Просмотр содержимого документа
«Ағзалардың көбею формалары»
Қостанай облысы
Затобол ауданы
Н.Наушабаев атындағы
Затолбол мектеп- гимназиясы .
Өсерқызы Дина
Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз және жынысты көбею
Көбею
Көбею - тірі ағзалардың ортақ қасиеті
Жыныссыз жолмен
Жыныстық жолмен көбею
көбею дің ертеректегі жолы. Ең алғашқы тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар осылай көбейді. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады (сөз біржасушалылар туралы болған кезде).
кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі - гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылу үдерісі - ұрықтану үпгін жаралған .
Жыныссыз көбею
Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған, бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде, жануарларда жүреді.
Жыныссыз көбею
Бүршіктену
Споралану
Вегативті жолмен көбею
Споралану
Споралану балдырларда, саңырауқұлақтарда және жоғары сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбею кезінде түзіледі. Бір не көп клеткалы болады. Балдырларда талшықтарымен суда қозғалып жүретін споралар зооспоралар деп аталады.
Кейде бұл көбеюді вегетативті көбею деп есептейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде (тамыры, сабағы, жапырағы бар) жыныссыз ұрпағы мен жынысты ұрпағы ауысып отырады.
Бүршіктену
Бүршіктену кезінде аналық жасушада ядросы бар төмпешіктер пайда болады, кейін ол бөлініп, өз бетінше организмге айналады. Бүршіктену біржасушалы өсімдіктерде де, мысалы ашытқыларда, сонымен қоса бір клеткалы жануарларда да, мысалы инфузорияларда, кездеседі.
Вегативті жолмен көбею
Жаңа дарақтың ата-анасының бір бөлігінен пайда болу.
вегетативтік көбеюдің түрлері:
1.Өркеннен бөліп көбею.
2. Жер бетіндегі өркендерден көбею.
3. Жер астындағы өркендерден көбею.
4. Тамыр атпаларынан көбею.
1.Өркеннен бөліп көбею
Кейбір өсімдіктердің денесінде пайда болатын өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты. қыстан аман қалған бірнеше данасынан жазда аз күннің ішінде тынық судың жарты бетін жауып кетеді. (су өсімдігі).
Жер бетіндегі өркендерден көбею
Кейбір өсімдіктер өзінен жер бетіне көктеп шыққан өркендері арқылы көбейеді.
Жер астындағы өркендерден көбею
Кейбір өсімдіктің метаморфозданған өркендері жер астында- топыраққа көмулі жатады. Жер астындағы өркендер топырақ ішімен жылжып, бойлай өсе отырып, әрбір буынынан жер бетіне жаңа өркенін шығару арқылы көбейеді. Мұндай өсімдіктерді тамыр сабақты немесе борықты өсімдіктер деп атайды.
Тамыр атпаларынан көбею
Кейбір өсімдіктердің жанама тамырларында қосалқы бүршіктерінен өскен өркенді тамыр атпасы деп атайды. Мысалы, теректер, сұр қандыағаш, тал, ақ қарағай, сирень, малина, қара бүлдірген, алхоры, сүттіген, шырмауық, жантақ, бақ-бақ.
Телу
Телу – бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып екінші өсімдік денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплатация деп атайды.
Телітуші, телінуші. Бұлардың әрқайсысын компоненттер деп атайды.
Телуге қойылатын шарттар бар. Солар орындалған жағдайда оң нәтиже береді.
Дәнекерленуі керек телітуші мен телінуші ұлпа көбінесе түрлі флоема, ксилема ағыс жолдары түзілу керек. Телінетін өсімдіктердің систематикалық жағынан жақын алу керек.
Телу тәсілдері:
Жанастыра телу
Копулировка
Қабық сатынан телу
Кесінділе телу
Беттестіре телу
Жарықшақтап телу
Жыныстық жолмен көбею
Аталық және аналық жыныс клеткаларының ( гамета ) өзара қосыла келіп , бір- бірімен ұрықтану нәтижесінде жаңа организмнің пайда болуын жыныстық жолмен көбею деп атайды.
Жыныс клеткалары ұрықтанғаннан кейін пайда болатын клеткалар зигота деп аталады. Өсімдіктің жыныс клеткалары ұрықтана алмаса, ол клеткалар өсе алмайды, өліп қалады.