kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Каспий теңізі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегібойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегінедейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы(73 км2) және Морской(65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңқыстау, Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңқыстаумен Қазақ шығанақтарыбар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.[1] Ірі шығанақтары: Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы басқа). Ірі түбектері: Маңғыстау түбегі, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Климаты Теңіз екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті климатта, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азияшұғыл континентті климаттар арасында жатыр. ЖаздаКаспийтеңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 240о-260оС. Қыстатемператураөзгеше. Солтүстігінде қысыаязды болып келеді. Қаңтарайының орташа температурасы -7-11оС. Орта бөлігінде 10о-50оС, ал оңтүстікте 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура -38оС-қа жетелі. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін, оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 240С, ал оңтүстікте 28"С-қа дейін көтеріледі. Каспий теңізі Теңіз деңгейі Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995 жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл Шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты. Судың тұздылығы Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2%о болса, орталық бөлігі 10-12%о-ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14%о болады. Табиғаты Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы. Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады. Каспий албырты (лат. Salmo trutta caspіus) – албырттар тұқымдасының бір түр тармағы. мақаланы толығымен оқу Каспий итбалығы(лат. Phoca caspіca) – ескекаяқтылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын аң. Оны қазақ тілінде түлен деп те атайды. мақаланы толығымен оқу Каспий қаязы(лат. Barbus brachycephalus caspіus) – Арал қаязының түр тармағы, өткінші балық. мақаланы толығымен оқу Экологиясы Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды. Қазіргі заманның балық шаруашылығы — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. [[|Балық уылдырығы|Балықтар уылдырығын]] тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10 — 11%о), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Каспий теңізі»

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ентерең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара-бүғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзак геологиялық мерзімде өгті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) кұрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар С а р м а т т. бірнеше бөлікке бөлінді. Нөтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезендерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы терендігі жөне түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бө-лінеді. Құрлықтық қайранда орналасқан солт. бөлігі тай-ыз (10 — 20 м). Орта тұсын-дағы ойпанда тереңд. 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м). Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24 -26°С, оңт-нде 27 — 28°С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10°С-қа жуық болады. Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайык өзендері берсе, Терек, Сулак, Са-мур өзендері 5%-тен астам, Кура өз. 6%-тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп жөне ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді құрады. Теңіз суы бетіне шақканда өзен ағынының мұндай өзгеруі К. т. деңгейін 67 см-ге өзгертеді. Басқаша айтқанда Каспий теңізінің деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінде Қарабұғазкөл шығанағының маңызы зор. Әсіресе, оның суының деңгейі мен тұздылығын сақтауға ыкдал етеді. Теңізден келген әрбір км3 су шығанаққа 13 — 15 млн. т әр түрлі минералды тұздар алып келеді. Қарабұғазкөл теңіздің буландырғышы рөлін атқарады. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жайдын маңында 0,1 — 0,3%о, оңтүстік -шығыс-та 13%о-ге дейін көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады. Каспий теңізінің деңгейі маусымдық, бір жылдан екінші жылға және ғасырлық мерзімде ауытқып тұрады. Геоморфологиялық зерттеулер бойынша Каспий теңізінің деңгейінің ауытқуы уақыт өткен сайын кеми берген: плейстоценде (соңғы 700 -500 мың жыл ішінде) теңіз деңгейінің ауытқуы 100 м, голоценде (соңғы 10 мың жылда) 15 м-ге (-20 м-ден — 35 м-ге дейін), соңғы 2 мың жыл ішінде 12 м-ге, ал инструментальді бақылаудан бастап (1830 жылдан қазіргі уақытқа дейін) 4 м-ге ауытқып отырған. Теңіз деңгейінің көтеріліп, немесе төмен түсіп отыруының себептері туралы көптеген болжамдар бар. Олардың негізгілері: ғаламдық геологиялық құбылыстар және теңіздің аймақтық ерек-шеліктері. Каспий теңізіне ерте неогенде тектоникалық қозғалыстар мен тау пайда болу процесі өсер етсе, жоғ. плиоценде тектоникалық жөне климаттық факторлар әсер еткен. Ал қазіргі кезеңде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және антропогевдік факторлар әсер етеді. Соңғы кездегі ең жоғарғы деңгей (+22,5 м) 19 ғ-дын басында, ең төмен деңгейі (-29,0 м) 1977 ж. байқалған, 1978 жылдан (20 ғ-дың со-ңына кдрай) теңіз деңгейі 2 — 2,7 м-ге көтерілді. Теңіэ айдыны кей жерлерде 100 км-ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су басты.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Каспий теңізі

Автор: Муханбетова Кабира Хисметовна

Дата: 25.10.2016

Номер свидетельства: 352175

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Каспий те?ізі ж?не оны? экологиясы"
    ["seo_title"] => string(34) "kaspiitienizizhnieonynekologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "294458"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455644267"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) ""Каспий те?ізіні? экологиясы" дидактикалы? материал"
    ["seo_title"] => string(54) "kaspii-tien-izinin-ekologhiiasy-didaktikalyk-matierial"
    ["file_id"] => string(6) "303692"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457589556"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Ашық сабақ: « Каспий теңізі»"
    ["seo_title"] => string(25) "ashyk_sabak_kaspii_tenizi"
    ["file_id"] => string(6) "541875"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1583305281"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(126) "Жайы? ?зені атырауы мен Каспий те?ізіні?   іргелес   жа?алауыны? ??стары. "
    ["seo_title"] => string(80) "zhaiyk-ozieni-atyrauy-mien-kaspii-tien-izinin-irghielies-zhag-alauynyn-k-u-stary"
    ["file_id"] => string(6) "159729"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421940172"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі. 6 сынып"
    ["seo_title"] => string(43) "sabak_tyn_tak_yryby_kaspii_tien_izi_6_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "444207"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513186942"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства