kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Дарындылар  додасы»

(тарихи-танымдық  сайыс)

        Мақсаты:  Жас ұрпақты өз Отанын  сүюге,туған  тарихын  білуге  және  қастерлеуге  үйрету. Қазақс жерінің байлығын мақтан  ете отырып халық игілігін дұрыс  пайдалана білуге баулу. Жаңа  заман  талабына  сай  жан-жақты, білімді де  жігерлі  тұлға тәрбиелеу.  Қазақстан  тарихы  бойынша  білімдерін  тексеру.

        Дамытушылық:  Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа  деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін  дамыту,шығармашылығын  дамыту.

        Көрнекілігі:  Қазақстан  мемлекетінің  рәміздері, Қазақстан  картасы,ұлағатты  сөздер,сызбалар,үлестірме  карталары т.б

        Барысы:

 Мұғалім. Халқымыздың азаттық  жолындағы сан ғасырлық тарихы  бар. Ерлік  пен  елдіктің талай  үлгісін көрсете білген  ата-бабаларымыздың  табанды  күресінің  арқасында  бірлігін  сақтай  отырып, «Қазақ»  деген іргелі  елдің  шаңырағы  көтерілді. Пешенесіне  жағдайлы тағдыр  батпаңдап қайғы мен қасірет  жазған  халқымыздың азаттық  үшін  туылған  ақтық  бұлқынысы  желтоқсан  жаңғырығына  айналып,әлемді  дүр  сілкіндірді.

Сол  сілкіністен  бастау алған азаттық  күресі  1991  жылы  Тәуелсіздік  болып  салтанат  құрды.  Бұл  қазақ  халқы  үшін,Қазақстанды  Отаным, елім,жұртым  деп  білетін  әрбір  қазақстандық  үшін үлкен  оқиға,зор  қуаныш.  Ендігі  жерде  біздің  бір  ғана  Отанымыз  бар,ол- Тәуелсіз Қазақстан.

Қазақстан-көк  байрақты  нұр  едің,

Сен  дегенде  лүпілдейді  жүрегім.

Өзің  менің  қуанышым,бақытым,

Өзің  менің  мақтанышым  тірегім.

Қыран  құсым  көк  аспанда  самғасын,

Желбіресін  көк  байрағың  сан  ғасыр.

Жас  ұландар,берік  ұста  туыңды,

Жарқыратып  туған  елдің  таңбасын.

      Мұғалім:   Тәуелсіздік  бізге  оңай  келген  жоқ.  Тәуелсіздік-кешегі  қанға  бөккен  боздақтардың  рухы.  Әрісі  күллі  бабаларымыздың  аңсар  арманы, мақсат-мұраты  еді.  Тәуелсіз  елдің  тілегі-бейбітшілік,  тыныштық  келешегі-білімді  ұрпақ.

            Қайырлы  күн,құрметті ұстаздар,көрермендер,оқушылар!

Ғылымның  сырын  ұғына,

Шығыңдар  білім  шыңына.

Ұқыптылық  пен  зеректік,

Жеткізер  сіздердей  өренді,

                                                       Жеңістің  мынау  шыңына - деп  бүгінгі  бақ  сынасар  сайыскерлерімізді  қол  соғып,  қошеметпен  ортаға  шақырайық.  (ортаға  сайысқа  қатысатын  топтарды  шақыру)

 1-топ  «Тұлпар»   (Ислам, Ақжарқын, Ақкүміс)

2-топ  « Алаш»       (Ержан, Тоқтар, Гүлерке)

3-топ   «Бәйтерек»   (Мөлдір, Гүлдана,Тұрсынай)

  Мұғалім.   

 Сайыскерлер,сіздерге сәттілік  тілейміз!

  Сайыста  бақ  сыналар,бап  сыналар,

  Бас  жүлдені  өнерлі,тапқыр  алар.

Кім  өнерлі,кім  тапқыр-шешу  қиын,

      Қазылар  алқасы  болмаса нық  сын  алар-  дегендей  кез  келген  сайыс бағалануы  тиіс.  Осының аражігін  ажырататын  қазылар  алқасы  деген  болады.  Бұл  жарыстың  ажырамас  бір  бөлігі,бізде  сол үрдіс  бойынша  әділдігін  айтып,тура  шешім  шығарар  қазылар  алқасын  сайлап  алсақ.

  1. Нугманова Г.Ж- оқу ісі меңгерушісі,тіл  маманы
  2. Булекбаева Г.С- тәрбие  ісі  меңгерушісі
  3. Алимбетова Ж.-  ауыл кітапханашысы

                                    ЖОСПАРЫ:

  1. «Сәлем  сөздің  анасы» (топтың аты,ұраны,төс  белгісі)
  2. «Бәйге»   (сұрақтарға  тез  жауап  беру,әр  топқа  10 сұрақтан)
  3. «Кім  тапқыр» (тарихи  сынақ  хат (жылдар,астаналар,жер аттары)
  4. «Мені  түсін.»  (мәтін  кім  туралы  екенін  анықтау)
  5. «Егер де мен. болсам»  (президент,аудан әкімі,ауыл әкімі, мұғалім,дәрігер)
  6. «Менің  білім  деңгейім»  (тест  тапсырмаларын  орындау)
  7. «Топ  басшыларының  сайысы»   (сұрақ-жауап)
  8. Қ о р ы т ы н д ы    (әділ-қазылардың  шешімі)
  1. «Сәлем  сөздің  анасы»

Армысыздыр,айналайын дана халқым,

  •  

Тіл ұшыны оралар кездескенде,

  •  
  •  

Өнерлерін пашетер өнегелі,

Сәт те келіп қалғандай танысатын-дей отырып,сөз кезегін сайысқатүсушітоптарғаберейік.

  1. «Бәйге»  (сұрақтарға  тез  жауап  беру)

Көңілін халқыңның таптыңбүгін,

Елес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір бірлеп сұраққойып бақсынайық,

  •  

 

  •  
  •  
  1. Шыңғысхан тұсындағы  заңдар  жинағы  қалай  аталған  (Ясы)
  2. Қасым  хан  тұсында  Қазақ хандығының адамдар саны  шамамен қанша  болды    (1 млн)
  3. Жеке  меншік  қалыптасқан  дәуір  (қола  дәуірі)
  4. Қазақстанды  алғаш  тәуелсіз  деп  таныған  мемлекет  (Түркия)
  5. Батыс  Қазақстандағы  атом полигоны  (Капустин Яр)
  6. 1993 жылы 15 қарашада  болған  тарихи  оқиға (ұлттық  теңге  айналымға  енгізілді)
  7. Астана  қаласының  символы  (Бәйтерек)
  8. Ғалымдардың  есептеуінше  мұздықтың  ери  бастаған  уақыты (13 мың  жыл  бұрын)
  9. Алғашқы  құралдарды  адам неден  жасады (тастан)
  10. Мемлекеттік  рәміздер  қашан  бекітілді  (1992 жыл  4 маусым)

№2 сұрақтары

  1. Ертедегі  адамдардың маймылдар мен  жануарлардын басты  айырмашылығы  неде болды (еңбек  құралдарын  жасай  білуі)
  2. Діни  аңыздар  бойынша  Қожа  Ахмет  Йасауидің  ұстазы  болған  (Арыстан Баб)
  3. Елбасымыздың  мамандығы  (инжинер-металлург)
  4. Қазақстан  Республикасы халқының  саны  шамамен  қанша  (17 млн)
  5. Әлемнің  бірінші  ұстазы  (Аристотель)
  6. Ежелгі  адамдардың  ең  бірінші қолданылған  металы  (мыс)
  7. Қазақстан Республикасының  алғашқы  Ата  заңы қай  жылы  қабылданды (1993 ж
  8. 1837-1847 жылдары кім  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісі  болды (Кенесары)
  9. «Тотемизм»  дегеніміз  не    (шығу  тегін  жануарлармен  байланыстыру)
  10. Қазақ АКСР-нің бірінші  астанасы.        (Орынбор)

№3 сұрақтары.

  1. Қазақстандағы  су  мөл  өзен      (Ертіс)
  2. 1933 жылы  Сталинге  ашық  хат  жазған  кім.       (Тұрар  Рысқұлов)
  3. Қола  дәуірінде Жезқазған  өңірінен 1 млн.тоннадай  кен  өндірілгенін  айтқан  белгілі  ғалым  (Қаныш  Сәтбаев)
  4. Тас  дәуірі  адамдарының  ине  жасаған  заты  (сүйек)
  5. «Қалқаман-Мамыр»  «Еңілік-Кебек»  дастандарын  жазған  ақын-философ (Ш.Құдайбердіұлы)
  6. Садақ  пен  жебе  пайдан болған  дәуір   (Мезолит)
  7. Тұңғыш  Н.Назарбаев  Президент  болып  сайланған  күн.  (1 желтоқсан)
  8. Қазақстанның  ең  биік  нүктесі   (Хан-Тәңірі)
  9. Қазақстан  БҰҰ-на  мүше  болып  қабылданды  (1992 жыл  2 наурыз)
  10. Орта  ғасырларда Батыс  пен  Шығысты  байланыстырған  жол  (Жібек жолы)

 

 

Бүгінгі «Дарындылар додасы» сайысы өз мәресіне жетті. Сайыстың әділқазы алқасы сайысқа қатысқан топтардың ұпайынесептеп,жеңімпаз топтыатасын.

  •  
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Дарындылар додасы»»

Жалпы білім беретін Қазақстан негізгі мектебі




Тақырыбы:

«Дарындылар додасы»

(тарихи-танымдық сайыс)






Өткізген: І санатты тарих пәнінің

мұғалімі Исламгалиев М.Г.































«Дарындылар додасы»

(тарихи-танымдық сайыс)

Мақсаты: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге,туған тарихын білуге және қастерлеуге үйрету. Қазақс жерінің байлығын мақтан ете отырып халық игілігін дұрыс пайдалана білуге баулу. Жаңа заман талабына сай жан-жақты, білімді де жігерлі тұлға тәрбиелеу. Қазақстан тарихы бойынша білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту,шығармашылығын дамыту.

Көрнекілігі: Қазақстан мемлекетінің рәміздері, Қазақстан картасы,ұлағатты сөздер,сызбалар,үлестірме карталары т.б

Барысы:

Мұғалім. Халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық тарихы бар. Ерлік пен елдіктің талай үлгісін көрсете білген ата-бабаларымыздың табанды күресінің арқасында бірлігін сақтай отырып, «Қазақ» деген іргелі елдің шаңырағы көтерілді. Пешенесіне жағдайлы тағдыр батпаңдап қайғы мен қасірет жазған халқымыздың азаттық үшін туылған ақтық бұлқынысы желтоқсан жаңғырығына айналып,әлемді дүр сілкіндірді.

Сол сілкіністен бастау алған азаттық күресі 1991 жылы Тәуелсіздік болып салтанат құрды. Бұл қазақ халқы үшін,Қазақстанды Отаным, елім,жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға,зор қуаныш. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол- Тәуелсіз Қазақстан.

Қазақстан-көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым,бақытым,

Өзің менің мақтанышым тірегім.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр.

Жас ұландар,берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.


Мұғалім: Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік-кешегі қанға бөккен боздақтардың рухы. Әрісі күллі бабаларымыздың аңсар арманы, мақсат-мұраты еді. Тәуелсіз елдің тілегі-бейбітшілік, тыныштық келешегі-білімді ұрпақ.

Қайырлы күн,құрметті ұстаздар,көрермендер,оқушылар!

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді,

Жеңістің мынау шыңына - деп бүгінгі бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық. (ортаға сайысқа қатысатын топтарды шақыру)

1-топ «Тұлпар» (Ислам, Ақжарқын, Ақкүміс)

2-топ « Алаш» (Ержан, Тоқтар, Гүлерке)

3-топ «Бәйтерек» (Мөлдір, Гүлдана,Тұрсынай)

Мұғалім.

Сайыскерлер,сіздерге сәттілік тілейміз!

Сайыста бақ сыналар,бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар.

Кім өнерлі,кім тапқыр-шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар- дегендей кез келген сайыс бағалануы тиіс. Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы деген болады. Бұл жарыстың ажырамас бір бөлігі,бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып,тура шешім шығарар қазылар алқасын сайлап алсақ.

  1. Нугманова Г.Ж- оқу ісі меңгерушісі,тіл маманы

  2. Булекбаева Г.С- тәрбие ісі меңгерушісі

  3. Алимбетова Ж.- ауыл кітапханашысы

Ж О С П А Р Ы:

  1. «Сәлем сөздің анасы» (топтың аты,ұраны,төс белгісі)

  2. «Бәйге» (сұрақтарға тез жауап беру,әр топқа 10 сұрақтан)

  3. «Кім тапқыр» (тарихи сынақ хат (жылдар,астаналар,жер аттары)

  4. «Мені түсін..» (мәтін кім туралы екенін анықтау)

  5. «Егер де мен...... болсам» (президент,аудан әкімі,ауыл әкімі, мұғалім,дәрігер)

  6. «Менің білім деңгейім» (тест тапсырмаларын орындау)

  7. «Топ басшыларының сайысы» (сұрақ-жауап)

  8. Қ о р ы т ы н д ы (әділ-қазылардың шешімі)

  1. «Сәлем сөздің анасы»

Армысыздыр,айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшыны оралар кездескенде,

«Сәлем сөздің анасы» деген нақыл,

Сәлемдесу парызы әрбір жастың,

Өнерлерін паш етер өнегелі,

Сәт те келіп қалғандай танысатын-дей отырып,сөз кезегін сайысқа түсуші топтарға берейік.

  1. «Бәйге» (сұрақтарға тез жауап беру)

Көңілін халқыңның таптың бүгін,

Елес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық,

Байқайық оқушылардың тапқырлығы.


Берілген нұсқаларды топ мүшелері өздері таңдайды (жеребе арқылы)

1 сұрақтары

  1. Шыңғысхан тұсындағы заңдар жинағы қалай аталған (Ясы)

  2. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының адамдар саны шамамен қанша болды (1 млн)

  3. Жеке меншік қалыптасқан дәуір (қола дәуірі)

  4. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған мемлекет (Түркия)

  5. Батыс Қазақстандағы атом полигоны (Капустин Яр)

  6. 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға (ұлттық теңге айналымға енгізілді)

  7. Астана қаласының символы (Бәйтерек)

  8. Ғалымдардың есептеуінше мұздықтың ери бастаған уақыты (13 мың жыл бұрын)

  9. Алғашқы құралдарды адам неден жасады (тастан)

  10. Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді (1992 жыл 4 маусым)

2 сұрақтары

  1. Ертедегі адамдардың маймылдар мен жануарлардын басты айырмашылығы неде болды (еңбек құралдарын жасай білуі)

  2. Діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған (Арыстан Баб)

  3. Елбасымыздың мамандығы (инжинер-металлург)

  4. Қазақстан Республикасы халқының саны шамамен қанша (17 млн)

  5. Әлемнің бірінші ұстазы (Аристотель)

  6. Ежелгі адамдардың ең бірінші қолданылған металы (мыс)

  7. Қазақстан Республикасының алғашқы Ата заңы қай жылы қабылданды (1993 ж

  8. 1837-1847 жылдары кім бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болды (Кенесары)

  9. «Тотемизм» дегеніміз не (шығу тегін жануарлармен байланыстыру)

  10. Қазақ АКСР-нің бірінші астанасы. (Орынбор)

3 сұрақтары.

  1. Қазақстандағы су мөл өзен (Ертіс)

  2. 1933 жылы Сталинге ашық хат жазған кім. (Тұрар Рысқұлов)

  3. Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн.тоннадай кен өндірілгенін айтқан белгілі ғалым (Қаныш Сәтбаев)

  4. Тас дәуірі адамдарының ине жасаған заты (сүйек)

  5. «Қалқаман-Мамыр» «Еңілік-Кебек» дастандарын жазған ақын-философ (Ш.Құдайбердіұлы)

  6. Садақ пен жебе пайдан болған дәуір (Мезолит)

  7. Тұңғыш Н.Назарбаев Президент болып сайланған күн. (1 желтоқсан)

  8. Қазақстанның ең биік нүктесі (Хан-Тәңірі)

  9. Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды (1992 жыл 2 наурыз)

  10. Орта ғасырларда Батыс пен Шығысты байланыстырған жол (Жібек жолы)


  1. «Кім тапқыр» (көрсетілген оқиға қай жылы болғанын анықта)

1-ші бөлімі. Болған оқиғаларды тиісінші жылдармен келтіру орналастыру


ЖЫЛДАР

БОЛҒАН ОҚИҒАЛАР

1.

1991 ж

Қарахан мемлекеті ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады

2.

1723 ж

Ұлт-азаттық көтеріліс

3.

960 ж

Кіші жүздің Ресей империясы құрамыны кіруі

4.

1914-1918 жылдар

Қазақ батыры Исатай Тайманұлының өмір сүрген уақыты

5.

1916 ж

Орал қаласының іргетасы қаланған жыл

6.

1995 ж

ҚР Тәуелсіздік алған жылы

7.

1731 ж

Қызылорда қаласының екінші асатана болған кезеңі

8.

1791-1838 жылдар

ҚР Конституциясы қабылданған жыл

9.

1925-1929 жылдар

Бірінші дүниежүзілік соғыс

10.

1613 жыл

«Ақтабан шұбырынды» «Алқакөл сұлама» жылдары


2-ші бөлімі. «Астаналар» «қазіргі таңда Қазақстан Республикасы осы елдермен тығыз байланыста әр сала бойынша қысқаша алынған нұсқа...)

Республика атауы

астаналары

1.

Өзбекстан

Анкара

2.

Ресей

Сеул

3.

Туркия

Будапешт

4.

Жапония

Минск

5.

Оңтүстік Корея

Бішкек

6.

Қытай

Токио

7.

Венгрия

Ташкент

8.

Польша

Пекин

9.

Беларусь

Варшава

10.

Қырғызстан

Мәскеу


  1. «Мені түсін..» (мәтін кім туралы екенін анықтау)

  1. Аса көрнекті мемлекет қайраткері,қолбасшы және дипломат. Әкесі Түркістанды билеп тұрған кезінде бір шайқаста қаза тапқан. Жау қолынан туған-туыс,үй-іші қырылғанда ханның сенімді көмекшілері арқасында аман қалады.

Көпке дейін шыққан тегін,өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келді. Бөгенбай батыр ақ батасын беріп,астындағы Нарқызыл атты тұлпарын сыйға тартты....................................... (Абылай хан)

  1. Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері,мәмлегер. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі қағидалары болып табылатын қанатты сөздердің авторы. Елші ретінде бірнеше рет Жоңғар хандығына барады. 1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып Абылайханды босатып әкеледі................(Қызыбек би)

  2. Ержүрек қайсар малшы парсылдардың алдынан шығып,өзінің көрген қорлығына шағынады. Енді кек алуды ойлайтындығын айтып парсыларды нандырады. Үсті басы қан,құлақ мұрны кесілген жігітке парсылар сеніп қалады. Шөл далада парсы әскерін түгел адастырып,қырғынға ұшыратады......(Шырақ )

  3. Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орнаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. Көрнекті орыс тарихшысы Левшин даналығы,оның ел билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі заңгер Ликургке теңеген. Оның тұсында қазақ еліне Орыс мемленкеті,Жоңғария,Орта Азия хандықтары көз тігіп қауіп төндірді. (Тәуке хан)

  4. Халық жадынды сақталған аңызда 17-жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы тау шыңынан Әулиекөлге секіріп кетеді де,сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Сұрақ: Аңызда аталған Әулиекөлдің қазіргі күнгі атауы (Бурабай көлі)

  5. Күмбездің жанында тас мүсіндер болған. Осы тас мүсіндерді 1856 жылы Ш.Уалиханов қағаз бетіне нобайлаған. Онда қасиетті құты ұстаған үш әйел мен бір ер адам суреттелген. Қазір мүсіндер жоғалып кеткен. «Ұлан-байтақ түгелдей білетін сүйікті хикая,қазақ эпикасының ұшар биігі. Жалпы,жұртқа ортақ сюжет болғанымен,бірде-бір халық мұны дәл қазақтардай өз эпикасының асқар шыңы ете алмаған»-деген. 1939 жылы жазушы Ғ.Мүсірепов осы жырдың негізінде төрт актілі драмалық пьеса жазып шығарған. (Қозы көрпеш-Баян сұлу күмбезі)

5.«Егер де мен........ болсам» (президент,аудан әкімі,ауыл әкімі,мұғалім,дәрігер) (әр топ берілегн тапсырма бойынша әзірленіп топ мүшелерінен бір ғана оқушы жауап береді)

6. «Менің білім деңгейім» (берілген тест сұрақтарына жауап беру)

1.Жібек өндіруді дамытып,Қытаймен бәсекеге түскен ел

а/Византия в/СОҒДЫ С/Үндістан д/Иран е/Жапония

2. Ғаныш деген не

а/күйдірілген бор тас в/сылақ с/сары топырақ д/шикі кірпіш е/сары балшық

3.14 ғасырда мұсылман дініне кіріп,басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қоланған хан

.а/Тәуке хан в/Хақназар хан с/Әбілқайыр хан д/Тәуекел хан е/Тоғылық-Темір

  1. Қазақ хандығының құрылуы туралы жазған тарихшы.

а/Әл-Марвази в/Идриси с/Қашқари д/М.Дулати е/Рашид-ад-Дин

  1. Жердің шар тәрізді екенін қай елдің ғалымдары анықтады.

а/Грекия в/Қытай с/Египет д/ Ежелгі Рим е/Үндістан

  1. Әлемдегі ең ұзын өзен

а/ Дунай в/Янцзы с/Мичуган д/ Ніл е/Ефрат

  1. 1938 жылы Өзбекстаннан неандерталдық баланың сүйегі табылған үңгір.

а/ Шақпақ ата в/Тесіктас с/Арыстанды д/Бөріқазған е/Шабақты

  1. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары

а/қоян.арқар в/ұсақ аңдар с/қой,жылықы д/мамонт,бизон е/елік,ешкі

  1. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң.

а/»Есімханның ескі жолы» в/Төре бітігі с/жеті жарғы д/Қылмыстық заң е/Қасымханның қасқа жолы

  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі.

а/Ресей тарапынан отарлық езгінің күшеюі в/қазақтардан көптеген жерлерді тартып алды с/19-дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу жарлығы д/салықтың шамадан тыс көбеюі е/соғыс қажетіне тегін мал алу туралы патша жарлығы

  1. Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Сол мемлекеттерді атаңыз

а/Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан

в/Ноғай Ордасы мен Мауеренахр

с/Әбілқайыр хандығы мен Мауеренахр

д/Моғолстан мен Хиуа мемлекеті

е/Ақ Орда мен Сібір хандығы

  1. Шоқан Уәлихановтың дүние жүзіне әйгілі еткен ғылыми еңбегі

а/Ыстықкөлге баруы в/Қашқария сапары с/Сот жүйесі туралы д/Қазақтардың қарулануы туралы е/Батыс Сібірге саяхаты

  1. Президенттің пікірі бойынша халыққа аранлған жолдауында (2030) Қазақстанды гүлдендіруді неден бастау керектігі.

а/ адамның әл-ауқатын көтеру в/демографиялық мәселелер

с/экономикалық мәселелерді шешу жолдары д/ әлеуметтік мәселелер

е/мықты экономика құру

  1. 2001 жылы Елбасының жарлығымен қандай кешен ашылды.

а/Бәйтерек в/Тәуелсіздік монументі с/Атамекен.Қазақстан картасы мемориалы д/Хан шатыры е/Қазақ елі монументі

  1. 1992 жылы желтоқсан айында қабылданды........

а/мемлекеттік елтаңбы в/мемлекеттік ту с/егемендік туралы декларация

д/әнұранның жаңа мәтіні е/тіл туралы заң

7. Топ басшыларының сайысы ( Анаграммада берілген А әрпінен басталып А әрпінен аяқталатын берілегн сұрақтарға жауап беруі) Дұрыс жауабына 1 ұпай

Топ мүшелерінің өз таңдауы бойынша тапсырмалар беріледі

№1 тапсырма

А


А







А



А






А




А





А





А




А






А



А







А


А








А


А

Н

А







А

Р

П

А






А

Л

А

Ш

А





А

Қ

М

О

Л

А




А

М

Е

Р

И

К

А



А

Н

А

К

О

Н

Д

А


А

Л

Т

Ы

Н

О

Р

Д

А


  1. Қадірлі жан

  2. Дәнді дақыл

  3. Ру атауы

  4. Астана қаласының бұрынғы атауы

  5. Құрлық

  6. Ірі жылан түрі

  7. Батый (Бату) хан негізін қалаған мемлекет атауы


№2 тапсырма

А


А







А



А






А




А





А





А




А






А



А







А


А








А


А

Р

А







А

Л

Қ

А






А

Л

А

С

А





А

Қ

О

Р

Д

А




А

Л

А

Б

О

Т

А



А

М

А

З

О

Н

К

А


А

Л

Т

Ы

Н

О

Р

Д

А


  1. Ұста құралы

  2. Әшекей бұйым

  3. «Тапал» «Кіші» сөздерінің синоимі

  4. Елбасы сарайы

  5. Өсімдік

  6. АҚШ-дағы өзен

  7. Батый(Бату) хан негізін қалаған мемлекет атауы

№3 тапсырма

А


А







А



А






А




А





А





А




А






А



А







А


А








А


А

Л

А







А

Л

Ғ

А






А

Р

О

М

А





А

Ф

Р

И

К

А




А

Л

Г

Е

Б

Р

А



А

Л

А

Ш

О

Р

Д

А


А

Р

Г

Е

Н

Т

И

Н

А


  1. Түс

  2. Ақтөбе облысындағы қала

  3. Май атауы (теле жарнамасында көп көрсетіледі)

  4. Құрлық

  5. Пән атауы

  6. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда құрылған партия

  7. Жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша 8-ші орындағы мемлекет


Қорытындылау.

Бүгінгі «Дарындылар додасы» сайысы өз мәресіне жетті. Сайыстың әділқазы алқасы сайысқа қатысқан топтардың ұпайын есептеп,жеңімпаз топты атасын.

Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тақырыбы: «Дарындылар додасы»

Автор: Исламгалиев Марат Габдилкаримович

Дата: 15.03.2017

Номер свидетельства: 400561

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "«Дарындылар додасы» интеллектуалдық сайысы"
    ["seo_title"] => string(42) "daryndylar_dodasy_intielliektualdyk_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "457385"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1518616062"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "«Дарындылар додасы»"
    ["seo_title"] => string(16) "daryndylardodasy"
    ["file_id"] => string(6) "299735"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456582931"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Дарындылар додасы""
    ["seo_title"] => string(19) "daryndylar_dodasy_1"
    ["file_id"] => string(6) "546702"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1586924785"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Дарындылар додасы "
    ["seo_title"] => string(17) "daryndylar-dodasy"
    ["file_id"] => string(6) "196874"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428135681"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "Дарынды биолог"
    ["seo_title"] => string(15) "daryndy-biologh"
    ["file_id"] => string(6) "272951"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452093323"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства