Просмотр содержимого документа
«Білімділер дарабозы»
Тақырыбы: Білімділер дарабозы
Мақсаты: Жаратылыстану пәнінен алған білім деңгейлерін анықтау, жаратылыстану пәніне қызығушылықтарын арттыру,ойлау қабілеттерін дамыту.Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға, бір - бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Кіріспе
Сайысты ашу
II. Негізгі бөлім
Таныстыру
Бәйге
Ғажайып үштік
Дарабоз басшылар
Ой қозғау
Сандар жырлайды
III. Қорытынды:
Жеңімпаз топты анықтау
Сайысты ашу
Әрқашан білімнен қашпаймыз,
Білімсіз шуақнұр шашпаймыз.
“Білімді дарабоз” атанып,
Ал енді сайысты бастаймыз.
1 бөлім Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады)
2 бөлім Бәйге (2 топқа он сұрақ беріледі, әр сұраққа 10 ұпай)
Білімнен емеспіз кенде біз,
Өйткені Тәуелсіз елде біз.
Сақадай сай болса өрендер,
Ендеше басталар бәйгеміз.
1. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі ? Жаратылыстану
2.Тірі денелер құрамындағы заттар қалай аталады? Органикалық
3. Табиғаттағы денелер өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгеріс қалай аталады?
Табиғат құбылыстары
4. Тірі ағзалардың бір – бірімен байланысып өмір сүретін табиғаттаң бір бөлігі? Тіршілік ортасы
5. Тірі ағзалар қандай тіршілік ортаға бейімделген? Сулы орта, Жер беті, ауа, топырақ
6. Өлі табиғат құрамына жататын заттар? Бейорганикалық
7. Адамның тіршілік ететін ортасы. Табиғат
8. Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі Жұлдыз
9. Балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн
10. Табиғи ресурстардың неше түрі бар, ата? Сарқылатын, сарқылмайтын
3 бөлім Ғажайып үштік (3 бөлімнен тұрады. Әр бөлім үш сұрақтан тұрады)
Ел үшін қиналмас өзекті ер,
Етеді еңбегін төгіп тер.
Білімнің танытар ғажабын,
Ғажайып үштікке кезек бер.
1. Ғалымдар бөлімі (10,20,30 ұпай сандарынан тұрады)
Білімді тұрады жарасып,
Болашақ әлемге жол ашып.
Дарынды мекенін танытар,
Ғалымдар кезеңі жол ашық.
10 - Жер шарын тегіс картаға түсірудің жобасын жасаған ғалым? Герард Меркатор
20 - Жетісу, Ыстықкөл аймағының фаунасы мен флорасын зерттеп, Ыстықкөлдің картасын жасауға қатысқан ғал ым? Ш. Уәлиханов
30 - Жер Күнді айнала қозғалады деген гипотезаның авторы ? Николай Коперник
2 Табиғат ғажайыбы бөлімі
Бір кезде білімнен от алған
Көрінер ізденген топ алдан
Келесі кезең де басталар
Табиғат таңғажайыбы атанған
10 - Ғарышта алғаш рет гүлдеп, тұқым салған. Ол топырақсыз, сусыз тек ауада ғана тамырланып, 40 күн тіршілік еткен қандай гүл Арабидопсис
20 - эколог Вигер Уаилинктің Марстың топырағына ұқсас топырақта көкөніс өсіріп,кейін олардың 50 күннің ішінде гүлдегенін зерттеген. Ол қандай көкөніс түрі Қияр
30 - Миннесота Штатының тұрғыны Дэн Маккой салмағы 4 келі болатын көкөніс өсірді Оған
«Үлкен Зак » деген атау берді Қызанақ
3 Терминдер бөлімі
Білімге құлашты сермеңдер,
Білімсіз наданға ермеңдер.
Көпке үлгі ететін білгенді,
Кезеңі басталды терминде
10 - Қорық
20 - Биология
30 - Табиғи ресур
4 бөлім Дарабоз басшылары сайысы
Бағындырып ең биік асқарды
Тылсымына тарататын жастарды.
Ендеше кәнекей назар салайық
Топ басшылар кезеңі басталды.
Шарты: Команда мүшелері сандықшадан нөмірлері бар шар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге сұрақ оқиды. Топбасшылары жауап береді.
5 бөлім. Ой қозғау сайысы
Шарты: Екі топқа тақырып беріледі. Сол тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салады.
1 - топ: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері
2 - топ: Ғаламдық экологиялық мәселелер
6 бөлім. Сандар жырлайды сайысы
Екі топқа сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай