Сихамбекова Ж.А.
Күні: 16.10.15ж. | Caғaт: 1300-1410 |
Тaқырыбы: | Белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары |
Мaқcaты: | 1.Әріптестер белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру жолдарын біле алады. 2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді түсінеді. 3. Функционалдық сауаттылықтың бүгінгі күнде маңыздылығына баға бере отырып, осы бағытта білім алып жатқан тұлғаны бейіналды даярлауды көздейді. |
Оқу нәтижесі: | Функционалдық оқу сауаттылығын дамытушы 1. "Шатастырылған логикалық тіркестер"стратегиясы, 2. Ойлан- жұп, тауып ал, Бөліс" стратегиясы, 3. "Желпігіш" стратегиясы негізінде "Жуан және жіңішке сұрақтар" 4. "Ақылды үкілер" стратегиясы, 5. "Блум түймедағы" стратегиясы 6. "Ойлаудың алты қалпағы" стратегияларымен танысады. |
Негізгі идеялaр: | Функционалды оқу - нақты мәселені шешу немесе белгілі бір тапсырманы орындау үшін қажетті ақпаратты іздеу мақсатындағы оқу. Функционалдық сауаттылық- бұл адамның әлеуметтік ортамен қарым- қатынас барысында (мысалы: банкте есепшот ашу, нұсқаулықты оқу, сауалнаманы толтыру, т.с.с.) оқу мен жазу дағдыларын пайдалана алу қабілеті. |
Мaтериaлдaрмен құрал- жабдықтар | Тілек жазылған конверттер, әдіс – тәсілдерге берілген түсініктемелер, тақырыпқа байланысты слайдтар, "Жақсылық пен жамандық" әдеби мәтіні, маркер, стикер, тақырып бойынша түсіктемелер. |
Өткізілу барысы |
Кезең | Тапсырма | Уақыт | Коучтың іс- әрекеті | Мұғалімнің іс- әрекеті |
1. Психология-лық дайындық | «Жақсы тілек» тренингі. Жағымды көңіл- күй орнату үшін көңілді ән орындау. | 7 минут | Көтеріңкі көңіл - күй орнату үшін "Жақсы тілек" тренингін ұйымдастырады. "Армандастар" әні | Тілектер жазылған парақшалар алады. "Армандастар" әнін орындайды. |
2. Топқа бөлу | Тілек жазылған әр түрлі конверттердің бетіндегі гүл түстеріне қарай топқа бөлінеді. | 3 минут | Тілек жазылған конвертті ұсынады. | Конверттегі гүл түстеріне қарай топтасып отырады.. |
Білу Ой қозғау | "Сұрақ- жауап" 1.Функционалдық сауаттылық дегенде нені түсінесіздер? 2.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалай дамытуға болады? 3.Функционалды сауаттылықтың жетіспеушілігі қалай білінеді? | 6 минут | Әріптестердің ойларын тыңдайды. Функционалдық сауаттылық жайлы Power Рoint бағдарламасы бойынша таныстырылым жасайды. | Қатысушылар функционалдық сауаттылық жайлы берілген сұрақтарға өз білгендерінше жауап берді. |
Түсіну Мәліметті іздеу және табу. | "Шатастырылған логикалық тіркестер" стратегиясы. Функционалдық сауаттылық жайлы негізгі ұғымдарды ретімен орналастыру. | 10 минут | Араластырылып берілген функционалдық сауаттылық жайлы тіркестерді таратады. Тапсырманы орындап болған соң дұрыс жауап үлгілері арқылы бағалатады. | Шатастырылған логикалық тіркестер арқылы 1Топ.Функционалдық сауаттылықтың формалары. 2-Топ.Функционалық сауаттылықтың ерекшеліктері 3-Топ. Функционалдық сауаттылықтың жетіспеушілігі қалай білінеді? Анықтаманы ретімен дұрыс орналастыруға жұмылады. |
Қолдану Сұрақ- жауап. | «Ойлан- жұп, тауып ал, Бөліс» стратегиясы. | 10 минут | Тірек сұрақтар арқылы әріптестердің ішкі қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша білуге жетелейді , белсенділікке жағдай жасайды. | Мұғалімдер өз ойларын тұжырымдап, жұптасып ой бөлісіп, XXI ғасырдың мұғалімі үшін маңызды болған қасиеттердің қысқаша тізімін жасап, ортада бөліседі. |
Мәтін бойынша арнайы тапсырма-лар | "Жақсылық пен жамандық" әдеби мәтінімен жұмыс | 14 минут | "Жақсылық пен Жамандық" әдеби мәтіні таратады . Қатысушылар мәтінді өз бетінше оқып түсінген соң "1-топ. .«Ақылды үкілер» стратегиясы. 2-топ «Жуан және жіңішке сұрақтар» негізінде "Желпігіш" стратегиясы 3-топ. «Блум түймедағы» стратегиясын жайлы ақпарат ұсынады. | Әр топқа таратылған стратегия негізінде деңгейлік сұрақтар дайындайды. Мысалы, Жіңішке сұрақтарға қарапайым сұрақтар, Жуан сұрақтарға талдауды , жинақтауды, бағалауды қажет ететін деңгейлік сұрақтар дайындайды. |
Сергіту сәті | "Жүгіру ассоциациясы" Ойды жалғастыру арқылы нақты, жылдам жауап беру. 1-топ. Мен белсенді оқыту стратегияларын үйренгім келеді өйткені... 2- топ. Мен бүгінгі коучингте белсендімін өйткені... 3- топ. Мен өз кәсіби біліктілігімді арттыру үшін ... | 3 минут | "Жүгіру ассоциациясы" сұрақтары арқылы нақты, әрі жылдам жауап беруге, белсенділікке жұмылдырады. Өз іс - әрекетінің өзі үшін маңыздылығын түсінуге бағыттайды. | «Жүгіру ассосациясы» Ойды жалғастыру арқылы нақты, жылдам жауап беруге үйренеді. |
Талдау "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі | Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі бойынша ортақ проблемаға әр түрлі көзқараста пікір айтуға жұмылдыру. | 10 минут | Мақсатты мәндерге, сөздерге, әрекеттерге бағыттайды, тәртіптің сызықтарын тұрғызуға көмектеседі. Өйткені бұл мақсатқа жету үшін қажет. | Қатысушылар ортақ проблемаға әр түрлі пікір айтады. Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша сұраққа жауап береді. Ақ қалпақ.Фактілер, және информациялар. Функционалды сауаттылық деген не? Ол жайлы бізде қандай мәліметтер бар? Қызыл қалпақ.Эмоция, сезім, интуиция және сезіну. Аталған проблемалар жайлы не ойлаймын. Қара қалпақ.Сақтанғыштық. Идеяны іске асыруға мүмкіндік бар ма? Сары қалпақ.Жетістік.Пайда, артықшылық,басымдылық. Бұл не үшін керек? Мұны не үшін жасаймыз? Жасыл қалпақ.Ұсыныстар, жаңа идеялар.Осы жағдайда қандай шара қолдануға болады. Көк қалпақ Үрдіс жайлы ойлау.Келесі қадамдарды анықтау. |
Жинақтау | " Ара ұясы" стратегиясы | 4 минут | Әріптестерге жұптарымен білгендерімен бөлісу, екі сұрақтан дайындауға тапсырма береді. Осылайша , бүгінгі алынған ақпарат қайта өңдеуден өтеді, кездескен қиындықтар көзге түседі. | Әр жұп дайындаған екі сұрағын ортада жариялайды. Қалған жұптар жауап бареді. |
Бағалау Кері байланыс | Кері байланыс парақшасындағы сұрақтарға жауап беру | 3 минут | Әріптестерге кері байланыс парақшасын таратады | Сұрақтарға өз ойларын толық білдіреді. |
Дереккөз-дер | 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Екінші (негізгі) деңгей 2.Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту жолдары. Есимханова Р, Батырбекова А, Масимов Н, Қасымбекова Г. 3. Коуч –мұғалімнің жұмыс кітабы. Оракова А.Ш., Корнилова Т.Б., Жартынова Ж.А., Касымова А.А.
|