kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Человек и природа

Нажмите, чтобы узнать подробности

полезная информация для детей. ипорпоа оопр атпоар иаправпао аопрло оаолрвпло моталопрвап 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Человек и природа»

Зерттеу мақсаты

Қоқысты пайдаға асыру тәсілдері туралы түінік қалыптастыру.

Зерттеу міндеттері

  • мектеп және үй тұрмысында қандай қоқыс түрлері

көп кездеседі;

  • өзім және сыныптастарды қоқысты топтастыруға үйрету ;

  • тәжірибе жасау арқылы қоқыстын қай түрі

тез ыдырайды ;

  • қоқыстын әрбір тобын пайдаға асырудың танымал

тәсілдерін білу және оларды қолдану ;

  • өздігінен қоқыстын түрлерін өндеу жөнінде

тәжірибе жасау;

- ересектер және сыныптастардың аталған мәселеге барынша назарын аударту

Зерттеу болжамы

Егер де әртүрлі тұрмыс қоқыстарын топтарға іріктесек және де оларды әрбіреуін қайта өндеу жолдарын тапсақ, онда қоқыстардың қоршаған

ортаға әсерін азайтуға болады.

Зерттеу кезеңдері

1.Бескөл ауыл көшелердің тазалығы қандай жағдайда қаралып, тексерілді.

2.|Коммуналдық мекеме «Жігер» тығыз байланыс жасалды.

3.Баспа беттерінен мәліметтер алынып, жинақталды.

4.Кітапханадағы кітаптармен танысып , керек мәліметтер алынды.

Зерттеу әдістері

Жинақтау, жүйелеу, анықтау, талдау, салыстыру сипаттау.

Зерттеу жаңалығы

Қазіргі уақытта қала, ауыл оқушыларына қоқыстын қайта өңдеу мәселесіне көз қарасын зерделеп шығармашылық жұмыстар қызықтыру арқылы, адамзаттық рухани байлығын бойларына сіңіру, жан-жақты тұлға қалыптастыру.

Зерттеудің нәтижесі:

Біздің болжамымыз бойынша тұрмыстық қоқыстарды топтастырып, сорттау арқылы қайта өңдеуі дәлелденді.



Кіріспе бөлім
1. Экология: міндеттері мен келешегі
Білімнің барлық салалары сияқты, экология үздіксіз дамып келді, бірақ ол бірде тез, бірде баяу болып отырды. Гиппократтың, Аристотельдің, басқа да көне грек философтарының еңбектерінде айқын экологиялық сипаттағы деректер бар. Сонымен бірге гректер «Экология» деген сөзді білмеген. Бұл салаға «Биологиялық қайта өрлеудің» (18 - 19 ғасыр) көптеген ұлы қайраткерлері де өз үлесін қосты. Мысалы, 18 ғасыр басындағы алғашқы микроскоппен зерттеушілердің бірі ретінде көбірек танымал болған Антон Ван Левенгук, сонымен қатар осы күнгі экологияның маңызды екі саласын – «Қоректік тізбектерді» және популяция санының динамикасын зерттеудің пионері болып табылады.

Экология маңызының барған сайын артуын – практикалық маңызы бар бірде бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен түсіндіруге болады.
Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 миллиардына жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай - ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда.

Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде. Неге?

Өзектілігі:
Менің үйімнің жанымда , және ауыл ішінде көптеген қоқыс жәшіктері толып ақтарылып жатады. Содан сон ауылымыз үлкен қоқыс алаңға айналады.

Сонан соң үлкен көліктер келеді.Барлық қоқысты оларға артады және алып кетеді .

«Қоқысты қайда алып кетеді?» менің сұрағыма ересектер «Қоқыс тастайтын жерге !» деп жауап береді .

Мақсаты: Қоқысты пайдаға асыру тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

  • мектеп және үй тұрмысында қандай қоқыс түрлері

көп кездеседі;

  • өзім және сыныптастарды қоқысты топтастыруға үйрету ;

  • тәжірибе жасау арқылы қоқыстын қай түрі

тез ыдырайды ;

  • қоқыстын әрбір тобын пайдаға асырудың танымал

тәсілдерін білу және оларды қолдану ;

  • өздігінен қоқыстын түрлерін өндеу жөнінде

тәжірибе жасау;

- ересектер және сыныптастардың аталған мәселеге барынша назарын аударту

Зерттеуден кейінгі ұсыныстар

-Мектеп және үй маңында сенбіліктер өткіз.

-Кез келген жерге қоқысты тастама

-Саяхат серуен кезінде орманда, көл жағасында қоқыстарды қалдырып кетпе, жинап кет.

-Қағаз қалдықтарын жинап, қайта өндетін мекемелерге тапсыр.

-Дәптер, альбом қағаздарын үнемдеп пайдалан.

-Оқулықтарды ұқыпты ұста.

-Өз заттарынды бағалай біл- сонда олар көп уақыт қолданыста болады.

-Өзін кимейтін, жағдайы жақсы киімдеріңді тұрмыс жағдайы төмен адамдарға көмек ретінде бер.

-Азық-түлікті үнемдеп пайдалан.

-Қолданыстан шыққан затқа жаңа өмір сыйла.





























І. Қоқыс және біздің өміріміз

Жер бетіндегі қоқыс туралы мағлұмат.

Жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан қоршаған ортаның адам баласына, жалпы тірі организмдерге жағымсыз әсерлері арта бастады.

Дәл қазір облыс аумағында 41 миллион тонна тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналып қалыпты. Оны қайта өңдеуден өткізуге, белгілі бір уақыттан соң жер астына көмуге ешкім назар аударып жатқан жоқ. Соның салдарынан жаңағы қараусыз қалған қатты қалдықтар күн өткен сайын көбейіп келеді.

Ғылымдар сендіру бойынша тұрмыс қалдықтарының әрбір тобында өз ыдырау мерзімі бар және өндірісте шығарылған материалы мен мерзіміне байланысты ол қоршаған ортаға өз зиянын әкеледі.

Мен үйдегі және мектептегі қоқыс шелектерінде көп болған қалдықтар тобына ыдырау уақытын анықтау үшін практикалық жұмыс жүргізуді шештім.

ІІ. Практикалық бөлім

ІІ.1 Сауалнама жұмыстардың қорытындысы

Сауылнама жүргізілді ауыл тұрғындары және мектеп оқушыларымен .

Біздің ауыл көшелерінде қоқыстын жатқанын жиі көресіз бе?

Арнайы қоқыс жәшігіне қоқысты әрдайым лақтырасыз ба?

Қандай қоқысты жиі кездестіресіз?

ІІ.2 Практикалық жүмыс №1

Қоқыстардың ыдырау мерзімдерін анықтау.

Банка №

1 банка

2 банка

3 банка

Қалдық түрі

Азық-түлік қалдықтары

Қағаз қалдықтары

Пластик қалдықтары

Зерттеуге арналған материал

Салат жапырағы,картоп қабықтары

алма тұқылы

Газет қиындылары

Пластик стақанша

Жұмыс барысы:

Мен барлық банкаларға жер салдым және араластырдым. Банкаларды қақпақпен жаптым.

1-апта

1-банка – салат жапырағы солып қалдыжәне жүмсақ болды, картоп қабығы және алманың тұқылы күңгірттеніп кетті.

2-банка - қағаз дымқыл болды және тілімдерге жеңіл болып қалды.

3 банка – стақанша еш өзгерген жоқ.

2 –апта

1 банка- жағымсыз ис пайда болды.Салат жапырағы жұмсарды және бөлшектенді, қабық пен тұқылы жұмсақ болды және күңгірттенді

2 банка – қағаз жермен араласты, мен аз ғана бөліктерін тауып алдым.

3 банка ешнәрсе өзгерген жоқ.

3-апта

1 банка – банкадан өте жаман иіс шықты.Алма тұқылы және картоптың қабығы қара және жүмсақ болды, салат жапырағы бүлініп кетті және көзге көрінбейді.

2 банка –қағаз жермен араласып кетті.

3 банка – стақанша еш өзгерген жоқ.

4 –апта

1 банка -банкадан шыққан иіс өте жағымсыз болды . Алма тұқылы жіне картоп қабығы ашып кетті, салат жапырағы топырақпен араласты.

2 банка-қағаз мүлдем көрінбейді.

3 банка- стақанша өзгеріссіз қалды.

Жұмыстың қорытындысы :

1.Жұқа қағаз жерде өңделеді.

Көп қағаздар ағаштан жасалады, егер оларды жай лақтырып тастаса онда жаңа өңдейтін заттар жасап шығару үшін, жаңа ағаштар кесу керек.

3 Тамақ қалдықтары көп уақыт жатып қалса иістеніп кетеді.Егер де оларды қоқысқа лақтырып тастаса, олардан жағымсыз иістер шыға бастайды және көптеген бактериялар мен микробтардың таралуына ықпал жасайды.

4.Пластмасалық стақан тәжірибе кезінде әрқашанда өзгеріссіз қалаберді.Егер де ол ыдыраса да, оған көп уақыт қажет болады.

ІІ.3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС №2

Өсімдік және азық-түлік қалдықтарынан компостер жасау.

Менің отбасым ауылда тұрамыз. Біз анам екеуіміз өсімдік және азық-түлік өнімдерінің барлық қалдықтарын арнайы дайындалған бөшкелерге салдық Сондай-ақ, бөшкеге жүйектердің шөптерін де салдық. Барлығына аптасына бір рет су құйдық.

Бұның барлығы жаз жіне күз қарашірікке айналды. Көктемде біз осы қарашірікті жүйектерге тынайтқыш ретінде саламыз.

Қалдықтарды осылайша пайдаға асыру түрі компостирлеу деп аталады.

Жұмыстын қортындысы:

Менің білгенім, тамақ қалдықтарын бау-бақшаларға тынайтқыш ретінде қолдануға болады . Үй жануарларын және қыстарға жемтік ретінде де қолдануға болады.

ІІ.4 Практикалық жүмыс №3 Қоқыстың мөлшерің отбасында және мектепте анықтау

Ғылыми есептелген санақ бойынша күнделікті өмірде күніне бір адамға шаққанда қалалық тұргындар-1,2кг ,аулдық тұрғындар-1,8кг қалдық шығарады екен сондықтан менің өз отбасым кандай және қанша қоқыс тастайтынын зерттедім

Қоқыстың түрлері

Қоқыстың салмағы

1-ші апта

2-ші апта

3-ші апта

4-ші апта

Жалпы

Қағаз

500 г

600г

300 г

700 г

2.100 г

Пластик

200 г

500г

250 г

400 г

1.350 г

Шыны

400г

800г

-

300 г

1.500 г

Органикалық қалдықтар

1.200 г

1.100 г

1.250 г

1.000 г

4.550

Барлығы

2.300 г

3 кг

1.800 г

2.400 г

9.500 г



Зерттеудың нәтижесінде анықтадым біздің отбасы 1айда 9 кг 500 г қокыс тастайды. Отбасым 4 адамнан тұрады, сонда 1 айда әрбір отбасы мүшесі 2 кг375г ал бір жылда 285кг қоқыс тастайды

Осындай зерттеуді мен сыныпта өткіздім .

дүйсенбі сейсенбі сәрсенбі бейсенбі

+ + + +

1.200 г

800 г

400 г

600 г

жұма сенбі

3 кг 900 г

300 г

600 г

+ =

Бір аптада сыныптан 3 кг 900 г қоқыс шығарады, сыныпта 20 адам, сонда 1 оқушы күніне 200грамдай қалдық тастайды .

Біздің мектепте оқушылардың саны- 680,сонда 1оқу жылда мектептен қоқыс тонналап шығарылады .

Уақыт мерзімі

Қоқыс салмағы

1аптада

3 кг 900 г


1айда

15 кг 600 г

1 оқу жылында

140 кг 400 г

Мектептен шығарылатың қоқыстың ең көп түрі-қағазҚағазды жасау үшін коп орманды алқаптар жойылады,сондықтан қағазды қайта өңдеу заводттарға жинап, тапсыру қажет60 кг макулатура шабудан 1га орманды сақтайды,1тонна макулатурадан 25 мың оқушы дәптерін дайындауға болады Сондықтан қағаз қалдықтарың қайта өндіру жұмыстарын жүргізуге болады

ІІ.5 Практикалық жүмыс №4 Қағазды қайта өңдеу

Мектеп дәптерін ұсақтаймыз, ыстық су құямыз, дұрыстап араластырамыз. Ұсақтаймыз, бояу құямыз, араластырамыз. Пайда болған массаны үлкен ыдысқа құямыз. Рамка жинақтаймыз.Рамканы қағаз массасына отырғызамыз, суы ағу үшін рамканы көтереміз. Сетканы парақ қағаздан бөліп аламыз, алынған қағазды газетттің үстіне жайылған матаға түсіріп, жаямыз. Парақтың үстінен бастырып қоямыз. Әрбір бетті үтікпен кептіреміз. Қағаз дайын.

Жұмыстын қортындысы:

Қағаз қалдықтарынан қайта өңдеуге болады. Өңделген қағаздан еңбекке баулу сабақтарында әдемі заттарды жасауға болады.

ІІ.6 Практикалық жүмыс №5 Пластик қалдықтарынан әр түрлі заттар жасау.

Қоқыстын жартыстының көбін пластик қалдықтары құрайды .Ол көп жылдар жерде жатып ыдырамайды, сондықтан пластик және полиэтилен қалдықтарын үй тұрмысында және еңбекке баулу сабақтарында әдемі заттар жасай отыра қайта қолдануға болады.



































ІІІ Қорытынды

Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.

Біздің өңірде қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу мекемелер бар.

Бескөл ауыл бойынша қағаз және пластик қалдықтарын қайта өңдеуді осы мекемелер арқылы өткізуге болады .

ААК «Дорожник» Петропавл қаласы, Ратова көшесі 134 тел. 36-74-56

Кооператив «Спецавтотранспорт» Петропавл қаласы,Рыжова көшесі 134 тел.46-78-59

ТОО «Коммунальник» Петропавл қаласы, Смирново көшесі 66 тел. 49-23-39

Табиғат ол –анамыз,

Табиғатқа баламыз .

Құшағында ,ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Жазда аралап тауын да,

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.

Осындай әдемі табиғатта өмір сүру біздің қолымызда .

Мына ережелерді әр уақытта сақта

  • мектеп және үй тұрмысында қандай қоқыс түрлері

көп кездеседі;

  • өзім және сыныптастарды қоқысты топтастыруға үйрету ;

  • тәжірибе жасау арқылы қоқыстын қай түрі

тез ыдырайды ;

  • қоқыстын әрбір тобын пайдаға асырудың танымал

тәсілдерін білу және оларды қолдану ;

  • өздігінен қоқыстын түрлерін өндеу жөнінде

тәжірибе жасау;

- ересектер және сыныптастардың аталған мәселеге барынша назарын аударту



Әдебиет тізімі :



  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал 03.2013 ж Бастауыш сынып та оқыту.

  2. М.В.Высоцкая Экология. - Волгоград: Учитель, 2007.-127с.

  3. Мурзабаев М.К. «Экологиялық жағдайды бағалау» Методикалық нұсқау – СПб.: Крисмас+, 2000.

  4. Энциклопедия ,4 том





























«Парасат» мектеп –лицейі







«Қоқыс және біздің өміріміз»

Ғылыми жоба



Орындаған: Нуржанова Мейіргүл 4 «Б» сыныбы

Ғылыми жетекшілері: Қаражанова Б.Т.

Раимбекова А.К.























Бескөл, 2014












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Человек и природа

Автор: Конспаева Камал Сеиловна

Дата: 16.01.2019

Номер свидетельства: 495546

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "Технологическая карта организованной учебной деятельности  Тема: «Человек, природа,здоровье»"
    ["seo_title"] => string(104) "tiekhnologhichieskaia-karta-orghanizovannoi-uchiebnoi-dieiatiel-nosti-tiema-chieloviek-priroda-zdorov-ie"
    ["file_id"] => string(6) "302125"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457070791"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "ТЕМА:  «Какой ущерб наносит человек природе?»"
    ["seo_title"] => string(44) "tiemakakoiushchierbnanositchieloviekprirodie"
    ["file_id"] => string(6) "291564"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455130776"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(293) "Рабочая программа по предмету «Окружающий мир (Человек. Природа. Общество.) 1 класс составлена на основе «Программы обучения глубоко умственно отсталых  детей» "
    ["seo_title"] => string(178) "rabochaia-proghramma-po-priedmietu-okruzhaiushchii-mir-chieloviek-priroda-obshchiestvo-1-klass-sostavliena-na-osnovie-proghrammy-obuchieniia-ghluboko-umstvienno-otstalykh-dietiei"
    ["file_id"] => string(6) "139911"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1417826587"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Рабочая программа по  предмету  «Окружающий мир (Человек. Природа. Общество.) для 3 класса"
    ["seo_title"] => string(89) "rabochaiaproghrammapopriedmietuokruzhaiushchiimirchieloviekprirodaobshchiestvodlia3klassa"
    ["file_id"] => string(6) "261741"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449180889"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Воспитательный час на тему: «Человек - природа»."
    ["seo_title"] => string(48) "vospitatiel_nyi_chas_na_tiemu_chieloviek_priroda"
    ["file_id"] => string(6) "400821"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489653338"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства