4. "Ұлттық ойындар" бейне фильмін ( 6мин)интерактивті тақтамен көреді. а) бейне фильмді көрер алдында оқушылар ұлттық ойындар туралы не білетіндерін айтады. ә) бейне фильмді бірінші рет көргеннен кейін мына сұрақтарға жауап береді: Сендерге бейне фильм ұнады ма ? Ия / жоқ неліктен ? Қандай құнды екі ақпарат алдыңдар ? Бейне фильмдегі ақпаратты неше бөлімге бөлер едіңдер. Атап беріңдер. 5. Оқушылар бейне фильмді екінші рет көреді. (6мин) · жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, тірек сөздерді жазып алады. 6. Топтық жұмыс. (3мин)Балалар жазған сөздерін бір - бірінің жұмысымен толықтырады. · Әр топтан топбасшы шығып, жаңа сөздерді тақтаға жазады. · Оқушылар сөздердің аудармасын сөздіктен табады. · Мұғалім жаңа сөздерге түсінік береді 7. Мұғалім жоғары деңгейдегі сұрақтар қояды (3мин) · Бейне фильмді қандай мақсатпен көрдіңдер? · Тірек сөздер мен сөз тіркестерін қандай мақсатпен жазып алдыңдар? · Балалар қалай ойлайсыңдар енді не істейсіңдер? ( Мерекелік іс -шара ұйымдастыруға болады) 8. Топтық жұмыс. (15 мин)Оқушылар жаңа тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып "Ұлттық ойындар" деген тақырыпта мерекелік іс - шараның жоспарын құрастырады. Әр топ өзінің жоспарын қорғайды |