Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.2А Тізбектер Мектеп: «№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Күні: 07.03.19ж Мұғалімнің аты-жөні: Мұхаметсадық Н.Қ. Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.7 Арифметикалық немесе/және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын есептер шығаруда қолданады; Оқушылардың басым бөлігі: Арифметикалық және геометриялық прогрессияға берілген теңдеулерді шеше алады; Кейбір оқушылар: Арифметикалық және геометриялық прогрессияның комбинацияларына берілген есептерді шығара алады. |
Бағалау критерийі | Арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын есептер шығаруда қолданады |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын айтады, формулаларды пайдаланып есептер шығару жолын баяндайды. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Арифметикалық прогрессия | Арифметическая прогрессия | Arithmetic progression | геометриялық прогрессия | Геометрическая прогрессия | Geometric progression | Сан тізбегі | Числовая последовательность | Numeric sequence | Прогрессия айырымы | Разность прогрессии | Progression difference | Прогрессия еселігі | Знаменатель прогрессии | Progression denominator | арифметикалық орта | Арифметическое среднее | Arithmetic mean | Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формуласы Sn=... Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формуласы Sn=... d саны ... деп аталады. Келесі мүшесін алу үшін алдыңғы мүшесіне көбейтілетін сан .... деп аталады. |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» 6- құндылығы негізінде оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге, үштілділікке тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Орыс тілі, ағылшын тілі |
Алдыңғы білім | Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы; Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысының формуласы; |
Сабақтың барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы (10 мин) | І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу Оқушыларды түгендеу Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру Жағымды атмосфера ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сұрақ ілмегі» әдісі Қандай сандар тізбегі арифметикалық прогрессия деп аталады? Қандай тізбекті геометриялық прогрессия деп атаймыз? Келесі мүшесін алу үшін алдыңғы мүшесіне көбейтілетін сан қалай аталады? Арифметикалық прогрессияның айырмасы дегеніміз не? Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы қандай? Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы қандай? ІІІ. Топтастыру. «Мозаика» әдісі Қима қағаздарды қиылыстыра отырып, топтардың атауларын анықтайды. (Арифметика, Геометрия, Прогрессия) | |
Сабақтың ортасы (20 мин) | І. Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі Бағалау критерийі: Арифметикалық және геометриялық прогрессия формулаларын есептер шығаруда қолдана алады. Арифметикалық және геометриялық прогрессияның комбинацияларына берілген есептерді шығара алады. Тапсырма 1) а) Егер арифметикалық прогрессияның айырымы 12-ге, ал соңғы мүшесі 15-ке және барлық мүшелерінің қосындысы 456-ға тең болса, мүшелерінің санын табыңдар. b) геометриялық прогрессиясының алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар. 2) (х-1)+(х-3)+...+(х-27)=70 теңдеуін шешіңдер 3) а, b, с сандары айырымы 4-ке тең болатын арифметикалық прогрессияны құрайды. Егер а, b, с+8 геометриялық прогрессияның тізбектес мүшелері болса, онда осы сандарды табыңдар. Дескриптор: 1. Есептің шарты бойынша арифметикалық прогрессияның мүшелерін табады; 2. Геометриялық прогрессияның мүшелерін табады; 3. Теңдеу құрастырады; 4. Теңдеуді шешеді; 5. Теңдеудің жауабын табады. ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» ІІ. Сергіту сәті. «Австралиялық жаңбыр» | Алгебра, 9 сынып,Алматы «Мектеп» 2006, А.Әбілқасымова, З.Жұмағұлова Пособие для подготовки к ЕНТ по математике, Алматы, «Press», 2005, И.П.Рустюмова |
Сабақтың соңы (10 мин) | Тапсырма. «Элективті тест» әдісі 3; 6; 9; ... тізбегінің оныншы мүшесі неге тең? А. 27 В. 21 С. 30 Д. 33 Е. 165 2. 1,2; 1,9; 2,6 ... тізбегінің айырымы неге тең? А. 1,2 В. 2,6 С. 3,1 Д. 0,7 Е. 7 Арифметикалық прогрессияның үшінші мүшесі 3,6, айырымы 0,6-ға тең. Алты мүшесінің қосындысын тап. А. 3,48 В. 23,4 С. 25,8 Д. 26,6 Е. 20,8 1; -2; 4 ... тізбегінің сегізінші мүшесі неге тең? А. 128 В. -64 С. 64 Д. 256 Е. -128 ІІ. Рефлексия. «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі Үйге тапсырма: №227, №232 | http://bilim-all.kz/jospar/1385-Arifmetikalyq-zhane-geometriyalyq-progressiyalar Алгебра, 9 сынып,Алматы «Мектеп» 2006, А.Әбілқасымова, З.Жұмағұлова |
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Саралау тәсілдері: тапсырма, қарқын, жіктеу | Бағалау қатар жүретін «Элективті тест» әдісі, «Екі жұлдыз, бір тілек»; дескрипторы бар тапсырмалар құрастырдым | Оқушыларды топтастыру кезінде денсаулықтарын ескеремін. Сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймын. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | |
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1; 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |