Сөйлем.
1. Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын сөйлем түрін табыңыз.
А) Жайылма. В) Толымды. С) Атаулы. Д) Жалаң. Е) Жақсыз.
2. Атаулы сөйлемді табыңыз.
А) Таулар бұлтпен тірескен. В) Қазақстанның жері кең-байтақ. С) Көгілдір көлде аққу қалқиды.
Д) Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу. Е) Жап-жасыл дала.
3. Бастауышы зат есімнен болған жақты сөйлемді табыңыз.
А) Олар туралы оқығанмын. В) Олар 1991 жылы ғарышқа ұшты. С) Үлкендер бір ауыздан қолдады. Д) Біз Жер-Ана жыламаса дейміз. Е) Адам туған жерін аңсайды.
4. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сусыз-өмір жоқ. В) Табиғат-тірі дүние. С) Су-тіршілік көзі. Д) Балқаш-көлі ең таза көл.
Е) Орман ауаны-тазартпайды.
5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Апару, әкелу. В) Кінәлі, айыпты. С) Мәртебелі, сыйсыз. Д) Іс, сапар. Е) Жұмысшы, оқушы.
6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Мықты, бос. В) Түзу, қисық. С) Бас,қол. Д) Ауру, сырқат. Е) Асау, жуас.
7. Синоним сөздерді табыңыз.
А) Думан, той. В) Бала, мұғалім. С) Нәзік, толық. Д) Ажарлы, ажарсыз. Е) Үлкен, кіші.
8. «Үн» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік баламасын белгілеңіз.
А) Свист, звук. В) Звук, голос. С) Голос, разговор. Д) Тревожно-шумный. Е) Шум, звук.
9. Ата-ана сөзіне синоним сөзді табыңыз.
А) Ата-әже. В) Әпке-аға. С) Аға-женге. Д) Апа-ата. Е) Әке-шеше.
10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Сұлу, әдемі, ең. В) Кәрі, қарт, қария. С) Саулық, шайлық, ірі. Д) Мүгедек, жас, қаріп. 10. Сөйлемнің түрін көрсетіңіз. Түн. Тыныштық.
А) Жақты. В) Жақсыз. С) Атаулы. Д) Жайылма. Е) Жалаң.
11. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім.
А) Құрмалас. В) Лепті. С) Сұраулы. Д) Жалаң. Е) Толымсыз.
12. Сөйлемді аяқтаңыз: Қыста ... ... .
А) Боран соғады. В) Жидек піседі. С) Қар ериді. Д) Көк шығады. Е) Жапырақтар сарғаяды.
13. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Саған ертең мектепке бармауға тура келеді. В) Біз нарықтық экономикаға бет бұрдық.
С) Біз демократиялық істерді жүзеге асырамыз. Д) Елімізде өзгерістер көп.
Е) Елімізде көптеген кәсіпорындар пайда болды.
14. Ойды аяқтаңыз: Табиғат адамдардан қамқорлық ... .
А) көрсетеді В) қабылдайды С) қажет етпейді Д) күтеді Е) талап етпейді
15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Еңбек жазды.
А) Сұраулы. В) Толымсыз. С) Жалаң. Д) Лепті. Е) Хабарлы.
Құрмалас сөйлем.
1. Мақалды аяқтаңыз. Тау мен тасты ... бұзады, адамзатты сөз бұзады.
А) Көңіл. В) Мұз. С) Ой. Д) Шөп. Е) Су.
2. Шешендік сөзді аяқтаңыз. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшы болмаса, ...
А) Ел жетім. В) Тау жетім. С) Жол жетім. Д) Күн жетім. Е) Сөз жетім.
3. Мақалды толықтырыңыз.
... тас жарады, тас жармаса бас жарады.
А) Тіс. В) Қол. С) Бас. Д) Көз. Е) Тіл.
4. Мақалды табыңыз.
А) Ғылым-теңіз, білім-қайық. В) Ғылым адамды биіктетеді. С) Ғылым шыңдайды.
Д) Ғалым ғылыммен айналысты. Е) Ол-әйгілі, білімді ғалым.
5. Мақалды толықтырыңыз. Өнер алды- ... тіл.
А) Ақ. В) Қызыл. С) Жасыл. Д) Көк. Е) Қара.
6. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз.
А) Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы. В) Тіл қылыштан өткір. С) Әке-балаға сыншы.
Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді. Е) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
7. Мәтелдің жалғасын табыңыз. Сегіз қырлы, бір ...
А) өнерлі В) сырлы С) жырлы Д) ақылды Е) үлкен
8. Отан тақырыбындағы мақалды табыңыз.
А) Тәрбие басы - тіл. В) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. С) Ғылым - теңіз.
Д) Еңбек түбі – зейнет. Е) Кітап – тілсіз мұғалім.
10. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.
А) Лепті сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Аралас құрмалас сөйлем. Д) Сабақтас құрмалас сөйлем.
Е) Салалас құрмалас сөйлем.
11.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын көрсетіңіз.
А) Неліктен? В) Не мақсатпен? С) Қайткенде? Д) Қалай? Е) Не еткенмен?
12. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Жел тұрды да, жаңбыр жаумады.
А) Толымды сөйлем. В) Аралас құрмалас сөйлем. С) Жай сөйлем. Д) Салалас құрмалас сөйлем. Е) Сабақтас құрмалас сөйлем.
13. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қыз баласы әдемі болып өсіп келеді.
В) Ермек шахтадан шығып кетті, себебі шахта астында жарылыс жиі болып тұрады.
С) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетті.
Д) Күн сайын жер бетінде төтенше жағдай болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
Е) Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.
14. Құрмалас сөйлем түрін көрсетіңіз.
А) Одағай. В) Толымды. С) Жай. Д) Салалас. Е) Жайылма.
15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
А) Сабақтас құрмалас сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Толымды сөйлем. Д) Салалас құрмалас сөйлем. Е) Аралас құрмалас сөйлем.
1. Антоним нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Мағыналары бір-біріне жуық сөздер. В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
С) Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа. Д) Сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Е) Сөздің дыбыстық бірлігі.
2. «Артық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) аз В) толық С) кем Д) оңай Е) ұсақ
3. Антонимдер бар сөйлемді табыңыз.
А) Ол күрделі жөндеуден өткізілді. В) Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағам әзірленген. С) Ақын өмірі, шығармашылығы берілген. Д) Оның терезесі шығысқа қараған. Е) Екі қазан орнатылған.
4. Антоним сөзді табыңыз.
А) Қағаз-көмір. В) Ту-жалау. С) Оқушы-шәкірт. Д) Биік-аласа. Е) Ақ-ағаш.
5. «Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А) төмен В) ұсақ С) аласа Д) кішкентай Е) қысқа
5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Апару, әкелу. В) Кінәлі, айыпты. С) Мәртебелі, сыйсыз. Д) Іс, сапар. Е) Жұмысшы, оқушы.
6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Мықты, бос. В) Түзу, қисық. С) Бас,қол. Д) Ауру, сырқат. Е) Асау, жуас.
7. Синоним сөздерді табыңыз. А) Думан, той. В) Бала, мұғалім. С) Нәзік, толық. Д) Ажарлы, ажарсыз. Е) Үлкен, кіші.
8. «Үн» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік баламасын белгілеңіз.
А) Свист, звук. В) Звук, голос. С) Голос, разговор. Д) Тревожно-шумный. Е) Шум, звук.
9. Ата-ана сөзіне синоним сөзді табыңыз.
А) Ата-әже. В) Әпке-аға. С) Аға-женге. Д) Апа-ата. Е) Әке-шеше.
10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Сұлу, әдемі, ең. В) Кәрі, қарт, қария. С) Саулық, шайлық, ірі. Д) Мүгедек, жас, қаріп.
Е) Барлық, түгел, ерін.
11. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Асау, жуас. В) Аз, көп. С) Мықты, берік. Д) Жоқ, бар. Е) Мықты, бос.
12. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
А) Көлемі, аумағы. В) Жер, аспан. С) Бес, он. Д) Үлкен, кіші. Е) Тұр, отыр.
13. «Аспан» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.
А) Көк, әуе В) Күн, планета С) Дала, жұлдыз, ай Д) Ғарыш, әлем Е) Көгілдір, ашық