Нұр-Сұлтан қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы
№80 мектеп-гимназиясының
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Жадахова Гульзина Амирхановна
Майканова Гульдерай Казтаевна
Мектепішілік бақылауды жаңаша басқару
Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі: «тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында)
Кері байланыстың 3 негізгі қызметін қолданамыз:
- Әрекеттерді түзету мен реттеу
- Тұлғааралық қатынастарды реттеу
- Өзін өзі тану құралы. Ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар позитивті
болу керек. Жасалған істі «жақсы» не «жаман» деп бағалау кері байланыс емес. Кері байланыс беру –не жасалуы керектігін көрсету. Кері байланыс үйретудің қалай жүріп жатқандығын,сабақтың,іс-шараның жүргізілу сапасын анықтайды.Кері байланыс арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады. Кері байланысты ұсынғанда мынадай ережелерді ұстанамын:
- Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын табуға тырысамын. Адамды мақтайтындай қасиетін аңғарып,ниеті мен ынтасын жағымды деп танимын. Ұсыныс жасағанда жақсартатын мәселелерге тоқталамын.Әңгімені сыйлау тұрғысынан өрбітемін.
- Бағалаушы болмау