Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі: «тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында)
Кері байланыстың 3 негізгі қызметін қолданамыз:
Әрекеттерді түзету мен реттеу
Тұлғааралық қатынастарды реттеу
Өзін өзі тану құралы. Ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар позитивті
болу керек. Жасалған істі «жақсы» не «жаман» деп бағалау кері байланыс емес. Кері байланыс беру –не жасалуы керектігін көрсету. Кері байланыс үйретудің қалай жүріп жатқандығын,сабақтың,іс-шараның жүргізілу сапасын анықтайды.Кері байланыс арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады. Кері байланысты ұсынғанда мынадай ережелерді ұстанамын:
Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын табуға тырысамын. Адамды мақтайтындай қасиетін аңғарып,ниеті мен ынтасын жағымды деп танимын. Ұсыныс жасағанда жақсартатын мәселелерге тоқталамын.Әңгімені сыйлау тұрғысынан өрбітемін.
Бағалаушы болмау
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектепішілік бақылауды жаңаша басқару»
Нұр-Сұлтан қаласы
Сәкен Сейфуллин атындағы
№80 мектеп-гимназиясының
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Жадахова Гульзина Амирхановна
Майканова Гульдерай Казтаевна
Мектепішілік бақылауды ұйымдастыруда кері байланыс пен түзету қызметінің тиімділігі: «тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында)
Кері байланыстың 3 негізгі қызметін қолданамыз:
Әрекеттерді түзету мен реттеу
Тұлғааралық қатынастарды реттеу
Өзін өзі тану құралы. Ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар позитивті
болу керек. Жасалған істі «жақсы» не «жаман» деп бағалау кері байланыс емес. Кері байланыс беру –не жасалуы керектігін көрсету. Кері байланыс үйретудің қалай жүріп жатқандығын,сабақтың ,іс-шараның жүргізілу сапасын анықтайды.Кері байланыс арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі артады. Кері байланысты ұсынғанда мынадай ережелерді ұстанамын:
Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын табуға тырысамын. Адамды мақтайтындай қасиетін аңғарып,ниеті мен ынтасын жағымды деп танимын. Ұсыныс жасағанда жақсартатын мәселелерге тоқталамын.Әңгімені сыйлау тұрғысынан өрбітемін.
Бағалаушы болмау
«Адамның басқа адамдардан айырмашылығы-оларға ұқсамайтындығында» деген қағиданы ұстанам. Біз басқалардан артық та,кем де емеспіз,тек өзгешеміз. Кері байланыста өзімізді өзгелерден жоғары да,төмен де болмау керекпіз. Ойымыз бен түсінігімізді жеткізе білуіміз қажет. Кеңес бермеу,үйретпеу керек,тек ұсыныс жасау орынды.
Адам біреуге кеңес бергенді ұнатады да,алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын баршамыз білеміз,олай болса «мынаны жасау керек, «олай ету қажет», «былай ету қажет», «сіздің орныңызда былай жасар едім» деген сөздерді айтпай,өзіміздің пікірімізді келтіру орынды болады. Жиі қайталайтын сөз «мүмкін былай жасау керек шығар?» деген сөз болса,кері байланыс алушының пікірін сұрап,онымен ақылдасып жақсы нәтиже береді.
Ынталандыруға ұмтылу
Адамды шығармашылық жұмысқа ынталандыру- кері байланыстың басты мақсаты. Игі өзгертулер енгізетіндей қызықтырып,шабыттандырып отыру керек.
Сыпайы болу
Адамды жекімей,ұрыспай,дөрекі сөйлемей,ренжітпеуге тырысу керек. Ризашылықпен қабылданса ұсыныс өзгерістер практикаға енгізіледі. Көмектесу,қолдау көрсету,жәрдем беру үнемі назардан тыс қалмауы қажет.
Тең ұстау
Кері байланысты жүргізудің негізгі нысаны-ақылдасу,кеңесу. Біреудің екіншіден жоғары тұруы кері байланыстың нәтижелі болатындығына кедергі болады.
Сәттілікке бағыттау
Кері байланыс тиімді әрі сәтті болған сайын мұғалім оқытудың қалай жүріп жатқандығы,оқушылардың қалай оқитындығы туралы қажетті міліметтер алып отырады.
Кері байланысты алғанда мынындай ережелерді ұстанған жөн:
Ризашылық білдіру
Кері байланыстың бір адамның екіншіге шын көңілмен көмек көрсету,айтқан ескертпелер мен ұсыныстарға ризашылықпен қарау,кері байланыс берушіге жиі рахмет және алғыс айту, сізді ынталандырғандай өзгені кері байланыс берушіні жігерлендіру қажет.
Тыңдай білу
Кері байланыс берушінің сөзін бөлмей,бас изеп,ишаратпен мақұлдап отырған дұрыс.
Мадақтау
Ризашылықты білдірумен қатар кері байланыс берушіні мадақтау керек. Осы арқылы тиімді қарым-қатынаспен бірге берілген ұсыныстардың сапасын арттыруға болады.
Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс –тәсілдерін көптеп меңгерген жөн.
Сабақтағы іс — әрекетке кері байланысқа келетін болсақ
Білім беру жүйесін жетілдіру, ең алдымен оның сапасын арттыру – мемлекеттің таяу онжылдықтағы басты басымдықтарының бірі болып табылады. Білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы, Назарбаев Зияткерлік мектептері негізінде əлемнің алдыңғы қатарлы тəжірибесін бойына жинақтаған білім берудің ұлттық моделі, білім сапасы мен оны бағалау өлшемдері, нəтижеге бағытталған басқарудың индикаторлары, критериалдық бағалау- əлемнің үздік тəжірибесі ғана емес- сапалы оқытудың бірден бір үлгісін дəлелдейді. Білім берудің түрлі деңгейлерінде оқыту мазмұны, əдістері мен құрылымдары жаңартылып, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар, ақпараттық-комуникативтік, интерактивтік, роботтық технологиялар кеңінен ендірілуде. Білім беру ұйымдарында білім сапасын дамытуды, мектеп басшылары мен педагогтардың сыни ойлау деңгейі мен педагогикалық көзқарастарының күтілетін нəтижеге бағытталған–жаңа өзгерістерге сай болуын қажет етеді. Оны қамтамасыз ету мектептанудың төмендегі бағыттарын:
- мектеп басқарудың дəстүрлі сипатын, құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
- нəтижеге бағытталған білім беру мақсатына сай басқаруды ресурстық, əдістемелік, технологиялық қамтамасыз ету үшін мектеп басшыларының заманауи құзыреттіліктерін дамыту;
- оқытудың субъектаралық, коллобративтік, бірлесе оқыту түрлеріне сəйкес басқаруды корпоративтік, нəтижеге бағытталу түрінде ұйымдастыру;
- оқыту бағдарламалары мен əдістемелерінің өзгермелі жағдайында педагогтардың құзыреттілігін көтеру арқылы үнемі кəсіби-əдістемелік дамыту жолдарын қамтамасыз етуді айқындайды. Өзгерістердің неліктен қажет екенін түсінуі үшін, біріншіден, білім берудің құндылықтары мен күтілетін нəтижелерін терең зерделей білуі тиіс, екіншіден, сол құндылықтар мен нəтижелерді қамтамасыз ету үшін мектепте нені өзгерту керек, ол үшін қандай əрекеттер мен жобаларды іске асыруға болатынын,үшіншіден, өзгерістерді жоспарлау жəне орындау барысында ол өзгерістер немен өлшенеді, оның тиімділігі қалай бағаланатынын алдын-ала айқындап, оны қадағалай білуі тиіс. Осы жүйелі өзгерістерді түсіну жəне оны орындау мектеп басшыларының өздерінің кəсіби құзыреттілігін дамытуды, олардың өз ұйымында қызмет ететін педагогтардың кəсіби шеберлігін дамытуға даярлығын талап етеді. Педагогикалық менеджментте басқару неғұрлым сапалы болса, соғұрлым үрдістің сапасы артады. Д.Карнегидің басқара білудің (əлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда ұстау қажет:
1. Адамдардың ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз жəне мақтаудан бастаңыз.
2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз,тура сынау пайда келтірмейді.
3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сынаңыз.
4.Бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.
5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз.
6.Мақтауға сараң болмаңыз.
7.Адамның үмітін ақтау жəне сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.
8.Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыныз.
9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.
10. Адамның өз бейнесін сақтауға мүмкіндік беріңіз.
Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластықпен қарауға үйретеді. Менеджменттік басқару əдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен қарау негізі қаланған. Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Тиімді басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нəтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет — əдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мəдениеті). Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылық пен белсенділігін жəне өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып табылады.
Кері байланыс ұстанымы.
Жоспарда мақсат-міндеттермен қатар күтілетін нəтижелер белгіленеді. Педагогикалық немесе басқару процесінде нəтиженің орындалу барысы, жолдары мен тəсілдері талданып, объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе – ашық əлеуметтік жүйе ретінде ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, ұжым ішіндегі адамдармен диалогтық қатынаста болады. Нəтижелілік ұстанымы күтілетін нəтижелердің алдын - ала нақты сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді əдіс - тəсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, нəтижелердің мақсатқа сəйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады. Күтілетін нəтижелер соңғы кезеңде ғана емес, жұмыс барысын бағалау үшін бірнеше кезеңдер бойынша аралық нəтижелер ретінде де жасала алады. Басқару ұстанымдары-басқаруда басшылыққа алатын жетекші идея, қағида. Мықты ішкі корпоративтік мəдениет-ұйым ішіндегі этика мен ұйым мəдениетін қарастырады.
Талаптары:
1.Басқару этикасы талаптарын сақтау;
2.Ұйым ішінде ішкі мəдениетті сақтау;
3.Педагогикалық ұжымды қалыптастыру,
4.Жүйе құру;
5.Өзара құрмет,
6. Сенімді туғызу;
Адамға деген бір тұтас көзқарас ұстанымы – басшы педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкерді кəсіби қызмет түрін атқаратын жұмысшы ретінде емес, педагогикалық үрдіс барысында өзіндік қажеттілігі, өзіндік мақсаттары, мотивтері бар жеке тұлға ретінде қарастырады. Талаптары:
Педагогтар мен қызмет саласында ғана емес, жеке өмірі, ішкі жан дүниесіне ене отырып қарым-қатынасқа түсу (қызмет барысында ғана емес жеке басы, жеке өмірі жайлы сөйлесу);
педагог өмірінің көп бөлігін оның жұмысы құрайды, сондықтан оның жұмыстағы орны оған қуаныш сыйлайтындай болуы керек;
Педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсу ұстанымы – басшылықтың педагогтың кəсіби қызметін əртүрлі етіп ұйымдастыруға тырысуы, сол арқылы кəсіби қызығушылығын ояту жəне оның кəсіби сенімділігіне қолдау жасау.
Педагогтарды жаңашылдық іс-əрекет түрлеріне тартуға барынша жағдай жасау;
Педагогтардың біліктілік деңгейін көтеруін қадағалап отыру
Әкімшілік-мұғалім қарым-қатынасын жоғары деңгейге көтеру мақсатында өз тәжірибемде қолданатын нақты қадамдар:
Ұстаздардың жеке басына SWOT анализ жасай отырып мықты тұстарын жетістікке бағыттап, әлсіз тұстарын реттеуде ұсыныстар беріп отыру.
Сабақтарына қатысып Асхат Алимовтың «Табысты сабақ қандай болуы керек деген 60 сұрақтарын» негізге ала отырып, бірнеше сұрақ қойып мұғалімге өз сабағына рефлексия жасатам.
Кері байланыс туралы сауалнама алып, кездесетін қиындықтарды анықтап,жетістіке жететін жоспар құрам
Мұғалімдерден жылына 2 рет TALLIS сауалнамасын жүргізіп, сауалнама нәтижесі бойынша іс-шаралар жоспарын құрып орындалуын қадағалаймын.TALLIS саулнамасын жүргізу өз нәтижесін береді, басқаруда жаңашылдық пен кәсіби өсуге ықпал етеді.
«Мұғалім үні», «Оқушы үні», «Ата-аналар үні» сауалнамаларын жылына 1 рет жүргізу.
Жарты жылда 1 рет әкімшіліктің жұмысына бірнеше критерий бойынша ұстаздар арасында, жоғары сынып оқушылары арасында,ата-аналар арасында бағалау сауалнамасын жүргізем. Бұл ашық сауалнама арқылы әкімшіліктің жұмысты тиімді ұйымдастыра алуы мен басқару жүйесінің дұрыстығына көз жүгірту, ұжымның бағасын, ұжымның, оқушылардың, ата-аналардың сұранысын, ұсынысын ескере отырып мектеп басқару жүйесіне жаңашылдық енгізу.
Кері байланыс ата-аналардан,ұстаздардан, оқушылардан қабылдай алу.
Ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға кері байланыс беру.
Жоспарланған әрбір креативті іс-шараның артындағы мақсат-оқыту сапасын арттыру.
Ұстаздарды ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мəдениетін əдістемелік сауаттылыктарын арттыру
Мықты корпоротивтік мәдениет орнату
Коллобративтік орта құру
«Тігінен» (әкімшілік-мұғалім) және «көлденеңінен» (басқару субектілері арасында) басқару дегеніміз еңбекті бөлісуден басталады. Әр топтан жобаларды жүзеге асыру үшін лидер –ұстаздарды жұмылдыру.Әркім өз міндетін айқын түсініп,қоян-қолтық жұмыс істеген кезде ғана атқарған жұмыс тиімді болады. Осыған орай ұйымдастыру функциясының міндеті,еңбек әрекеті элементтері олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әрбір лидер мұғалімдердің орны мен рөлін белгілеу, бірлескен жұмыс ұйымдастыру. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, жабдықтау бөлімдері құрылады.
Білім берудің құндылықтары мен күтілетін нəтижелерін терең зерделей білуім тиіс.
Құндылықтар мен нəтижелерді қамтамасыз ету үшін мектепте нені өзгерту керек екенін нақты ажырата алуым керек.
Қандай əрекеттер мен жобаларды іске асыруға болатынын, өзгерістерді жоспарлау жəне орындау барысында ол өзгерістер немен өлшенеді, оның тиімділігі қалай бағаланатынын алдын-ала айқындап, оны қадағалай білуім тиіс деп санаймын.
Жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру барысында жаңаша мектепті басқару үрдісі өз нәтижесін бір жыл ішінде береді.