Мемлекет басшысы Н.Назарбаевты? 2012 жыл?ы 27 ?а?тарда?ы «?леуметтік-экономикалы? жа??ырту – ?аза?стан дамуыны? басты ба?ыты» атты ?аза?стан хал?ына Жолдауын іске асыру ма?сатында о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту ж?ніндегі 2012-2016 жылдар?а арнал?ан ?лтты? іс-?имыл жоспары (б?дан ?рі – ?лтты? жоспар) ?Р ?кіметіні? ?аулысымен бекітілді. ?лтты? жоспар ?аза?стан Республикасында?ы білім сапасын жетілдіруді? негізгі ба?дары ретінде мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын дамыту іс-?имылдарыны? ма?саттылы?ын, бірт?тасты?ы мен ж?йелілігін ?амтамасыз етуге ба?ытталып, о?ушыларды? функционалды? сауаттылы?ын дамыту ?дерісін мазм?нды?, о?у-?дістемелік, материалды?-техникалы? ?амтамасыз ету ж?ніндегі іс-шаралар кешенін ?амтиды. Функционалды? сауаттылы? б?л, адамдарды? ?леуметтік, м?дени, саяси ж?не экономикалы? ?ызметтерге белсене араласуы, я?ни б?гінгі жа?андану д?уіріндегі заман а?ымына, жасына ?арамай ілесіп отыруы, адамны? маманды?ына, жасына ?арамай ?немі білімін жетілдіріп отыруы. Зерттеушілерді? болжамы бойынша адамдарды? сауатсызды? де?гейіні? т?мендеуі, олар?а д?рыс білім беріп, тияна?ты о?ытпаудан, о?ырман болу?а ?йретпеуден бол?ан к?рінеді. Са?танбау, ??ыпсызды?, бай?аусызды?, апаттар: м?ны? б?рі ережені д?рыс о?ыма?анды?тан, т?сінбегендіктен, сана?а сі?ірмегендіктен орын алып отыр. ?азіргі ?лемдік білім ке?істігіндегі халы?аралы? стандарт талаптарына сай о?ыту ?дерісіні? орталы? т?л?асы білім алушы субъект, ал ол субьектіні? ал?ан біліміні? т?пкі н?тижесі ??зіреттіліктер болып белгіленуі білім беру ж?йесінде «функционалды? сауаттылы?ты» ?алыптастыру м?селесін негізге алуды? ?зектілігін арттырып отыр. Осы?ан орай ал?ан білімдері негізінде ?рекет етуге ?абілеттілік пен даярлы?ты білдіретін ??зыреттіліктерді ?алыптастыру ?здіксіз білім беру ж?йесіні? ма?ызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі ?рбір п?нді о?ытуды? да басым ба?ыттарыны? бірі болып табылады. Функционалды? сауаттылы? о?ушыларды? танымды? ?абілеттеріні? де?гейін ж?не о?ушыларды? ?німді ж?мысыны? к?рсеткішін білім де?гейі ретінде ?арастырады. Б?л де?гей ?мірді? ?рт?рлі саласында?ы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазм?ныны? ?олданбалы? сипатына ж?не о?ушыларды? игерген біліміне негізделеді. Сонды?тан, ?о?амда?ы ?мірлік пен практикалы? іс-?рекеттерді? да?дылары мен ?леуметтік іс-т?жірибені ме?геру ?шін о?ушыларды? білім алу барысында негізгі ж?не п?ндік ??зыреттіліктері ?алыптасуы тиіс. О?ушыларды? саба??а деген ?ызы?ушылы?ын аттыру ?шін м??алім шебер болуы керек. Ол баланы ?алай о?ыту, оны? саба??а деген ынтасын ?алай ашу?а болады деген с?ра?тар т??ірегінде ж?мыс жасауы тиіс. Жалпы адам баласы есту, к?ру, ?стап к?ру, сезу ж?не иіскеу ар?ылы есте са?тайды. Кейбір о?ушылар жазбаша?а, кейбірі ауызша?а ?абілетті болып келеді. М?селен, география п?ні бойынша о?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын я?ни, сауатын ашу ?шін оларды 4-сыныптан бастап картамен ж?мыс жасау?а да?дыландыр?ан жа?сы. Сонда олар тек теорияны ме?геріп ?ана ?оймай, сонымен бірге практика ж?зінде де ме?гереді. Себебі карта- географияны? тілі болып табылады.
Халы?ты шаруашылы?пен м?дени ?ажеттілігін ?тейтін заман талабына сай, сапасы жо?ары географиялы? карталар мен атластар, глобустар ж?не бас?а картаграфиялы? ?німдермен ?амтамасыз ету – картаграфияны? міндеті болып табылады. Ежелгі Египетте, антикалы? Грекияда ж?не Римде бас?а да ?ркениет оша?тарында карталар бойынша ара?ашы?тар мен елдерді табуды? ?арапайым т?сілдері ?олданыла бастады. Ал?аш?ы адамдар ?здеріні? ж?ріп ?ткен жолында мол азы? ?орлары бар айма?тарды бай?аса, келесі жолы осы орынды адаспай табу ма?сатында а?аштарды? ?абы?тарына ?рт?рлі та?балармен шартты белгілер тастап отыр?ан. Ал?аш?ы ?олданысы жол ба?дарлаудан бастал?ан. Карта тарихы орта ?асырда, ?сіресе ?лы географиялы? ашылулар кезе?інде жи?анкез –саяхатшылар ?шін жа?а жерлер мен байлы?тарды игеруде таптырмас ??рал болды. Жер бетіні? белгілі бір масштаб пен кішірейтіліп ойыл?ан кескін карта [2].
Картаны? к?мегімен о?ушыны? ой-?рісін дамытып, білімін одан ?рі дамыта аламыз. Картамен ж?мыс-ар?ылы ?алыптасатын да?ды, жас балалар?а картаны ?йрету, оларды картамен ж?мыс істеуге да?дыландыру о?ай ж?мыс емес. Б?л ?шін о?ытушы?а к?птеген на?ты ж?мыстар істеуге тура келеді. О?ушылар кескін картамен сыныпта жа?а саба?ты ?ткенде, бекіту мен сараманды? ж?мыстар ар?ылы білім тексергенде ж?не ?й тапсырмасын орында?анда ж?мыс жасайды. К?п кезе?дерде б?л ж?мысты о?ушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада ?ажетті нысандарды? орнын тауып, оларды белгілеп жазады. Кескін картада жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер ж?не пайдалы ?азба кен орындарына байланысты географиялы? атауларды есте са?тау?а ?лкен к?мегін тигізеді.Кескін картамен ж?мыс жаса?анда бірнеше ?а?идаларды есте са?тау ?ажет. М?селен, ?зенні? аты а?ыс ба?ытымен, к?лді? аты кескініне ?арай, тау жотасы созылу ба?ытына ?арай, ?ала параллельге ба?ыттас жазылу керек.
5-сынып «Жаратылыстануда» картада?ы т?стер нені білдіретінін с?раймыз. М?селен: 1.Физикалы? картада жер бедері ?алай к?рсетіледі? 2.Те?іздер мен м?хиттар ?андай т?ске боял?ан? 3.Сары мен жасыл т?стер нені білдіреді? 4. Карта биік таулар ?андай т?спен белгіленеді? Жарты шарлар картасын кескін карта?а т?сіру. 6 материк пен 4 м?хитты аны?тау.
6 –сыныпта «Жерді? пішіні мен к?лемі», Географиялы? карталар, оларды? ма?ызы» та?ырыптарын ?ткен со?, кескін карта?а нольдік параллель, нольдік меридиан, алты ??рлы? пен т?рт м?хитты салу беріледі. Кескін карта?а мына тапсырмаларды орындату. 1.Экватор сызы?ын сызу. Экватор ?андай материктерді кесіп ?теді? 2.Бастап?ы меридиан ?андай м?хиттарды кесіп ?теді? 3. Алты ??рлы?ты ата ж?не к?рсет. ?андай материктен тек о?т?стік ба?ыт?а ?оз?ала аласы?? 4. ?андай м?хиттар солт?стіктен о?т?стікке дейін созылып жатыр? 5. К?п б?лігі шы?ыс жарты шарда, ал аз б?лігі батыс жарты шарда болатын материктерді к?рсет. 6.Солт?стік ж?не о?т?стік полюстегі м?хитты ата. Таулар, жазы?тар, ?зендер мен к?лдерді кескін карта?а т?сіру. М?хит а?ыстары та?ырыбында?ы а?ыстарды кескін карта?а т?сіру.
7-сыныпта ?лы географиялы? ашылулар кезе?індегі зерттеушілерді? саяхат жолдарын кескін карта?а т?сіру. «Климат ?алыптастырушы факторлар, жершарында?ы климатты? белдеулер» та?ырыбында атлас пен кескін картаны пайдаланып, д?ние ж?зіні? климат белдеулерін т?сіру беріледі. Материктерге жеке-жеке то?тал?анда, оларды? шеткі н?ктелерін, таулар мен жазы?тарын, ?зендері мен к?лдері ж?не о?ан енетін те?іздерді атласты? к?мегімен кескін карта?а т?сіру.
8-сыныпта «?аза?станны? географиялы? орны мен шекаралары» та?ырыбын ?ткенде ?кімшілік- теориялы? ??рылымын кескін карта?а т?сіру тапсырылды. ?аза?станны? жер бедері картасына, таулар мен жазы?тар, ойпаттары мен ?ыраттарын кескін карта?а т?сіру. Климатты? картасынан, ?аза?стан аума?ында?ы ауа температурасын ж?не жауын-шашынны? таралын аны?тау.
9-сыныпта ?аза?станны? пайдалы ?азбаларын шартты белгілері ар?ылы карта?а т?сіріп, картадан аны?тап к?рсету.
10-сыныпта «Д?ние ж?зіні? саяси картасы» та?ырыбын ?тер алдында о?ушылар?а жеке материктер бойынша елдер мен оларды? астаналарын жаттау тапсырылды. Тексеру кезінде мынадай пысы?тау с?ра?тары берілді. Африка ??рлы?ы бойынша: 1. Экватор бойында?ы мемлекет. 2. Жерорта те?ізі жа?алауында орналас?ан мемлекеттерді к?рсет. 3. Атына с?йкес т?бекте орналас?ан мемлекет. 4. ?айсысы солт?стікке ?арай орналас?ан Алжир ме, ?лде Чад па? 5. Гвинея шы?ана?ы жа?алауында орналас?ан мемлекеттер. 6. ?ызыл те?із жа?алауында орналас?ан мемлекеттер. 7. Аралда орналас?ан мемлекеттер. 8.Ніл ?зені бойында ?андай мемлекеттер орналас?ан? М?ндай с?ра?тар?а о?ушылар ?ызы?ушылы?пен жауап береді, есте са?тау ?абілеті артады.
Жеке т?л?аны? басты функционалды? сапасы белсенділік, шы?армашылы? пен ойлау?а ?абілеттілік ж?не стандартты емес шешімдер ?абылдай алуы, ?зін-?зі дамыту?а, ?здігінен о?у?а, ?з білгенін іске асыру болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілді. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Функционалдық сауаттылық бұл, адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей өмірдің әртүрлі саласындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық сипатына және оқушылардың игерген біліміне негізделеді. Сондықтан, қоғамдағы өмірлік пен практикалық іс-әрекеттердің дағдылары мен әлеуметтік іс-тәжірибені меңгеру үшін оқушылардың білім алу барысында негізгі және пәндік құзыреттіліктері қалыптасуы тиіс. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын аттыру үшін мұғалім шебер болуы керек. Ол баланы қалай оқыту, оның сабаққа деген ынтасын қалай ашуға болады деген сұрақтар төңірегінде жұмыс жасауы тиіс. Жалпы адам баласы есту, көру, ұстап көру, сезу және иіскеу арқылы есте сақтайды. Кейбір оқушылар жазбашаға, кейбірі ауызшаға қабілетті болып келеді. Мәселен, география пәні бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығын яғни, сауатын ашу үшін оларды 4-сыныптан бастап картамен жұмыс жасауға дағдыландырған жақсы. Сонда олар тек теорияны меңгеріп қана қоймай, сонымен бірге практика жүзінде де меңгереді. Себебі карта- географияның тілі болып табылады.
Халықты шаруашылықпен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа картаграфиялық өнімдермен қамтамасыз ету – картаграфияның міндеті болып табылады. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Римде басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтар мен елдерді табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аймақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әртүрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған. Карта тарихы орта ғасырда, әсіресе ұлы географиялық ашылулар кезеңінде жиһанкез –саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды. Жер бетінің белгілі бір масштаб пен кішірейтіліп ойылған кескін карта [2].
Картаның көмегімен оқушының ой-өрісін дамытып, білімін одан әрі дамыта аламыз. Картамен жұмыс-арқылы қалыптасатын дағды, жас балаларға картаны үйрету, оларды картамен жұмыс істеуге дағдыландыру оңай жұмыс емес. Бұл үшін оқытушыға көптеген нақты жұмыстар істеуге тура келеді. Оқушылар кескін картамен сыныпта жаңа сабақты өткенде, бекіту мен сарамандық жұмыстар арқылы білім тексергенде және үй тапсырмасын орындағанда жұмыс жасайды. Көп кезеңдерде бұл жұмысты оқушылар атласпен салыстыра отырып, кескін картада қажетті нысандардың орнын тауып, оларды белгілеп жазады. Кескін картада жер бедері, жер беті сулары, елді мекендер және пайдалы қазба кен орындарына байланысты географиялық атауларды есте сақтауға үлкен көмегін тигізеді.Кескін картамен жұмыс жасағанда бірнеше қағидаларды есте сақтау қажет. Мәселен, өзеннің аты ағыс бағытымен, көлдің аты кескініне қарай, тау жотасы созылу бағытына қарай, қала параллельге бағыттас жазылу керек.
5-сынып «Жаратылыстануда» картадағы түстер нені білдіретінін сұраймыз. Мәселен: 1.Физикалық картада жер бедері қалай көрсетіледі? 2.Теңіздер мен мұхиттар қандай түске боялған? 3.Сары мен жасыл түстер нені білдіреді? 4. Карта биік таулар қандай түспен белгіленеді? Жарты шарлар картасын кескін картаға түсіру. 6 материк пен 4 мұхитты анықтау.
6 –сыныпта «Жердің пішіні мен көлемі», Географиялық карталар, олардың маңызы» тақырыптарын өткен соң, кескін картаға нольдік параллель, нольдік меридиан, алты құрлық пен төрт мұхитты салу беріледі. Кескін картаға мына тапсырмаларды орындату. 1.Экватор сызығын сызу. Экватор қандай материктерді кесіп өтеді? 2.Бастапқы меридиан қандай мұхиттарды кесіп өтеді? 3. Алты құрлықты ата және көрсет. Қандай материктен тек оңтүстік бағытқа қозғала аласың? 4. Қандай мұхиттар солтүстіктен оңтүстікке дейін созылып жатыр? 5. Көп бөлігі шығыс жарты шарда, ал аз бөлігі батыс жарты шарда болатын материктерді көрсет. 6.Солтүстік және оңтүстік полюстегі мұхитты ата. Таулар, жазықтар, өзендер мен көлдерді кескін картаға түсіру. Мұхит ағыстары тақырыбындағы ағыстарды кескін картаға түсіру.
7-сыныпта Ұлы географиялық ашылулар кезеңіндегі зерттеушілердің саяхат жолдарын кескін картаға түсіру. «Климат қалыптастырушы факторлар , жершарындағы климаттық белдеулер» тақырыбында атлас пен кескін картаны пайдаланып, дүние жүзінің климат белдеулерін түсіру беріледі. Материктерге жеке-жеке тоқталғанда, олардың шеткі нүктелерін, таулар мен жазықтарын, өзендері мен көлдері және оған енетін теңіздерді атластың көмегімен кескін картаға түсіру.
8-сыныпта «Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары» тақырыбын өткенде әкімшілік- теориялық құрылымын кескін картаға түсіру тапсырылды. Қазақстанның жер бедері картасына, таулар мен жазықтар, ойпаттары мен қыраттарын кескін картаға түсіру. Климаттық картасынан, Қазақстан аумағындағы ауа температурасын және жауын-шашынның таралын анықтау.
9-сыныпта Қазақстанның пайдалы қазбаларын шартты белгілері арқылы картаға түсіріп, картадан анықтап көрсету.
10-сыныпта «Дүние жүзінің саяси картасы» тақырыбын өтер алдында оқушыларға жеке материктер бойынша елдер мен олардың астаналарын жаттау тапсырылды. Тексеру кезінде мынадай пысықтау сұрақтары берілді. Африка құрлығы бойынша: 1. Экватор бойындағы мемлекет. 2. Жерорта теңізі жағалауында орналасқан мемлекеттерді көрсет. 3. Атына сәйкес түбекте орналасқан мемлекет. 4. Қайсысы солтүстікке қарай орналасқан Алжир ме, әлде Чад па? 5. Гвинея шығанағы жағалауында орналасқан мемлекеттер. 6. Қызыл теңіз жағалауында орналасқан мемлекеттер. 7. Аралда орналасқан мемлекеттер. 8.Ніл өзені бойында қандай мемлекеттер орналасқан? Мұндай сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап береді, есте сақтау қабілеті артады [3].
Кескін картада географиялық нысандардың аттары және олардың картадағы орналасуы оқушылардың географиялық нысандардың дұрыс жазылуымен аталуын меңгеруіне әсерін тигізеді. Кескін картамен жұмыс жасағанда қарындашты пайдаланған жөн. Картадағы кескіндер карындашпен түсіріледі: шекаралар қызыл түспен, теңіздер мен өзендер- көк түспен, қалалардың пунсондары боялмайды. Тау жоталары қоңыр түспен немесе немесе сызық түрінде қара карандашпен, ал қырат пен таулы үстірт-тұйық түрінде түсіріледі. Шартты белгілермен кескін картаны бояған бояу түстері барлығы қолданылатын түстердің барлығы қолданылатын түстер болғаны жақсы, ол оқушының картаны оқып, үйренуі үшін маңызды. Ал легендесы картаның шетіне жазылады. Жазулар карта бетіне барынша уақ, бірақ түсінікті, баспа әріптермен түсіріледі.Оларды дәл оқу картасындағыдай етіп жазылады [4].
Картаны пайдаланғанда ойындарды пайдалану өте тиімді. Ол оқушының картамен жұмыс жасауға және пәнге қызығушылығын арттырады.
Мәселен, «Фигуралы елдер» ойыны. Африка материгінде әртүрлі фигуралы елдер көп. Алжир, Египет, Мавритания, Мали елдерінің қиындысын жасырып, формасына қарап өз орнына орналастыру керек.
«Бәйге» ойыны. Тақтаға екі оқушы шығады. Бірінші оқушы көлдің атын атаса, ал екінші оқушы соған құятын өзедерді атайды. Керісінше, оқушы өзенді атаса, екінші оқушы өзеннің құяр көлін атайды. Әр дұрыс жауапта алға қарай жылжып отырады. Кімде-кім белгіленген мәреге бірінші жетсе сол жеңіске жетеді. 1.Арал-Сырдария, Амудария. 2. Балқаш-Іле, Қаратал, Ақсу.
«Жұмбақ сұрақ» оқыту ойыны. Ертеде бір байдың үш ұлы болады. Күндердің күнінде бай ұлдарын дүниедегі ең ғажайып затты тауып келуге жұмсайды. Үшеуі солтүстіктен оңтүстікке қарай үш жолмен кетеді. Үлкен ұлы өз жолында үстірттен, кейін су жағалай жүріп, бір кезде тұз бен балық сатып отырған адамдарға кездеседі, сол жерден ол бір адамнан ұшар кілем сатып алады. Ортаншы ұлы жолында үйіліп тұрған қара алтынды көреді, кейін шөл даламен жүріп отырып, шөлде су сұрап отырған адамнан сиқырлы дүрбі алады. Кенже ұлы жолында алтын, күміске толы қоймадан, бір жақ беті ащы, екінші жағы тұщы судан, кейін үлкен алма бағына келеді, ол жерден ол өмір алмасын сатып алады. Кейін үш ағайынды тауда жолығып, сол жерде дүрбімен әкелерін көрсе, әкелері ауыр науқас екен, тез арада ұшар кілемге отырып, әкелеріне өмір алмасын береді Әкелері ауруынан айығып, барлық затты бағалы деп есептейді. Сонымен, ұлдар қай жерлермен жүріп өтті, қай ел екенін картаға қарап анықта. Мұндай жұмбақ сұрақтар баланың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілеттін арттырады.
«Ойлан тап» ойыныПайдалы қазбаларға байланысты, шартты белгілерді алып, оны қай елде өндіретінін табу керек.
«Карта бойынша саяхат» ОПЕК ұйымына кіретін елдер, дамыған елдер, артта қалған елдерді атап картадан көрсетеді.
«Картаны жина» ойыны Материк немесе бір елдің картасын бөлшектеп, оның кескін картасын топ болып тез арада құрастыру керек [1].
«Кім жылдам» ойыны. Тақтаға екі оқушы шығады, бір оқушы елді атаса, екінші оқушы сол елдің астанасын атап, картадан көрсетеді. Керісінше екінші оқушы астанасын атаса, бірінші оқушы ол қай елдің астанасын екенін атап, картадан көрсетеді.
«Географиялық есептер шешу» Сандық масштаб 1: 8000 000 болса, қағаз бетіндегі 1600 км жол неше см болады? Жауабы: Атау масштаб бойынша 1см = 80 км 1600:80= 20 см
Тапқырлар «Координата табу» 66˚25΄ с.е. 94˚15΄ ш.б. , 49˚29΄ с.е. 30˚50΄ ш.б., 53˚31΄ с.е. 28˚46΄ ш.б. Мына берілген географиялық координаталар бойынша объектілерді анықта?
«Карта сызу» Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Мәселен, Азия, Еуропа, Оңтүстік Америка, Африка материктерін сызуды тапсырамын.Олар картаны пайдаланбай өздері картаны сызады, сызып болғаннан соң, картамен салыстырып, қателерін түзейді. Араларында ең үздік деген картаны анықтайды.
«Номенклатуралық ойын»
Тау Өзен Көл Шөл
Қ Қаратау Қалмаққырған Қаракөл Қарақұм
А Алатау Аян Аралсор Арал маңы
З Зайсан
А Ақшатау Ақсу Ащыкөл Атырау
Қ Қарқаралы Қаратал Қапшағай Қызылқұм
С Сауыр Сарысу Сілетітеңіз Сары есік Атырау
Т Тарбағатай Тобыл Таскел Тайсойған
А Ақтау Ақжайық Ақсуат
Н Нарым Нұра Нарын
Картаны жақсы меңгеру үшін алдымен номенклатураны жақсы білу керек. Номенклатуралық сабақ түрі-географиялық атауларды үйретеді.Физикалық және әлеуметтік–экономикалық атластарға пайдаланып, керекті объектілерді табуға географиялық номенклатураны қалай оқу керектігіне түсініктеме береді. 1.Африканың физикалық және экономикалық объектілерін 2. Аустралияның мұхиттық аралдарының физикалық және экономикалық обьектілерін. 3. Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка. 4. Еуропа және Азия. 5. ТМД елдерін физикалық және экономикалық объектілерді жаттап, оны картадан көрсету. 6.Қазақстанның физикалық және экономикалық аудандарының объектілеріне толық мазмұнды түсініктер беріледі. Номенклатура-сіздерге жаңа тексті түсінуге қажет, өткен физикалық және экономикалық сабақтарға және басқа пәндер бойынша өтілген материалдарды түсінуге көмектеседі. Физикалық географияның номенклатураның мәні. Адамзат тау-тасты, орманды мекендерде, ұшы-қиыры жоқ кең байтақ далада да, суық тундра мен аптапты –шөлді құмда да тұрып, еңбектеніп көзге түседі. География сонымен бірге табиғаттың жұтамауы ормандардың жойылып кетпеуі, топырақ құнарлығының кемімеуі, өзендердің тартылмауы үшін, оның байлықтарын қайткенде тиімді пайдалануға, табиғатты адамзат мүддесіне сай қалпына келтіріп, түлету жолдары қандай деген сұраққа жауап беруі керек.
Номенклатуралық сабақ түрі өте қызықты атауларды да, өз оқырмандарына тарту етеді.Сіздер үшін көптеген қызғылықты анықтамалар беріледі.
Географиялық картадан номенклатураны қалай оқу керек? Мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының географиялық картадан номенклатуралық объектілерді дұрыс таба білуіне бағыт-бағдар бере отырып, есінде жақсы сақтауға ұғынған ойларын ұмытпауға, картадағы кездескен атаулардың шартты белгілерін ажырата біліп неғұрлым тұжырымды абстрактылы ойды дамытуға көмектеседі. Егер оқушылар осы атауларды жақсы меңгеріп, объектілерді дұрыс таба білсе, міне сол кезде жақсы білім алады. Әрбір географиялық атауларды дұрыс таба білу, өз оқушысының білім деңгейін жоғары көтереді. Номенклатуаны терең меңгерту-картамен жұмысты ұйымдастыра білудің негізгі кепілі, біріншіден, ойға түйіп алудың немесе есте сақтау, қозғалыс кезіндегі картадан көрсеткенді ұмытпау, сөзбе-сөз айтқанда ұғыну т.б картадан жаңа тың объектілерді көрсеткенде , сол объектінің картадағы орналасқан жерін көрсетіп, оған қысқаша түсініктер беріпотыру керек. Номенклатуралық объектілерді көрсеткенде қолға нұсқаушы таяқшаны түбінен ұстап картаны көрсетпей қоюдан оқушыны сақтандыру керек, себебі оның дұрыс немесе бұрыс көрсеткендігін қадағалап отыру керек. Оқушы объектіні нақты дұрыс көрсете ала ма? Егер дұрыс көрсетсе картадағы жазуды емес, ал қала болса пунсонмен дөңгелек белгіні көрсету керек. Егер өзенді көрсететін болса, бастауынан бастап қайдан келіп қосылатындығын және теңізге немесе ішкі алаптарға құйылып жатқан жеріне дейінгі аралықтарды көрсету керек. Географиялық номенклатураны осылай оқып үйренсе, ол шәкірттен немесе оқушыдан сауатты географ шығады деп сенуге болады [6].
Сонымен, географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып табиғатын қайта түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады. Географиялық картада адамның өмірі мен қызметіне байланысты әлеуметтік, жер бетіне жақын орналасқан барлық құбылыстар картографиялық үлгіде үйлестірілген картадан кез келген нысанның географиялық орнын алып жатқан ауданын анықтауға болады [2].
Мұғалім сыныпта жаңа номенклатуралық сабақты түсіндіріп жатқан кезде, оқушылар түгел зер салып ықыластарын сол сабаққа аудару керек, жаңа объектілерді мұғаліммен бірге дембіл-дембіл қайталап ойға түйген дұрыс. Мұғалім тақтадағы картадан көрсетіп отырады, оқушылар алдындағы картадан объектілерді қайталап қарап отыру керек. Оқушыға берілген тапсырманы үнемі қадағалап, қателескен жерін белгілеп, қатесін өзі өзідігінен анықтайтындай жағдай туғызу керек. Мұғалім оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін түрлі тәсілдермен өтуі қажет. Сабақты теория жүзінде сұрап, оны картамен және кескін картамен байланыстырып отырған да жақсы септігін тигізеді.
Географиялық карталармен жұмыста географиялық координаталарды анықтау, қашықтықты өлшеп, есептеп шығару, шарты белгілер арқылы жергілікті жердің планын оқи білу, карта бойынша саяхат жасау сияқты жұмыстар жасаудың мүмкіншілігі зор.
Мұғалім картамен жұмысты бірте-бірте күрделендіріп отырса, оқушының материалды толық игеруіне, стандарт талаптарын орындауға мүмкіндігі мол болары сөзсіз. Кескін картамен жұмыс жасап, номенклатура жаттатып, әрі түрлі ойындар арқылы білімін кеңейтуге болады. Сонда оқушының оқуға деген ынтасы артып қана қоймай, ізденімпаздық қабілеті де артады. Сонымен бірге жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, жеке, жұптық және топтық жұмыс жасаған да өте тиімді.
Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға, әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету керек. Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді.
Оқушылар өз бетімен кез келген географиялық нысандарды кескін картаға түсіре алады. Кескін карта түсіру арқылы әрбір географиялық нысандардың орналасуын, олардың аттарының дұрыс жазылуын есте сақтап қалады. Географиялық координаталарды табу арқылы математикалық білім мен іскерлікті көрсетеді. Теориялық білімді практикалық жұмыста бекітеді.
Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық пен ойлауға қабілеттілік және стандартты емес шешімдер қабылдай алуы, өзін-өзі дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады.