kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Етістіктен өткенді қайталау 6-сынып жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың етістік және оның түрлері  туралы  алған білімдерін анықтау, білімдерін тиянақтау, сұрақтар жүргізу, сөйлем талдату арқылы білімдерін бекіту, нақтылау.Оқушылардың етістік және оның түрлері  туралы  алған білімдерін анықтау, білімдерін тиянақтау, сұрақтар жүргізу, сөйлем талдату арқылы білімдерін бекіту, нақтылау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Етістіктен өткенді қайталау 6-сынып жоспар»

Пән: қазақ тілі

Сынып: 6

Оқытушы: Игембаева Қ.Ж

Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың етістік және оның түрлері туралы алған білімдерін анықтау, білімдерін тиянақтау, сұрақтар жүргізу , сөйлем талдату арқылы білімдерін бекіту, нақтылау.

2.Дамытушылық: «Бақытты сәт» ойынын жүргізу арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ақыл ойларын тексеру, ережелерді сұрау арқылы қабылдау қабілеттерін қорыта отырып, дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, елін, жерін, Отанын сүйетін нағыз потриот етіп тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі-иллюстративті, талдау, әңгіме, бекіту, пысықтау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ортақ бағалау парағы, фишкалар, конкурс тапсырмалары т.б

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды екі топқа бөлу, түгендеу, екі оқушыны бағалаушы етіп тағайындау, сабаққа назарларын аудару

ІІ. Мақсат қою

ІІІ. Ойынның жүру барысы

Әр команданың капитаны және атауы болады.

І гейм. «Бой сергіту». Командаларға он сұрақтан беріледі. Команданың бір өкілі жауап береді. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда ұтады.

І команданың сұрақтары:

1. Етістік дегеніміз не, құрамына қарай нешеге бөлінеді?

(Етістік дегеніміз заттың іс-қимылын, әрекетін білдіретін сөздер, құрамына қарай екіге бөлінеді олар: дара, күрделі)

2. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін атаңыз.

( Көмекші етістік)

3. Етістіктің қай түрі іс- әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді?

(Болымсыз етістік)

4. Көсемше дегеніміз не? Жұрнақтарын атаңыз.

(Екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің бір түрі. Жұрнақтары: -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі)

5. Салт етістік дегеніміз не?

(Мағынасы жағынан тура объектіні табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер.Мысалы: қаладан қайт, үйден келді)

6. Өздік етіс пен ортақ етіс туралы не білесіз?

(Қимыл іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, -ын, -ін, -н жұрнағы арқылы жасалса, ортақ етіс қимыл іс әрекеттің орныдаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс,- іс,- с жұрнақтары арқылы жасалады.)

7. Тұйық етістіктің емлесі

(Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауысты болып жалғанады, дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің -у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады, ы,і дыбыстарына біткен етістіктерге -у жұрнағы жалғанғанда, ы,і дыбыстары жазылмай -у дыбысының құрамына еніп кетеді)

8. Қамал алынды, үй салынды етістіктің қай түрі?

(Ырықсыз етістік)

9. Бергелі, күле, сөйлеп етістіктің қай түрі?

(Көсемше)

10. Туынды етістік жасайтын жұрнақтарды атаңыз.

(-ла,-ле, -да, -де, -та, -те, -а, -е, -ай, -ей, -ар,- ер, - р т.б)

ІІ команданың сұрақтары:

1. Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

( Сабақты және салт)

2. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

(сабақты етістік)

3. Есімше дегеніміз не? Жұрнақтарын атаңыз.

( Екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалады да -қан, -кен, -ған, -ген, -ар, --ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)

4. Өзгелік етіс пен ырықсыз етіс туралы не білесіз?(Іс-қимылды тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект қимылды орындайды, -ғыз, -гіз, -қыз,- кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр,- ір)

5. Тұйық етістік қалай жасалады, мысал кетіріңіз.

( -у жұрнағы арқылы жасалады, мысалы: бару, келу, кету т.б)

6. Туынды етістікке мысал келтіріңіз.

(шегеле, тазала, тісте,түне, ағар, көгер т.б)

7. Жасат, сөйлет етістіктіктері қалай жасалған?

( өзгеліс етіс жұрнақтары арқылы)

8. Болымды етістік дегеніміз не?

(Етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдірсе, оларды болымды етістік дейді.

9. Жүргізер, кетпек, сөйлер етістіктері қалай жасалған?

(есімшенің жұрнақтары арқылы)

10. Кеткен жоқ, айтқан емес етістіктері қалай жасалып тұр?

( болымсыз етістік)

ІІ гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар». Команда капитандарына тапсырма беріледі топпен отырып, шешіп дұрыс жауабын тақатаға жазады.

І топтың тапсырмасы

Мысалдар


Негізгі етістік

Туынды етістік

Дара етістік

Күрделі етістік

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Салт етістік

Сабақты етістік

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

1

Келе жатыр

+



+

+


+


2

Жаза бастады


+


+

+



+

3

Ойлап отыр


+


+

+



+

4

Шақырмады

+


+



+


+

5

Отыр

+


+


+


+


6

Өртеген жок


+


+


+


+

7

Жүгіріп жүр

+



+

+


+


8

Айта салды

+



+

+



+

9

Көрген емес

+



+


+


+

10

Айқайламаған


+

+



+

+


11

Салған екен

+



+

+



+

12

Тоқтайтынсың

+


+


+


+


13

Хабарласып тұрды


+


+

+


+


14

Сұрай жаздады

+



+

+



+

15

Алғайсың

+


+


+



+


ІІ топтың тапсырмасы

Мысалдар


Өздік етіс

Өзгелік етіс

Ырықсыз етіс

Ортақ етіс

Есімше

Көсемше

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

1

Айтылды



+




2

Жаздырмады


+





3

Көрген жоқ





+


4

Айтармын





+


5

Айтыстым




+



6

Киіндім

+






7

Көрсетті


+





8

Сұраймын






+

9

Барғалы жүр






+

10

Бастамаспын





+


11

Қорғаймын






+

12

Аударамын






+

13

Сөйлермін




+



14

Қызықтаймын






+

15

Таранды

+







ІІІ гейм. «Жұмбақтас». Командаларға ортақ сұрақ қойылады, жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Жауап дайын болса көк жалаушаны көтеріп жауап береді.

1. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қай етстіктің жұранақтары?

2. -ыс, -іс, -с қай етістіктің жұрнақтары?

3. -ла, -ле, -да, -де, қай етістіктің жұрнақтары?

4. -атын, -етін, -итін қай етістіктің жұрнақтары?

5. -ғалы, -гелі, -қалы,- келі қай етістіктің жұрнақтары?

6. -у жұрнағының емлесі.

7.- т, -сет қай етістіктің жұрнақтары?

8. -ыл, -іл, -л қай етістіктің жұрнақтары?

9. өздік етіс пен ырықсыз етістің -ын,- ін,- н жұрнақтарын қалай ажыратамыз?

10.- ар, -ер,- р қай етістіктің жұрнақтары?

11.шығып, сезіп қалай жасалып тұр?

12. - кел,- кет,- тара, оқы қалай жасалып тұр?

13. хатты оқы, есепті шеш, шашыңды тара мағынасына қарай қай етістік?

14. көмектес, пікірлес қалай жасалып тұр?

15. алған, келген қалай жасалып тұр?

16.Жамап отыр екен, айтып жатыр екен құрамына қарай қалай жасалып тұр?

ІV гейм. «Сен - маған, мен - саған». Командалар бір- біріне үйден сөзжұмбақ дайындап келді, шешуге 5 минут беріледі.

V гейм. «Көсемдікке ұмтылу». Командаларға сөйлемдер беріледі тақтаға шығып етістікке морфологиялық талдау жасайды. Дұрыс, қатесіз жасаған команда жеңеді.

1. Өнер білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. (Ы. Алтынсарин)

2. Қозының жамырағанын Байторының сақ құлағы бағана сезген. (М.Әуезов)

3. Жаманға сырыңды айтпа

Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа

4. Аяққа кісен салуға болар,

Тілге кісен салынбас

IV. Бағалау

Бағалаушыларға сөз берейік. Жеңімпаз топты анықтау.

V. Үйге тапсырма

Етістіктерді қатыстырып мәтін құрау және талдау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Етістіктен өткенді қайталау 6-сынып жоспар

Автор: Игембаева Корлан Жанатбековна

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396916

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ашық сабақ "Етістіктен өткенді қайталау""
    ["seo_title"] => string(43) "ashyk_sabak_ietistiktien_otkiendi_k_aitalau"
    ["file_id"] => string(6) "364536"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480577790"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Дара ж?не к?делі етістіктер "
    ["seo_title"] => string(32) "dara-zh-nie-kudieli-ietistiktier"
    ["file_id"] => string(6) "180896"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425275849"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Сын есім 2 сынып"
    ["seo_title"] => string(14) "syniesim2synyp"
    ["file_id"] => string(6) "314306"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459678662"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(195) "Бастауыш сыныптарда "Сатылай кешенді талдау технологиясын" ?олдану ар?ылы ?ткізілген  ашы? саба?ты? жоспары "
    ["seo_title"] => string(119) "bastauysh-synyptarda-satylai-kieshiendi-taldau-tiekhnologhiiasyn-k-oldanu-ark-yly-otkizilghien-ashyk-sabak-tyn-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "204345"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429636562"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "Мектеп ауласы "
    ["seo_title"] => string(15) "miektiep-aulasy"
    ["file_id"] => string(6) "233698"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1443195763"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства