Танымдық әрекетке дайындық кезеңі Мақсаты: сабақ тақырыбына жақындату, топтық зейінді, іс-әрекеттің бірлестігін, топтың бір бүтіндей сезінуін дамыту. Міндеті: Ұсынылатын тақырыпты қабылдауға дайындық, топтық ынтымақтастыққа баулу. | Мұғалімдерді өздеріне келген заттың түсі белгілері арқылы топтастыру. Топтық рөлдерді бөлу. (топ басшы, хатшы, баяндамашы, спикер, таймкипер) 3.«Алақан» топтық ойыны
Рефлексия Эмоциялық көңіл-күй тудыру. Әріптестеріңіздің атаған қасиеттерінің ішінде Сізді таңғалдырған қасиеттер болды ма? Бірлескен жұмысқа психологиялық дайындық. Осы «Алақан» арқылы қандай қатынас түрі жүзеге асырылды? - Қалай ойлайсыздар, біз бүгін не жайында сөз қозғаймыз? | «Алақан» тренингі. Әркім параққа алақанының суретін салып, өзінің атын және бір құнды қасиетін жазып, қасындағы көршісіне береді. Содан ол «Алақан» келесі адамға ауысады. Қатысушылар «Алақанға» өздерінің осы адамнан жақсы жағынан байқаған қасиеттерін жазады. Соңында «Алақан» өз иесіне қайтып оралады. | 5 мин. | |
Білік-дағдыларды қалыптастыру кезеңі Көрнекі, зерттеу, практикалық | «Екі сәби арасындағы диалог» бейнефильмі Әңгімелесу Осы бейнефильмнен не түсіндіңіз? Қалай ойлайсыз, сәбилер бір-бірімен не жайында сөйлесті? Оны сіздер қалай байқадыңыздар? Сәбилердің ешқандай сөзсіз бірін – бірі ұғынуын қалай түсіндіресіздер? | | 5 мин. | бейне материал |
Мақсаты: диалогтық оқытудың әдіс –тәсілдерін меңгерту. Міндеттері: Диалогтік оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану қажеттігіне қол жеткізу. Әдіс – тәсілдер: көрнекі, сұрақ-жауап, практикалық Оқыту мен мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту.
| «Жан сәулесі» слайдтар топтамасы Осы бейнематериалдың негізгі ойын ашыңыздар? Адамның «жарқын» және «күңгірт» жанды болуы неге байланысты? Осы бейнематериалдар бойынша диалог жайында қандай ой тұжырымдадыңыз?
Эпиграф: «Өмір өз табиғаты бойынша диалогтық құбылыс. Өмір сүру дегеніміз – диалогқа қатысу: сұрау, тыңдау, жауап беру, келісу және т.с.с.» М.М.Бахтин. Білімнің диалогтық әдіс-тәсілдер арқылы игерілу жолдары, яғни монолог, диалог, диалогқа деген қажеттілік шарттары, диалогтың түрлері ( ақпараттық, түсіндірмелік), әңгіме түрлері, интербелсенді әдіс-тәсілдер, олардың түрлері (ҰТМС формуласы, «515» стратегиясы, «Алты қалпақ» тәсілі, рөлдік ойын) жөнінде презентация арқылы мәліметтер беріліп, қатысушылардың түсінігі тереңдетілді.
| Постермен жұмыс І топ. «Диалог» сөзіне қатысты ассоциациялық қатар құру. Осы бейнефильмдер бойынша және жалпы диалог жайында қандай ой тұжырымдадыңыз? ІІ топ . Оқыту мен оқудағы тілдің рөлін қалай түсінесіз? ІІІ топ. Интербелсенді әдіс-тәсілдер жайлы не білесіз? ІV топ. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту үшін диалогтық оқыту әдіс-тәсілдерін қалай қолдануға болады? | 5 мин. 20 мин. 5 мин. | бейне материал Постерлер «Ассоциациялық қатар» «Интербелсенді әдіс-тәсілдер.Диалогтық оқыту.» презентациясы |
Білік- дағдыларды жетілдіру кезеңі. Мақсаты: сабақтың әр кезеңінде қажетті әдіс-тәсілді таңдай білуге қалыптастыру. Міндеттері: қатысушыларды өз пікірлерін еркін айтуға жаттықтыру, топтық жұмыстың нәтижелі болуын қадағалау. Әдіс-тәсілдер: зерттеу, талдау. Қорытындылау кезеңі. Рефлексия. Мақсаты: өз тәжірибесіне қарастырылған тақырып бойынша не енгізетіні және алда қандай жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде оң қол, сол қол алақандарының суретін салып, жазып көрсету. Міндеттері: әріптестердің білім меңгеру дағдыларын айқындау, кері байлданыс жүргізу. | Рөлдік ойын тапсырмалары І, ІІ топтар. «Әңгіме-дебат» үлгісімен ҰТМС формуласы мен «515» стратегиясы әдісін пайдаланып, төмендегі пікір жайлы өз ойларыңызды тұжырымдап айтыңыздар. Егер кім Интернетке бола өзін бақыттымын деп санаса, сол мезетте оның қаншалықты бақытсыз екендігі түсінікті болады. Елена Ермолова ІІІ, ІV топтар. Зерттеушілік және кумулятивті әңгіме үлгісін «Алты қалпақ» әдісі арқылы білім беру үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу туралы бейнелеп көрсетіңіздер. Сабақты қорытындылау. «Алақан» әдісі
| Рөлдік ойын Қатысушылар тапсырмаларды орындайды.
Қатысушылар «Алақан» әдісі бойынша сабақтан өздері үшін не алғаны және болашақта келесі сабақтардан не алғысы келетіні жөнінде пікірлерін жазады, стикерлер толтырады. | 15 мин. 5 мин. | А4 форматты қағаздар, стикерлер |