Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі саба?ында де?гейліп о?ыту ?дістемесін ?олдану жолдары »
Жалпы білім беретін №81 орта мектептің
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Саумалбаева А.Т.
Қазақ тілі сабағында деңгейліп оқыту әдістемесін қолдану жолдары
Қазақ тілін оқытып, үйрету-көптеген ізденістерді,жаңа технологияны керек етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда ең басты мәселе- сабақта әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Соңғы кезде деңгейлік тапсрымалар арқылы әр оқушының қабілеттілік деңгейін анықтап, топтық әдіспен жұмыс істеймін. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсрымалар арқылы іске асады. Деңгейлік тапсырымалар оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, іздендіруге жетелейді, пәнге деген қызығушылығыг арттырады.[1]
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынасын, ақыл-ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліме қарай қойылады.
Бұл әдістің негізгі ұстанымы-қарапайымнан күрделіге жетіп,игерту. Деңгейлік тапсырмаларды-белгілі бір тақырыпты біткен кезде немесе бақылау жұмысын жүргізгенде және қайталау өткізгенде пайдалану өте ұтымды.Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы-оқушы өзінің нені білмейтінін анық аңғарып, келесіде өзі ізденіп оқып келеді.[2]
Деңгейлік тапсырмаларды карточка ретінде, тест түрінде сабақта және үйге беруге болады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет.Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп,қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады.
Қабілеттік деңгейі бойынша оқушыларға үш топ ұсынылады:
1топ-орташа деңгей-бұларға тақырып бойынша жеңіл тапсырмалар беріледі.
2топ-мүмкіндік деңгей-стандарт талабы бойынша,жалпы жоспар бойынша тапсрымалар орындайды.
3топ-шығармашылық топ-күрделенген шығармашылық,шеберлік қабілетін қолдануы қажет.
Мысалы,фонетиканы өткен кезде келесі тапсырмаларды оқушыларға ұсынуға болады.
«Үстел» сөзін фонетикалық талдау (5сынып)
Бірінші саты:1 топ-неше дыбыстан құрылған.
2 топ-неше дауысты,неше дауыссыз дыбыстар бар.
3 топ-дыбыстық талдау жасау
Екінші саты: 1 топ-неше дауысты,неше дауыссыз дыбыс
Қорыта айтқанда,деңгейлеп оқыту әдістемесін қазақ тілі сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
Тіл байлықтары, сауаттылқтары артады;
Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
Шығармашылық белсенділігін арттырып,ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді
Өз бетімен білім алатын,ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Жоғарыда 8 «Ә»сыныбының деңгейлеп оқыту әдістемесін үнемі қолданғанның нәтижесінде 2008-2009 оқу жылындағы жылдық сапасының 2009-2010 оқу жылындағы 1жарты жылдықтың білім сапасының диагностикасы берілген. Бұл зерттеуден сапаның 14% өскенін көре аламыз.Демек, алдыға мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында еңбек етсек нәтижесі оңды болатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ерназарова З.Ш. «Қазақ тілін оқытудың төрт деңгейлік бағдарламасы» Қазақ тілі:Әдістеме.Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.
№4 саны 2013жыл-2бет
Н.Бақсыбекова .Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Қазақ тілі әдістемелік журнал. №4 саны 2014жыл-16бет