Просмотр содержимого документа
«9 сынып Организмдерді? к?бею формалары»
Тақырыбы: Организмдердің көбею формалары
Мақсаты:.
Білімділік:
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Түрі: аралас сипатта
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер
Жоспар: I.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу
II. Үй тапсырмасы: сұрақ-жауап арқылы
III. Жаңа тақырып
Барысы: Ағзалардың көбею формалары
Ғаламшардағы тіршілік иелері сан алуан жолдармен көбейеді. Алайда көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты жолмен көбею. Жыныссыз көбею - көбеюдің ертеректегі жолы. Ең алғашқы тірі ағзалар - біржасушалы прокариоттар осылай көбейді. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары - гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады (сөз біржасушалылар туралы болған кезде).
Жыныссыз үдерістің бір үлкен артықшылығы бар - түрдің кез келген дарағы ұрпақ қалдыра алатындықтан, өйткені түрдің кез келген дарағы ұрпак калдыра алды. Демек «Әріптесін кездестіре алмайды» деген кауіп те болмайды; сондай-ақ әрбір ересек ағза жарық дүниеге ұрпақ шығара алатындықтан, ұрпақтары да әлдекайда көп болады. Бірақ бұл жолмен көбейген кезде өзгергіштің төмен болуы - негізгі кемшілік. Анығырақ айтқанда, ұрпақ өзінің жалғыз тегіне ғана ұксап, оның өз түріндегі өзге дарақтардың пайдалы сапасын мұра етуге тіпті әлеуеттік мүмкіндігі болмайды.
Жыныстық көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі - гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылу үдерісі - ұрықтану үпгін жаралған. Ұрықтану үшін екі дарактың болуы міндетті емес, қызтекелік және қыздықты (ұрықтанбай көбею) көбею түрінде ерекшелігі бар. Бірақ мұнда да гаметалар міндетті түрде дамиды.
Жыныстық үдеріс кезінде мүлде ұрпақсыз қалу қауіп-қатері көп екені сөзсіз. Өйткені ұрықтанудың орындалу төртібі күрделі, ол тұтас дарақ болмаса да дарақ гаметаларының болуын қажет етеді. Бірақ нәтижесі жыныссыз көбею үдерісінен шындап ерекшеленеді. Ұрпактарының барлығы жеке болады, олардың әрқайсысында ата-аналарынық ғана емес, кез келген ата тектерінен алуан түрлі белгілері мен барлық қасиеттері қайталанбас жаңа үйлесім де пайда болады. Жынысты кебею үдерісі эволюциялық жолмен жыныссыз көбеюден әлдеқайда кеш пайда болды және едәуір жас үдеріс. Алайда жоғары сатыдағы жануарларда пайда болып үлгерген екен деп ойламаңдар. Жыныстық жолмен көбею бактериялардан сан алуан түрде әлдеқашан бұрын белгілі болды.
Жынысты көбею формалары және олардың сипаттамасы
Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан дамиды. Ұрыктанбай көбейгенде аталық дарақтар катыспайтындықтан аналық дарақтың әр алуан ата тектерінің белгілерін құрамдастыруға ғана мүмкіндік болады. Бақбак, темекі мен қызылшаның көптеген іріктемелері, орхидеяның кейбір түрлері бұған мысал бола алады. Жануарларда бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары осылай көбейе алады. Паразит құрттар формасының көпшілігі осы жолмен көбейеді. Ондай кезде иесінің ағзасындағы дернәсілдер ұрықтанбастан келесі ұрпақтарды береді.
Қосылу үдерісі (конъюгация). Бактериялардың қосылу (коньюгация) арқылы көбеюі. Бұл - бактериялардың генетикалық материалдар алмасу жолдарының бірі. Шартты түрде «аталық» деп есептелетін бір бактерия өз ДНҚ-сын шартты түрдегі екінші «аналык» бактерияға береді де өзі өледі. «Аналық» бактерия екі ДНҚ молекуласын құрамдастырып, соңынан қарапайым бөліну арқылы көбейеді. Қосылу арқылы көбеюге ұшыраған жасуша ұрпақтары ата-енелерінің екеуіне тән белгілерге ие болады. Бұдан келесі ұрпактардың өзгергіштігі және тіршілікке бейімділігі артады.
Бір қызығы, бактериялық жасушалар үшін «табиғи өлім» ұғымы қолданылмайды, өйткені олар қолайлы жағдайларда шексіз рет бөлінеді. Бактериялар тек азық жетіспегенде ғана өледі. Бактерия табиғи жағдайларда қосылу арқылы көбею нәтижесінде ғана өледі.
Бұл кірігікшелілер мен жіп тәрізді балдырлар спирогираларда (кейбір өзге жасыл балдырларда және саңырауқұлақтарда) жүретін гендердің алмасу үдерісі. Алмасу тек ДНҚ молекуласында жүріп қоймайды. Кірпікшелілерде тұтас ядро құрамы бір дарақтан екіншісіне ағып өтеді, әрі екеуі де тірі қалады. Ал балдырларда бір жасушаның құрамы екіншісіне өтеді. Бұл жерде жойылу туралы емес, зигота түзіліп, бір жасушаның екіншісіне кешуіне ұқсас жағдай болды деген жөн.
Жынысты көбеюдің қалған жолдары гаметалардың қалыпты қосылуына байланысты. Өсімдіктер тозаңданған кезде және жануарлар ұрыктанғанда осылай өтеді. Бұл кебею жолын екі топқа бөлсе де болады. Біріншіден, қызтекелік (гермафродит) және өздігінен ұрықтануды жеке бөліп қарауға тура келеді.
IV. Бекіту
Жынысты және жыныссыз көбею үрдістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?
Өздеріңе белгілі ағзалардың жыныссыз жолмен көбею жолдарын атаңдар?