kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шеберлік сынып жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып жетекшілерге арнал?ан шеберлік сынып. О?ушыны т?рбиелеуде сынып жетекшіні? ат?аратын ролі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шеберлік сынып жоспары»

«Оқушыны тәрбиелеуде сынып жетекшісінің атқаратын рөлі» (тақырыбындағы дөңгелек үстел)


Дөңгелек үстелдің мақсаты: Бала тәрбиесінде сынып жетекшінің алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, мұғалімдерге оқушының жеке және жас ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге және жауапкершілігін арттыру.
Көрнекілігі: Слайд, постер, бояу қарындаштар, микрофон.

Барысы: 
І.Кіріспе: 
Құрметті ұстаздар! бүгінгі біздің ұйымдастырылып отырған «Оқушыны тәрбиелеуде сынып жетекшісінің атқаратын рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстелімізге алтын уақыттарыңызды бөліп, Қазақстанымыздың болашағын тәрбиелеудегі жауапкершілігіңізді сезініп, келіп қатысып отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздермен жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймыз. Ол біздің «Алтын ережеміз»
- Бір - бірімізді тыңдаймыз 
- Белсенділік танытамыз 
- Уақытты үнемдейміз 
- Өз ойларымызды ортаға саламыз 

І. Қызығушылықты ояту

Бүгінгі біздің отырысымыздың тақырыбы: «Оқушыны тәрбиелеуде сынып жетекшісінің атқаратын рөлі»

Жұмысымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.

Топқа бөлу Тренинг «Бас. Қол. Жүрек»

Интерактивті тақтадан кесте көрінеді. «Бас. Қол. Жүрек». Келген мұғалімдер «Бас. Қол. Жүрек» суреттері салынған карточкаларды таңдап, сол бойынша топтарға бөлінеді. Әр топтағы мұғалімдер өздері туралы мәлімет біледі.

«Бас» - бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз. Ескертулеріңізді оқушыға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз. 

«Жүрек» - өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік - күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз. Оқушы тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Баланың дамуына барша жағдай жасайсыз.

«Қол» - ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз. Бала тәрбиесіне, әсіресе қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлесіз. Осы қасиетіңізді дұрыс пайдаланған дұрыс.

Сұрақ: Бүгінгі біздің тақырыбымызға бас,қол, жүректің қандай қатысы бар?

Жауап: Егер сынып жетекші тұрғысынан алсақ, бас - ол жетекшінің теориялық білімі, қол – оның жетекшілік жұмысын атқаруы, жүрек – бала жанын түсінуі.

Жауап: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек», - деп Абай Құнанбаев айтқандай, адам адамды тәрбиелеу үшін өзінің ақылын,қайратын, сезімін бірдей ұстаса ғана өмірде қойған мақсатына жетеді.

ІІ. Мағынаны ажырату

Топтық тапсырма – Постер /қосымша ресурстар беріледі/

«Бас» тобы: Сынып жетекшісі қандай болу керек?


«Қол» тобы: Оқушыларды тәрбиелеу жұмысын қалай жүргізесіздер?

«Жүрек» тобы: Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.

/ 5минутта әр топ постер даярлайды/

ІІІ. Ой-толғау «Дөңгелек үстел» «Микрофон»

Барлық топтар ортаға «Дөңгелек үстел» басына жиналады. Әр топтан мұғалімдер сөйлеп, өз сұрақтарының төңірегінде ой бөліседі. /3 минут/

«Түйіндеме» әдісі. Қысқа да, нұсқа кесте бойынша сөйлейді. «Сынып жетекшінің рөлі қандай болу керек?»

а) сыныптың  оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудағ

в) тәрбиеленушінің отбасының жағдайын зерттеуге, ата-аналармен тығыз байланыс жасауға, бала тәрбиесінде ата-анаға педагогикалық көмек беру;

г) сыныптың оқушыларын  ұжымға ұйымдастыруға, олардың арасында байланысты жақсартуға;

д) үнемі оқушының тұлғаның  ерекшелігін зерттеуге;

ж) оқушының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге;

з) баланың психо-педагогикалық ерекшеліктерімен әкімшілікті, пән мұғалімдерін таныстыру

ІҮ. Рефлексия

«Бас,қол,жүрек»

Қорыта келгенде, егеменді еліміздің келешегі мен кемелі білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті.Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе. Бұл тақырып бойынша жұмысымыз әлі де жалғасын таппақ.

Өскемен қаласы әкімдігінің

«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ

















Дөңгелек үстел

Тақырыбы:

«Оқушыны тәрбиелеуде сынып жетекшісінің

атқаратын рөлі»









Орындаған: Бактыбаева Асем Бакзоловна













Өскемен қаласы, 2016 ж





























Қосымшалар



Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып

жетекшісінің рөлі  

1.Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны 

Мектеп өмірінде мұғалім- басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қызметіне қосымша іс рнтінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық іс әрекеті қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол- сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынасы қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға  бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың  жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.

Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайына байланысты қарастыру.

Сынып жетекшінің міндеті – сан алуан. Сал себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. 

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай? 

1.     Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2.     Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.     Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың  ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4.     Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5.     Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6.     Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7.     Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.     Тәрбие қызметінің тұтастылыған, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9.     Тәрбиенің негізгі бастауы- ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.    

Сынып жетекшінің қызметі

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

1.     Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуна жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2.     Ұйымдастырушылық қызметі.  Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, дамыту.

3.     Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру қызметін жатқазуға болады.

Нақтымалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізу; сыныптағы келеңсіз жағдайлардың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында , біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процес оқушылардың жас ерекшелігі сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жек тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің  мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады. 

Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процессінднгі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы  маңызды буын. Жоспардың қызметі- педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін  қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. 

Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапсын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамсыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана жүзеге асады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

1.     Оқушыға тікелей ықпал жасау:

·         Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;

·         Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;

·         Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;

·         Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.

2.     Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру

Оқушылар ұжымын қалыптастыру;

1.  Онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;

2.  Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;

3.  Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.       

3.     Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:

•        отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

•        мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету ; 

•        бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;

•        мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс- қимыл жасау.  








Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.Себебі, қандайда болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса,әрекет те болмайды.

Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

  Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, саның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми- педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге  біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі , біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайды, қоғамның құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде.Ол, бір жағдайда үлкенднр алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алданда бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.

Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған.Олар: педагогикалық, социологиялық, этикалық т.с.с. болып келеді.

Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі  зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды.Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып,өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.

Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге болады. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:

1.     Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.

2.     Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.

3.     Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.

4.     Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдырмау.

5.     Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.

6.     Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.

7.     Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.

8.     Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.

Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық- психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.

Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.  

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты Ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған  міндеттерді орындау мүмкін емес. «Ұжым»- латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты «ұжым» деп айтуға бола ма?  Әрине, ол олай емес.Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде  «ұжымды» екі  түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы, екіншісі, тек жоғары деңгейде  ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.

Ал оқушылар ұжымына  келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:

1.    Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады.Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады.Ал біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың сипаты лоардан тіпті бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеология және заңдар  мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды.

2.    Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.

3.    Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жағары жауапкершілік талап етіледі.

4.    Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Ұжымда қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер бұл ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан , жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік  және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым  болып – сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті  жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың  алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланды.

Олай болса оқушылар ұжымы деп  - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін  және ортақ сайланбалы ұйымы бар , барлық мүшелерінің құқақтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке  негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет.

Сынып оқушыларының өзін-өзу басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі. Мысалы, сынып жетекшісі сынып ұжымын ұйымдастыруда оған балалардың белсенді қатынасын ескермесе, ол өктемшіл басқару жүйесі болып есептелінеді. Бұған керісінше, оқушылар  өздерінде туындап отырған мәселелерді өздері шешіп отырса, онда ол демократиялық жүйе болып саналады.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс. Сондықтан да оның қозғалмалы күші ең алдымен оқушыларға бағытталған. Себебі, ол өзінің болашақ қоғамдық маңыздылығымен ерекше.

Олай болса өзін-өзі басқаруы – қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:   

·        Оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыруы мүмкіндігінің болуы;

·        Дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

·        Сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

·        Ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп және қоғамдық өмірлерін басқаруға дайын бола білуі ;

Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін-өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:

4.  «өзіміз шараны ұйымдастырамыз»; 

5.  «өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз»;

6.  «өзіміз қорытынды жасаймыз»; қағидаларын жатқызуға болады.

А.С. Макаренконың көзқарасынша  өзін-өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес. Олай болса, өзін-өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.

Өзін-өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады.

1.Сынып жағдайында өзін -өзі басқару:оқу, еңбек, көпшілік-мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.

1. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады.

Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында «Парламент» түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді.

3.     Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комиссиялардың бағытына байланысты шамамен -7 оқушы), кеңесші мұғалімдер – 5, ата-аналар-2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді. 

Бүгінде оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуда белсенділерді лидерлерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араласуына, әрбір оқушының әлеуметтену процесіне қатысуына жағдай туғызу қажет.

Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады.



1.Әрекетің мақсатын анықтау. 

2.Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау).

3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну). 

4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе нақты бір нұсқасын таңдау).

5. Шешімді қакбылдау  (жобаны бағалау).

6. Шешімді жүзеге асыру(әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).

7. Ұжым болып нәтижесін қортындылау(өздерінің мүмкіншілігін бағалау). 









































Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына арналған тәрбие бағыттары :

-         Адамгершілік тәрбиесі

-         Ақыл-ой тәрбиесі.

-         Құқықтық тәрбие.

-         Денсаулық және дене тәрбиесі.

-         Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру.

-         Сұлулық тәрбиесі.

-         Экологиялық тәрбие.

-         Экономикалық тәрбие.

2.1. Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен  функциясы.

Сабақ беретін пән мұғалімдерінің ұжым ұйымдастыруда сынып жетекшісі басты рольді атқарады.

      Біріншіден мұғалімдердің сабағына қатысу, іс-әрекетін қадағалау:

Сабақта: 1. Бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын;

2. Өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыруын;

3. Ұлттық құндылықтарды игеру әдістерінің орындалуын.

4. Әр оқушының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, жекелеме жұмыс жасауын қадағалау.

5. Оқушының жекелеме картасына  талдау жұмысын жасау.

6. Пән мұғалімдері мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

7. Пән мұғалімі мен ата-ананың ынтымақтастығын жақсарту.

8. Қосымша сабақтар, кеңестерді ұйымдастыру.

         Сынып жетекшісі педагогикалық ұжымның басқа да мүшелерімен, ең алдымен , сол сыныппен жұмыс істейтін педагогтармен тығыз байланыста қызмет етеді.

        Ол мұғалімдерге  баланың даму динамикасы , оның қиыншылықтары мен жетістіктері, оның отбасында болып жатқан өзгерістер туралы жүйелі ақпарат беріп отырады. Қиыншылықтар туған жағдайда сынып жетекшісі осы қиыншылықтарды жою жолдарын талқылауға мұғалімдерді қатыстырып, дамуында кемшілігі бар балалардың психикалық ерекшеліктерімен, ондай балаларға жасалатын педагогикалық ықпалды арнайы тәсілдермен алдын-ала таныстыра отырып, педагогтерге олардың іс-әрекетін түзетуге көмектеседі.

     Мұғалім мен баланың ата-анасының арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

      Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен қандай да бір мәселені бірігіп ойластыруға және оны  шешудің жолдарың іздестіруге қаттысты әңгімелер өткізуі маңызды.

      Ол мұғалімдердің көтерген бастамаларын, ұсыныстарын ықыласпен қабылдайды, олардың ескертулеріне қарай өз жұмыстарын ұйымдастырады.Мектеп тәжірбиесінде сынып жетекшісінің жұмысын бағалауда үлгерім, құжаттар, кабинетті рәсімдеу және т.с. сияқты сыртқы көрсеткіштерге үстемдік беру әлі жалғасуда. Педагогиканың шеберлік  және мұғалімнің балалардың, ата-аналардың және өзінің әріптестерінің арасындағы беделі бағаланбай  келеді.

 

 













Не білдім?

Қалай қолданамын?

Менің тілегім...

Рефлексия









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Завучу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шеберлік сынып жоспары

Автор: Бактыбаева Асем Бакзоловна

Дата: 05.06.2016

Номер свидетельства: 332641

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП "Талантты ж?не дарынды балаларды о?ытуда?ы ?діс-т?сілдер"."
    ["seo_title"] => string(65) "shiebierliksynyptalanttyzhniedaryndybalalardyokytudagydistsildier"
    ["file_id"] => string(6) "312809"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459404495"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "«О?ыту мен мен о?уда?ы жа?а т?сілдер: Диалогтік о?ыту» шеберлік-сыныбы"
    ["seo_title"] => string(80) "ok-ytu-mien-mien-ok-udag-y-zhan-a-t-sildier-dialoghtik-ok-ytu-shiebierlik-synyby"
    ["file_id"] => string(6) "272966"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452095043"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "?аза? тілі. 4-сынып. "К?мектес септік" "
    ["seo_title"] => string(38) "k-azak-tili-4-synyp-komiekties-sieptik"
    ["file_id"] => string(6) "192831"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427530044"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "К?шбасшы м??алімні? мектепті дамыту жоспары"
    ["seo_title"] => string(44) "koshbasshymugalimninmiektieptidamytuzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "285159"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454091988"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Шебер сынып жоспары"
    ["seo_title"] => string(21) "sheber_synyp_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "514846"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1560573577"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства