзі мен ісін дәлелдей алатын оқушылар.

Қорыта келе қысқаша айтсам; Бүкіл бір халықтың ұстазы Абай өзінің қара сөздерінде (43 сөз) бала өмірге келгендегі қабілеттерін әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын, ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

Ал,оқушылар бойындағы осы көзге көрінбейтін қабілеттерін ашу, одан әрі дамыту біз мұғалімдердің үлесіне тиген міндет деп білемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педогогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы» Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Үшінші [негізгі] деңгей. 2012 ж.

2.Ж.Ш.Адамова, Д.А.Сүртібаева. «12 жылдық мектептегі бастауыш білімнің құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктері» Мануал курсов повышения квалификации. Карагандинского ИПК. 2007 г.

3.С. Мирсеитова. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» Қарағанды 2011.

Бастауыш сыныптарда тақырып мазмұнын ашу үшін сабақтарда «Сыни тұрғыдан ойлауды» пайдалану

2-қосымша

Тірек-сызбаны толтыруда балалар тартысып өз пікірлерін айтты Формативтік бағалау: Нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау - формативтік бағалау- деп аталады.

«Венн диограммасын» толтыру сәтіндегі оқушылардың іс әрекеті. Олар өте ұйымшыл болды.

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу және топтардың арасында жүріп жұмыс жасау, дәстүрлі сабақтарда отырып жұмыс жасағанмен салыстырған да әлдеқайда жеңіл екендігін аңғардым.

«Серіктесімен әңгімелесу» әдісі балаларға топтық және жұптық жұмыс жасауда белгілі ережелерді сақтаудың қажеттігін үйретті.



«Тірек сызба» сызуда алғашқы ақпарат жинауда ең төмен оқитын оқушылар да өз пікірін айтуға талпынады. Мысалы: «Қайрат» сыныптағы ең төмен оқитын әрі қиын, көпшілікке араласпайтын оқушы. Ол осы тәсілдермен өткен сабақтарымда белсенділігі мен ынтасы артты.

ҚАЙРАТ





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ерсултанова Сауле Аскербековна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327178


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства