Тақырыбы: Білім додасы Мақсаты: 1. Оқушыларды биология пәніне қызығушылығын арттырып,алған білімдерін жүйелеуге үйрете отырып одан әрі дамыту
2. Тез ойлауға, шапшаңдыққа ,өз бетімен ізденуге үйрету
3. Өздігінен талпынып, жауапкершілікті саналы сезінетін, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі;сайыс
Көрнекілігі:интерактивті тақта Барысы: Бүгінгі болғалы отырған «Білімділер додасы» атты биологиялық сайысты ашық деп жариялаймыз. Ойынымыз 6 сайыстан тұрады.
Әр жарыстың өз шарты болады. Білімділер додасын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мына өлең жолдарымен бастағым келіп тұр: Шартым осы, Осыған шыдайсың ба? Шыдасаң, тынасың, құласаң да. Болсаң, сосын боларсың, қол бастарсың, Шыдайсың ба? Бағыңды сынайсың ба? Құрметті сайыскерлер,армысыздар!
Бәріңізді есен-сау болыңыздар,
Бүгінгі білімділер сайысына
Бәріңіз де жиналып,қалыпсыздар.
Бүгінгі дода сіздерге сын болады
Бұл сынға түсу сізге мін болады
7-сынып оқушылары:
1- Ахетова Айзат
2- Сисенбаева Дильназ
3-Әзбергенова Саяжан
4-Бөлекова Аружан
Ойынның шартымен таныстырып өтейін.
Ойынымыз 7 сайыстан тұрады.
1 – кезең: Бәйге 2 – кезең Сиқырлы ұяшықтар
3-кезең ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ
4 – кезең. Тапқырлар сайысы
5-кезең Домино ойыны
6-кезең Төртінші артық
7-кезең Полиглот
Әділ-қазылар алқасымен танысыайық.
Әр кезеңде дүрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1 – кезең: Бәйге
Ең қиын жарыстың бәйге келді, Мықтылары ортада, шықсын енді. Тез жауап бер, ойланып, тұрып қалма, Осы ойыннан көрейік ерен ерді. 1-ойыншы - Ахетова Айзат
Теңіз етқоректі балықтарының ең үлкені
Денесі көлденеңінен 6 метрге жететін жүзбеқанаттары тұмсығымен бірге тұтасып кеткен жұпбалық
Көбелектің толық түрленіп дамуын сипатта
Адам мен өсімдіктер және жануарларды ауруға шалдықтыратын бактериялар бар. Ауру тудыратын бактерия ауада, суда, тағамда тіршілік етеді. Адамның өкпесіндегі туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды
Сұрақ: Мен қай жылы анықтадым. Аты- жөнім кім? 1882жылы Р.Кох
”Шоғал” деген не?
2-ойыншы: Сисенбаева Дильназ
Бұл өсімдік «1000 аурудың емі» деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын улы өсімдік. Халқымыз «пәле-жаладан сақтасын» деп түтінмен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды. Жауабы: Адыраспан
Балықтардың тыныс алу мүшесі
Мен ұлым екеуміз, өсімдік жасушасын зерттеуде үлкен мүмкіндік жасап,микроскоп ойлап таптық.„
Сұрақ: Менің аты- жөнімді білесің бе? Ағайынды Янсендер
Құйрықты қосмекенді
Шала түрленіп дамитын жәндік
3-ойыншы: Әзбергенова Саяжан
Бақаның дернәсілі
Мен жануарларды жеке -жеке топтап ажырату үшін оларды: түрге→ туысқа→ тұқымдасқа → отрядқа → классқа → типке→ жануарлар дүниесіне жіктедім .
Сұрақ: Менің аты- жөнімді білесің бе? К.Линней
Латынша атауы Galaktus -сүттей ақ.
Аңыз бойынша Адам ата мен Хауа ана жәннаттан қуылған кезде күн суып кетіп, Хауа ананы жылытуға бірнеше қар кристаллдары гүлге айналыпты. Осыдан гүл “Үміт символы” болып саналады.Дара жарнақтылар класына жататын, Эфемероидты (ерте көктемде гүлдейтін) өсімдік.
Қоңыздардың неше түрі бар?
Бунақденелілер не арқылы тыныс алады?
4-ойыншы-Бөлекова Аружан
Өсімдіктерді зерттейтін ғылым
1683 жылы Лондондағы Король қоғамына бактериялардың мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап хат жіберген, 1632- 1733 жылдары ұсақ ағзаларға алғаш рет зерттеу жасаған голландиялық ғалым.Сұрақ: Ғалымның аты - жөні кім, қай жылдары өмір сүрді?
Жұлдызқұрт дегеніміз не ?
Ел ауған “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезінде Төле би қасиетті жұртын қимай,үйін жықпай елінде жалғыз қалыпты. Жоңғар басшысы айдалада қалған жалғыз үйді көріп неге көшпегенін сұрайды.
Сонда: Төле би – Шаңырағыма бір бейкүнә құс ұя салып еді, ол құс жер бетінде топан су болғанда Нұһ пайғамбарымыздың кемесін сақтап қалған, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып,балапандарын сарнатып кете алмадым депті.
Гидраның ішкі қабаты
Білім деген - биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген - ақылшың, Қиындықтан өткізер, - деп 2 – кезеңді бастаймыз.
2 – кезең Сиқырлы ұяшықтар
Бұл кезең бойынша ұпай санын (30,40,50,60) таңдау арқылы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
Тапқыр болсаң, тауып көр
1.МЫНА балықтардЫҢ БІР-БІРІНЕН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
2.Отрядтарды ата
3.МИКРОСКОПТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АТА
4.Суретпен жұмыс
Гүлдің құрылысы
5.Ақ сұламаның мүшелерін ата
6.Тірі қазынды
………. – тұмсықбастылар отрядының өкілі.
Жаңа Зеландияда сақталған.
Үшкөзді ……….. деп те атайды.
Тұманды түндерде ән салған дауыстарын естуге болады.
7.Буынаяқтылар типі
(1-1,5 миллионға жуық)
8.Қосмекенділердің көбеюі және дамуы
3-кезең Тағы келді сыналар шақ айналып, Тереңіне білім теңіз байланып, Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр, ТЕРМИНдерге кезек келіп тұр.
Буылтық құрттар класына жататын арнайы кластың өкілі. Суда тіршілік етеді.Гирудин деп аталатын ерекше зат бөліп шығарады.Емдік мақсатта қолданатын құрт.
Сүлік
Өмір бойы жерден ін қазып,сонда тіршілік етеді.Олар анда-санда ғана, түнде немесе жауыннан кейін, жер бетіне шығады.Топырақтың құнарлығын арттыратын құрт.
Шұбалшаң
Өзінің жалған аяқтары арқылы қозғалатын бұл жануардың сыртын бақалшақ қаптап тұрады.Бұл қай жануар?
Арцелла
Су түбінде тіршілік ететін жануардың дене пішіні шатыр немесе өсімдік гүлі
тәрізді, ал оның денесі сәулелі симметриялы. Бұл қай жануар?
Теңіз жұлдызы
6-кезең Төртінші артық
А) Құрғақ мүйізденген терісі бар
Ә) Өкпемен тыныс алады
Б) Қарыншасында жартылай пердесі бар
+ В) Дене температурасы тұрақты
Аталық тозаңқабы Аналық жатыны Тостағанша +Сабағы
Раушангүлділер тұқымдасы
Хош иісті
+Жапырағы ірі,тікенсіз
Тосап жасалады
3500 түрі бар
+Алдыңғы аяқтары ұзын,жақсы дамыған
Терісі бұдырлы
Қазақстанда 5 түрі мекендейді
7-кезең Полиглот
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған мысық - кошка –cat
Кішкене ғана бойы бар, Айналдырған тоны бар. Қанар қапта не болса, Бәрін жейтін ойы бар. Тышқан-мышь-mouse
Үй артында шоңқайма, Буы шығып тұрмай ма? Салпаң құлақ келеді деп, Қорқа-қорқа тұрмай ма?! Ит-собака-dog
Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр, Өзінің кіндігінен айналып жүр. Өзіңе назар салып қарасаңыз, Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. Глобус - глобус - Globe
Сөзі дана, Үні жоқ. Сөйлемейді, Тілі жоқ. Қолыңа алсаң – шешен, Ақылы асқан көсем. кітап-книга-вook
Қызыл түлкі шықпайды
Өз інінен шықпайды Тіл-язык-language
Екі бала қатар тұрса да, Бірін-бірі көрмейді. көз-глаза-eyes
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат Жүрек-сердце-heart
Қорытынды. Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер. Жастықтың оты қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай. Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамай, - деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі. Назарларыңызға рахмет!