Кіріспе
Таби?атты танып, оны? тіршілігін о?ып ?йрену мен аялау, ?ор?ау мектеп ?абыр?асында ?алыптасады. Соны? ма?ыздыларыны? бірі ту?ан ?лкені? д?рі-д?рмектік ?асиеті бар ?сімдіктерін танып, біліп оларды са?тау м?селесі. Себебі адам баласын сан т?рлі сыр?аттан айы?тыру?а жергілікті жерді? таби?атыны? онда ?сетін ?сімдіктерді? ?осатын ?лесін біз к?зімізбен к?ріп, к?нделікті ?мір т?жірибесінде бай?ап ж?рміз.
?зектілігі: ?орша?ан орта мен адам ?міріні? саба?тасты?ы ж?не ?сімдіктерді? адамзат денсаулы?ы мен саламаттылы?ына тигізетін пайдасы ?зектілігін еш?ашанда жоймайды
Ма?саты: Б?лме ?сімдігі алоэні? биологиялы? ерекшеліктері, морфологиялы? сипаты мен адам а?засына тигізетін емдік ?асиеттерін зерттеп аны?тау ж?не насихаттау.
Міндеттері:
• ?сімдіктер д?ниесіндегі ?ылыми атауларын аны?тау.
• Т?рлеріне ?арай топтастыру, ?асиеттерін зерттеу.
• Баспас?з беттеріндегі, т.б. а?паратты? ??ралдардан осы ?сімдік жайлы ?ылыми зерттеулермен танысу(?сімдіктану, ма?алалар, зерттеу ж?мыстары).
• ?ылыми зерттеулер мен пікірлерді жина?тай отырып, зерттеулерімдегі практикалы? н?тижемді, к?з?арасымды ?ылыми негізде т?йіндеп заманауи медициналы? емдеу іс-шараларына енгізу.
Т?жірибелік ма?ызы: ?ылыми - ?дебиеттерге шолу жасау ар?ылы алоэ ?сімдігіне жан – жа?ты зерттеу ж?не емдік ерекшеліктерін к?рсету ж?мысты? теориялы? м?ні болып табылады.
?ылыми жа?алы?ы: 1. Алоэ ?сімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жа?ты сипаттама берілді; 2.Алоэ ?сімдігіні? емдік ?асиеттеріні? тиімді пайдалану жолдары к?рсетілді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Табиғатты танып, оның тіршілігін оқып үйрену мен аялау, қорғау мектеп қабырғасында қалыптасады. Соның маңыздыларының бірі туған өлкенің дәрі-дәрмектік қасиеті бар өсімдіктерін танып, біліп оларды сақтау мәселесі. Себебі адам баласын сан түрлі сырқаттан айықтыруға жергілікті жердің табиғатының онда өсетін өсімдіктердің қосатын үлесін біз көзімізбен көріп, күнделікті өмір тәжірибесінде байқап жүрміз.
Өзектілігі: Қоршаған орта мен адам өмірінің сабақтастығы және өсімдіктердің адамзат денсаулығы мен саламаттылығына тигізетін пайдасы өзектілігін ешқашанда жоймайды
Мақсаты: Бөлме өсімдігі алоэнің биологиялық ерекшеліктері, морфологиялық сипаты мен адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін зерттеп анықтау және насихаттау.
Міндеттері:
Өсімдіктер дүниесіндегі ғылыми атауларын анықтау.
Түрлеріне қарай топтастыру, қасиеттерін зерттеу.
Баспасөз беттеріндегі, т.б. ақпараттық құралдардан осы өсімдік жайлы ғылыми зерттеулермен танысу(өсімдіктану, мақалалар, зерттеу жұмыстары).
Ғылыми зерттеулер мен пікірлерді жинақтай отырып, зерттеулерімдегі практикалық нәтижемді, көзқарасымды ғылыми негізде түйіндеп заманауи медициналық емдеу іс-шараларына енгізу.
Тәжірибелік маңызы: Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы алоэ өсімдігіне жан – жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Ғылыми жаңалығы: 1. Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді; 2.Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.
1. Теориялық бөлім
Зерттеу нысандары
1.1.1 Алоэ өсімдігі және оның морфологиялық сипаты
Мен бөлме өсімдіктерінің ішінде дәрлік қасиеті бар алоэні зерттеуге алдым.Оның химиялық құрамын, 4 түрін, емдік қасиетін зерттедім.
Алоэ (жүзжасар: Aloe)-үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең тараған өсімік түрі.Үйде өсетін алоэнің ағаш тәріздес,сондай-ақ ақ жолақты жапырақты сәндік түрі болады.
А) Алоэ (variegata) деген түрінің жапырағы қою жасыл ақ жолақты,жапырағы үшбұрышты пішінді болып келеді. Ағаш тәріздес
Ә) Алоэ (arborescens) деген түрінің ағаш тәрізді тікенекті, жапырақтары ұзын сабағында орналасады.
Б) Алоэ (arictata)-осьтік алоэнің түрі кішілеу болады,жапырағы 10 см мөлшерде шар тәріздес розеткалар түзеді.
В) Алоэ (humilis) - приземистое түрі көкшіл-жасыл түсті жапырағы бар ұшы тілімделген болады. Бүгінде алоэнің ғылымға белгілі болған 180-дей түрі бар.
Қазақстанда ағаш тәрізді түрі алоэ (arborescens) бөлме өсімдігі ретінде қолдан өсіріледі.
Алоэ - лалагүлдер тұқымына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл қуаңшылыққа төзімді өсімдік. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Отаны - Оңтүстік Африка. Биіктігі 7-12м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл-сары түсті күлтесі болады. Шырынды алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да ол өсімдікті солып қалудан сақтайды.
Алоэнің химиялық құрамы:
Алоэ шырынында ферменттер, витаминдер көп, оның әр түрлі бактерияларды өлтіретін күші бар.
Алоэнің қасиеті: Кермек дәмді, усыз келеді.
Алоэнің күтімі: Тыңайтылған ылғалды топрақта жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суғарып отыру қажет. Жас өркендерін шығарып түпшелеп өсе береді. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммияк селитрасымен (1 л суға 1 г қосып қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлес өзен құмы болуға тиіс. Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады)
Алоэ бұтақшалары және сабақтың төменгі буынында өсетін өркені арқылы көбейтіледі. Өсімдіктің кесіп алынған бұтақшасын 1 тәулік кептіріп содан соң өзеннің дымқыл құмы салынған құмыраға отырғызады.
Алоэдан алынатын дәрі-дәрмектер:
Жас алоэ жапырағынан емдік - сабур ұнтағы алынады. Сабур қара, қоңыр түсті, өте ащы болады. Сабур басқа дәрі-дәрмектердің құрамына да араластырылады.
1.1.2 Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері
Алоэнің басты ем болатын аурулары және қолданылуы:
1.Ересектер және балалар талма ауруына алоэден 9 г, шикі пинелин 30г,
байжу 30г, қызылмия 15г ұнтақтап оқ-дәрі жасайды. Әр ретте 1,5г ішеді.
2.Тісті құрт жеп ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэден 1г ұнтақтап,
оны тіске басады. Мен өзім жасап көрген осы тексеру жұмыстарына түрткі
болған мына оқиға. Мен көп тәтті жегеннен бе екен тісім ұдайы ауыратын,
ауырған кезде соншалық көзден жас шығаратын. Сол кезде мен тісіме сан
алуан дәрілерді пайдаландым, бірақ ешбірі көмектеспеді, сол кезде бір көп
көрген бір апай айтып, мен алоэның жапырағын ұнтақтап ауырған тісіме
басып тістедім біраздан соң ауруым басылды содан бері сөйтіп істеудемін.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда: алоэден лайықты мөлшерде алып,
жаншып жарақатқа таңады.
4.Кеңірдекшелер демікпесінет жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр
ретте 5мг ішеді. Сонымен қоса гайморит ауруына шырынын алып балмен
немесе спирт сұйықтығына қосып сұйық күнде ішетін болса ауруынан
аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға тез жазылуына, әрі қарай
созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі. Мен бұған өзім көз
жеткіздім қалай десеңіз ағама шиқан шығып қатты қиналған еді сол кезде
ең алдымен баяғыдан белгілі «Ихтиоловая» мазін жақтық сол кезде одан
пайда болмады алоэның жапырағын тіліп, шиқанның аузына қойып
лейкопластермен жабыстырып қойдық. Соның нәтижесінде шиқан жиналып
жарылды.
6.Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулуз ауруына бірден-бір ем болып табылады.
2. Тәжірибелік бөлім
2.1 Зерттеу барысы
2.1.1 Көз аурулары және оларды алоэ сығындысымен емдеу
ДДҰ-ның жүргізген зерттеулері бойынша мектеп жасындағы әр төртінші баланың көру қабілетінің ауытқулары байқалған.Ал көз көруінің нашарлауы баланың қоршаған дүниені танып білу үрдісін төмендетеді,тілінің дамуы,есте сақтау қабілеті,қиялы тежеледі.
Қазіргі жастардың, оқушы балалардың күндіз-түні компьютер алдында отырып, аз қимылдау себептерінен жасөспірімдердің арасында рефракция ауытқулары, «құрғақ көз», «қызыл көз» синдромдары жиі кездесетін болды.
Біздің көзіміз жұқа жас қабатымен жабылған.Ол үш астардан тұрады.Компьютермен жұмыс істегенде монитордың электромагнитті толқындары жас қабатының бұзылуына әкеледі.Соның салдарынан жас қабаты буланып ұшып кетеді де, қоректенуі, қорғануы төмендеп, көздің құрғақтану белгісі пайда болады.
Соңғы кездері уақытынан бұрын туылатын нәрестеде көз ақауының болу мүмкіндігі көбірек байқалуда. Мәселен, ДДҰ 500 грамм болып туылған шарананы аман сақтап қалу керек деген талап қоюда. Өйткені, ондай кезде нәрестенің көзі көрмей туылады да, арнайы бесікте кислород астына жатқанда көз алмасына, тор қабығына қатты әсер ететін көрінеді. Демек, бұл да бүгінгі күннің ең күрделі мәселесінің біріне айналып отыр. Қазір осы мәселеге байланысты институт басшысының бастамасымен балаларды емдеуге бағытталған бағдарлама жасалу үстінде. Ал Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша тұрғындардың арасында етек алып отырған көз ауруларының ішіндегі күрделісі – глаукомаға (су қараңғылық) қарсы скрининг жүргізілуі Үкімет тарапынан көрсетілген үлкен көмек, қолдау.
2.2 Алоэ шырыны көз үшін несімен пайдалы?
Алоэ экстракты көз айналасындағы нәзік теріні ылғалдандыруға қажет косметикалық кремдер жасауға қолданылады. Себебі, ол .тамаша зат. Сумен араластырылған алоэ сығындысын көзге,құлаққа, мұрынға тамызуға болады. Профессор Филатов дәлелдегендей, алоэ экстракті құрамындағы белсенді стимуляторлар орталық жүйке жүйесі мен көзге ерекше әсер етеді.Дені сау адамның өзі өмір бойында алоэмен емделуді жүйелі түрде қолданып отыруы қажет. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей,алоэні қолдану барысында көз тамырларының қалыпқа келіп,сетчаткада жағымды өзгерістер болатыны байқалған.Дәрігерлік тексерістен өткен 46 емделушінің 15-інде көз ішіндегі тамырдың қан қысымы жоғары екендігі анықталған.Алоэ инъекциясының арқасында 10 емделушінің қан қысымы қалыпқа түскен.
Бұл көне және ерекше өсімдіктің шырынының құрамында А,В1,В2,В3,В6,С,Е дәрумендері,фолий қышқылы,бета-каротин және холин бар.Осы құрамдас заттардың арқасында қарашықтағы зат алмасу үрдісі қалыпқа келеді және көздің қарауытуы мен катарактінің алдын алуға көмектеседі.
Алоэ ағзаны кальций,калий,мырыш,хром,магний сияқты минералдармен қоректендіріп,қарашықтың химиялық құрамын сақтауға көмектеседі. Халық медицинасында алоэ шырыны ылғалдандырғыш ретінде кең тараған.Көздің көруін жақсарту үшін көзге тамызуға және басуға арналған сығындыны үш жылдықөсімдіктің төменгі қалың жапырағынан алады. Өсімдік шырынын біраз уақыт тоңазытқышта ұстап,соңынан тікенектерін қиып,үгітіп,сүзеді.Шырынды таза күйінде сирек қолданады.
Көз ауруларын емдеудегі алоэнің пайдасына шүбә келтіруге болмайды.Алоэ жапырағының ішкі жағында орналасқан шырыны тамаша қасиеттерге ие.Бұл шырынды созылмалы көз ауруларын емдеуге қолдануға болады.Көздің шырышты қабығының қабынуы мен көздің ісінгенін басу үшін пайдалану жақсы нәтиже береді.Көз айналасының терісі өте жұқа және нәзік.Сондықтан ерекше күтімді қажет етеді.Сонымен қатар,алоэ шырыны кірпікті ұзартуға да жақсы әсер етеді.Ол үшін алоэ шырынын косметикалық маймен араластырса болғаны.
Кіші жастағы балаларда жиі кездесетін катаракта ауруын емдеу үшін 150г өсімдік шырынын 5г мумиемен араластырады. Дайын қоспаны күніне екі рет 1 тамшыдан көзге тамызады.Пайдаланбас бұрын жапырақтарды 14 күн тоңазытқышта ұстайды.Катаракті кезінде көзге баспа жасаған да қолайлы.Ол үшін шырынды қайнаған және суытылған таза сумен1:10 көлемінде араластырады.Алынған сұйықтықпен көзді шаюға да болады.
2.2.1 Алоэ шырыны – көз ауруларын емдеуде
Трахоманы алоэ сығындысының көмегімен емдеу жолы.
Трахома- көздің күрделі созылмалы ауруы.Ол көз айналасында іріңді жаралардың пайда болуымен сипатталады. Мұндай өте қауіпті дертке қарсы алоэнің суға ерітілген сығындысы қолданылады.
Конъюктивит
Конъюктивит-көздің шырышты қабығының қабынуы.Оның белгілері: қабақтың қызарып, ісінуі. Аурудың пайда болу себебі- көзге шаң-тозаң, бөтен заттар,инфекция түсуі.Конъюктивитті емдеу үшін алоэ сығындысын қолданады.Алоэ жапырағын қоймалжың ботқа тәрізді етіп езіп,су құяды да, эмальді ыдыстың қақпағын жауып,қайнатады.Қайнатылғаннан кейін тұндырып,сүзеді.Осы тұнбаға батырылған томпонмен көз айналасын сүртеді.
Теріскен.
Теріскенді емдеу үшін алоэ жапырақтарының суға салынған тұнбасын жасап,көзге басады.Үлкен жапырақты ұсақтап турап,қайнап, суытылған сумен араластырады.Алынған қоспаны 8 сағат тұндырып, сүзеді.Дайын ерітіндімен әбден айыққанша көзді шайып отырады.
Глаукома.
Глаукома көз ішіндегі қан қысымының көтерілуінен дамиды.Бүл өте ауыр дерттен көздегі жүйке тамырлары мен сетчатка зардап шегеді.Глаук оманың алғашқы белгілері- айналадағы заттар мен түстер көмескі тартып, тұманданып көрінеді.Көздің көруі нашарлап, мүлдем соқыр болып қалуға әкелуі мүмкін. Көздің қан қысымының көтерілуі бастың қатты ауруы, жүрек айнып, құсумен қатар жүреді.Ересектер үшін бұл дерттен емделу мерзімі 3 ай.
Өте жиі кездесетін көз ауруларының бірі- жақыннан көрушілік. Бұл ауруды емдеудің төмендегідей кестесі бар. 15 күн бойы 0,5 мл алоэ сығындысынан жасалған дәріден ине салғызу керек. 15 күн үзіліс жасағаннан кейін тағы да 15 күн ем қайталанады. Бұл емді қабылдау мерзімі 1 жыл
Түйіндеу
Алоэ жараны құрғатып,тәніңді тірілтеді,
Обырды жеңіп, көзіңді тазартады,
Санаңа нұр құяды,
Тіліңді жеңілдетіп,естуді өткір етеді,
Шаш түсуін тоқтатып,
Асқазанды нығайтады,
Бауырды емдеп жазады.
(Қайта өрлеу заманындағы Солерн мектебінің медициналық трактаты)
Қорытынды
Алоэ өсімдігін «Ғажайып өсімдік» немесе «Табиғи емші» деп бекер айтпаған. Соңғы кездері көптеген ғалымдар мен қолданушылар емдеудің табиғи әдістеріне көп көңіл бөлуде.Нәтижесінде алоэ өсімдігі тамаша қасиеттерімен қолданушылар назарын қайтадан өзіне аударып отыр. Қазіргі таңда алоэнің құрамында 75-ке жуық қоректік заттар бар екені анықталып отыр. Осы заттардың арқасында алоэ адам ағзасының жекелей мүшелерімен қатар ағзаның тұтастай тазаруына, қалпына келуіне, қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Табиғатты қорғауда оның дархан сыйларының ішінде емдік қасиеттері бар өсімдіктерді ажырата біліп, одан дәрі жасаудың қарапайым жолдарын әр адамның білгені абзал. Сонымен өсімдік-медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктердің өзі пайдалы. Өйткені еліміздің территориясында өсетін жоғары сатыдағы өсімдіктердің 20 мың түрін формацевтік өнеркәсепте не бары 200-дей түрі ғана пайдаланылады. Демек, біз әлі де өсімдіктердің көптеген түрлерінің қасиеттерін зерттеп білуде қыруар жұмыстар жүргізуіміз қажет. Бұл істе біздің республикада да атқаратын міндеттер зор. Республиканың өсімдіктер ресурсының молдығы оның түрлерін жан жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстанның жабайы флорасының құрамында өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 800-ге жуығы эндемик, яғни тек қана Қазақстанда кездесетін түрлер болып саналады. Аталған түрлердің ішінде 500-ден астамының даму қасиеттері анықталған. Алайда республика флорасының осынау анықталған түрлерінің 50 дейі ғана дәрілік шикізат ретінде пайдаланылуда.Әсіресе қара андыз, дәрілік валериан, тау қылшасы, қызыл мия шикізаттарына деген сұраныс артып отыр. Сонымен бәріміздің күнделікті жиі кездестіріп отыратын «жасыл аптекамызда»көптеген аса құнды препараттарды таба аламыз. Алайда бұл аптеканың препараттары арнаулы ыдыстарда немесе таблеткалар түрінде емес, жасыл өсімдіктер клеткаларында, олардың тамыры мен сабағында, жемісі мен тұқымында, гүлі мен жапырағында сақталады. Бір сөзбен айтқанда өсімдіктер алуан түрлі дәрілік заттарды бойына сіңірген «Қойма», біз ауырып-сырқаған кезде көмекке келетін «Жасыл жәрдемшілер» деп толық айта аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Жабайы өсімдіктер сыры» К.Ж.Сыбанбеков
2. «Өсімдік әлеміне саяхат» П.С.Массагетов
3. «Табиғатқа саяхат». Құттыбек Құрмашев
4. «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы» А.А.Иващенко