Ма?саты мен міндеттері: Жа?а ?діс-т?сілдерді ?олдану барысында м??алімдерге талантты ж?не дарынды о?ушыларды тану?а м?мкіндік беру. Барлы? о?ушыларды? білім алу, ма?сат?а жету мен сынып ?міріне ?атысу ?абілеттерін арттыру ?шін оны т?л?а ретінде дамыту?а назар аудару.
К?тілетін н?тиже: зияткерлік тапсырмалар, о?ушы ?леуетін дамыту ма?сатында зерттеулер пайдасын біледі. Білім беруде о?ушы?а жеке к??іл б?луді дамыту?а ы?пал ететін о?ыту ?дісі ретінде ??гімелесуді, жауап алу мен ша?ын топта ж?мыс істеу ?дістерін ?алайша тиімді ?олдану?а болатыны туралы ?з т?сінігін ?алыптастырады, тиімділігін ??ынады, ?олданады; Жа?а ?діс-т?сілдерді саба?та ?олдануды ?йренеді.
Просмотр содержимого документа
«ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП "Талантты ж?не дарынды балаларды о?ытуда?ы ?діс-т?сілдер".»
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:
Тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер
Мақсаты мен міндеттері: Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында мұғалімдерге талантты және дарынды оқушыларды тануға мүмкіндік беру. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға назар аудару.
Күтілетін нәтиже: зияткерлік тапсырмалар, оқушы әлеуетін дамыту мақсатында зерттеулер пайдасын біледі. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады, тиімділігін ұғынады, қолданады; Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Әдіс-тәсілдер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер, Таланты және дарынды балаларды оқыту, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, Оқуды бағалау және оқытуды бағалау, АКТны қолдану, тренинг, сергіту сәті.
Құрал-жабдықтар: Интербелсенді тақта, стикер, ақ парақшалар,
ресурстар, суреттер, маркер,
Барысы: Амандасу; «Шаттық шеңбері» тренингі, топқа бөлу, «Үш түрлі күнделік» әдісі, көңіл-күйлерін бағалау;
Рефлексия: сабақға келгенге дейінгі көңіл күйі және сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазады.
Шеберлік сыныптың жоспары
Жұмыс кезеңі
Кіріспе кезеңі
Кезеңнің мазмұны
Қатысушылардың іс-әрекеті
Амандасу
Топқа бөлу
А.Шульманның үш көмекшісі бойынша: бас, қол, жүрек арқылы топқа бөлінеді
мұғалімдер берілген тапсырманы орындайды
Танысу
«Шаттық шеңбері» арқылы қатысушылар шеңбер құрады, содан соң бір-бірінің қолын ұстап тұрып, оңнан солға қарай әркім өзінің есіміне сын есімді қойып айтады. Мысалы: ақкөңіл Айнұр...
Қатысушылар тапсырманы орындайды
Алғашқы кезең: Мәтінмен таныстыру.
әр топ өздері бүгінгі тақырыппен, көңіл күймен байланыстыра қорғайды. Топтан бір адам сөйлеуге болады.
Ой түйіндейді
Қорытады
қорғайды
Негізгі кезең: «Үш түрлі күнделік» әдісі
1-қадам: сабақ тақырыбы айтылады, оқылатын мәтін таныстырылады.
2-қадам: мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік толтырады. Күнделік сол жақтан бастап толтырылады.
Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөз келтіру
Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой тудырды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды?
«Мұғалімге хат» - сұрақтар
3-қадам: жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау
-ақпаратты терең меңгереді;
-сараптайды, жинақтайды, бағалайды;
-ақпаратпен ынталы жұмыс жасайды ;
-ақпараты түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан рефлексия жасай біледі;
-ұсынылған ақпарат туралы өзгелердің пікірін біледі;
-мәтінді белгілеп алу, тұжырымдау және сұрақтар қояды;
-өз жұмысын кластастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптау жасайды, өз білімін, түсінігін кеңейтеді
Қатысушылармен жұмыс «Мұғалім шеберлігін және оқушы зейінін» анықтау тренингі
Топтан 3 мұғалім шығады және 1 мұғалімге тапсырманы түсіндіреді қалған үшеуі осы айтылған тапсырманы орындау керек
Белсенді қатысып отырады, мұқият тыңдап отырады
(Қорытындылау) «Ойға алайық, ойлана білейік..» Дарындылықты айқындау: термин сөздерді топтастыру
Дарындылық- қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Қабілеттілік сияқты дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді.
Дивергентті ойлау- бір мәселенің бірнеше шешімін іздеу мақсатында қолданылатын шығармашылық ойлаудың түрі.
Инклюзивті оқыту- білім алу барлығына да қолжетімді деген қағидатқа негізделетін оқыту.
Талант- арнайы қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы.
IQ- зияткерлік коэффициенті
Терминдерді мағынасына қарай топтастырады, дарындылықтың түрлері -мен танысады, өздері дарындылардың қай тобына жататынын көрсетеді
Бағалау
Формативті бағалау.
Үстелдің үстіндегі кәмпиттің түстері арқылы әр топтың топ басшылары өздерінің шағын топтарын бағалайды
Жасыл кәмпит -5
Сары кәмпит-4
Қызыл кәмпит-3
Барлық қатысушылар бағаланады
рефлексия
Семинарға кіргенге дейінгі көңіл-күйі қалай болды? Әр қатысушы өзі отырған үстелдің артына стикерлер жапсырады.
Сабақтан соң алған әсерлері мен ұсыныс пікірлерін стикерлерге жазады.
Не үйрендім?
Мен үшін не жаңа болды?
Маған не қиын болды
1.Сабақ соңындағы көңіл күйлерін бағалау
2.Сабақ жайлы пікірлерін жазады.
Мұнайлы ауданы
«Қызылтөбе лицейі» ММ
/Мастер класс/
Тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды оқытудағы әдіс-тәсілдер