Та?ырыбы: «Т?уелсіздік т?т?асы - бізге аманат!» Ма?саты:
Білімділік: Сайыс барысында о?ушылар 16-желто?сан Т?уелсіздік к?ні мерекесіне 24жыл толуына рай ?аза?стан тарихы п?нінен т?рлі тапсырмалар мен с?ра?тар?а жауап бере отырып, ?аза? хал?ыны? ?асырлар бойы а?са?ан т?уелсіздікке деген ?мтылысы, ?аза? тарихында?ы ?лы т?л?алар, м?дениет т??ірегіндегі сауалдар?а жауап бере алады Дамытушылы?: ?ткенді еске т?сіре отырып, болаша??а ба?дар беруге баулу.
Т?рбиелілік: тарихи ?лы т?л?аларды? ерліктерін насихаттай отырып, ел т?уелсіздігіні? ?адірін білетін, отанс?йгіш, б?секеге ?абілетті патриот т?рбиелеу;
Ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар мен о?ушылар сіздерді келе жат?ан 16-желто?сан Т?уелсіздік к?ніне 24жыл толу мерекесімен шын ж?ректен ??тты?таймыз.
Ата-бабаларымыз т?уелсіздікті ?ш ?асыр?а жуы? уа?ыт бойы армандап кеткен. Т?уелсіздікке жету ?шін хал?ымызды? басынан не ?тпеді. ?аншама ерлеріміз халы? ?амы ?шін ?ан кешіп ??рбан бол?ан. Азатты? ?аза? хал?ыны? ежелгі арманы еді. Азатты? ?шін к?ресте айры?ша ?ылыш сермеді, талай ?иынды?ты бастан кешірді. Біра? еш?ашанда мойымады, к?ресе білді. Азатты? та?ы ерте ме-кеш пе туатынына к?міл сенді.
Жыл ?ткен сайын м??гі ?мытылмас м?? ?алдырып тарих ?ойнауына сі?іп бара жат?ан 86-жылды? 16 желто?саны барша ?аза?ты? ж?регін сыздатып, к??ілдерге жара салды. Алматыда ?аза?стан Компартиясы Орталы? комитетіні? 18-минут?а созыл?ан ?ыс?а уа?ытта ?ткен пленум болды. Сол пленумда Республика компартиясы Орталы? комитетіні? 1-хатшысы, ?аза?стан?а 20 жылдай басшылы? еткен Дінм?хаммед Ахмет?лы ?онаевті ?ызметінен босатты. Оны? орнына саяси бюроны? шешімімен Григорий Колбинді сайлады. Б?л шешімге наразылы?ын білдірген жастар ала??а шы?ты.
Осындай бірнеше ?асыр?а жал?ас?ан бостанды?, Т?уелсіздік ?шін к?рескен ?аза? хал?ыны? тілегі орындалып 1991 жылды? 16 желто?саны Т?уелсіздік к?ні болып тарих?а енді.
І кезе?. « Т?уелсіздігімні? бастауы – Желто?сан» б?л кезе?де ?р сайыскерге ел т?уелсіздігіне байланысты ?ш с?ра? ?ойылады:
?рбір д?рыс жауап 1 ?паймен белгіленеді
Іо?ушы:
1. ?аза?стан ?ашан ?з т?уелсіздігін жариялады? /1991 жыл, 16 - желто?сан/
2. ?аза?стан республикасыны? р?міздері ?абылдан?ан жыл? /1992 жыл/
3. Астананы? т?саукесері ?ай жылы ?тті? /1998 жыл, 10маусым /
ІІо?ушы:
?аза? елі Т?уелсіздігін ал?аннан бері ?уатты мемлекет ретінде ?алыптасып, ?лемні? алды??ы ?атарлы еліне айналу жолында талай белестерді ба?ындырды, тамыры тере?де жат?ан т?л тарихымызды? жа?а беттері ашылды. Осы ?ыс?а ?ана уа?ыт ішінде экономикалы? ж?не ?леуметтік ма?ызы зор жобаларды ?ол?а алып, ?лемдік де?гейдегі іс-шараларды? ?туіне ?йыт?ы бола білдік. Жа?анды? м?селелер тал?ы?а т?скен кешегі Е?Ы?-ны? саммиті, Астана экономикалы? форумы, Инвестициялы? форум, Д?ниеж?зілік ислам экономикалы? форумы жас мемлекетімізді? мерейін ?стем етіп, абыройын ас?а?татты. Е? бастысы, даму ба?ытын ай?ындап берді. Осындай кешенді істерді? жал?асы ретінде ?аза?стан 166 жылды? тарихы бар EXPO-2017 к?рмесін ?ткізу ???ы?ын же?іп алды.
Келесі кезекті сайыскерлерді? EХРО-2017 «Болаша?ты? энергиясы» та?ырыбында?ы к?рмесіне алып келген ?з е?бектеріне берейік. \Сайыскерлерді? е?бектері 10?паймен ба?аланады.\
?орытынды: Т?уелсіздік – т??ірді? ?рпа??а берген ?лкен ба?ыты, хал?ымызды? м??гілік ??ндылы?ы. Біз б?гінге дейінгі барлы? жетістіктерімізге Т?уелсіздікті? ар?асында ?ол жеткіздік. Жиырма т?рт жыл ішінде елді? ?л-ау?атын к?теріп, т?л м?дениетіміз бен мемлекеттік тілді жа??ырту ісінде ?ыруар ж?мыстар жасады?. Елімізде білім, ?ылым, денсаулы?, спорт салалары айры?ша даму ?стінде.
?азіргі уа?ытта елімізді ?лемдегі барлы? ел таниды, танып ?ана ?оймай елімізді? осы азда?ан уа?ытта жеткен жетістіктеріне ?ыз?анышпен, ?ызы?а ?арайды. Біз осындай т?уелсіз, бірлігіміз жарас?ан, бейбітшілік орна?ан елді? ?рпа?ы бол?анымыз?а ма?тануымыз керек.
Алда ?лі ?за? жол, ?лкен асулар бар. Сол асулар мен ?иынды?ты же?у ?шін білекті? к?ші мен найзаны? ?шы керек емес. О?ан тек ж?рек пен білім, талант пен талап керек. ?аза? еліні? абыройын асырып, мерейін ?стем етер, ?лем та??алар, талай-талай жа?алы? ашар білімділер керек. Осы Т?уелсіз елімізді? намысын ?ор?айтын, б?гінімізді ерте?іне жал?айтын, ?аза? еліні? ерте?і, болаша?ы ?шін жауап беретін б?гінгі ?рпа? екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш д?ниеге, Кетігін тап та бар ?алан!”- деп ?лы а?ын Абай атамызды? с?зімен «Т?уелсіздік т?т?асы - бізге аманат!» танымды? сайысын ая?тайм
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік т?т?асы - бізге аманат !»
Мұнайлы ауданы
№1орта мектеп
«Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат!»
8-сыныптар срасында өткізілген танымдық сайысы
Өткізген: тарих пәні мұғалімі: Қасымбекова Ж.Р.
2015-2016 о\ж.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат!» Мақсаты:
Білімділік: Сайыс барысында оқушылар 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне 24жыл толуына рай Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады Дамытушылық: өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.
Тәрбиелілік: тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, ел тәуелсіздігінің қадірін білетін, отансүйгіш, бәсекеге қабілетті патриот тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Тәуелсіздік монументі, желтоқсан құрбандары болған жастардың суреттері, нақыл сөздер. Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздерді келе жатқан 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне 24жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ата-бабаларымыз тәуелсіздікті үш ғасырға жуық уақыт бойы армандап кеткен. Тәуелсіздікке жету үшін халқымыздың басынан не өтпеді. Қаншама ерлеріміз халық қамы үшін қан кешіп құрбан болған. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашанда мойымады, күресе білді. Азаттық таңы ерте ме-кеш пе туатынына кәміл сенді.
Жыл өткен сайын мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 86-жылдың 16 желтоқсаны барша қазақтың жүрегін сыздатып, көңілдерге жара салды. Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің 18-минутқа созылған қысқа уақытта өткен пленум болды. Сол пленумда Республика компартиясы Орталық комитетінің 1-хатшысы, Қазақстанға 20 жылдай басшылық еткен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевті қызметінен босатты. Оның орнына саяси бюроның шешімімен Григорий Колбинді сайлады. Бұл шешімге наразылығын білдірген жастар алаңға шықты.
Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық, Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.
І кезең . « Тәуелсіздігімнің бастауы – Желтоқсан» бұл кезеңде әр сайыскерге ел тәуелсіздігіне байланысты үш сұрақ қойылады:
Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен белгіленеді
Іоқушы:
1. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? /1991 жыл, 16 - желтоқсан/ 2. Қазақстан республикасының рәміздері қабылданған жыл? /1992 жыл/ 3. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? /1998 жыл, 10маусым / ІІоқушы:
Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)
Отанымыз Қазақстан Республикасының тәуесіздігінің символына
айналған Алматы қаласындағы ескерткіш қалай аталады? «Тәуелсіздік монументі»
Елімізде Мемлекеттік рәміздер күні қашан тойланады? Төртінші маусым күні
ІІІоқушы: 1.«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? / алтын адам және жолбарыс/ 2. Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? /1991 жылы, 1 желтоқсан/ 3. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? /Орынбор/ ІV оқушы: 1. Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім, қай жылы?/Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 - қазан// 2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/ 3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады? /9 бөлім, 98 бап /
ІІ кезең: «Дархан даламның батыр бабалары» бұл кезеңде қазақ даласында әр кезеңде өмір сүрген қазақ жерін сыртқы жаудың табанына таптатпаған, елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырлары туралы білгендерін ортаға салады? Бұл кезеңде ортадағы 10,20,30сұрақтары бойынша жауап береді.
10. Жаугершілік заманында 50 - жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр? /Бөгенбай батыр/ 20. Абылай хан бұл батырды тапқырлығы, алғырлығы үшін ерекше бағалаған, бұл қай батыр? /Баян батыр/ 30. Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім? /Бөгенбай батыр/
10. 7 - жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім? /Қабанбай батыр/ 20. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім? /М. Өтемісұлы/
30. Маңғыстау жерін түркімендерден босату үшін 1741жылы болған соғыстардың бірінде қаза тапқан батыр? \ Бөгенбай\
10. Жиырма жасынан бастап жоңғарларға қарсы шайқасқа қатысқан шапырашты руынан шыққан батыр? \Наурызбай\
20. ХVІІІғасырда Ресей үкіметі батырлығына бас иіп, тарқандық атақ берген батырлар? \Шақшақ Жәнібек пен тама Есет\
30. Абылай ханды тұтқыннан босатуға қатысқан, Жоңғария мемлекеті тарқандық атақ берген батыр? \Малайсары\
ІІІ кезең: «Тәуелсіздік ата-баба арманы» деп аталатын кезеңде әр сайыскерге 5 - сұрақ қойылады, әрбір дұрыс жауап 1ұпаймен бағаланады: 1. Қазақстан Республикасы жерінен көлемінен нешінші орында? /9 орын/ 2. Қазақстандағы облыстар саны қанша?/14/ 3. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері не?/шекара, ақша, әскер/ 4. Ақтау қаласының бұрынғы аты? /Т.Шевченко/ 5. Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған Қазақстанның қай аймағы? /Оңтүстік Қазақстан/
1. Жер - ұйықты іздеген адам кім? /Асан - Қайғы/ 2. 1728жылы жоңғарлармен шайқаста қазақ жасақтары Бұланты өзені бойында жеңіске жеткен шайқас? \Қалмаққырылған\
3. Хан тұқымынан шыққан атақты күйші кім? /Дәулеткерей/ 4. Қазақ хандығы құрылған жылдар? /1465 - 1466 жылдар/ 5. Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар?/Жәнібек пен Керей/
1. Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? /Абылай хан/ 2. Қазақтың төбе биі кім? /Төле би/ 3. Елші ретінде Жоңғар хандығына барып Абылайды босатып әкелген қазақ биі кім? /Қазыбек би/ 4. 1730жылы қазақтар жоңғарларға күйрете соққы берген шайқас. \ Аңырақай\
5. 1680 - 1715 жылдары ел билігін қолына алған қазақ ханы кім? /Тәуке хан/
1. «Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы» қай ханның тұсында болды? /Тәуке хан/
2. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? /Бұқар жырау/ 3. Түркі халықтарының ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы кім? /Қорқыт ата/ 4. Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушысы кім? /Ұмай ана/ 5. Қазақ халқы жорыққа шыққанда алып шығатын аспап түрі? /Дауылпаз/
ІV-кезең . «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» тақырыбы бойынша
Желтоқсан –әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,
Ерлерім ерлік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары,
Қалар мәңгі есімде қазағымның.
Желтоқсан –қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған,
Тәңірімде желтоқсан шуақты күн.
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.
Еркіндік, егеменді елдігімді,
Еміріне аңсады саналы ұғым. –дей отыра, сайыскерлердің шығарған өлеңдерін тыңдау.
\Сайыскерлердің еңбектері 5 ұпаймен бағаланады\
V-кезең . «Тәуелсіз елімнің жетістіктеріне қосар өз үлесім!»
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай кешенді істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды.
Келесі кезекті сайыскерлердің EХРО-2017 «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы көрмесіне алып келген өз еңбектеріне берейік. \Сайыскерлердің еңбектері 10ұпаймен бағаланады.\
Қорытынды: Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма төрт жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай еліміздің осы аздаған уақытта жеткен жетістіктеріне қызғанышпен, қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлігіміз жарасқан, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. “Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен «Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат!» танымдық сайысын аяқтаймыз.