kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» (интелектуальды – танымды? сайыс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:  «БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» атты интелектуальды – танымды? ойын.   Ма?саты: О?ушыларды? ойлау ?абілеті мен математикалы? ?абілеттерін арттыру: Математика п?ні бойынша білімдерін тере?дету; П?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттру.   К?рнекілік ??ралдары: Интерактивті та?та, слайд   Ойынны? барысы:   Ойын?а 2 топ ?атысады, ?р топта 5 о?ушыдан.  ?р топты? ?раны, с?лемдемесі болуы керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» (интелектуальды – танымды? сайыс) »

Тақырыбы: «БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» атты интелектуальды – танымдық ойын.


Мақсаты:

  • Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру:

  • Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету;

  • Пәнге деген қызығушылығын арттру.


Көрнекілік құралдары: Интерактивті тақта, слайд


Ойынның барысы:

Ойынға 2 топ қатысады, әр топта 5 оқушыдан.

Әр топтың ұраны, сәлемдемесі болуы керек.


1-жүргізушісі: - Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауымы!

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймызю

Ғылымдардың ғылымы

Математика ғылымы жайында

Бәйгемізді бастаймыз.


2-жүргізушісі:

Математика ғылымы – ермек емес балалықб

Математика ғылымы қөрегендік даналықю

Қосмос кезген ракеталар дәл бүгін

Ешкімге тансық емес жаңалық.


1-жүргізушісі:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін,

Нағыз пән математика атанғансың!


2-жүргізушісі:

Сайыс бізге сын болсын,

Білмегенге мін болсын.

Командаларды қолпаштап,

Қол соңғыңдар кім болсын.

Ал енді әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар:

1.

2.

1-жүргізушісі: Ендеше кезекті ойыншыларға берейік таныстырып өтсін топтарын.

2-жүргізушісі: Сөз кезегі 7-сынып оқушыларына берейік.

1-жүргізушісі: Сөз кезегі 8-сынып оқушыларына берейік.

  • Біздің «Білімділер додасы» бес кезеңнен тұрады.

  • Бірінші кезең «Математикалық спринт»: Бұл кезең шарты бойынша әр команда белгілі уақыт ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беруге ұмтыладыү (әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)

  • Екінші кезең «Әзіл есептер»: Әр командалар жеке – жеке есеп оқылады. Ітоп жауап бере алмаса ІІтоп жауап бере алады. (5ұпай)

  • Үшінші кезең «Математика және … »: командалар әр тараудан құны, қиындығына байланысты тапсырмалар таңдайды, ойлануға 1 минут уақыт беріледі.

  • Төртінші кезең «Ғажайып сыр сандық»: Математикалық сұрақтар беріледі. (2ұпай)

  • Бесінші кезең «Жұлдызша сан»: Берілген есептегі жұлдызшаның орнына сан қойып есептеу керек. (20 ұпай)

Біз сайысымызды бастаймыз. «Математикалық спринт» кезеңінің шартын еске түсірейік, әр команда белгілі уақыт ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап береді.

І топ:

  1. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

  2. 7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды? 42

  3. Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады? 1

  4. 25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды? 1

  5. 2 ондықты 2 ондыққа көбейткеде неше ондық шығады? 40

  6. Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың тілі минуттік тілі 2-де тұрса, біз 10мин кетті деп атаймыз)

  7. Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (екінші қосылғыш 0 болса)

  8. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем. Аксиома

  9. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12

  10. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)


ІІ топ

  1. Тәуліктің 24-тен 1-і 1сағат

  2. 282 саны 3-ке бөлінеді ме? иә

  3. Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 5

  4. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 50

  5. 289 нешенің квадраты? 17

  6. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3

  7. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

  8. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. 98

  9. Анықтамасыз қабылданатын ұғымдар. Негізгі ұғымдар

  10. 35 -тің квадраты 1225



Екінші кезең «Әзіл есептер»: “ Түлкі мен қасқыр”.

Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?

Қасқыр – 100.

Жауабы. Ең көп балықты түлкі алады – 110,10 балыққа артық.


«Қу түлкі»

Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.

Ж: 127


Үшінші кезең «Математика және … »

  • Математика және биология

20: Ұлу биіктігі 10 м бағанмен жоғары өрмелейді. Күндіз 5 м-ге көтеріледі, ал түнде 4 м төмен түседі.Қанша уақытта ұлу бағанның төбесіне жетеді? (6күн)

30: Көлде лотос гүлі өседі. Бір тәуілікте ол қақ бөлінеді де , бір гүлдің орнына екі гүл пайда болады.Тағы бір тәуіліктен кейін тағы да екіге бөлінеді. және тағы сол сияқты.30 тәуіліктен кейін көлдің беті гүлге толды. Қанша уақытта көлдің беті жартылай гүлмен толады? (15 тәулікте)

40: Бактериялар қақ бөлу арқылы көбейеді. әр бактерия минут сайын қақ бөлінеді. Егер колбаға 1 бактерия салсақ ол 1 сағатта бактериямен толады. Егер алғашқыда 2 бактерия болса, онда колба қанша уақытта толады? (30мин)

50: 9 бірдей торғай 1001 ден аз дәнді шұқиды, ал 10 торғай 1100- ден артық дән шұқиды.Әр торғай қанша дәннен шұқып жейді? (111дән)

  • Ребустар.

20: Сіріңке шилерінен үй жасалған (суретті қара). Екі шиді қозғау арқылы үйді екінші жағына бұру керек.

30: Он сіріңке шиінен істелген екі стаканнан алты шиді қозғап, қалай үй жасауға болады?

40: Тоғыз сіріңке шиінен жасалған таразы теңгерілмей тұр (суретті қара). Бес шиді қозғау арқылы, қалай теңестіруге болады?

50: Сіріңке шиінен істелген шаян жоғары өрмелеп барады (суретті қара). Үш шиді қозғау арқылы төмен қарай қалай жылжытамыз.

  • Логикалық сұрақтар:

20: Бір үйде 5 қыз бар. Әр қыздың бір – бір інісі бар. Бір үйде сонда неше бала бар? (6бала)

30: Торғайлар ұшып келді де, бұтаққа отырды. Егер әр бұтақта бір торғайдан болса,онда бір торғайға бұтақ жетпейді. Егер әр бұтаққа екі торғайдан қонса, онда бір бұтақта торғай болмайды. Қанша бұтақ және қанша торғай болған? (3 бұтақ, 4 торғай)

40: Шаруа адам өзеннен қасқырды, ешкіні және шөпті өткізу керек.Қайыққа тек бір ғана адам сыяды және ол өзімен не қасқырды, не ешкіні, не шөпті алып өте алады.Егер ешкі мен қасқырды тастап, шөпті алса, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Егер шөппен ешкіні қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды.Шаруа өз жүктерін қалай алып өтеді? (1-ешкіні, 2-қасқырды, 3-шөпті)

50: Торда қояндар мен тауықтар бар. Олардың 35 басы және 94 аяқтар бар.Торда қанша қоян және қанша тауық бар. (12 қоян, 23 тауық)


Төртінші кезең «Ғажайып сыр сандық»: кезеңіне шақырамын. Математикалық сұрақтар беріледі. (әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай)

Бидің ақысы.

Қазақ халқында билердің рөлі зор болған. Олар халық арасында дауларды шешіп, тыныштықты, әділеттілікті сақтаған.

Олар бір даулы мәселені шешкені үшін, сол даудың құнының оныншы бөлігінің ақысын алып отырған. Дау құны малмен есептелген. Мысалы 10 қой болса, 1 кой ақысы. Дау құны 100 қой тұратын болса би қанша ақы алады?

Ұрлық үшін жаза.

Тәуке ханның «жеті жарғысы» бойынша ұры ұрлағаны үшін, айыбына айыппұл төлейді. Бұл жаза айып деп аталады. Бір шаруаның 20 түйесін ұрлап кетіпті. Қазақ салты бойынша бір түйе үш жылқыға, он қойға тең. Сонда шаруа ұрыдан ұрлағаны үшін, қанша жылқы, қанша қой айып ала алады?

60қой, 200жылқы

Құпия сан.

Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырымы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар?3 пен 5

Бауырсақ

Екі әкесі мен екі баласы 3-бауырсақты теңдей бөліп жеді. Бұл қалай болғаны? Әке бала немере

Су алу

Ағып жатқан өзеннен 3л және 5л ыдыстар көмегімен 4 литр су алу керек. 10л – 6л

Сауда

Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш, төрт кітап.

Тіс ысқышты қоса алдым.

Есептеші сонда бәрі.

Қанша болды қолды бары? 10

Төрт түлік

Түйе, бота аң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой 17

Ет сату

Қазақтар қысқа ет дайындау үшін соғым сояды. Негізінен ірі мал сояды. Ал соғымның еті көп болса, артығын сатады.Жылқының етін 12 жілікке бөледі. Егер ет сатушы әр сатып алушығабір жіліктен берсе, онда үш жілік ет артық қалады. Ал екі жіліктен сатса, онда үш жілік ет сатып алушыға жетпей қалады.

Сонда қанша ет сатып алушы болған? 9

Бесінші кезең «Жұлдызша сан»:

* * *

1 * *

2 2 6 *

+ 9 0 *

* * 2

5 6 * 0 0

4 5 2

1 2 5

2 2 6 0

+ 9 0 4

4 5 2

5 6 5 0 0




Осымен ойынымыздың турлары аяқталды. Әділ қазы алқасы қорытынды шығарам дегенше көрермендерге кезек берсек. Қазір мен сұрақ жасырамын, кім дұрыс тапса сол оқушы « математика апталығының ең үздік көрермені» атағына ие болады»


Көрермендерге сұрақ:
Бір шаруа ақшадан қысылып өсімқор көршісінен 2 теңге қарыз сұрайды. Көршісі қарыз беруге келіседі. Бірақ мынадай шарт қояды: “Мен саған 2 теңге емес 200 тиын беремін. Бірақ сен оны маған өзіне-өзін көбейткендегі өсіммен қайтарасың”,- дейді. Қиналып тұрған шаруа бірден келіседі: “2 теңгесі не, 200 тиыны не, бәрібір емес пе?”, -деп ойлайды. Белгілі мерзімнен кейін шаруа көршісіне 4 теңге әкеп береді, бірақ көршісі 4 теңгенің аз екенін айтып дау салады. Кім қателесті? Көрші шаруадан неше теңге талап етті? Бұл қалай?


1-жүргізуші:

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер! Деп сайысымыздың қорытындысын шығару үшін кезекті әділ-қазы алғасына береміз.

2-жүргізуші:

Негізі бар ғылымның математика,

Жалықпай оқып үйрен тек қана.

Білімнің кілтін тауып, көзін ашты,

Ньютон, Колмогоров, Королевская.

Бүгінде математика барлық жерде,

Құрылыста, техникада өндірісте.

Сырларын бөл ғылымның үйреніңдер,

Жас достар зерделікпен меңгеріңдер.

1-жүргізуші:

Осымен «Білімді ұрпақ – ел болашағы» деп ойынды аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


















Сұлукөл орта мектебі








«БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ»


7-8 – класс






Өткізген:

математика пәнінің мұғалімі:

Бисенбаева С.














2014 – 2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» (интелектуальды – танымды? сайыс)

Автор: Бисенбаева Салтанат Бибитовна

Дата: 14.04.2015

Номер свидетельства: 201437


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства