kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Деңгейлік тапсырмаларды қолдану жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Ол әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі – жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Замана өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгереді.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Олай болса, ескі сүрлеуден арылып, жаңа жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Педагогикалық технология — қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың жаңа мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы. Ал өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының "Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын" жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданып келемін.

Ж.Қараевтың педагогикалық технологиясы — оқытуды дифференциялауға негізделген, оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның -ең басты ерекшелігі: алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады. Оның өзіндік ерекшеліктері мыналар:

- білім стандартына сай толық нәтиже береді;

- мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді;

- дидактикалық үрдістің тұтастығы;

- оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.

Ж. Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып шешім қабылдауға дағдыландырады. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушы өз ойын тұжырымды жинақтап, шешен сөйлеуге қалыптасады.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді. Оқушыларды бағалау да ерекше, ол рейтингтік (көпұпайлы) жүйе бойынша жүзеге асады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі - оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.

Мен "Ғабит Мүсірепов — сөз зергері" панорамалық сабағымда деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту әдісін жүзеге асырдық. Ол мына төмендегідей: 1) Ғ. Мүсірепов өмірі мен шығармашылығына шолу: 2) шығармаларын талдау; 3) драмаларынан үзінді көрсету.

Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейде оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарынан тұратын тапсырма беріледі. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан оқушылар жедел түрде тапсырманы орындай алады.

Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар алгоритмдік сатыға көтерілгенде жазушының шығармаларын бүгінгі өмірмен байланыстыра талдауға көшеді.

Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстар жүргізеді. Эвристикалық (танымдық — іздену) түріндегі жұмыстарды мұғалім көмегінсіз өз бетімен орындайды. Эвристикалық сатының ерекшелігі - оқушылар белгілі бір бейнеге ену арқылы жазушының драмалық шығармаларынан үзінді көрсетеді. Мысалы "Амангелді" пьесасындағы батырдың, "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" трагедиясындағы Баянның, Қодардың монологтарын оқиды. Бұл арқылы бала бойында артистік қабілет пайда болып, драмалық жанрға ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік туады. Бұл сатыға сыныптағы ерекше белсенді, өнерге бейім, жаны жаңалыққа құмар оқушылар көтеріле алады.

Төртінші деңгей — қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы оқушылар ғана көтеріле алады. Тіл сабақтарында негізінен, бұл сатыда оқушылар өз бетімен көркем шығарма кейіпкерлеріне хат, шығарма жазады. Шығармашылық деңгейдің тапсырмасын оқушы бойында қызығушылық туу үшін оқушының әр алуан мүмкіндігін ескере отырып, түрлі тапсырмалар беремін.

1-тапсырма. Ғ. Мүсірепов кейіпкерлеріне сырласу хатын жазу. Сабақ барысында оқушылар Баян мен Қозының адал махаббатына тәнті болып, қос ғашықтарға хат жазса, Қодардай қара ниетті жанға ашына отырып, ауыр жаза бұйырған оқушылар да кездесті. Меніңше, мұндай тапсырма оқушының қиял-арманын оятып, сезімге жетелейді, ақ пен қараны айыра білуге үйретеді.

2-тапсырма. Жазушы тойына жыр-шашу. Сыныпта өлең шығаратын ақынжанды оқушы болуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулудың бірден-бір амалы өлең шығару деп ойлаймын. "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" дегендей әр оқушы ақын болып қалыптаспаса да, өзінше өлең шығаруға машықтанады.

3-тапсырма. Жазушы шығармалары бойынша сурет салу. Сыныпта тамаша сурет сала білетін оқушылар болады. Сол оқушылардың шығармашылық сатыға дейін жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу үшін жазушының шығармалары бойынша сурет салуға тапсырма беремін.

Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Деңгейлік тапсырмаларды қолдану жолдары»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Деңгейлік тапсырмаларды қолдану жолдары

Автор: Канатбаева Фариза Жиенбайкызы

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407136

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(115) "?аза? тілі саба?ында де?гейліп о?ыту ?дістемесін ?олдану жолдары "
    ["seo_title"] => string(74) "k-azak-tili-sabag-ynda-dien-ghieilip-ok-ytu-distiemiesin-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "168401"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423232372"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(209) "доклад                      ?аза? тілі мен ?дебиеті саба?тарында де?гейлік  тапсырмалар мен тірек сызбаларды ?олдану жолдары "
    ["seo_title"] => string(114) "doklad-k-azak-tili-mien-diebiieti-sabak-tarynda-dien-ghieilik-tapsyrmalar-mien-tiriek-syzbalardy-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "138807"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1417610504"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(154) ""Химия саба?тарында о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын арттыру жолдары" баяндама"
    ["seo_title"] => string(81) "khimiiasabaktaryndaokushylardynfunktsionaldyksauattylygynarttyruzholdarybaiandama"
    ["file_id"] => string(6) "273545"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1452246003"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(142) "П?нді о?ытуда  интерактивті -коммуникативтік технологияларды ?олдану жолдары "
    ["seo_title"] => string(82) "p-ndi-ok-ytuda-intieraktivti-kommunikativtik-tiekhnologhiialardy-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "217194"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1433263727"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Тарих саба?ында о?ытуды? инновациялы?  ?дістерін ?олдану жолдары "
    ["seo_title"] => string(70) "tarikh-sabag-ynda-ok-ytudyn-innovatsiialyk-distierin-k-oldanu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "175174"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424246618"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства