kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері: аналығы және аталығы.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (35-сурет). Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра)).

Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағаншажапырақша  көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. Кейбір өсімдіктердің тостағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (көкнәрда). Гүлі қураған кезде күлтесімен бірге түсетіндері де піскен жемістерінде бірге сақталатындары да бар (баклажан, бұрыш, құрма және т.б.). Жануарлар арқылы таралуға бейімделген, итошағанның тостағанша жапырақшасының ұшы иіліп, ілмешекке айналған.

Күлте жапырақша – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.

Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.

Естеріңде болсын! Шірнеліктер – гүлтабанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында да болады.

Бунақденелілер шірнелікті шеңбер, нүкте, сызықша-жолақтар сияқты белгілері арқылы ажыратады. Күлтенің ашық реңі тікелей түскен күн сәулесінің қызуын бәсеңдетеді. Аталық пен аналықты қызып кетуден сақтайды. Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан, шық тамшыларынан қорғайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері: аналығы және аталығы.»»

«Аралтөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
















Тақырыбы:

«Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері: аналығы және аталығы.»

























Сынып: 6а

Пәні: биология

Пән мұғалімі: Өрісбекова Т.Р.









2015-2016 оқу жылы


Сабақ реті: 20

Мерзімі: 16.11.2015

Сынып:

Пәні: биология

Сабақтың тақырыбы: Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері: аналығы және аталығы.

14 зертханалық жұмыс. Гүлдің құрылысын қарау.

Сабақтың мақсаты: Гүл, оның құрылысы мен функциясын теориялық және практикалық тұрғыда сипаттап, жете түсіндіру.

Білімділік: гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша және күлте жапырақшалары мен жыныс мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру.

Дамытушылық: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелілік: адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: гүлдің макеті, ребустар, жұмбақтар, тірек-сызба, электронды оқулық, видео «Гүлдер», ТВ-бинго ойыны.

Сабақтың оқыту әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, проблемалық дифференциалды элементтер.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 мин) (Оқушыларды ортаға шақыру, өлең шумақтарын қимылмен қайталау).

Таңертең көбелек оянды, тартылды,

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Аз ғана айналып, барлығына күліп,

Қайта гүліне оралды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

«ТВ –бинго ойыны арқылы сұраймын. Мұнда «Өсімдіктің вегетативті

мүшелері» тарауы бойынша білімдері тексеріледі.

  1. Өсімдіктің вегетативті мүшелерін ата. (тамыр, сабақ, жапырақ)

  2. Тамыр деген не? (өсімдіктің жерасты мүшесі)

  3. Тамыр шығу тегіне қарай қанша түрге бөлінеді? (негізгі, жанама, қосалқы)

  4. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әртүрлі орта жағдайларына түрін өзгерту арқылы бейімделеді. Мұндай құбылысты қалай аталады?(түрөзгеріс не метаморфоз)

  5. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі? (сабақ)

  6. Ауадан қоректенуді жүзеге асырады (фотосинтез)? (жапырақ)

  7. Бір ғана тақтасы бар жапырақ? (жай жапырақ)

  8. Жапырақ тақтасы тікенге айналған өсімдіктер? (сарыағаш, кактус, кәріқыз)

ІІІ. Сергіту сәті. Жұмбақтар.(3 мин)

  1. Көктемде тұрады, бұтаққа асылып,

Күзде жерде жатады шашылып. (Жапырақ)


  1. Сабаққа бекитін жіңішке ноқтасы да біреу,

Күнге қарап жалпиған тақтасы да біреу. (Жапырақ)


  1. Абайла жапырағы “шағады” балақай,

Бұл өсімдік аталады ....... (Қалақай)


  1. Жеміс емес жейсіңдер, шырын екен дейсіңдер.

Денсаулыққа ем тамыр, оның аты - ... (Жемтамыр)


  1. Өсімдіктің бойлап өсер тірегі

Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.

Жоғары -төмен тұратұғын таратып,

Осы мүше өсімдіктің жүрегі (Сабақ)


ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мына ребусты шешейік.

Шығатын қандай сөз?



Өсімдік мүшелерінің екі топқа бөлінетіндігін сызба арқылы түсіндіру.

Ассосациялық карта: балалар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі?

Хош иіс Әдемілік Сыйлық


Көбею мүшесі Қысқарған өркен Әртүрлі түстер

Гүл құрылысы көрсетілген макет және нағыз гүлді көрсете отырып, оқушыларды гүлдің құрылысымен таныстыру.

Гүл дегеніміз - көбеюге қажетті, жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.

1-гүл сағағы

2-гүл табаны

3-тостағанша

4-күлте жапырақша

5-аталық

6-аналық

Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады (35-сурет). Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра)).

Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағаншажапырақша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады. Меңдуана, қоңыраугүлде тостағанша бір-бірімен тұтасып, жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. Кейбір өсімдіктердің тостағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (көкнәрда). Гүлі қураған кезде күлтесімен бірге түсетіндері де піскен жемістерінде бірге сақталатындары да бар (баклажан, бұрыш, құрма және т.б.). Жануарлар арқылы таралуға бейімделген, итошағанның тостағанша жапырақшасының ұшы иіліп, ілмешекке айналған.

Күлте жапырақша – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.

Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.

Естеріңде болсын! Шірнеліктер – гүлтабанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында да болады.

Бунақденелілер шірнелікті шеңбер, нүкте, сызықша-жолақтар сияқты белгілері арқылы ажыратады. Күлтенің ашық реңі тікелей түскен күн сәулесінің қызуын бәсеңдетеді. Аталық пен аналықты қызып кетуден сақтайды. Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан, шық тамшыларынан қорғайды.


Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді. Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте (36-сурет) тек тостағанша жапырақшалары болып, күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш гүлдері). Немесе керісінше, күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл).

Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да, күлте де болады (алма, өрік, шие ағаштарының гүлдері). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді (тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлі).

Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады (38-сурет). Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.

Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі (38-сурет). Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктері болады. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.

1-аналық аузы

2-мойны

3-жатыны

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.

Аналықтың мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т. б.

Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әрбір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жемісжапырақшаларынан түзіледі.

Дұрысгүл мен бұрысгүл. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе – дұрысгүл (алма, итмұрын, мақта және т. б.). Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе – бұрысгүл (соя, үрмебұршақ, сәлбен және т. б.).

Мақтаның дұрысгүлі мен сызбанұсқасы (1) және асбұршақтың бұрысгүлі мен сызбанұсқасы (2).

 

 

. Мақтаның дұрысгүлі мен сызбанұсқасы (1) және асбұршақтың бұрысгүлі  мен сызбанұсқасы (2).

Видео «Гүлдер»

Жаңа терминдермен жұмыс

Гүл серігі, тозаң, тозаңқап, жатын (түйін, тұқым бүршігі), аналық, аталық, күлте, тостағанша.

V. Бекіту «Бәрін білгім келеді»

Гүлді қоршап аялайды, қорғайды,

Ол тұрғанда гүл де онша тоңбайды.

Мұндай ұсақ жапырақшалар болса егер,

Ұзақ уақыт күлтесі де солмайды (Тостағанша)

Кесте толтыру.

Гүлдің бөлімдері

Атқаратын қызметі

Гүл сағағы


Гүл табаны


Тостағанша жапырақшалар


Күлте жапырақшалар


Күлте жапырақшалар


Аталықтар


Аналықтар


Гүлдің жыныс мүшелерін жеке бөліп, әрқайсысының бөлімдерін жаз.

Аталық:

Аналық:

«Үндемес » ойыны

1. Гүлдің сағаққа бекінген бөлімі –

Гүлдің кеңейген жері –

Гүлдің жыныс мүшелері –

Гүлдің жеміс түзуге қатысатын бөлімі –

Аналықтың ең негізгі бөлімі –

Аталықтың тозаң ұясы бар бөлімі

Венн диаграммасы

Өсімді мүшелер Ұқсастығы Көбею мүшелері

Тамыр, сабақ, жапырақ Өсімдіктің мүшелері Гүл, жеміс, тұқым

14 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Гүлдің құрылысын қарау.

Мақсаты: Өсімдіктің көбею немесе генеративті мүшесі – гүлдің құрылысын зерттеу.

Құрал-жабдықтар: нағыз гүлдер (қызғалдақ, гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктері және т.б.), қатты қағаздан ойылған жеке гүл бөліктері, ұлғайтқыш қол әйнек, сапты ине.

Жұмыстың барысы:

1. Нағыз гүлден (ол болмаса) немесе гүл бөліктерінің қатты қағаздан жеке-

жеке қиылған жапсырма (аппликация) көрнекі құралдардан гүл

бөлімдерін табу, пішініне, санына, реңдеріне көңіл аудару.

2. Табиғи (нағыз) гүлден гүл бөліктерінің орналасу тәртібімен танысу.

3. Гүл бөліктеріне қарап жай немесе қос гүлсерікті екендігін анықтап

ажырату.

4. Аталық пен аналықты жеке бөліп алып құрылыстарымен танысу, суретін

салып атын жазу.

Нәтижесі:

1) Гүлдің құрылысын жаз:

2) Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер («ГС» – гүлсағақ; «ГТ» – гүлтабан; «Т» – тостағанша; «К» – күлте; «А» – аталық; «Ж» – аналық).

3) Мыналардың қайсысы дұрыс гүл, қайсысы бұрыс гүл?

Қорытынды: М.Бесбаевтың «Миллион гүлдер» әнімен сабақты аяқтау.

V. «Бейнет түбі – зейнет». Оқушыларды бағалау.

VI. Үй тапсырмасы. §20-21, 53,59-сурет, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.















Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Пән мұғалімі: Өрісбекова Т.Р.

Тексерілді: Насреддинова Д.А.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Өрісбекова Тоғжан Рысбекқызы

Дата: 27.04.2017

Номер свидетельства: 412010

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Г?л оны? ??рылысы мен ма?ызы. Г?лсерігі.  Г?л  шо?ырлары . "
    ["seo_title"] => string(60) "gul-onyn-k-u-rylysy-mien-man-yzy-gulsierighi-gul-shog-yrlary"
    ["file_id"] => string(6) "169763"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423468838"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Г?л оны? ??рылысы мен  ма?ызы.    Г?лшо?ырлары  оларды? биологиялы?  ма?ызы"
    ["seo_title"] => string(64) "gulonynkurylysymienmanyzygulshogyrlaryolardynbiologhiialykmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "310986"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459144085"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "г?л ??рылысы "
    ["seo_title"] => string(15) "ghul-k-u-rylysy"
    ["file_id"] => string(6) "147849"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419511131"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Г?л оны? ??рылысы мен ма?ызы 6 класс"
    ["seo_title"] => string(31) "gulonynkurylysymienmanyzy6klass"
    ["file_id"] => string(6) "317160"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460291117"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Г?лді? ??рылысы мен оны? ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(35) "guldin-k-u-rylysy-mien-onyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "175074"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424221487"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства