kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5-7 сыныптар?а арнал?ан сыныптан тыс іс-шара "Информатика дарабозы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын барысы:

 

«Адам байлы?ыны? ішіндегі е? тамашасы- білім»,- деген екен шы?ыс ??ламасы ?бу-р-Райхан ?л Буруни. Ендеше, білімді байлы?ымызды к?рсетейік.  «Информатика дарабозы» атты білімділер сайысына ?ош келді?іздер!

 

??т?арып  ауыр  бейнеттен 

Техниканы  ?йреткен

Роботтай – адамды

Тіл  бітіріп  с?йлеткен

Компьютер  емей  немене

Білмегенді  білдірген

?лшеп  киім  кигізген

Барлы?  істі  ат?арып

Пайдасын  елге  тигізген

Компьютер  емей немене

Б?рі?із  ма?ан  ?ара?ыз!

Ойынымызды  бастайы?

Алуан  т?рлі  ойларды

Ортамыз?а  тастайы?.

Информатика  п?нінен

К?рсетіп  біздер  батырлы?

Ой  тол?алы?  ж?йелі

Та?дайымыз?а  татырлы?

 

  • деп сайысымызды бастаймыз. Ойын?а 3 адамнан т?ратын 3 топ ?атысады. Ойын 5 кезе?нен т?рады. Ойынымызды? алдында білім сайысыны? ?діл?азы м?шелерімен таныс болы?ыздар. Сайысты? кезе?дерімен таныс болайы?.

І-кезе? «Кел танысайы?» Топ аты, ?раны ж?не топ ??рамымен танысу.

 

ІІ-кезе? «Си?ырлы санды?». Ж?мба?тарды?  шешуін табу

Білім деген биік шы?

Ба?ыт?а сені жеткізер

Білім деген а?ылшы?

?иынды?тан ?ткізер – дей келе келесі кезе?імізді бастайы?.

 

ІІІ-кезе? «?атені тап» сайысы. Екі топ?а арнал?ан м?тін беріледі,сол м?тіннен ?атені  3минут арасында  табу керек

ІV−кезе?ді «Эрудиттер» сайысы    Берілген с?ра?тар?а жауап беру

 

V-кезе? «Та?дау-табыс». ?здері берілген ?яшы?тарды та?дау ар?ылы с?ра?тар?а жауап береді. Ендеше кезек о?ушыларда (?р топ ?з аты мен ?ранымен таныстырады).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5-7 сыныптар?а арнал?ан сыныптан тыс іс-шара "Информатика дарабозы" »

Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі












Информатика пәнінен өткізілген сыныптан тыс іс-шара



Тақырыбы: Информатика дарабозы

Сыныптар: 5-7





Өткізген: С.Е. Каримова









2014 – 2015 оқу жылы


Тақырыбы: «Информатика дарабозы» білімділер сайысы

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту .

  • Оқушылардың бойында компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Оқушыларды сабырлылыққа, тәртіптілікке, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: компьютер, слайд.

Түрі: сайыс.

Ойын барысы:

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білімді байлығымызды көрсетейік. «Информатика дарабозы» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай – адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық

  • деп сайысымызды бастаймыз. Ойынға 3 адамнан тұратын 3 топ қатысады. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Ойынымыздың алдында білім сайысының әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар. Сайыстың кезеңдерімен таныс болайық.

І-кезең «Кел танысайық» Топ аты, ұраны және топ құрамымен танысу.


ІІ-кезең «Сиқырлы сандық». Жұмбақтардың шешуін табу

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей келе келесі кезеңімізді бастайық.


ІІІ-кезең «Қатені тап» сайысы. Екі топқа арналған мәтін беріледі,сол мәтіннен қатені 3минут арасында табу керек

ІV−кезеңді «Эрудиттер» сайысы Берілген сұрақтарға жауап беру


V-кезең «Таңдау-табыс». Өздері берілген ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).


І-кезең «Кел танысайық»: Топ аты және топ құрамымен танысу. Информатика пәніне байланысты сөздермен таныстыру керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

ІІ-кезең «Сиқырлы сандық». Ойын шарты бойынша оқушыларға 5 жұмбақ жасырылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.


І топқа арналған

1.Ұзынтұра жалқаубек, 2.Барлық сурет мәтінді

Тұрмай ылғи жатады Компьютерге енгізген

Қозғала қалса артынан Керек емес жерімді

Ешбір белгі қалмайды (бос орын) Компьютерде өшірген (сканер)

3. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді (принтер)

ІІ топқа арналған

1.Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет салып көмектесіп

Тиер саған пайдасы (монитор)


2. Бар нәрсеге жетік

Миы күшті тетік (жүйелік блок)


3. Ақпаратты таратқын

Жұртты өзіне қаратқан .

Ол арқылы сөйлесіп

Кетесін шет елге өтіп (интернет)



ІІІ топқа арналған


1. Қанша тетік тізілген

Саусағың да терілген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерде енгізген (пернетақта)


2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)


3. Батырманы басасың

Қажетіңді ашасың.(тышқан)


ІІІ-кезең«Қатені тап» сайысы. Екі топқа арналған мәтін беріледі,сол мәтіннен қатені 3 минут арасында табу керек.

І топ

Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын.

ІІ топ

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Суретке мәтін қосуға болмайды. Оған қоса суретімді пернетақтанын көмегімен баспадан шығарып аламын.


ІІІ топ

Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Ол үшін әрдайым бірінші тышқанды қосамын, одан кейін принтерді қосамын, сосын мониторды қосамын. Мәтін мен суретті колонка арқылы енгізіп, модем арқылы олармен жұмыс істеймін.


ІV − кезеңді «Эрудиттер сайысы». Дұрыс жауап беру арқылы әр топ ұпай жинайды. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.


І топқа арналған сұрақтар.

1.Компьютердің миы. (Процессор).

2.Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)

3.Компьютердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

4.Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)

5.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

6.Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)

7.Алгоритм жазу түрлері (сөздік, кестелік, блок–схемалар, программалық)

8.Компьютер жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

9.Бүкіл дүниежүзілік өрмек. (Интернет)

10. Ақпарат өлшем бірлігі? (бит, байт)


ІІ топқа арналған сұрақтар.

1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

2. Бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

3. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі? (delete)

4.Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталған, циклдік)

5. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60-70см)

6. Баспа құралы. (Принтер)

7. Компьютер ауруы (вирус)

8.Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа. (Антивирустық программа)

9. Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы. (Пернетақта)

10. Дыбыс шығару құрылғысы (колонка)


ІІІ топқа арналған сұрақтар.

1. Компьютерге сан енгізу құрылғысы (пернетақта)

2. Сурет салу және оны өңдеу редакторы қандай? (Paint)

3. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіру пернесі (backspase)

4. Алгоритмді жүзеге асырушыны кім деп атайды? (орындаушы)

5. Нақты нысанды, құбылысты, үдерісті қарапайым етіп не көрсетеді?

6. Интернет желісін қосу үшін не керек? (модем)

7. Графика сөзінді неше байт бар? (7)

8. Мәтіндік редакторларды ата (MS Word, WordPad)

9.Алгоритмнің графикалық түрінде жазылуын не деп атайды (блок-сызба)

10. Сандардың санау жүйелерін ата (екілік, сегіздік, ондық, оналтылық).




V-кезең «Таңдау-табыс». Әрбір топ информатика пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды. Дұрыс жауап беру арқылы әр топ ұпай жинайды. Дұрыс жауапқа таңдау сұрақтарының ұпайлары беріледі.


ТАРИХ

информатика

әр түрлі

30

30

30

40

40

40

50

50

50

ТАРИХ

30 - Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

40 − Алгоритм сөзі кімнің есімінің латынша жазылуынан шыққан.(Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл−Хорезми)

50 - Алғашқы электронды есептеуіш машина (ENIAC, 1946 жыл)


ИНФОРМАТИКА

30 – Адам ақпаратпен не істейді? (1. сақтайды, 2. жеткізеді, 3. өңдейді).

40 - Орындаушының белгілі бір мақсатқа жетуі үшін орындалатын әрекеттер тізбегін не деп айтады. (Алгоритм).

50 – ЭЕМ неше буынға бөлінеді? (Бес буынға)


ӘР ТҮРЛІ

30 – Екі ғасырда неше жыл бар? (200)

40 – Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0, 1)

50 – Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы (компьютер)



Қорытынды: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – халыққа жолдауында барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау – дей келе келесі кезекті әділқазыларға береміз.

«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Информатика дарабозы» білімділер сайысын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
5-7 сыныптар?а арнал?ан сыныптан тыс іс-шара "Информатика дарабозы"

Автор: Каримова Самал Елмуратовна

Дата: 02.02.2015

Номер свидетельства: 165667


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства