Білімділік:Оқушыларды квадрат үшмүше және оның түбірлері ұғымдарымен таныстыру, оқушылардың квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктей алу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушыларды алғырлыққа, тез ойлай білуге дағдыландыра отырып, олардың талдау, салыстыра білу, танымдық, өз бетімен еңбектену, ауызша және жазбаша есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Математика пәні талап ететін ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету, оқушылардың пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Оқыту әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, практикалық, тест, көрнекілік, салыстыру.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
оқушылармен амандасу, оларды түгендеу;
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
оқушылар назарын сабаққа аудару;
кері байланыс картасымен таныстыру, сабақ соңында толтыру керектігі ескертіледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. «Ұшқыр ойдан‑ұтымды жауап»сұрақ-жауап кезеңі:
1. Төртінші дәрежелі теңдеуді шешу үшін не қолданамыз?
Жауабы: Жаңа айнымалыны енгізу арқылы.
2. Квадрат теңдеу дегеніміз не?
Жауабы: ах2+bx+c=0 түрінде берілген теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.
3. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
Жауабы: b мен c нөлге тең болатын дербес жағдайлардағы квадрат теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.
Толымсыз квадрат теңдеулер былай жазылады:
1) ах2+bх=0 (мұндағы с=0);
2) ах2+с=0 (мұндағы b=0);
3) ах2=0 (мұндағы b=0, с=0).
4. Квадрат теңдеудің түрлерін ата?
Жауабы: Толымды квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеу, келтірілген квадрат теңдеу.
5. Толымды квадрат теңдеу дегеніміз не?
Жауабы: Егер (1) теңдеудегі b≠0 және c≠0 болса, онда ол толымды квадрат теңдеу деп аталады. Мысалы: х2-2x-1=0, 3х2-8x+5=0, 2,1х2+102,3x+0,8=0.
6. Квадрат үшмүше дегеніміз не?
Жауабы: ах2+bx+c түрінде берілген теңдеу квадрат үшмүше деп аталады.
а)толымсыз квадрат теңдеу; ә) толымды квадрат теңдеу; б)дұрыс жауап жоқ
4. Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?
а)есептің берілуіне байланысты; ә) дискриминантқа б)түбірі жоқ
5. х2-8x+15=0 теңдеуінің түбірлерін Виет теоремасы арқылы жауабын жылдам тап?
а)2;6 ә)3;6 б)2;6
6. Егер 11 және -2 сандары кез-келген квадрат теңдеудің түбірлері болса, онда квадрат теңдеуді құрыңдар.
а)х2-10x+25=0 ә)х2-9x-22=0 б)9х2-24x+16=0
7. ах2=0 (мұндағы b=0, с=0). Бұл қандай теңдеудің жазылу түрі?
а)толымсыз ә)келтірілген б)биквадрат
8. 2,1х2+102,3x+0,8=0. Бұл қандай теңдеу, дұрысын анықта?
а)келтірілген ә) толымды б)биквадрат
Тест жауаптары: 1-а, 2-ә, 3-а, 4-ә, 5-ә, 6-ә, 7-а, 8-ә.
ІІІ. Толғаныс.
1. Ребус шешу кезеңі. Жауабы: КВАДРАТ
2. Сөзжұмбақ шешу кезеңі.
1. Квадрат теңдеудің неше түрі бар? (үш)
2. ах2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудегі а-қандай коэффициент деп аталады? (бірінші)
3. b мен c нөлге тең болатын дербес жағдайлардағы квадрат теңдеу қалай аталады? (толымсыз)
4. Егер рационал теңдеудің екі жақ бөлігінде де бүтін өрнектер жазылса, онда оны қандай теңдеу деп атаймыз? (бүтін)
5. ах2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудегі b-қандай коэффициент деп аталады? (екінші)
6. Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең. Бұл қай теорема? (Виет).
ІV. Қорытындылау, бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды кері байланыс картасымен бағалау. Сабақ бойында жасалған жұмыстарға талдау