|   Сабақтың тақырыбы:   |    Теңіздің қоңыр және қызыл балдырлары       |  
  |   Сабақтың негізделген оқу мақсаттары:   |    Білімділік:Теңіз балдырларының түрлерімен таныстыру,балдырлардың табиғаттағы маңыздылығы туралы түсінік беру.  Дамытушылық:Өздігінен алған білімдерін тапсырмаларды орындауда қолдана білу,қорытынды жасау,салыстыру біліктіліктерін дамыту.  Тәрбиелік:Табиғатқа деген қызы,ушылығын оята отырып,өзі тұратын өлкенің өсімдіктерін күтіп баптауға,қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу.   |  
  |   Қолданылатын модульдер:   |    Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану,оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту.   |  
  |   Страгетиялық   іс-әрекет:   |    «Ыстық алақан»тренингі, «Конверт», «Кір жайғыш», «Венн диаграмма» «Білім ағашы», «Джигсо», «Құпия сандар» әдісі, «Бағалау парақшалары».     |  
  |   Сабақ кезеңдері,уақыт   |    Мұғалімнің іс-әрекеті   |    Оқушының іс-әрекеті   |  
  |    Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин   |    Сыныпқа ену,оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу,сәлемдесу.    Шаттық шеңберіне тұрып «Ыстық алақан» тренингін ұйымдастыру.«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы 6-бағытты сұрақ қою арқылы жауап алу.   |    Орындарында тұрып сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Бүгінгі күніңе сәттілік тілеймін,  сабағыңды беске оқы,ата-анаңның үмітін ақта деген тілектер айтылады.   |  
  |   Топқа бөлу. 2-мин   |    Сыныптағы оқушыларды түрлі түсті гүл күлтешелері арқылы топқа бөлу.Күлтешенің астында топтың аты жазылып тұрады.  I-Жасыл балдыр  II-Қоңыр балдыр  III-Қызыл балдыр   |    Оқушылар шаттық шеңберінен кейін шағын топтарға бөлінеді.Әр шағын топ бірлесе отырып,өз топ ережелерін құрып,жайғасады.   |  
  |   Үй тапсырмасын пысықтау. 5-мин   |    Әр топқа өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Түрлі-түсті конверт» стратегиясы   |    Оқушылар кездесіп әр топ «Түрлі-түсті конверт» ішіндегі сұрақтарға жауап береді.       |  
  |   Жаңа сабақ.    1-мин              10-мин                       |        Мақал-мәтелді табу арқылы жаңа тақырыпты ашады . «.... көлде балық көп» .     «Джигсо» әдісі    Топпен қорғайды       |       Оқушылар топпен бірлесе отырып мақал-мәтелдің шешуін табады.            «Джигсо» әдісі бойынша мәтінді оқып,талқылайды.Бірін-бірі мұқият тыңдап,есте сақтай отырып,оқып үйренгендерін топта талқылайды,жақсы түсінген оқушы ортаға шығып түсіндіреді.   |  
  |       5-мин       |        «Венн диаграммасы»  Қоңыр балдыр мен қызыл балдырлардың айырмашылығы мен ұқсастығын жазады               |        «Венн диаграммасын» топта орындап,көршілес оқушы бірін-бірі тексереді.      Қоңыр балдыр    ла    Қызыл балдыр                      |  
  |   3-мин   |    «Құпия сандар»  Есте сақтау қабілеттерін дамытады.       |     Құпия сандарды тап ..  1 500- қоңыр балдырдың түрі    5-10ш/ш- ламинария алып жатыр  20-30 м- тереңдікте ламинария өседі  50см- ламинарияның ұзындығы  270м- тереңдікте қызыл балдыр өседі  5000 балдыр - 1гр қара топырақта   |  
  |   Қорытындылау.  5-мин   |    «Кір жайғыш» әдісі    Әр топқа А-4 парақтар таратылады.   |    Алдына келген парақшаларға әр топтан 2-3 сұрақтан жазып,кір жайғышқа іледі.Әр топтан 1 оқушы шығып басқа топтың сұрағына жауап беріп,алмасып отырады.   |  
  |   Бағалау.  3-мин   |    «Бағалау парақшасы»  Әр топтың басшысын сайлап,тапсырма орындау барысында топ мүшелерін бағалады.   |    Әр шағын топ сарапшылары өз топ мүшелеріне баға береді.   |  
  |   Үй тапсырмасы  2-мин   |    Біліміңді сына сұрақтарына жауап жазып келу   |    Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жалпы шолу   |  
  |   Рефлексия  1-мин   |    Оқушыларға жасыл,қызыл түсті стикерлер таратылады.   -Не білдім?   -Білгенім?   -Білгім келеді?   |    Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан қандай әсер алғанын жазады.  -Нені үйренгендерін,нені үйренгісі келетінін жазып «Білім ағашына» іледі.   |