kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

                                                  9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

                                                  9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

                                                  9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

                                                  9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

                                                  9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

                                                  9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

                                                  9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Ғылыми жобаның тақырыбы:  «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

                                                  9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың  негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



« орта мектебі» К.М.М.





Ғылыми жобаның тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Ғылыми жобаның авторы:

9 – сынып оқушысы

Ғылыми жобаның бағыты: Табиғи сау орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізгі орындау уақыты.

Секция: Биология

Ғылыми жобаның жетекшісі:

Ғылыми жобаның кеңесшіллер:

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университетінің биология

кафедрасының доценті, биология

ғылымдарының кандидаты және

кафедраның аға оқытушысы ,

биология магистрі













Мазмұны

Аннотация------------------------------------------------------------------------------1

Ғылыми жобаның өзектілігі, мақсаты, міндеті--------------------------2 - 3

Кіріспе-----------------------------------------------------------------------------





I тарау. Ғылыми әдебиеттерге шолу

1.1 Бөлме өсімдіктерінің маңызы-------------------------------------------4 - 9

1.2 Өсіру ерекшеліктері -----------------------------------------------------10 - 13



II тарау. Зерттеу бөлімі

2.1 Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері ,фитотерапия туралы -14 - 15

2.2 Каланхоэ өсімдігіне жалпы сипаттама және емдік қасиеті-----16 - 18

2.3Алоэ өсімдігіне жалпы сипаттама және емдік қасиеті------------19 - 23

2.4 Қазтамақ өсімдігіне жалпы сипаттама және емдік қасиеті-----24 - 26

Қорытынды ----------------------------------------------------------------------------27



Пайдаланған әдебиеттер тізімі ---------------------------------------------------28

Қосымша--------------------------------------------------------------------------------29













Ғылыми жобаның өзектілігі:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жасыл ел» саясатына байланысты бөлме өсімдіктерін өсіре отырып, халық денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын ұстану. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосу.









































2



Ғылыми жобаның мақсаты:

Бөлме өсімдіктерінің шипалақ сырын анықтай отырып, оларды профилактикалық дәрі ретінде іс жүзінде қолдану.



Ғылыми жобаның міндеттері:

1.Бөлме өсімдіктеріне жалпы сипаттама беру

2.Бөлме өсімдіктерін өсірудің биологиялық ерекшеліктері

3.Бөлме өсімдіктерінің шипалық сырын анықтап, ем ретінде қолдану .

4.Бөлме өсімдіктерін өсіру арқылы табиғатқа сүйіспеншілікпен, құрметпен қарау.





























3

Кіріспе

1.1 Бөлме өсімдіктерің маңызы.

Көптеген адамдар бөлме өсімдігін , тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайында жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «Өсімдіктердің адамнан өзгешелігі жоқ, олар да адамдар сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар оларда есту қабілеті мен дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырым жасап отыр.Әрине,біз үшін үлкен жаналық.Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «Өсімдіктерде көздің орнына ақуыздар бар,оларға кез-келген электр күштері әсер етеді,ал тамырында дән ферменттері анықталған,өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қорректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір – бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген , сондықтан гүлдеріңізбен сөйлессеңіз болады. Нәтижесінде сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз. Өсімдіктер музыканы да жақсы қабылдайды. Тіпті әр өсімдіктің өзінің музыкалық қалауы бар екен. Мысалы, цикламендер – джазды, мимоза мен сүмбілшаштар – Чайковскийдың шығармашылығын , флокс пен табак Вагнердың операсын ұнатады. Міне, қызық деп осыны айтуға болады. Өсімдіктер де қобалжуға бейім, адам мен өсімдіктің арасында көрінбейтін, белгісіз бір байланыс орнатылады. Сондықтан болар адамның көңіл – күйі жоқ кезде өсімдіктердің арасында жүрсе, жақсарып қалады. Адам ауырып қалғанда, сүйікті гүлінің де нашар болып кететіндігі немесе мүлдем өліп қалатындығы бір емес, бірнеше рет дәлелденген құбылыс. Міне осыдан барып, адам жаны мен өсімдіктердің байланысын бақылауға болады. Өсімдіктердің «миы» тамырында орналасқан, ол жүректің сіңірі сияқты жұмылып, ашылып тұрады деген дәлел бар».

Бөлме өсімдіктері де қолдан өсіріліп, мәдени түрге айналған. Олар тек сәндік мақсатта емес, өте қажетті қызмет атқару үшін де бөлмеде өсіріледі. Алоэ, кактус, бегония, бальзамин, қазтамақ, қытайлық раушан және т.б. өсімдіктер кабинеттерде көбірек өсіріледі. Бұлардың ішінде бальзамин, қазтамақ,қытайлық раушан әдемі гүлдерімен бөлмеге сән береді. Дәрілік мақсатта көбірек қолданылатын түрлері де бар.

4

Олай болса , әрбір жұлдызды белгілеріне сәйкес келетін гүлдерді қарастырайық.

Тоқты.

Осы белгінің өкілдері Марс планетасын басқарады. Олар әрдайым елдің назарында болуды ұнатады. Сондықтан тоқты жұлдызына туғандардың барлығы денелі келеді. Тоқты оттың белгісі. Осыған байланысарлық сезімін оятады. Олардың гүлдері тікенекті , қызыл , күлгін түсті болады. Тоқтының гүлдері кез келген белгідегі адамға шыдамдылық , сенімділік пен қайсарлық сезімін ұялатады. Егер аталған қасиеттерге ие болғыңыз келсе, осы гүлдерді өсіріңіз. Сонымен тоқты белгісіндегілердің гүлдері келесілер: азалия , қазтамақ, бегония, анар , гусмания, сүттіген , эхмея, колерия, хавортия. Егер сіз жиі ауыра берсеңіз , кірпігүл өсіргеніңіз абзал. Кірпігүлдер тоқтылардың иммунитетін көтеретін қасиетке бай. Тоқтылардың гүлдерін жаңадан кесіп бастап жатқандар үшін өсірген жағымды болады.

Торпақ.

Торпақ тұрақты және шыдамды, жердің белгісі. Әр нәрсеге өте ұқыпты.Торпақтардың гүлдерін үнемдеуді білмейтін адамдарға өсіру керек. Торпақтардың үнемділік қасиеттеріне байланысты, гүлдеріде аласа бойлы болып келеді. Олар әдемі гүлдейтін бегония, бертолония, глоксиния, дюшенея, қалыңқой, нертера, пеперомия, наурызгүл, синингия, цикламен, эписция, шегіргүл. Бұл гүлдердің барлығы мықты және әдемі гүлдермен баурайды. Торпақтардың гүлдері адамға күш – қуат беруге және әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Шаян.

Шаяндар судың белгісі. Сол себепті шаяндарға сәйкес гүлдердің жапырақтары мен сабақтары етті,шырынды болады. Шаяндардың гүлдері : агава , шабдаргүл, алоэ, айр, диффенбахия, қамыс, түбіртек, пахифитум, сырғагүл, хойя, эхеверия, хавортия. Осы гүлдер жанұяның берекесін сақтап тұрады. Олар туысқандар арасындағы татулық кепілі, достықтың бұзылмас қамалы десе артық емес. Үй тұрғындарының арасындағы түсініспеушілікті жояды. Аталған гүлдерді басқа белгідегі адамдар да өсіре берсе болады. Адам бойындағы жомарттық, сезімталдық қызметін оятады. Оларды әсіресе үлкен мерекелерде, кеңселерде өсірген жақсы. Сонда әріптестердің қарым қатынастары әрдайым жақсы қалыпта болады.

5

Гүлдер ауаны тазартып, жасыл жапырақтарымен адам көзіне жақсы әсер етеді. Шаршағандықты басатыны да белгілі. Гүлдерге сыртынан өтіп бара жатқан жолаушылар да өз ризашылықтарын білдіртіп жатады. Мен халыққа осындай қуаныш сыйлап отырған гүлдеріме қуанамын. Гүл деген өмірдің ажары ғой. Олар тек жақсылық береді. Сондықтан барлық мекемелерде гүлдер көп болса екен деген арманым бар.

Ғалымдардың зерттеуінше ашуланған немесе қатты қорыққан адамдарға дәрігерлер жапырағы әдемі өсімдіктердің арасында демалуға кеңес береді екен. Олар: шапангүл, роджерсия, қырыққұлақ, функия немесе табиғи әдемі шөптер. Ғалым айтса , бекер айтпайды. Сондықтан аулаңызға тек сәндік үшін емес, емдік үшін де көптеген әдемі жақтары бар.

Негізінен көптеген ағаштар да, мысалы, терек, көктерек, мойылдар адамға операциядан кейін, радикулит және онкологиялық аурулар кезінде жағымды әсерін тигізеді. Емен, қарағай, қайың ағаштары адамға күш қуат береді. Сондықтан 3 – 4 минут осы ағаштардың жанында тұру керек, тіпті құшақтап алса да болады екен.

Бөлме ішіндегі атмосфераны жақсарту үшін кейбір өсімдіктердің эфир майын қолдануға болады. Эфир майы адамның ағзасына еніп, оның физикалық әсерін жақсартып , түрлі бактерияларға қорған болады. Сонымен қатар , қан құрамында лейкоциттердің көбеюіне әсер етеді. Қазтамақтар бүйрекке түскен салмақты жеңілдтіп, адамға тыныштық күйін бере алады. Өсімдік арқылы адам табиғаттан ала алмаған әсерін толтырады. Сондықтан экологтар кеңсеге, үйге міндетті түрде гүл өсіруге кеңес береді. Себебі, өзінен ауадағы зиянды микробтарды жоятын фитонциттер бөледі. Яғни, өсімдік өскен бөлмеде ауа үздіксіз тазартылып отырады.

Ғалымдар зерттеу жүргізіп , амарилис, агапантус, гиппеаструм, зифферантес гүлдерінің фитонцидтері, сарымсақтың фитонцидтеріне қарағанда, микроптарды тез өлтіргендігі дәлелденді. Бөлмеде хлорафитум, мирт, шабдаргүл, аспарақұс өсімдіктерін өсірген пайдалы, олар ауадағы ауыр металдарды сіңіріп алады. Ауадағы ылғалдылық айналымын үлкен жапырақтар атқара алады. Олардың қатарына диффенбахия, филодендрон, антириум, монстера, пілқұлағы, каучукты фикус гүлдері жатады. Тазарту процесінде өсімдік жапырағы негізгі қызмет атқарады.

6

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп – оңай тыныс алуға болатынын байқайсыз. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса , cіздің көңіл – күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Адамның көңіл – күйіне байланысты өсіліп , жетіледі. Егер үй ішінде ұрыс – керіс , жанжал , келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса , олар да өздігінен солып , сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ , домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс , ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтың тікенек, тік (мысалы, кактус, алоэ) болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс -керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса , кез - келген дәріханада алоэны сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн.

Гүлдер ауаны тазартып, жасыл жапырақтарымен адам көзіне жақсы әсер етеді. Шаршағандықты басатыны да белгілі. Гүлдерге сыртынан өтіп бара жатқан жолаушылар да өз ризашылықтарын білдіртіп жатады. Мен халыққа осындай қуаныш сыйлап отырған гүлдеріме қуанамын. Гүл деген өмірдің ажары ғой. Олар тек жақсылық береді. Сондықтан барлық мекемелерде гүлдер көп болса екен деген арманым бар.

Ғалымдардың зерттеуінше ашуланған немесе қатты қорыққан адамдарға дәрігерлер жапырағы әдемі өсімдіктердің арасында демалуға кеңес береді екен. Олар: шапангүл, роджерсия, қырыққұлақ, функия немесе табиғи әдемі шөптер. Ғалым айтса , бекер айтпайды. Сондықтан аулаңызға тек сәндік үшін емес, емдік үшін де көптеген әдемі жақтары бар.

Өсімдіктердің табиғатпен биологиялық байланысы
Ғылыми қорытындыларға арқа сүйесек, өсімдіктер өмірінде уақыт пен биологиялық жиілікке бағынатын таңғажайып заңдылық бар. Мысалы, таңғы сағат үште «ешкісақал» дейтін гүл бүр жарып ашылады, түн жарымында «түн патшасы» деп аталатын кәдімгі кактус қауызын қайта жабады. Өсімдіктердің осындай қасиеті барын XVIII ғасырда француз астрономы Мэран байқап, зерттеген.

Ол жердің өз осінен айналуына бақылау жүргізген кезінде кейбір өсімдіктердің бір тәуліктің ішінде біресе жапырақ пен гүл жарып, біресе қауызын қайта жауып отырғанын, оның уақыттың белгілі бір мерзіміне дәлме-дәл келетінін

7

анықтаған. Ғалымдар бұл күннің сәулесіне қатысты шығар деп ойлап, әлгі өсімдіктерді жарық түспейтін қараңғы бөлмеге қойып, бақылағанында олардың бір мезгілде жапырақ пен гүл жарып, бір мезгілде қауызын қайта жабатынының куәсі болған. Содан олар «өсімдіктерде сыртқы ортаға байланыссыз уақытты өлшегіш жүйе бар» деген қорытынды жасаған.
Өсімдіктерде де сезім бар...

Ғылыми басылымдардағы зерттеулер бойынша ой қорытсақ, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаң, ол да саған солай жауап береді екен. Егерде саған біреу гүлді құмырасымен сыйға тартса, сен ол адамға әлгі гүл үшін аз болса да ақы төлеуге тиіссің. Себебі, құмырадағы гүл оған «мені бағалады»- деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсетін көрінеді. Ал, үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады. Яғни, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмайсың. Мұны жазып отырғандар өсімдік өсіруші ғалымдар, мамандар болған соң сенбей көр.
Сезімтал өсімдіктер туралы аңызға ұқсас мамандардың ғылыми қорытындылары көп. Солардың кейбіріне тоқталсақ: кактустар адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді. Кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді... Ал бұл зат адамды ішімдікке итермелейді. Осындай сөз айтамын деп кактустың улы заттарын ағзасына сіңіріп, адамдардың ішімдікке әуестеніп кететін кездері болатынын ғалымдар тәжірибе жүзінде талай рет анықтапты да. Ғалымдар емес, қарапайым танысың айтса, сенбейтін оқиға.
Өсімдіктерге қатысты қызық көп. Кейбір өсімдіктердің қожайынын басқа бір адамнан қызғанатыны да белгілі болып отыр. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасын зерттеген ғой. Ағылшын физиологы А. Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған.

Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Бойына бала біткенінде итжерік болып, дәрігерлердің сан алуан ем қолданғанына қарамастан түсік тастайды. Осы кезде әлгі ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түсіп, әйелінің ауруға шалдыққанын содан көріп, оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Сол күннен бастап әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, оны аман-сау өмірге әкеледі.
Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспалы заттарды

8

бөле берген, тек ол Мейсонға зиянын тигізбеген. Әрине, өсімдіктердің бәрі зиянды емес. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын

жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Гүлді әркімнің өз қолымен егіп, күтіп-баптап өз үйіне өзінің орналастырғаны дұрыс, дейді мамандар. Гүлді сәбиіңді баққандай күтсең, ол өскен соң денсаулығыңа, отбасыңа оң әсерін тигізеді. Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң, көңіл күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласың. Бала кезімізде ауылдың бір абыз қариясы: «Ағаш, гүлдің де жаны бар. Оларды тектен-текке сындырып, жұлып, обалына қалмаңдар»,- дейтін еді, мүмкін, шын шығар. Әйтеуір, табиғаттың жамандықты да, жақсылықты да сезіп, біліп, соған сай жауап қайтаратынын көріп те, естіп те жүрміз.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі египеттіктер де алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.
Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар. Біз енді соған тоқталсақ.









9

1.2 Өсіру ерекшеліктері.

Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар. Біз енді соған тоқталсақ.

Өсімдіктерді дұрыс орналастыру 
Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді , ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор. Негізінен, көп үйде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, журнал, жазу столдарына бекітілетін ағаш, пластмасса жәшікшелерде отырғызу әдістері қолданылады. Өсімдіктерді шоғырлап отырғызудың көп орын алмайтынын білетіндер сол тәсілді де пайдаланып жүр. Өсімдіктерді шоғырлап отырғызғанда есте болатын жағдай, ондағы гүлдер түсінің әртүрлі болуын қамтамасыз ету. Кейбір үй иелерінің бөлмелер мен дәліз, залда ірі өсімдіктерді отырғызатын әдеті бар. Олар: пальма, монстерлер, фикус, драцендер. Бұл ірі өсімдіктерді тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге, арнайы ыдыстарға отырғызған жөн. Ампель (аспалы) өсімдіктер сөрелерде, қабырғаларда сәнді болып көзге түседі. Өсімдіктерді орналастыруда мұны ұмытпау қажет. Көшет отырғызу үшін дұрысы жас өсімдіктерді сатып алған. Және де өсімідіктерді өз ұрығынан, сабағынан өсірсе, олар тез өсіп-өнеді, жағдайға тез бейімделеді.
Бөлме өсімдігі кактустың жапырақтары түгелдей тікенекке айналған. Бұл оның қоршаған орта жағдайына бейімделу айғағы. Лимон, апельсин, мандарин, пальма, қырықжапырақтарды (папоротник) бөлмеде өсіруге болады. Демек бөлме өсімдіктерінің ішінде шөптекті, бұта, шала бұта қалпында өсетін өсімдік түрлері бар. Бөлме өсімдіктері негізінен алғанда жас өркендерінен (қаламша) көбірек көбейтіледі.

Қаламша - өсімдіктен бөліп алатын биіктігі 8-10 см шамасындағы жас өркен. Дәрілік өсімдік алоэ да қаламша арқылы өсіріледі.

Қыркүйек айынан бастап үй гүлдерінің көптеген түрлері көктемге дейін уақытша демалысқа кетеді. Атап айтар болсақ бұл топқа : қазтамақ , жүсіптің сұлулығы , қынагүл , кірпігүлдер т.б. тұқымдастар жатады. Уақытша демалыс дегеніміз жапырағын түсіріп гүлдердің уақытша өсуін тоқтатуы. Өсімдік өсу

10

процесі тоқтағаннан кейін өңі кетіп , әлсіздене түседі. Көптеген гүл өсірушілер оларды ауырып тұр деп дәрілеп , ерекшe күтім жасайды және қорректендіреді.

Бұл дұрыс емес, ауладағы ағаштар күз кезінде жапырақ түсіріп көктемге дейін жалаңаш қалпында болса үй гүлдерінің де ішінде сондай гүлдердің де бар екенін ескеріңіз. Сондықтан оларды күн суытқан сәттен бастап , жапырағы мен сабағын қысқартып , күн аз түсетін , сәл салқындау жерге қояды. Осы аралықта оларды қорректендіру , көп суаруға болмайды. 2 - 3 ай қалыптықты бастан өткерген гүлдерді қаңтар айынан бастап қайта күтімге алады. Уақытша демалыстан соң гүлдер ерекше күш жинап бұтақтар мен жапырақтарды молынан шығарады. Тіпті ұзақ жыл бойы гүлдемеген үй гүлдері үшін де уақытша демалыстың пайдасы бар. Уақытша демалыстан соң кез келген өсімдік гүл жаратынын ұмытпаңыз.

Өсімдіктерді дұрыс орналастыру 
Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олар өсіп тұрған ыдыстарды тиімді , ыңғайлы әрі сәнді етіп орналастырудың маңызы зор. Негізінен, көп үйде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, журнал, жазу столдарына бекітілетін ағаш, пластмасса жәшікшелерде отырғызу әдістері қолданылады. Өсімдіктерді шоғырлап отырғызудың көп орын алмайтынын білетіндер сол тәсілді де пайдаланып жүр. Өсімдіктерді шоғырлап отырғызғанда есте болатын жағдай, ондағы гүлдер түсінің әртүрлі болуын қамтамасыз ету. Кейбір үй иелерінің бөлмелер мен дәліз, залда ірі өсімдіктерді отырғызатын әдеті бар. Олар: пальма, монстерлер, фикус, драцендер. Бұл ірі өсімдіктерді тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге, арнайы ыдыстарға отырғызған жөн. Ампель (аспалы) өсімдіктер сөрелерде, қабырғаларда сәнді болып көзге түседі. Өсімдіктерді орналастыруда мұны ұмытпау қажет. Көшет отырғызу үшін дұрысы жас өсімдіктерді сатып алған. Және де өсімідіктерді өз ұрығынан, сабағынан өсірсе, олар тез өсіп-өнеді, жағдайға тез бейімделеді.

Үй өсімдіктеріне топырақ таңдау

Өсімдіктердің қай-қайсы да өзінің өсіп, өнуіне қолайлы топырақтарды қажетсінеді. Сол себепті барлық үй өсімдіктеріне біркелкі топырақты пайдаланбайды. Үй өсімдіктеріне қажетті топырақтар: қорда, қарашірік, шым тезек, шым және құм араласқан топырақ, сазды топырақ, көң.
Қорда топырағы. Оны өсімдіктердің қалдығынан (шөптен, қурап түскен жапырақтардан, т.б.) дайындайды. Оларды бір жерге үйеді де (не шұңқырға

11

салады) үстіне жуынды, сабынды су, көң бөкпесін құяды. Тез шіруі үшін

күрекпен әлсін-әлсін араластырып тұрады. 2-3 жылдан соң бұл қорданы гүл өсіруге пайдалана береді.

Жапырақ араласқан топырақ. Оны еменнен басқа ағаштардың қурап түсіп, шіріген жапырақтарынан әзірлейді. Ол үшін көктемде әлгіндей жапырақтарды бір жерге жинап үйеді, жазда оны 2-3 рет күрекпен қопарыстырып қояды. 2-3 жылдан соң бұл топырақ пайдалануға жарамды болады.

Шымтезек топырағы. Оны дайындау үшін ми батпақты, саз қоқысты жер-лердің шіріген шым тезегі қажет. Мұндай топырақтың бойындағы зиянды қышқылын кетіру үшін бір жерге үйіп, 1-2 жыл ашық жерде кептіріп алады. Жылыжай қарашірік топырағы. Мұндай топырақты жылы қорада жатып, 2 жылдай жақсы шіріген көңнен дайындайды. Саздық топырақ. Оны даладағы шабындық жерлердің сазды жерінен алады, қыс түсерде бір жерге жинап үйеді, көктемде қопарыстырып араластырып, кептіреді.
Шым топырақ. Жазда, ерте кезде ойылған шымды (ені 10-15 см, ұзындығы 30-35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігі 1 метр етіп жайып қояды. Бір жылдан соң ол шіриді, сосын оны пайдаланады. Өсімдіктерді суару 
Үй өсімдіктеріне суды көп құйған дұрыс емес. Ол өсімдіктердің тамырын шірітіп жібереді. Өсімдіктерге құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болғаны жөн. Үй өсімдіктерін суаруға өзен, жаңбыр, қар, тоған, ол болмаса құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын алдын-ала ыдысқа құйып, тұндырып, хлорынан тазартып алып барып үй өсімдіктеріне құяды. Өсімдікке су құйғанда ыдыстағы барлық топырақ жібіп, оның түбінен су ағуға тиіс. Өсімдік жапырақтарына да су бүркіп немесе оны жұмсақ, ылғалды шүбірекпен ептеп сүртіп, шаң-тозаңынан тазартып тұру қажет.Үй өсімдіктері түкті жапырақты болса, оны сумен жууға болмайды. 

Гүлдерді тазалау:Үйдің ішін жинастырғанда бөлме өсімдіктерінің де тазалығын назардан тыс қалдырмау керек. Оларды тазалау үшін легенге жылы су құйып, сабын, борпылдақ немесе жұмсақ шүберек, щетка немесе бояу жаққыш дайындап алыңыз.

Қыс кезінде гүлдердің жапырағына су бүркуге кеңес береді. Су бүрку



12

гүлдерге жасанды ылғалдылық беру үшін. Ал өсімдік жапырағын шаңнан арылту үшін су бүрку аздық етеді. Сондықтан аптасына бір рет гүлдерге жылы душ жасаңыз. Жылы душ жасау арқылы жапырақ астында жасырынып жатқан өсімдік биттеріменде күресуге болады. Топырақ түсіп кетпеу үшін гүл ыдысын

Үй өсімдіктерін өсіруде қойылатын талаптар:

1. Оларды іріктеп алу;

2. Өсіру;

3. Баптап күту.

Үй жағдайында гүлдейтін, шашақ жаятын өсімдіктерді дұрыстап іріктеп алуда олардың өсуіне қажетті жағдайларды алдын-ала оқып, біліп, сұрап, онымен танысып алған жөн. Үй өсімдіктерінің қай түріне қаншалықты жарық, температура, ылғалдылық қажет, оны жақсы білмейінше, отырғызған өсімдіктеріңіз қурап, солып, түрлі ауруларға ұшырап шіріп кетуі мүмкін. Үй өсімдіктерінің ішінде жарықты сүйетіні де, көлеңкеге төзімдісі де, өзіне жарықтың шашырап түскенін қалайтыны да бар. Біз енді соған тоқталсақ.
лиэтилинге орап қойыңыз.

Қабықты , әсіресе қатпарлы жапырақты өсімдіктердің алдымен шаңдарын құрғақ щеткамен тазартыңыз. Кактус сынды өсімдіктерді кисточкамен тазарту керек. Құмыраны легенге қойып , жылы сумен өсімдікті жуыңыз. Содан соң оны салқын сумен шаяды. Сабынды көбіктің топыраққа түсуіне жол бермеңіз. Өсімдіктердің тамыры сабынды көтере алмайтынын ескеріңіз.

















13

ІІ тарау. Зерттеу бөлімі

2.1 Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері. Фитотерапия.

Халықтық медицинада – адамзат баласының тіршілігімен бірге дамып келе жатқан сандаған ғасырдың әлеуметтік тәрбиелік көне ілімдерінің бірі. Халық медицинасының іргетасы алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының әлеуметтік тұрмыстық өмір тәжірибесінің негізінде қаланды. Халық медицинасында ғылыми медицинаның негізгі салаларының бірі. Халық медицинасы мен қазіргі медицина арасында байланыстың бар екендігін мына бір аңыздан байқауға болады. Ерте, ерте, ертеде Аюп атты пайғамбар өмір сүріпті. Оның үсті – басын жарақат қаптап , әр жері іріңдеп , сегіз жыл азап шегіпті.Денесі сасып – шіріп, адамдар жолай алмайтын болыпты. Оған ауылдан аулақ жерге үй тіккізіп, тамағын тасып беріпті. Бір күні ол тым әлсірейді де, сүт құюлы тұрған тостағанға жете алмай қалыпты. Қатты шөлден , таңдайы кеуіп жатып, талықсып ұйықтап кетіпті. Сол мезет үйге бір жылан келеді де , тостағандағы сүтті жартылай ішіп, қайтып кетеді. Кешкі қоңыр салқынмен аздап қуат алғандай болып , жылжи – жылжи тостағандағы сүтке жетіп, сүтті ішеді. Сол – ақ екен маңдайынан бұрқ етіп тер шығап, жаны жәй тапқандай болады. Қалғып кетеді, қагша ұйықтағанын кім білсін, бір сәтте оянса , өне бойы сергіп сала береді. Содан құлан таза айығып, ол бүкіл өмірін емшілікке арнады деседі. Демек қазақ медицинасына эмблемасымен , қазақ халқының жыланның алдына сүт құюында бір байланыс бар деуге болады.

Қазақ емшілігі мен дәрігерлерінің пайда болуына көз жіберсек, ертедегі бабамыз Әбу – Насыр әл – Фараби (870 - 950) мен бүкіл мұсылман қауымының алғашқы дәрігері Әбу – әли Ибн –Синадан (930 – 1037) бастау алады. Осы ғалымдардың еңбегі, ізденісі нәтижесінде медицина ілімің негізі қаланды, бертін келе IV ғасырда қазақ елі ел , қлт болып қалыптасқанда өмір сүрген Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік Баян» атты үлкен ұлы еңбегі, қазақ халқы үшін медициналық энцеклопедия болды. Өтебойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік Баяны» қазақ халқына ғана емес, әлемдік медицинаға қосылған сүбелі үлесі. «Шипагерлік Баян» философиялық халық даналығы, дүниетанымы, мәдени салт – сана және острономиялық , психологиялық, медициналық еңбек.

14

«Өсімдік- өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып бөлме өсімдіктерін олардың емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім: жалпы бөлме өсімдіктерінің адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы мені қызықтыра бастады. Себебі: біз жетінші сыныпта бөлме өсімдіктері туралы өткенде және микроскоппен қараған уақыттан бастап менің бөлме өсімдіктеріне деген қызығушылығым ояна бастады.

Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күман келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әр түрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.

Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай үйімізде өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары емдік бөлме өсімдіктерді тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз үйлерінде өсіп тұрған өсімдіктерді қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болатын еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ. Сондықтан табиғатты сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін. Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.

Қазіргі заманғы бөлме өсімдіктерінің жағымды және жағымсыз жақтары: Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп-оңай тыныс алуға болатынын байқайсыз. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл - күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың бөлме өсімдіктеріне су құйғанын көрсеңіз адамдардың олармен сөйлескенін көрдіңіздер ме? Негізінде гүлдерде оларды жақсы көргенді сезеді.







15

2.2 Каланхоэ өсімдігіне жалпы сипаттама.

Үй гүлдерінің ішінде қалыңқой гүлі (Kalanchoe) жылдың кез келген уақытында гүлдейді. Оның гүлдеуі үшін уақытылы суғару, жарық, құнарлы топырақ , минералды қоректік те керек емес. Жаны сірі өсімдіктің қолданысқа енгеніне биыл 84 жыл. Қалыңқойды халық өздігімен көбейетіндігімен таныса, біз аса күтімді қажет етпейтін , гүлдеуі де жиі өсімдік ретінде өсіруге кеңес береді.

Каланхоэ(бөлме гүлі) – халық арсында «үй дәрігері» немесе «өмір ағашы» деп атлады. Каланхоэ шырынды болғандықтан, сукуленттер тобына жатқызылады. Отаны – Оңтүстік , оңтүстік – шығыс Азия және оңтүстік Америка. Бөлме жағдайында каланхоэнің бірнеше түрі өседі, өткен ғасырдың 60 – жылдарына дейін оның емдік қасиеті туралы мәліметтер болған. Бөлме өсімдігі ретінде өсіріле бастағаннан кейін ғана дәрілік қасиеттері ашылған. Оның жапырағынан алынған шырынды емдік қасиетте пайдаланды. Мамандар каланхоэның тарихын XVII ғасырдағы емдік өсімдіктердің шығуымен байланыстырады. Сол кезден – ақ адамдар бұл өсімдіктің шипалық қасиетін білген. Австралия, Америка және Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінде өседі. Сабағы жуан, жапырақтары қалың. Жапырақтарына қалыңдата су жинау арқылы құрғақшылық пен аптап ыстыққа төтеп бере алатын өсімдік. Жапырақтары ерекше қалың болғанымен гүлдері өте нәзік және әдемі. Дәстүрлі және халық медицинасында ем жасауға жиі қолданады.Ауаға тараған вирустар мен бактерияларды жойып, ауаны тазалайтын қасиеті бар.

Күтімі: Каланхоэ құрғақ ауаға төзімді. Кейде бүркіп суарудың да зияны жоқ, керісінше, ол гүлдің тазалығына жақсы. Қыста 10 - 12° бөлме температурасында ұстайды.

Каланхоэ өсімдігінің емдік қасиеті.

Каланхоэның шырынымен күйік, үсік және көптеген тері жараларын, қышыманы емдейді Каланхоэ өсімдігінің жапырағы теріде қалып қойған тыртықтарды жақсы кетіреді. Оның жапырағының шаңын сүртіп , беткі жұқа қабығын (пленка) алып тастап, тыртыққа (күйіктен немесе операциядан кейінгі) таңып қойса , ол жер мүлдем білімбей терісі тегістеліп тартылып кетеді. Каланхоэ жапырағы тек сыртқы тыртық орындарын ғана жазып қоймай, іштегі асқазан жарасына пайдасы зор.



16

Ол үшін каланхоэ жапырағын аш қарынға шайнау керек. Ал тұмау кезінде каланхоэның төменгі ең шырынды жапырағын алып, ангинаға бірнеше тамшы тамызып, түнде мұрынның әрбір кеңсірігіне 10 тамшыдан тамызу керек. Бұдан кейін жақсылап тұрып түшкіріп алады. Каланхоэ шырыны мұрынның ішін әбден тазартады. Ал таңертеңгісін тамақтың ауырғаны басылып, тыныс алу жолдары ашылады. Бұл өсімдік шырыны конъюнктивитті де жаза алады.

Варикоз емі.

Бөлме гүлдері қатарына жататын каланхоэ өсімдігі варикоз ауруына ем. Оның өсіп тұрған жас жапырақтарын бір лтрлік банканың ортасына дейін салып, үстіне толтырып 70% спирт немесе арақ құяды. Мұны қараңғы бөлмеге 10 күндей қойып, күнара шайқап отыруды ұмытпаңыз.

Каланхоэ тұнбасы дайын болған соң күнделікті кешке ұйықтардың алдында аяққа (башпайдан бастап) жағып өту керек. Бірінші күннен кейін аяғыңыз жеңілдеп, сыздап ауырғаны басыла бастайды. Ал егерде аяқтағы тамыр өсіп, асқынып кеткен болса, тұнбаны 4 – 5 айдай үзбей жағу қажет. Уақыт өте келе тамырлар қайтадан шыға бастауы мүмкін. Онда тағы да каланхоэ өсімдігінің жапырақтарынан тұнба әзірлеп, 4 ай аяқты сылаңыз. Осылайша варикоз ауруынан айығуға мүмкіндігіңіз бар.

Жұмыстағы (бизнестегі) әйел

Мұндай жандарда уақыт мүлдем болмайды. Қашан көрсең де жанталас, гүл өсірмек түгілі үйдегі бала шағасына қарауға мүмкіндігі болмай жатады.

Каланхоэ. Аталмыш бөлме гүлін тынымсыз еңбек ететін , үнемі сыртта жүретін әйелдерге сыйлауға болады. Бұл әдемі өсімдікке көп күтімнің қажеті жоқ. Тек күннің көзі түсетін терезенің алдына қойып, топырағы құрғай бастаған кезде бір суарып қойсаңыз болғаны. Каланхоэ жақсы өсу үшін кактусқа арналған тыңайтқышпен суару керек. Ал оның қайта гүл жарғанын қаласаңыз, күніне 7–8 сағатқа қараңғылау жерге қойып , суаруды азайтыңыз.









17

Жасалған тәжірибиелер.

1 – тәжірибе. Осы ғылыми жобамның жетекшісі Балтиева Ләзат мұғалімнің асқазанында түйіліп , шаншып ауру байқалған. Жазылу үшін күнде таңертең аш қарынға каланхоэның төменгі жағындағы шырынды жапырақтарын шайнаған болатын. Ол кісінің біраз уақыт өткен соң асқазанындағы оң өзгерістерді байқай бастадық. Асқазан ауруынан құлан таза айықты.

2 – тәжірибе: Өтпелі кезеңге байланысты сыныбымдағы кейбір қыздардың беттеріне шыққан безеуді каланхоэ жапырағымен үнемі ысқылау арқылы кетірдік.

3 – тәжірибе: Тұмау кезінде каланхоэ шырынын екі танауға тамызу арқылы тұмаудың жеңілдегенін байқадым.

4 – тәжірибе: Суланып шыққан бөрпелерді кетіруге көмектескенін байқадым.





























18

2.3 Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті.

Алоэ сабыр немесе жүзжылдық(АІое) - лалагүлділер тұқымдасына, даражарнақтылар класына жататын шырынды өсімдік. Оның шырыны сағақсыз жапырақтарына жиналалы. Жапырағының пішіні сәл иілген қылышқа ұқсайды. Жиектері тікенектермен көмкерілген, өркенге кезектесіп орналасады. бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады. Көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік , субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7 – 12 метрдей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл , қызғылт – сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын апта бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды , құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда ағаш тәрізді Алоэ(Aloe arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т.б. дәрілік затта

Тыңайтылған ылғалды топырақта жақсы өседі. Жас өркендерін шығарып, түптеніп өсе береді, жас өркендерін бөліп алып, 1 — 2 күн солдырып, құмырадағы топыраққа отырғызады. 5 - 6 жылда, кейде 10-15 жылда сабағының ұшынан шашақ тәрізді гүлшоғыры шығады. Күлтесі қызғылт-сары түсті болады.

Алоэны мынадай мақсаттарға:

Жапырақтардың құрылысын өткенде сағақсыз жапырақтың мысалы ретінде;

Жапырағына шырын жинап, суды аз буландыратын, шөлді жерлерде төзімді өсімдік ретінде;

Дәрілік қасиетімен танысуға пайдаланылады.

Алоэның жапырағын кескенде дәмі ащы сары түсті шырын ағады, ол шырыннан медицинада түрлі дәрілер жасайды. Алоэ дәрісі - асқазан, ішектегі жараларға, дизентерияға, терідегі іріңдеген жараларды жазуға пайдаланылады. Туберкулез ауруына қарсы қолданады. Абайсызда қолды пышақ кескенде, іріңдеген жара шықса, алоэ жапырағын ортасынан қақ жарып жараға таңыл қоюға болады.



19

Cондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады. көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік , субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7 – 12 метрдей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл , қызғылт – сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын апта бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды , өұнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда ағаш тәрізді Алоэ(Aloe arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т.б. дәрілік заттар

Алоэ әсіресе оңтүстік - шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты силитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қорректендіру қажет. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 есе шым, 1 үлес жапырық аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс. Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады. Алоэ бұтақшалары (жас сабақтарына ұшы) және сабақтың төменгі буынында өсетін өркендері арқылы көбейтіледі. Өсімдіктің кесіп алған бұтақшасын бір тәулік кептіріп, содан кейін өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға не жайпақ тәрелкеге отырғызады. Ағаш тәріздес алоэнің жапырақтарынан көз, асқазан - ішек т.б. ауруларды емдейін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен , оны дәрігерлердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек – тамыр ауруларына кері әсер тигізеді.

Мәдени өсімдіктер арасында ең көп белгілісі алоэ. Алоэ араб тілінен аударғанда «ащы» дегенді білдіреді.Египетте алоэні үйдің кіре беріс жерінде отырғызады.Ол денсаулық пен ұзақ өмірдіңсимволы.Халық медицинасында оны қызыл иектің , қабықтың қызаруына, өкпе туберкулезіне , экземді емдеуге , асқазан жарасына пайдаланған.Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері , оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда.Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті.







20

Алоэның емдік қасиеті.

Ағзадағы иммунитеттің төмендеу салдарынан дене әлсізденіп, түрлі ауруларға тез шалдығады. Кейде содан болып, дене терісіне шиқан, сыздауық сияқты іріңді бөртпелер пайда болады. Олардың шыққан жері қатты ауырып, мазаңды кетіреді.

Егерде денеңізге осы іріңді бөртпе шықса, бірден алоэ өсімдігінің бір жапырағын алып жуып, шетіндегі тікенектерін жұлып тастаңыз. Сосын жапырақтың ортасынан бөліп, ішкі бетіне ас содасын сеуіп, шиқанның үстіне қойып, жүн орамалмен байлайды. Байламды 8 – 10 сағаттан соң жаңартып орау керек. Екінші күні іріңнің бәрі сыртқа шығып жазылады. Бөртпенің орны тезірек қарақотырлану үшін жас қиярдан компресс жасау керек.

Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы.

1.Имунитет көтеруде:500г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз.Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3 мезгіл бір ай ішу керек.

2.Тіс ауырғанда: алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап оны тіске басады.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэдан лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.

4. Демікпеге жас алоэні езіп , шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэнің жапырағын тіліп, жараның аузына тартады.Шиқанның соқтасын соруға , тез жазылуына , әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.

Сондай – ақ адамның тәбетін ашуға , іш тоқтатқанға, асқазан ауруларына , ішек ауруларымен баспаға бірден- бір ем болып табылады.

6. Гайморитке: 60Ог бал, 350 г 3 – 5 жылдық алоэ жапырағы және жүзім шарабы қосып, 5 күн қараңғы бөлмеге қойып қоямыз. Содан кейін 5 күн бойы күніне 3 реттен 1 шай қасықтан ішуіміз керек. Ал 5 күн өткенен соң күніне 3 реттен 1 ас қасықтан іше бастаймыз.

Ингаляция: 1 қасық бал, ас содасы , су керек. Хрен тамырымен 15 минутқа компресс жасау керек.

21

Халық қоспасы

Қоспа 1

Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және бал қосамыз, май,100 бөліктей какао, алоэнің жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз.Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.

Қоспа 2

Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады:150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тамақ ішер алдында 1 сағат бұрын әр таңертең 5 -10 гр қолдану керек.

Қоспа 3

Алоэ жапырағы қолмен езіп, күніне сөлін 3 – 4 тамшы қолданады.Мұрын қуысы ауруына қолданады.

Қоспа 4

Сөлін балмен араластырып бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың ½ болігін пайдаланады.

Қоспа 5

Жараларға жапырағының ортасын кесіп, ылғал жағын таңады.

Қоспа 6

Жапырағын кесіп, тазалап жуып, еттартқыштан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады.

Қоспа 7

Суық тиюге 2 – 3 сағат аралығында 5 – 6 тамшы пайдаланады.









22

Жасалған тәжірибиелер.

1 – тәжірибе: Менің сыныптасымның қолына сыздауық шыққан еді. Мен оның қолына тәжірибие ретінде алоэ өсімдігінің жапырағын дәкемен таңып қойып едік, бір аптадан кейін қолындағы сыздауықтығ аузы ашылып , ішіндегі іріңді алоэ сора бастады. Біраз уақыт өткеннен соң қолындағы сыздауық толықтай жазылып кетті.

2 – тәжірибе: 2 литрлік банкіге толар – толмас (алкогольді) спиртті құйып, алоэ жапырағын турап салдым және 1ас қасық бал қостым. 1 апта ішінде ештеңе байқалған жоқ. Яғни спирт түсі мөлдір қалпында сақталды. 1 аптадан кейін қоңырқай түсті дәрілік тұнба түзілді. Уақыт өте келе тұнба қызыл – қоңыр түске айналды.

Нәтижесі: Спиртте неғұрлым көп тұрған сайын дәрілік тұнбаның шипасы соғұрлым арта береді.

Өзімнің анама осы тұнбаны қолданып көрдім. Қақсаған аяқ – қол буындары мен құлап ісіріп алған буынын осы тұнбамен сыладық. Ісіктің 3 күннен кейін біртіндеп қайтқанын байқадым. 1 -2 ай қолданғаннан кейін аяқ – қол буындары қақсағаны қоя бастады. Әлі де аяқ – қол буындары қақсағанда осы тұнбаны қолданады.

3 – тәжірибе: 3 жылдық алоэ жапырағының сөлін сығып, 1ас қасық бал және ерітілген қойдың құйрық майын қосып қоспа дайындаймыз. Күніне үш мезгіл жөтелге қарсы және қақырық түсіруге арналған дәрі ретінде пайдалануға болады.













23

2.3 Қазтамақ өсімдігінің емдік қасиеті.

Geranium dissectum

Дүниесі

Plantae

Бөлімі

Magnoliophyta

Табы

Magnoliopsida

Сабы

Geraniales

Тұқымдасы

Geraniaceae

Тегі

GeraniumL.1753SpeciesSee list




Қазтамақ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ ГЕРАНЬ –герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.Негізгі отаны-Оңтүстік Африка.280-ге жуық түрі белгілі.Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен,қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі.Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес,сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді.Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары.Ол ауадағы зиянды микробтарды,бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік.Қазтамақ тез өсетін,аса құнарлы топырақты қажет етпейтін,оңай көбейтілетін,күтімі жеңіл гүлдерге жатады.Мамыр айында аулаға шығарып,гүлзарларға егіп қоюға болады.Күзде қайтадан қазып алып,түбекке отырғызып үйге кіргізеді.Қараша айында жапырағы сарғайып,түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп,жыл сайын өсімдікті жасартып,жаңартып отыру қажет.

Жарығы: жарық сүйгіш. Жаз айлаларында аулада күн астында өсіруге болады.

Жылуы: Қыста 10® С төмен болғаны абзал.

Суғарылуы: Топырағының беті құрғанқырағанда суарып тұру керек.

Ылғалдылығы: Ылғандыруды қажет етпейді

Қоректендірілуі: Көктемнен күзге дейін 10 – 15 күнде гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріп тұру керек.

Аурулары: Ауруға көп шалдыға бермейді, төзімді өсімдік.

Көбейтілуі: Тұқымы, түбін бөлу және сабағын қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

24

Қызықты дерек: Ең жағымды гүлдердің бірі осы қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс керіс болмайды, ал болған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар , бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.

Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді.
Ертеде адамдар зығырды (лен) еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп, «көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен. «Қыдырып» кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер өздерінің жататын бөлмесіне алқызыл түсті гүлді қойған. Сол гүл тұрған бөлмеде үш күн қонған күйеуі одан әрі ешкімге қарамай, әйеліне сезімі арта түскен.
Зерттеушілердің пікірінше, ең жағымды гүлдердің бірі – қазтамақ. Ол тұрған бөлмеде ұрыс-керіс болмайтын көрінеді. Ұрыс-керіс бола қалса, өсімдік адамның жүйкесін тыныштандыратын зат бөле бастайды да, ренжіскендер тез татуласып кетеді.




























25

Жасалған тәжірибе.

1 – тәжірибе: менің құлағыма суық тиіп, мен қазтамақтың жапырағын құлағыма емдік дәрі ретінде қолдандым. 1 – 2 күннен соң құлан таза айықтым.













































26

Қорытынды.

Өсімдіктер тек әдемілік қана сыйлап қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада , тазалық , татулық пен бірліктің , жақсылық пен жомарттықтың болары сөссіз. Гүлді тек бөлмеде ғана емес , жұмыс орнында, демалыс орындарында , адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына да өсіру керек.

Қазіргі кезде , дәрі – дәрмектер өте қымбат. Ғылыми және халықтық медицинаның бірлігі туралы айтқанда, мысалы алыстан іздемей – ақ зерттеу нәтижесінің қорытындысына ден қою керек.

Жалпы бөлме өсімдіктерінің химиялық құрамын және емдік қасиетін зерттей отырып, анықтамалық кітапшасын жасауды қолға алып отырмыз. Бірнеше өсімдіктердің жалпы сипаттамасын жазып жатырмыз. Соның нәтижесінде мектептен «Жасыл дәріхана» бұрышын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір сүруге, нашақорлар мен шылым шегушілерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру, экологиялық таза табиғат денсаулық негізі екендігі айқын айтылған. «2030-дың Қазақстаны ауасы таза мөлдір, көркейген ел болады»- деп айтқан президенттің тілегіне қосыламыз, осы арман орындалса, нұр үстіне нұр болар еді.

Құрметті гүл сүйер қауым, әрқайсымыз әдемілікке құштармыз, гүлдер көзімізді қуантып, көңілімізді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар бізге таза ауа , денсаулығымызға пайдалы фитонцидтер бөледі. Сондықтан да гүл өсіріңіздер!













27

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Все о комнатных растениях/Д.Г.Хессайон

2.Диковинки домашней коллекции/ И.Крупичевой

3. «Гүлстан» журналы №10 2009жыл, №3 2008 жыл, №1 2008жыл

4. «Биология және салауаттылық негіздері»

5. «Пайдалы кеңестер» журналы№3 2011жыл, №8 2012жыл , №3 ,№5 2011 жыл 6. ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9



































28



Шәкәрім атындағы орта мектептің

9 – сынып оқушысы

Арнақазы Еркежанның «Бөлме

өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

атты ғылыми жобасына ғылыми

жетекші биология пәні мұғалімі

Балтиева Ләзат Құдайбергенқызының

Пікірі.

«Табиғатты аялау яғни, өз елінің және халқының келешегінің гүлденуін қамтамасыз ету. »

Н.Ә.Назарбаев

Арнақызы Еркежанның ұсынып отырған «Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері» атты ғылыми жобасынан оқушының жастайынан табиғатты сүюге, әдемілікке деген құмарлығын көруге болады. Елімізді , ауылымызды , өз үйімізді жасыл желекке айналдырып оны қорғауға, танып-білуге үлес қосу әр жеткіншектің басты міндеті екендігін сезіне білген. Күнделікті көз алдымызда көріп жүрсек те, бөлме өсімдіктеріне тек «гүл»-деп қана қарап, олардың қыр –сырына көп үңіліп, мән бере бермейміз. Еркежан жобасын жазу барысында , осы бөлме өсімдіктерінің құпиясын ашып, әдемілігімен қоса емдік қасиеттерін де зерттеп көруді мақсат етіп қойған. Биология пәнінен алған теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Оқушының пәнге деген, табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі жоғары екендігіне сүйсініп, болашақта осы жобаны ары қарай жалғастырады және жоғары жетістікке жетеді деп сенім білдіремін.















Аннотация

Оқушы бұл ғылыми жобасында бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін зерттей отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруды да қолға алған. Қазіргі заманда кең дамып, келе жатқан фитотерапияға үлкен мән берілген.





Аннотация

Ученик в этом научном проекте, изучая лечебные свойства комнатных растений, уделяет внимание любви к природе. Большое значение уделяется на фитотерапию, которая развивается в наше время.









The summary

In this research work I can speak about use of home plants. It is very important in our life. In independent years much aftention are paid to the health of people. And our main aim is to develop our own plan \ts, and to sind in our sfeppe.













1


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері»

Автор: Балтиева Лазат Кудайбергеновна

Дата: 18.05.2019

Номер свидетельства: 510956

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Б?лме ?сімдіктері. "
    ["seo_title"] => string(21) "bolmie-osimdiktieri-1"
    ["file_id"] => string(6) "219416"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1434169089"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(120) "Конспект урока по познанию мира "?сімдікті? ?сіп-?нуі ?шін не ?ажет?" "
    ["seo_title"] => string(73) "konspiekt-uroka-po-poznaniiu-mira-osimdiktin-osip-onui-ushin-nie-k-azhiet"
    ["file_id"] => string(6) "199765"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428647322"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "?ылыми жоба  "Ж?зжылды?" "
    ["seo_title"] => string(25) "g-ylymi-zhoba-zhuzzhyldyk"
    ["file_id"] => string(6) "202608"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1429286270"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "?ылыми жоба "Алоэ ?сімдігі шырыны – балаларды? к?руін жа?сартатын ?нім""
    ["seo_title"] => string(73) "g-ylymi-zhoba-aloe-osimdighi-shyryny-balalardyn-koruin-zhak-sartatyn-onim"
    ["file_id"] => string(6) "254865"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447836554"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "зерттеу ж?мысы Сабын жасау"
    ["seo_title"] => string(31) "zierttieu-zhu-mysy-sabyn-zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "273020"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452106064"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства