Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
Мектеп:Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі
Мерзімі:23.11.2016жыл
Мұғалім:Сапарова Дания
Мақсаты:Мұғалімдерге Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік беру;
Міндеттері:-Барлық пәндерді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқыту керектігін ұғындыру;
-Әрбір оқу пәндерінің мазмұныңда жалпыадамзаттық құндылықтарын анықтау;
-Мұғалімдерге интеграциялаудың ұтымдылығын түсіндіру.
Ресурстары:
(материалдары,көздері)
Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
1.Жанды білім немесе «Өзін-өзі тану»және басқа пәндердің интеграциясы.
«Қазіргі балалар оқығысы келмейді»деп мұғалімдер жиі наразылық білдіреді.Алайда бізге балалардың әуел бастан білімге құмарлығы,жаңа нәрсені білуге ұмтылатыны, қоршаған ортаны зерттегісі келетіні де белгілі.
Білімге қызыққан бала неліктен мектепте оқығысы келмейді?Себебі неде,оны қалай жеңуге болады?Жауабы қарапайым:балалар білімді көксейді,оларға жанды,қызығушылығын арттыратын,ынталандыратын білім керек.
Онда қандай білім жанды,қандай білім жансыз?Ұлы педагог,ізгілік педагогикасын шабыттандырушы
Ш.А.Амонашвили бұл сұраққа былай деп жауап береді: «Жансыз білім дегеніміз не?» Бұл-біз алдын-ала білетін,алайда мүлдем білмесек те болатын білім.Бұл-айтыла салысымен бірден ұмытылатын білім.Жалпы айтқанда,жансыз білім дегеніміз оқушылар мектептің табалдырығын аттамай жатып,мектепте қалдырып кететін білім.
Ал жанды білім Білім беру Мәдениетін құрайды.
Жанды білім дегеніміз,ол:
-адамды рухтандырады;
-ғылымның көкжиегіне бастайды;
-өмірді жаңаша құруға жетелейді;
-іздену үшін ойларды шабыттандырады;
-нұрландырады және дамытады.
Жанды білім қанат бітіреді,жансыз білім салмақ түсіреді.
«Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы-ол,ең алдымен мектептегі білімді жандандыру,оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару,ол-біртұтас білім,барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандылықтың біртұтастығын көре білу.
2.Рухани-адамгершілік білім беруді мектептегі біртұтас педагогикалық үдерісімен интеграциялау.
Мектептегі рухани-адамгершілік білім берудің маңызды шарты болып,білім берудің мазмұнын мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту негізінде рухани-адамгершілік білім беру мен оқытуды интеграциялау,сонымен қатар білім берудің рухани-адамгершілік құрамдасын анықтау болып табылады.Интеграция кешенді түрде жүзеге асырылуы керек,сондықтан да «интеграция»ұғымы біріктірілген сағаттардың арифметикалық қосындысы емес екендігі өзінен-өзі түсінікті,ол рухани-адамгершілік пен интеллектуалды дамудың бірігуі,оның жаңа белгілерге,жоғары сападағы жаңа сипатқа ие болуы назар аударатын мәселе.Мұндағы ең маңыздысы мектепте қоғамға,мемлекетке,адамзатқа,қызмет етудің жоғары рухымен,парыз,абырой,әділдік идеяларымен сусындаған ахуал құру.
4.Жалпыадамзаттық құндылықтар бағдарлама мазмұнының негізі ретінде.
Қазіргі қоғамда кез келген реформаның шынайы нәтижесінің адам табиғатын,ішкі әлемін және оның құндылықтық әлеуетін тілге тиек еткенде ғана болатынын түсіне бастады.Әлемде білім берудегі барлық өзгерістердің негізінде жоғары адамгершілік құндылықтардың иесі ретінде адам тұр,ол сәттілік пен сәтсіздіктің негізі,ол және оның ішкі терең мәні кез келген қоғамдық өзгерістердің шынайы күшіне себепші бола алады.Бірақ озық педагогикалық жұртшылық адамның рухани-адамгершілік құрылымындағы қауіпті өзгеріс,шынайы құндылықтарды жалғандыққа өзгерту адамгершіліктен айырылуға және әрі қарай моральдық азғындауға апаратынын мойындайды.Сондықтан,қазіргі таңдағы білім берудегі мәселелерді талқылай отырып,ең әуелі «Бұл адамды жақсарта ала ма?»деген қарапайым және түсінікті сұрақты есте сақтау керек.
5.Бейнефильм көрсету «Звездочка на земле»
6.Топпен ән айту
Өміріңе немқұрайлы қарама
әні: Сәкен Дәрібаев
сөзі : Серік Сейітман
Тыңда досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Шақша басың айналса да бақыттан
Қайырмасы:
Бақ құсыңды қонған кезде бағала.
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де досым қанша шаттыққа
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Бақ құсыңды қонған кезде бағала.
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең дағы,бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тұсау салып бастатқызбай көш дара,
Етсе дағы дұшпан күлкі,дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
Сын сағатта сақтау үшін өз басын,
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Айдын көлге айналса да көз жасың.
Талдау :
Үй тапсырмасы.
«Мен баланың шырағын жағу үшін мектептемін»тақырыбына эссе жазып келу
Жиналыстың қорытынды сәті
Ішкі үйлесілімділікке қол жеткізу үшін адам ойы,
сөзі, ісі адамның аспектілерімен сәйкес және
құндылықтарға сай болуы тиіс, олар ақиқат,
дұрыс әрекет, қиянат жасамау, ішкі тыныштық.
Жанашыл – педагог Ш.А. Амонашвили айтқан екен:
«Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді және әр бір
сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата – анамен педагогтың міндеті сол сәулесінің
жағылып кетуіне жол беріп, өз өмір жолына бағыт көрсету.
Мейірімді мінезі болмаған адам түкке де тұрмайды,
ол талмен тең болады. Мінез өмірді мәңгі етеді, ол өлімді
де жеңеді.
Адам жақсы өмір сүру үшін адамға алдымен
мынадай қасиеттер қажет: адал еңбек, ар – ұят, ақыл - ой, таза жүрек. Онсыз бұл өмірде тыныштық пен татулық болмас.