Мақсаты : оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын таныту және PISA бағдарламасы бойынша мұғалімдерге оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллаборативті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру.
Міндеттері:1. PISA халықаралық зерттеулері туралы ақпарат беру,
PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны ,бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивтік ойлату
2.Жеке тұлғаға бағытталған ынтымақтастық оқудың, белсенді оқытудың маңыздылығы,мұғалімдердің сабақтарында функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдануға қадам жасау;
3.Ұстазға өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойландыру , мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіруге , ынтымақтастық оқу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету;
4. PISA – 2018 дайындық, пән мұғалімдерінің оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын анықтау.
Глоссарий
Белсенді оқу - Белсенді оқу / Активное обучение / Active learning – педагогикалық (дидактикалық), сондай-ақ ұйымдастырушылық-басқару құралдарын кеңінен және мүмкіндігінше кешенді пайдалану арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметін жан-жақты жандандыруға бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу. Белсенді оқу әдістері / Методы активного обучения / Active learning methods – оқу материалын өз бетінше, бастама жасай отырып, шығармашылықпен игеруде оқушылардың оқу үдерісіне толыққанды ойлану арқылы тартылуын көздейтін әрекеттер мен амалдар. Белсенді оқу әдістеріне дебат, пікірталас, рөлдік ойындар, жоба жүргізу, т.б. жатады.
Ынтымақтастық - Ынтымақтастық / Коллаборативный / Collaborative (ағыл. collaborate – ынтымақтасып қызмет ету/ынтымақтасу) - бірлескен; ынтымақтастықта жүзеге асқан.
Ынтымақтастық оқу - Ынтымақтастық оқу / Коллаборативное обучение (обучение в сотрудничестве) / Collaborative teaching and learning - бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген
Топтық жұмыс - Топтық жұмыс / Групповая работа / Group work - білім алушыларды оқу тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық емес) құру арқылы ұйымдастыру нысаны. Бұл бірін де сырт қалдырмай барлық оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық, басқа адаммен қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары»
Шебер сынып жоспары
2018 жыл
Наурыз
29
Тақырыбы:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары
Мақсаты:
оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын таныту және PISA бағдарламасы бойынша мұғалімдерге оқушының оқу сауаттылығын арттыруда коллаборативті орта, дағды қалыптастыруына бағыт беру.
Міндеті:
1. PISA бағдарламасының мақсаты, мазмұны ,бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивтік ойлау, PISA – 2015 халықаралық зерттеулері туралы ақпарат беру
2.Жеке тұлғаға бағытталған ынтымақтастық оқудың, белсенді оқытудың маңыздылығы,қазақ тілі мен әдебиеті сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдану;
3.Өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойландыру , мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіруге ,ынтымақтастық оқу мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету;
4. PISA – 2018 дайындық, пән мұғалімдерінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын анықтау
Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.
Сілтеме:
1.PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері бойынша Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімнің жұмыс дәптері
«Мектеп оқушыларын функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған» ұлттық іс-қимыл жоспары
Күтілетін нәтиже
1.Қатысушылар белсенді оқыту стратегиясын қолдану жолдарымен танысады 2. Мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқу сауаттылығын дамыту үшін, белсенді оқыту стратегиясын қолдануды меңгереді. 3.PISA тапсырмаларын топтық жұмыста шешімін анықтауға үйренеді,бағдарлама негізінде мәтінді жаңа форматта талдауға үйренеді,тәжірибесінде пайдалануға қадам жасайды.
Түйінді идеялар:
Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын білу
Сабақта қолданылатын материалдар:
А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары,маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.
Оқыту әдістері:
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету/СТОҮ/
Көшбасшылық/К/
1.Коллаборативті орта
2. Диалог
3. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
5 Белсенді оқыту әдістері стратегиялары.
Тапсырмалар:
Трениг, ой шақыру , постер қорғау, стратегиялар, бағалау парағы, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
І.Мұғалімдерге психологиялық жайлы ахуал туғызу ,танысу
"Жүздің түсін білгенше ,бірдің атын біл "дейді дана халқымыз,сондықтан қазір біз
«Таңғалдыра таныстыру»
тренингін өткіземіз.
Бұл-қатысушылардың бір-бірін ұмытпастай есте сақтауына көмектесетін және оның қызықты мәліметтерді ортаға салу мүмкіндігін ашатын тренинг.Тренинг шартымен таныстырады.Шарты: Әрбір қатысушы өз есімін айта отырып,соған қоса өзін ерекше таныстыруы шарт (таңқалдыратын мәлімет айту,тосын сырымен бөлісу,тартымды қимыл жасау,т.т.)
Шапалақпен қошемет көрсетеді
« Таңғалдыра таныстыру » тренингіне қатысады.
Шеңбер болып тұрады, әрбір қатысушы өз есімін айта отырып,соған қоса өзін ерекше таныстырады.
Әр қатысушы әріптестеріне өзі туралы таңқалдыратын мәлімет айтады,не тосын сырымен бөліседі не тартымды қимыл жасайды,т.т.)
Қалған қатысушылар өзін таныстырушы мұғалімге осы бағытта көтеріңкі көңіл күй одағайларымен көтермелей қолдау көрсетеді.
(2 мин)
Шартты белгі арқылы тақырыбы, мақсатымен таныстырады
Шебер сыныптың тақырыбы , мақсатымен танысады
"Сөз таптары"
/ қатысушыларды топқа бөлу/
2 мин
Ой шақыру
3 мин
1- топ
"Сөз таптары" әдісі арқылы
Қатысушыларды топқа бөледі.Шарты:"Сөз таптары " дегенде барлығын араластырып отырғызады.Кейін мұғалімдерге берілген жапырақ,қызғалдақ сөзінен біреуіне зат есім, біреуі сын есім, біреуі есімдік, біреуі етістікті құрап , жеке-жеке жаздырады."Сөз таптары " топқа келесі тәсілмен бөлінеді: "Зат есім" дегенде зат есімдер орындарын ауыстырып, бір топ құрайды, "Сын есім" дегенде сын есімдер ауысады, т.с."Есімдік" бір топ,етістік бір топ құрайды. Қатысушыларды
4 шағын топқа бөлу
1-топ "Зат есім"
2-топ"Сын есім"
3- топ."Есімдік"
4- топ."Етістік"
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері,жолдарын ата
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
оқыту нысандары мен әдістері;
білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
мектепті басқару моделі
барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру
ортасының болуы;
ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Қорытынды: оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытудың басты жолы белсенді оқыту әдісі мен оқытудың белсенді стратегияларын ұжыммен жұмыс жасауды жүргізуде, бірлесіп мәселені шешуде және оқушыларды PISA бағдарламасы бойынша тестке дайындауда қолдану
Мәселені коллаборативті шешу Оқытудың белсенді стратегиясы – дегеніміз оқушыға құбылысты тәжірибе арқылы түсінуге дағдыландыру
мүмкіндік беретін, сыни ойлау арқылы түсінуге, мәліметті талдауға мұғалім қолданатын құрал.Тындаушыларға түсіндіру, біз сабақ кезінде бірнеше белсенді стратегияларды қолданып отырмыз, сіздер өз сабақтарыңызда да осы белсенді стратегияны қолдануға болады.
Стратегия: «Коллаборативті мәселені шешу»
Тапсырма:Сіздер пайдаланатын белсенді оқыту стратегияларды айтып беріңіз.
(әр белсенді оқыту стратегиясын жеке стикерге жазып, оның әдістемесін түсіндіріп беріңіз).
"Сөз таптары" әдісі арқылы
4 топқа бөлінеді.
"Сөз таптары " дегенде барлығы араласып отырады.Кейін мұғалімдерге берілген жапырақ,қызғалдақ, сөзінен біреуіне зат есім, біреуі сын есім, біреуі есімдік, біреуі етістікті құрап , жеке-жеке жазады.Сөз таптары "Зат есім" дегенде зат есімдер орындарын ауыстырып, бір топ құрайды, "Сын есім" дегенде сын есімдер ауысады,"Есімдік" бір топ,етістік бір топ құрайды. Қатысушылар 4 шағын топқа бөлінеді
1-топ "Зат есім"
2-топ"Сын есім"
3- топ."Есімдік"
4- топ."Етістік"
Жауап береді/үлестірме материал /
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері,жолдарын атайды
Сыни тұрғыда ой қозғау.Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары қандай, не істеу қажет? деген сұраққа жауап айтады.
Топ мүшесі қорғайдыоқушылардың функциялық сауаттылығын дамытудың басты жолы белсенді оқыту әдісі мен оқытудың белсенді стратегияларын ұжыммен жұмыс жасауды жүргізуде, бірлесіп мәселені шешуде және оқушыларды PISA бағдарламасы бойынша тестке дайындауда қолдану
Сабақ кезінде бірнеше белсенді стратегияларды қолданамыз, сіздер өз сабақтарыңызда да осы белсенді стратегияны қолдануға болады.
Мәтінмен жұмыс жасау стратегияларын
PISA халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау аясында жұмыс жасау стратегияларымен бөліседі,
әр топ өз стратегиясын қорғайды,қолдану жолдары көрсетеді
Тапсырманы орындайды
Мәтінмен жұмыс жасау стратегияларын
әр белсенді оқыту стратегиясын жеке стикерге жазып, оның әдістемесін түсіндіріп,көрсетіп береді
2- топ
«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясы
5 мин
«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясы
Оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Оқып болған соң мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
“Жіңішке” сұраққа қарапайым сұрақтар жатады: Кім? Не? Қашан? Дұрыс па? Қайда?, т.с.с.
“Жуан” сұрақтарға салыстыруды, талдауды, жинақтауды, бағалауды қажет ететін сұрақтар жатады: Түсіндір, неге олай деп ойлайсың? Айырмашылығы неде? Неге ұқсас келеді?, т.с.с.
Сұрақтарды кестеге рәсімдеуге болады. Бұл әдіс оқушыларға сұрақтарды сауатты қоюға және сұрақтардың күрделілік деңгейін түсінуге үйретеді.
«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясын көрсетеді
Оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Оқып болған соң мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
.
3- топ
«Ақылды үкілер» стратегиясы
5 мин
«Ақылды үкілер»
стратегиясы
Оқушыларға материалмен өз бетінше танысу ұсынылады. Мәтін бойынша жұмыс жеке, жұптық немесе топтық түрде ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір оқушыға (немесе топқа) мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты сұрақтары мен тапсырмалары бар жұмыс парағы ұсынылады. Мәтінді өңдеудің түрлі амалдары «Ақылды үкілер» педагогикалық техникасы деп аталады.
Мәтінмен жұмыстың бастапқы қадамдары.
Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретпен жазыңыз.
Күтілмеген ақпарат.
Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.
Соңғы жаңалық.
Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.
Ең негізгі өмірлік даналық.
Бір сөйлеммен мәтіннің (мәтін тарауларының) негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?
Белгілі және белгісіз.
Мәтіннен сізге бұрыннан белгілі және бұрын белгілі болмаған ақпаратты табыңыз.
Иллюстративті бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, схема, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.
Мағыналы қорытынды.
Оқығаннан алдағы өмірде және қызметте пайдалы болатын қорытынды жасауға болады ма?
Талқылау үшін маңызды тақырыптар.
Мәтіннен ерекше көңіл бөлуге және сыныпта талқылауға тұрарлық тұжырымдарды табыңыз. Әрі қарай жұмыс нәтижелерін талқылау ұйымдастырылады. Мұнда келесі қадамдарды белгілеуге болады: қосымша ақпарат іздеу, жеке оқушылар немесе топтар үшін үй тапсырмалары, шешілмеген проблемаларды анықтау, жұмыстың кейінгі кезеңдерін белгілеу.
«Ақылды үкілер» стратегиясын түсіндіріп іс жүзінде көрсетеді
Оқушыларға материалмен өз бетінше танысу ұсынылады. Мәтін бойынша жұмыс жеке, жұптық немесе топтық түрде ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір оқушыға (немесе топқа) мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты сұрақтары мен тапсырмалары бар жұмыс парағы ұсынылады. Мәтінді өңдеудің түрлі амалдары «Ақылды үкілер» педагогикалық техникасы деп аталады.
Мәтінмен жұмыстың бастапқы қадамдары.
Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретпен жазыңыз.
Күтілмеген ақпарат.
Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.
Соңғы жаңалық.
Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.
Ең негізгі өмірлік даналық.
Бір сөйлеммен мәтіннің (мәтін тарауларының) негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?
Белгілі және белгісіз.
Мәтіннен сізге бұрыннан белгілі және бұрын белгілі болмаған ақпаратты табыңыз.
Иллюстративті бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, схема, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.
Мағыналы қорытынды.
Оқығаннан алдағы өмірде және қызметте пайдалы болатын қорытынды жасауға болады ма?
Талқылау үшін маңызды тақырыптар.
Мәтіннен ерекше көңіл бөлуге және сыныпта талқылауға тұрарлық тұжырымдарды табыңыз. Әрі қарай жұмыс нәтижелерін талқылау ұйымдастырылады. Мұнда келесі қадамдарды белгілеуге болады: қосымша ақпарат іздеу, жеке оқушылар немесе топтар үшін үй тапсырмалары, шешілмеген проблемаларды анықтау, жұмыстың кейінгі кезеңдерін белгілеу.
4-топ
«Кестені толтыр» стратегиясы
5 мин
«Кестені толтыр» стратегиясы
Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:
Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.
Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.
«Кестені толтыр» стратегиясын орындайды
Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына берілген мәтін бойынша арнайы кестені толтырады.
Бағалау
«Үшбу хат»
(5 мин)
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары бойынша әріптесіне «Үшбу хат»
Бұл тапсырма негізінен адамның ішкі толғанысына құрылған ой-түйіндерін қағазға түсірту мүмкіндігі.
Жұмыс әр адамның өзі сенетін жанға (сүйікті әріптесіне),болашағына хат жазу формасында ұйымдастырылады. Жазылғандарды кіші топтарда оқыту
Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары туралы әріптесіне ұсыныс
Топта бірлесе отырып, оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары туралы әріптесіне «Үшбу хат» жазады,оқиды
мысалы
Мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сауаттылығын дамыту үшін үнемі ,жүйелі түрде белсенді оқыту стратегиясын қолдану.
Оқушыларды PISA халықаралық зерттеулеріне дайындауда мәселелерді коллаборативті шешуге дағдыландыру.
Сабақтарды зерттеу сабағы түрінде өткізу
Кері байланыс «Тазалық» тәсілі
5 мин
Сабақ соңындағы кері - байланыс
Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Тазалық» тәсілі арқылы теориялық білімді меңгергенін бақылаймын.
Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» тәсілі Қатысушыларға бір парақ және стикерлер беріледі. Бір парақта мыналар салынған: Чемодан(суреті)
қоқыс жәшігі (суреті)
еттартқыш (Суреті)
«Тазалық» тәсілінің шарты:
1.Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар),
2.Бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).
3.Бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
«Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдары» атты шебер сыныптан алған әсерлерін ашық жазады,ұсыныс береді
« Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру»тақырыбы бойынша шебер сыныптан не алғанын, не үйренгенін қорытындылайды
«FILA» стратегиясы
Бұл сингапурлық әріптестер тәжірибесінен алынған стратегия бойынша оқушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Мәтінді оқып, танысып болған соң сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады.
FACTS – Мәліметтер
Сіз не білесіз?
IDEAS –
Идеялар
Сіз не ойлайсыз?
LEARNING ISSUES – зерттеуді талап ететін сұрақтар
ACTION PLAN –
шешімдер жоспары
Сізге білу үшін не істеу керек?
Мәліметтер. Проблеманың толық сюжеті. Проблеманың мұқият зерттелуі.
Болған ситуация жайлы өз пікірлерін білдіру. Осы ситуацияның туындауы мүмкін себептерді айқындау. Гипотеза (болжау).
Зерттеуді қажет ететін және проблеманың шешілуіне көмектесетін сұрақтар қою. Мысалы: Қалай? Қандай жағдайда?
Жоспар құру.
«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар» стратегиясы
Оқушылар мәтінді өз бетінше оқиды. Оқып болған соң мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.
“Жіңішке” сұраққа қарапайым сұрақтар жатады: Кім? Не? Қашан? Дұрыс па? Қайда?, т.с.с.
“Жуан” сұрақтарға салыстыруды, талдауды, жинақтауды, бағалауды қажет ететін сұрақтар жатады: Түсіндір, неге олай деп ойлайсың? Айырмашылығы неде? Неге ұқсас келеді?, т.с.с.
Сұрақтарды кестеге рәсімдеуге болады. Бұл әдіс оқушыларға сұрақтарды сауатты қоюға және сұрақтардың күрделілік деңгейін түсінуге үйретеді.
«Ақылды үкілер» стратегиясы
Оқушыларға материалмен өз бетінше танысу ұсынылады. Мәтін бойынша жұмыс жеке, жұптық немесе топтық түрде ұйымдастырылуы мүмкін. Әрбір оқушыға (немесе топқа) мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты сұрақтары мен тапсырмалары бар жұмыс парағы ұсынылады. Мәтінді өңдеудің түрлі амалдары «Ақылды үкілер» педагогикалық техникасы деп аталады.
Мәтінмен жұмыстың бастапқы қадамдары.
Мәтіндегі негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретпен жазыңыз.
Күтілмеген ақпарат.
Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.
Соңғы жаңалық.
Сіз үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазыңыз.
Ең негізгі өмірлік даналық.
Бір сөйлеммен мәтіннің (мәтін тарауларының) негізгі ойын келтіріңіз. Екінші нұсқасы: әрбір тараудың қай сөйлемі негізгі болып табылады, қай сөйлемдер түйінді болып табылады?
Белгілі және белгісіз.
Мәтіннен сізге бұрыннан белгілі және бұрын белгілі болмаған ақпаратты табыңыз.
Иллюстративті бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, схема, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.
Мағыналы қорытынды.
Оқығаннан алдағы өмірде және қызметте пайдалы болатын қорытынды жасауға болады ма?
Талқылау үшін маңызды тақырыптар.
Мәтіннен ерекше көңіл бөлуге және сыныпта талқылауға тұрарлық тұжырымдарды табыңыз. Әрі қарай жұмыс нәтижелерін талқылау ұйымдастырылады. Мұнда келесі қадамдарды белгілеуге болады: қосымша ақпарат іздеу, жеке оқушылар немесе топтар үшін үй тапсырмалары, шешілмеген проблемаларды анықтау, жұмыстың кейінгі кезеңдерін белгілеу.
«Кестені толтыр» стратегиясы
Оқушылар топтарға бөлінеді. Барлығына бір мәтін беріледі. Сол мәтін бойынша арнайы кестені толтырады. Кесте 4 бағаннан тұрады:
Мәтін ішінен түйінді сөздерді теріп жазу.
Мәтін бойынша сызба түрінде конспект жасау.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
Мәтіннің ішінен негізгі идеясын бейнелейтін сөйлемдерді теріп жазу.
Мәтінді оқудың төрт сатылы стратегиясы
Мәтінді сыни тұрғысынан оқу дағдысы төрт сатыдан тұрады:
1. Қарап шығу.
2. Ойлану.
3. Оқу.
4. Бағалау.
Әрбір сатыны қарастырып шығайық.
1-ші саты. Қарап шығу
Қарап шығу – бұл жалпы ұғым, түсінік пайда болу үшін кітаптың немесе мақаланың кейбір бөлімдерін қарап шығу. Орташа есеппен қарап шығу кітап үшін 15-20 минутты және мақала үшін 5-10 минутты құрайды. Сапалы қарап шығу әрекеті сіздің оқуыңызды жеңілдетеді, бүкіл шығарманы немесе оның бір бөлігін қайта оқудан құтқарады.
Қарап шығу келесі сұрақтарға жауап беруі керек: Автор қандай мәселені қозғауда? Осы мәселеге автордың көзқарасы қандай? Бұл кітаптың немесе мақаланың негізгі бөлімдері қандай? Автор өз көзқарасын дәлелдеу үшін қандай фактілерді келтіреді?Фактілер жеткілікті ме?
Егер оқып жатқаныңыз кітап болса, автор мақсатын білу үшін алғысөз бен кіріспені қарап шығыңыз; бөлімдер мен олардың бірізділігін байқау үшін мазмұнды қараңыз; жалпы шолу жасау үшін бір-екі бөлімнің басы мен аяғын көріп шығыңыз; кітаптың неге негізделгенін, автор қандай әдебиетке сүйенгенін білу үшін библиографияны қарап шығыңыз. Уақытыңыз болса, автордың пікірі мен ұсыныстарын білу үшін қорытынды бөлімді толық көріп шығыңыз. Кей-кезде соңғы бөлімде кітаптың негізгі идеясы туралы қысқа түсініктеме беріледі.
Егер оқып жатқаныңыз мақала болса, кіріспені, бөлім тақырыптарын, әрбір бөлімдегі бірінші абзацты және қорытындыларды қарап шығыңыз.
2-ші саты. Ойлану
Бұл жерде ойлану автордың көзқарасы емес, өз көзқарастарыңызды тексеруді меңзейді.
2-ші сатыдағы әрекет – көтеріліп жатқан мәселе туралы терең ойлаңыз, автордың ойын өз ойыңызбен салыстырыңыз, қарама-қарсы көзқарастарды қарап шығыңыз. Бір сөзбен айтқанда, ойлану мақсаты – қорытындыларды шығару.
3-ші саты. Оқу
Егер сіз алдын ала кітапты немесе мақаланы сапалы қарап шықсаңыз (1-ші сатыда), онда бұл қадамыңыз салыстырмалы түрде жеңіл болады. Сіз автордың не айтқаны туралы хабардарсыз, ұсынылған фактілердің түрін және санын білесіз, сонымен қатар автор идеяларының бірізділігін түсінесіз. Ендігі сіздің мақсатыңыз – өз түсінігіңізді нақтылау және тереңдету. Мүмкіндік болса, шығарманы толығымен оқып шығыңыз. Ең маңызды сөйлемдерді сызып отыру үшін әрдайым қол астыңызда қалам немесе қарындаш болсын. Бірнеше абзацтан ең негізгі бір сөйлемді сызуға әрекеттеніңіз. Қажетті жерде өз сұрақтарыңыз бен ой-толғаныстарыңызды қосып отырыңыз (қызыл жолда).
Егер оқып жатқаныңыз кітап немесе ұзақ мақала болса, онда оқығаныңызды конспектілеуге болады. Мұны жасау үшін, сіз маңызды деп белгілеген сөйлемдерді қайта оқып шығыңыз. Автор ойын бұзбастан, сіз қанша сөйлемдерді біріктіре алатыныңызды ойластырыңыз. Сосын өз конспектіңізді жазыңыз. Автор ұсынған фактілерді өз сөзіңізбен қысқа жеткізіңіз. Бірақ конспектілеп жатқаныңызда, автор ойын өзгертпеңіз, аса қысқартып жібермеңіз.
Сіздің конспектілеуіңіз сапалы болса, онда сізде автор жұмысының қысқа нұсқасы пайда болуы керек, мұнда мазмұны сақталады, бірақ бұл нұсқаны талдауға әлдеқайда жеңіл болады. Мұндай әдіспен бір кітаптың мазмұнын бірнеше абзацпен, ал мақаланың мазмұнын 7-8 сөйлеммен жеткізуге болады.
4-ші саты. Бағалау
Автордың негізгі идеяларын түсіну және әрбір идея бойынша ұсынған фактілерді нақтылау үшін өз конспектіңізді мұқият оқып шығыңыз. Содан соң келесі сұрақтарға жауап беріңіз. Ескерту. Кейбір сұрақтар конспетті ғана емес, шығарманың өзін қайта қарап шығуды талап етеді. Мұндай жағдайда конспект қай тарау немесе қай бөлімге қарауыңызды анықтауға көмектеседі.
Автор түсініксіз немесе екі мағыналы ұғымдарды пайдаланбаған ба? Мұндай жағдайларда сіз ұғымның қай мағынада қолданылып жатқанын анықтауыңыз керек.
Автор пайдаланған фактілер қарастырылып жатқан мәселеге қатысы бар ма? Фактілердің мәселеге қатысы жоқ болса, онда оларды қарастырудың да қажеті жоқ.
Егер автор ғылыми зерттеуге сүйеніп жатса, ол зерттеу қайта тексерілген бе? Ол зерттеуді қандай ұйым жасақтап, өткізген? Ғылыми қоғамдастықтың талабы бойынша әрбір зерттеушінің қорытындылары тәуелсіз зерттеушілермен қайта тексерілуі керек. Бұл орынды талап, өйткені кейбір зерттеулер жалған болып шығады.
Автор заманауи ақпарат көздеріне сүйенген бе? Ескі көзқарастар дұрыс емес деп айта алмаймыз. Дегенмен, кейбір соңғы қорытындылар алдыңғы ұғымдарды жоққа шығаруы мүмкін.
Автор жүгінген эксперттер қаншалықты беделді және сенімді? Баршаға танымал адамды айтылып жатқан мәселеде беделді деп айта алмаймыз. Мысалы, физикадан Нобель сыйлығы лауреатының психологияда немесе мемлекеттік басқаруда мүлдем құзыреттілігі жоқ болуы мүмкін. Немесе автор жүгінген адамның осы салада беделі бар болса да, егер осыған дейін оның беделіне күмән туғызылса, оның көзқарастарын қайта қарастыру қажет.
Автор жүгінген экспертті басқа эксперттер қолдайды ма? Кей-кезде автор жүгінген эксперттерді экперттердің көпшілігі қолдамайды, сондықтан мұны анықтау үшін шағын зерттеу жүргізген дұрыс.
Осы кітап немесе мақала бойынша басқа ұстанымды қолдайтын адам қандай сыни ескертулер мен қарсы пікірлерді келтіреді? Даулы мәселенің кемшіліктерін білу үшін қарсы беттің комментарийін да білген жөн.
Логикада автор ешқандай қателер жібермеген бе? Мысалы, автор тексерілмеген фактілерді ұсынып жатқан жоқ па?
Жоғарыда сипатталған стратегиялар оқушылардың оқығанын ой елегінен өткізіп, мәтінді терең түсіне білу қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін, қажетті ақпаратты іздеу, табу және интерпретациялау қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
«Мозайка» оқу стратегиясы
Жұмысты көркем шығармадан шағын үзінділерді ұсыну арқылы жүргізуге болады. Мысалы: Сөйлемдерді жүйелеу, мәтінге ат қою, мәтін құрастыру.
«Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті.Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты.
Оның есте сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас.
- Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті.
Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты:
- Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады.
Компьютерде ақпараттар қалай сақталады?
Компьютерге енгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – жады. Жады процессорға орнатылады. Біз енгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған. Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас. Алайда олардың айырмашылығы үлкен. Адам жадында қайбір нәрселер ұмытылуы немесе шатасуы мүмкін болса, компьютер жадында барлық нәрсе сол қалпында және тұрақты сақталады.
Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және тұрақты жадыдан құрылады. Жады компьютердің қатты табақ жадында болады. Оның сыйымдылығы үлкен болғанмен, ақпараттарға толып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін бір тәсіл бар. Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек. Ал өзімізге керек болғанда, дискетті ендіріп, компьютерге ашып оқу бұйрығын береміз.
Компьютер жадында нұқсан келтіретін жағдайларды естен шығармау керек.Кейбір шағын көлемді бөгде бағдарламалар өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді. Оны ақпараттық вирус деп атайды. Керексіз ондай вирустар компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады. (115сөз) (А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп»: 2011.
Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас
Адамзат жаралғалы бері, ана тілі адамгершілік айнасы болып келеді. Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу қажет. «Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас», - деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді қырғыз ақыны Сарноғаев айтқан. Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.
«Ақын болу – міндет емес, азамат болу - парызың», - дейді. Азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. Біздің халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай. Тіліміздің байлығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіл байлығы - рухани байлық.